Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Гегель философиясы, оныѕ алемдік философиядаєы орны



бет4/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Гегель философиясы, оныѕ алемдік философиядаєы орны.

Негiзгi еңбектерi: «Рухтың феноменологиясы (құбылысы)», «Логика ғылымы», «Философиялық ғылымдардың энциклопедиясы», «Құқ философиясы», «Эстетикаға арналған лекциялар» т.с.с. Өзiнiң философиялық жүйесiн жасау жолында Гегель ойлау мен болмыстың теңдiгiнен бастайды. Ал онда оның Шеллингтiң философиясынан айырмашылығы неде деген сұрақ пайда болуы мүмкiн. Расында да, Шеллинг, жоғарыда көрсеткендей, Абсолюттiң ойлау мен болмысының тепе-теңдiгiн мойындады. Бiрақ сол тепе-теңдiктен шығудың қайнар көзiн ол белгiсiз бiр құдiреттi күштен көредi де, оны тек қана эзотериялық (құпия) жолмен сезiнуге болатынын айтады. Ал Гегельге келсек, ол сол ойлау мен болмыстың теңдiгiн ғана мойындап қоймай, оны айырмашылық ұғымымен тығыз байланыстырып, олардың өзара iшкi диалектикасын ұғымдық деңгейде түсiнуге болатынын айтады. 221 Екiншiден, Гегель Абсолюттi дамып жатқан субстанция ретiнде қарап, философияға тарихи көзқарасты енгiзедi. Сонымен қатар дамудың өзi қайшылықтың негiзiнде, заттың бүгiнгi жағдайының терiске шығарылып, оның қарама-қарсыға өтуi, соңғының өзi жүре келе терiске шығарылатыны т.с.с. ретiнде қаралады. Көркем сөзбен пайымдай келе, Гегель «ақиқат – алдын ала құйылып, қалтаға салуға дайын тұрған күмiс ақша емес», оған жету үшiн жеке адам жалпы рухтың өткен тарихи жолымен танысып, оны егжей-тегжей бiлiп, игеру керек екенiн айтты. Осындай диалектикалық көзқарастың негiзiнде Гегель өзiнiң орасан зор философиялық жүйесiн тудырды. Ол Абсолюттiк идеядан басталады. Басқаша сөзбен айтқанда, ол – абсолюттiк бiлiм, таза ұғым – шынайы болмыстың өзi. Оның өз-өзiне келiп тануын, өз-өзiн анықтауын ол «Логика ғылымы» арқылы бередi. Сонымен қатар абсолюттiк идея өз-өзiне тең ойлау сатысынан өтiп, iс-әрекет арқылы өзiнiң өзге болмысына – табиғатқа айналады. Ал табиғат дегенiмiз, Гегельдiң ойынша, немқұрайды сыртқы затқа айналған идея. Табиғаттың мақсаты – өзiнiң тiкелей сезiмдiк сатысынан өтiп, Феникс құсы сияқты өзiн қайта жаңару үшiн жағып, жасарып, осы сыртқы болмыстан рух ретiнде қайта дүниеге келу болып табылады. Рух дегенiмiз – шектелген сана, ойлай алатын қабiлетi бар пенде, яғни – адам. Бiрақ ол табиғаттан шықса да, Гегельдiң ойынша, оның туындысы емес – ол өзiнiң өзiндiк нәтижесi. Рух өзiнiң алғышарттарынан – логикалық идея мен сыртқы табиғаттан – өзiн тудырады. Демек, абсолюттiк идея ең алдымен таза логикалық дәрежеде болады, соңынан табиғатқа айналып, соның iшiнен адамзат осы тұрғыдан қарағанда, Гегельдiң ойынша, философия ғылымын үшке бөлуге болады. Бiрiншi, ол – Логика. Ол – өзiнде және өзiне бағытталған идеяны зерттейтiн ғылым. Екiншi – табиғат философиясы. Ол – өзiнiң өзгеше болмысындағы идеяны зерттейтiн ғылым. Үшiншi – рух философиясы. Ол – өзгеше болмысынан қайта өзiне оралып жатқан идея жөнiндегi ғылым. Сонымен, Гегельдiң абсолюттiк идеализм жүйесiнiң қабырғалары осылай қалыптасты. Жоғарыдан байқағанымыздай, Гегельдiң философиялық жүйесiн объективтi идеализм бағытына толығынан жатқызуымызға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет