Некеден кейін әйел бақыты


Некеден кейін әйел бақыты



Pdf көрінісі
бет16/173
Дата14.09.2023
өлшемі2,64 Mb.
#107817
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   173
Некеден кейін әйел бақыты

 
27 
жұмысына қарым-қатынасы сізге қатысы жоқ қой. Ол ер 
адамның өзі жауап беретін нәрсесі. Ол өзі бастығына 
жауап береді, өзі жұмыстан шығып кетсе, басқа жұмыс 
табады. Сіз неге еркектің жауапкершілігі жайлы ойланып-
толғанып, басыңызды қатырасыз? Жұмыстан кеш келді 
ме? Бұл да ер адамның жеке уақыты, ол уақытын қалай 
өткізгені үшін сіздің алдыңызда жауап бермейді, Алланың 
алдында жауап береді. Сізді қорғайтын, сіздің 
әділеттіліңізді ойлайтын Аллаһ бар. Жақсы, ашуландыңыз 
дейікші, ер адам кеш тұрды, жұмыстан кеш келді, енеңіз 
үйді жинамады, сіз тамақ істегенше күтті, сіз 
ашуландыңыз. Ашуыңыз нені шеше алды? Нені өзгертті? 
Қандай жақсы нәтижеге жеттіңіз ашуланып? Күйеуіңіз 
сізді тыңдап ерте тұрып кетті ме, енеңіз сіздің ашуыңызды 
сезіп тамақ жасап кетті ме? Меніңше, жоқ. Себебі ашу 
эмоциясы өзге адамға кері әсер етеді. Реніш эмоциясы да 
дәл сондай. Ренішті ашумен көрсетсек, тіптен жаман. Ал 
ренішті өкінішпен, үнсіздікпен көрсетсек, ешкім, өзімізден 
басқа ешбір адам ренішіңізді толыққанды түсінбейді. 
Сонымен, ашу да реніш де ештеңе шеше алмайтынын 
білдік. Себебі олардың әрекеті-олардың өмірі. Олардың 
әрекеті-олардың жауапкершілігі. Сізге оның ешқандай 
қатысы жоқ. Шекараңызды тікелей аттамаса, сізге оларды 
ойлаудың ешқандай пайдасы жоқ. Жәй ғана қабылдау 
керек. Егер еріңіздің әр сөзін, әр ісін, күн көрісін 
қабылдасаңыз, онда өміріңіз жеңіл болып, бақытқа тола 
бастайды. 


Сабира Нұрпеисқызы instagram: @sabiradan_ 

Некеден кейін әйел бақыты

 
28 
Еріңізді қабылдау үшін сізге бір практиканы айтамын, 
егер соны күнделікті орындасаңыз, көп ұзамай нәтиже 
көресіз. 
Ер адамды қабылдау үшін. 
 
Еріңіздің бір әрекеті сізге ұнамай қалса, ашуыңызды 
шақырса, іштей 10ға дейін санап, «Ол өзі шешеді, өз 
әрекеті үшін өзі жауап береді, мен оның өмірін түзей 
алмаймын, оның бұл ісі маған қатысты емес, мен тек ол 
үшін дұға ете аламын, ал Аллаһ Тағала оның әрекетін 
әділетті түрде бағалайды» деп айтасыз. Және сол 
әрекетін бағалап бастасаңыз, еріңіз әрекеті үшін қандай 
нәтиже көретінін ойласаңыз, бірден өзіңізге «Нәтижесін 
өзі түзетеді, менің қатысым жоқ. Менен көмек сұраған 
жоқ» деп айтыңыз. Және «мен күйеуімді толық 
қабылдаймын, себебі мен бақытты болғым келеді, ал 
бақытты болу үшін өзгені сол қалпында қабылдау керек» 
деп айтыңыз. Өз өзіңізге сондай сөздерді айтқанда 
реакцияңыз 
бірден 
өзгереді. 
Сіздің 
реакцияңыз 
бірқалыпты бола бастайды. Ал реакция өзгергенде сіз өзге 
адамдарды толық қабылдай бастайсыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   173




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет