Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет43/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65
Моральдыќ философия.

Әрине, адамның ішкі рухани өмірінде жақсылық, абырой, ар-намыс, парыз сияқты моральдық құндылықтардың бар екенін ешкім де теріске шығармас. Осы және т.с.с. рухани құндылықтарды жан дүниесінде сақтап қалу үшін ол көп нәрселерден айырылуға дайын. Біздің ойымызша, моральдың арқауын «тұлға мен қоғам» арасындағы қарымқатынастардан іздеу керек. Өйткені адам басқа кісілермен сан алуан байланыс, өзара іс-әрекетке түсіп қана өмір сүре алады, ол оның әлеуметтік табиғатын көрсетеді. Бұл арада моральдық сананың ережелік, нормативтік ерекшелігін алға тартуға болады, өйткені күнбекүнгі адамдардың миллиондаған іс-әрекетін ретке келтіру үшін олар ереже, қағида, мұрат ретінде қорытылады. Моральдық сана шындықты алдын ала болжай алады, оның талаптары күнделікті өмірлік қатынастардың ар жағына өтіп, бізді тиістік әлеміне әкеліп тірейді. 539 Бұл арада біз моральдың аксиологиялық (құндылық) жағына келіп тірелеміз. Расында да, моральдық норма арқылы ғана өзіңнің, я болмаса басқаның жүріс-тұрысын бағалауға мүмкіндік аласыз. Олай болса, ол тек қана бізге қоғам өмірінде өзіңді қалай ұстау керек екенін көрсетіп қана қоймай, адамның ішкі руханиятының ажырамас бөлігіне айналады. Моральдық қағидалар адамдардың мәндік қасиеттерін құрайды. Сондықтан адамның моральдық қағидаларды таңдап, оны өз құндылықтарына айналдыруы оның өмір бағыты мен өмір салтын анықтайды. Сол себепті саясаттан бастап нақтылы күнбе-күнгі адамдардың қарым-қатынасына дейін барлық әлеуметтік құбылыстар моральдық тұрғыдан бағаланады. Моральдық қағидалар біздің алдымызға абстрактілік жалпыға бірдей талаптар қояды. Өмірдегі нақтылы қарым-қатынастар оның мазмұнын біршама өзгертуге мәжбүр етеді. Мысалы, ерлік пен батылдық, абстрактілік тұрғыдан алғанда, – жақсы құндылықтар. Қиын-қыстау жағдайларда әр азамат өз елін қорғау жолында бұл қасиеттерді көрсете білуі керек. Сонымен қатар батылдық жемқор шен иелерінің, я болмаса қылмыскерлердің де қасиеті болуы мүмкін. Уақытында Гитлер неміс халқына: «Мен сіздерді ар-ұждан сияқты құбыжықтан босатамын», – деген болатын. Осы уақытқа дейін фашизмнің жасаған сансыз зұлымдығы адамзаттың есінде қалған. Өз халқымен күресіп, оны тарихта болмаған қуғын-сүргінге, қудалауға ұшыратқан сталиндік тоталитаризмге де сондай баға беруге болады. Дүниежүзілік тәжірибе көрсеткендей, қандай да бір тоталитарлық қоғам мен бүкіладамзаттық моральдық қағидалар ешқашанда бір-бірімен ымыраға келмейді. Бұл арада біз моральдың жалпыадамзаттық қарапайым қағидаларына келіп тірелдік. Олар бір қарағанда тұрпайы сияқты болғанымен, қазіргі адамзат тағдыры үшін өте маңызды болып отыр. Өйткені тек қана бірлесіп, сабырлылық пен төзімділік, қайырымдылық көрсетіп, зұлымдыққа жол бермей, мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды шешіп, ядролық соғыс пен экологиялық апаттың алдын алуға болады. Сол сияқты, нақтылы адами қарым-қатынастарда да төзімділік пек адалдықтың, біреудің қайғысына ортақ болу, аяушылық, үлкенді сыйлау, әке-шешеге риясыз құрмет көрсету т.с.с. құндылықтардың маңыздылығын асыра бағалау қиын.

  1. Философиядаєы адам мјселесі. Антропология.

Адам – ғарыштың тудырған ғажап пендесі. Өйткені оның денесі болса да, ол ең алдымен – рух. Осы тұрғыдан алып қарағанда, адамның басқа тіршілік әлемінен айырмашылығы – ол шексіздікке кетеді. Сондықтан ғасырлар бойы қайсыбір дін «адамды Құдай жаратты» деген қағиданы осы уақытқа дейін ұстап отыр. Философияның көп мәселелері ішіндегі ең өзектілерінің бірі – адам мәселесі. Бүгінгі таңда тек гуманитарлық ғалымдар ғана емес, сонымен қатар жаратылыстанушылар да «антроптық принципті» қолдап отыр. Осыдан 13 млрд. жыл бұрын «Ұлы жарылыстың» негізінде пайда болған дүние – ғарыш әлемі қажетті түрде сан алуан кездейсоқтықтар тоғысының барысында тіршілікті, содан кейін саналы пендені, адамды тудырады екен. Философия тарихында мыңдаған жылдар шеңберінде адамға деген сан алуан анықтамалар жасалды. Солардың ішіндегі ең кең тарағаны – «Homo Sapіens» – саналы адам, яғни ол – рухани пенде. Адам өз алдына неше түрлі мақсат-мұраттар қойып, соларды іске асыруға ұмтылады. Оларды іске асыру жолында ол басқа адамдармен сан алуан саналы қарым-қатынасқа түседі. Адамның неше түрлі алаңдау мен күту, қайғы мен қасірет, шаттық пен шығармашылыққа толы ішкі рухани өмірі бар. Американ саяси қайраткері, сол елдің «Конституциясын» жасауға атсалысқан Д.Франклин адамға «Homo Faber» – құралданған адам деген анықтама берді. Шынында да, тек қана адам еңбек құралдарын жасап, оларды үнемі пайдаланады. Мысалы, маймыл жерде жатқан бұтақты, я болмаса тасты алып пайдалануы мүмкін. Бірақ содан кейін ол оны лақтырып тастайды да, оған екінші рет қайтып оралмайды. Бірде-бір маймыл өз ойына сәйкес келетін жасанды құрал жасап көрген жоқ. Оны істей алатын – тек қана адам. Уақытында ұлы Аристотель адамды «Zoon Polіtіkon» – қоғами жануар деген болатын. Ол да – адамның тектік қасиеттерінің бірі. Өйткені ол басқа адамдармен бірігіп қана өзінің сан алуан қажеттіліктерін өтей алады, яғни қоғамның шеңберінде ғана өмір сүре алады. Алғашқы қауымдық қоғамдағы жазалаудың ең қатаң түрі – адамды остракизмдеу, яғни рудың шеңберінен шығарып тастау болатын-ды. Жалғыз қалған адам ары қарай өмір сүре алмай, жыртқыштарға жем болады. И.Кант адамның ішкі ар-ұжданына таңғалып, оған «Homo Morales» деген анықтама берген болатын. Уақытында ұлы Абай оны «нұрлы жүрек» десе, Шәкарым «үш анықтың» біреуіне жатқызды. Егерде 549 адамның ар-ұжданы болмаса, ол жануарлардан қулық-сұмдығы жүздеген есе асатын нағыз жантүршігерлік сайтанға айналар еді. Бүкіл көркем әдебиеттің дәріптейтін аса құнды адамның қасиеті – оның ар-ұжданы. Қиын-қыстау жағдайда нағыз адам өз ар-ұжданын, абыройын сақтап қалу жолында өзінің тәнін құрбан етуге дейін барады. Австрия ғалымы В.Франкл Құдайды ғарыштан, тіпті оның ар жағынан іздеу керек емес, ол адамның ішіндегі оның ар-ұжданы деген ғажап ой айтады. «Homo Aestetіcus» – сұлулыққа ұмтылған адам деген анықтама да бізге адамның ғажап жағын көрсетеді. Адам – дүниедегі кез келген нәрсенің әсем жағын байқап, одан ләззат алатын пенде. Ыстық жаз күндерінің бірінде Күннің орасан зор қан-қызыл түсте батуы ешкімді де немқұрайды қалдырмайды. Керісінше, ол бізге шабыт беріп, шығармашылыққа, табиғаттың кереметтігін мойындауға, оған бас июге итермелейді. «Әсемдік дүниені сақтап қалады», – деген Ф.Достоевскийдің нақыл сөзі жоғарыдағы ойлардан шықса керек. Біз болсақ тек қана ар-ұжданға, моральдық құндылықтарға сенер едік, өйткені, өкінішке қарай, бүгінгі өмірде салқын лебізді, ар-ұжданның талабына сәйкес келмейтін сұлулық жиі кездеседі. Голландия ойшылы И.Хейзинга адамға «Homo Ludens» – ойнайтын адам деген ат қойып, сол жөнінде көлемді еңбек жазды. Адам өз өмірінің шеңберінде жүздеген әлеуметтік рөлдерді ойнайды. Мысалы, ол – әке, жұмыста – есепші, біреудің жолдасы, я болмаса туысы, саяси партияның мүшесі, ауладағы футбол командасының капитаны т.с.с. Әрбір рөлдің мазмұны мен әлеуметтік нормалары өзгеше. Тіпті өлер алдында адам сол рөлді ойнап, ол да оны қоршаған жақындарына өнеге болып қалады. Сонымен, рөлдер тек театр сахнасында ғана ойналып жатқан жоқ, ол бүкіл жер бетінде адамдар бар жерде жүріп жатыр. Ал жануарларға келер болсақ, олардың күшіктері бір-бірімен ойнап, өз табиғи түйсіктерін оятады, уақыт өтіп есейген сәтте олар тоқталады. «Homo Erectus» – тік жүретін адам деген анықтаманың да терең мазмұны бар екенін байқаймыз. Адамға ұқсас маймылдардың тарихи адамға айналу барысында, оның алдыңғы екі қолы жерге түскеннен кейін босап, еңбек ету арқасында нағыз ғажапқа – ешқандай теңдесі жоқ адамның қолына айналады. Адам өз қолдарымен 2000-нан артық әртүрлі нәрселерді жасайды екен (микроскоп арқылы көздің жарасын тігуден бастап, алып экскаваторды басқаруға дейін!!!). Бірде-бір жануардың осындай икемі бар дене мүшесі жоқ. Егерде жер бетіндегі адамдардың бәрі де жойылып, тек бір ғана адамның қол сүйегі қалса, соған қарап, ғарыштан ұшып келген саналы пенделер осы жер бетінде ақыл-ойдың, рухтың болғанын байқар еді!!! Өйткені адамның қолы – 550 рухтың дүниеге келу барысындағы сонымен бірге қалыптасқан туындысы. Француз ойшылы Э.Кассирер адамға «Homo Sіmbolіcus» – нышан, белгі жасайтын адам деген анықтама берген болатын. Кең түрде алғанда, нышанға қайсыбір халықтың тілі, бабалардан қалған аңыздастандар, дін, өнер қағидаларын, неше түрлі өмірдегі кездесетін белгілерді (мысалы, машинамен келе жатып, алдымыздан ортасында қызыл кірпіш көрсетілген дөңгелек белгіні көргенде біз тоқтап, ары қарай жүрмейміз) т.с.с. жатқызамыз. Қайсыбір нақыл сөздер, көркем әдебиеттегі салыстырма, бейне, мысалдардың т.с.с. ар жағында неше түрлі мән-мазмұнның жатқанын байқауға болады. Мысалы, Прометей бейнесі – бізге адамды шынайы сүю (гуманизм), ал Сизиф – нәтижесіз зардапқа әкелетін еңбек, Қозы-Көрпеш пен Баян-Сұлу мөлдір махаббаттың белгілері ретінде көрінеді. Ф.Ницше адамға «уәде беретін жануар», Ж.Ж.Руссо «бұзылған жануар» деген анықтама берген болатын. Адам сондай күрделі, сан қилы пенде болғандықтан, оған бере алатын анықтамаларды жалғастыруға болады. Мысалы, адам – «күле алатын», «жылай алатын», «өлетінін білетін» т.с.с. пенде. Бірақ У.Оккамның ұстарасы: «Мән-мағынаны қажеттіліктен тыс көбейту керек емес», – дейді. Олай болса, жоғарыда көрсетілген адамның қасиеттеріне негізделе отырып, оған біршама көлемді анықтама беруге мүмкіндік келген сияқты. Адам – санасы арқылы дүниені танып-білетін, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, өзара бірігіп, айнала қоршаған ортаны өзгертіп, сан алуан қажеттіліктерін өтей алатын пенде дер едік. Ал жоғарыда көрсетілген және басқа да адамдардың сан алуан қасиеттерін осы анықтамадан бірте-бірте шығаруға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет