Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»



бет50/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Ќазаќ мифологиясы.

Басқа халықтардың философиясы сияқты, отандық философия да өз қайнар көзiн көне аңыздар мен дастандар, ертегiлерден бастайды. Егер аңыздарған бай халықтарға үндi мен гректердi жатқызса, қазақ елi де олардан кем түспейтiн болар, өйткенi өне бойы көшiп-қонып жүрген халықтың бiр ғана байлығы болды – ол оның тiлi, бабалардан келе жатқан дәстүр, аңыз-хикаялар, нақыл сөздер. Олардың көбi жаңа ғана жарық көрiп, философиялық тұрғыдан талдануда. Көне түрiктердiң түсiнiгi бойынша, бұл дүние жоқтан пайда болған. Оны ұстаға ұқсайтын Жаратқан тудырды. Дүние, негiзiнен, жер, су, от, ауадан тұрады. Ол неше түрлi қайшылыққа толы: Жер мен Күн, өмiр мен өлiм, адам мен табиғат, бақ, құт пен зардап, жарық пен қараңғы, жылы мен суық т.с.с. Аспанға көз жiберген ежелгi түрiк бабаларымыз оны Тәңiр, Жаратқан әлемiне жатқызған. Адамдар мен басқа тiршiлiк өмiр сүрiп жатқан дүние – ол Жер мен Су әлемi, ал өлгендердiң паналайтын орны – ол Жерасты әлемi. Бiлге қаған мен Күлтегiннiң құрметiне тасқа ойылып жазылған ескерткiште дүние былайша суреттеледi: «Биiкте көк Тәңiрi, төменде қара жер жаралғанда, екеуiнiң арасынан адам баласы жаратылған...». Тәңiрге, жер-суға табынудың пайда болуы адамда әуелде қалыптасқан айнала қоршаған ортаға деген, бiр жағынан, тәуелдiлiк, табиғаттың стихиялық күштерiнен үрейлену, екiншi жағынан, ризашылық сезiмдермен байланысты болса керек, өйткенi олардың түсiнiгiнше, бұл құдайлар қарапайым адамдарға қамқорлықпен қараған, ауыр кезеңдерде оларға балық пен жануарларды, жабайы өсiмдiктердiң жемiстерiн сыйлаған. 269 Сонымен қатар көне түрiктердiң нанымында ерекше орынға ие болған Әйел Құдай – Ұмай болды. Ол үйдiң, шаңырақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушiсi, содан кейiн өнердiң қолдаушысы болған. Ұмайға монғолдардың Этуген құдайы сәйкес келедi. Кейбiр ғалымдар Ұмайды ежелгi үндi құдайы Ұмамен салыстырады, ол да Ұмай сияқты мiндеттердi атқарған. Ұмай деген сөздiң өзi «бала орны», «ана құрсағы» сияқты ұғымдарға сай келедi. Тұқым тарату Құдайы болып табылатын Ұмай балалардың тууында, олардың тағдырында аса маңызды рөл атқарады. Тувадағы Ұйық өзенiнiң бойынан табылған түрiк ескерткiшiнде былай деп жазылған: «20 жасымда мен елiммен, туыстарыммен, қаруыммен, ерлiк даңқыммен қоштастым. О, Ұмай ана! О, менiң сүрген өмiрiм! Мен сендердi тастап кетiп барамын, туыстарым». Жас жiгiт майдан даласында өлiп бара жатып, өзiнiң осы өмiрдегi соңғы сәтiнде Ұмай анаға, шаңырақ қорғаушысына өзi өсiре алмаған кiшкене балалар алдындағы кiнәсiн, туысқандарының артқан үмiтiн ақтай алмағанын айтады. Мұның өзi туыстық байланыстардың, отбасының, ру мен тайпаның қадiр-қасиетiнiң зор маңыздылығын көрсетедi. Аңшылар мен малшылар әлемiн әрқилы аңдар, жан-жануар, хайуанаттар жайлап, әртүрлi заттар мен өсiмдiктерге, жануарлар құдiретiне Тәңiрдей сиыну елеулi орын алған. Түрiктер өзiнiң тотемi ретiнде әсiресе қасқырды ең жоғары орынға қойған. Бұл аңның тотемдiк сипаты өз көрiнiсiн түрiк қағандарының патшалық рәмiздерiнен тапты: олардың туларында қасқырдың алтындаған басы бейнеленген. Ал олардың жеке қорғаушыларын «бөрiлер» деп атаған. Бұл жануардың көне түрiктердiң негiзгi тотемiне айналу себебi сол көшпендiлiк өмiр салтына байланысты болса керек. Өйткенi қасқыр жыртқыш аң ретiнде малшылардың баққан табынынан онша алыстамаған, үйiрдегi әлсiреген, ауру жануарларды қырып отырған, ал малшылардан аса сақтықты, қырағылықты талап еткен. Кiм бiледi, бiздiң арғы бабаларымыздың «сақ» деген атының өзi осындай себептермен байланысты болуы мүмкiн. Өзiнiң күнбе-күнгi өмiрiнде жиi кездесетiн аң болғаннан кейiн, малшылар оның мiнез-құлқын терең зерттеп, оның батылдығымен қатар сақтығына, шыдамдылығына, айла-амалына, үйiрлiк өмiрiне т.с.с. қасиеттерiне қарап қайран қалып, соларды өз бойынан табуға тырысқан. Өзiнiң «қасқыр мiнездiлiгiнiң» арқасында қазақ халқы трагедияларға толы тарихында «мың өлiп, мың тiрiлсе» де, көп көшпендiлер сияқты жойылып кетпей, мiне, бүгiнгi таңда өзiнiң дербестiгiне қолы жетiп, жаңа өмiрге ұмтылу үстiнде. Бүгiнгi таңдағы бiздiң қасқыр бейнесiн ысырып тастап, «ортаазиялық барысқа» елiктеуiмiз жоғарыда айтылған тұрғыдан қарағанда, бiздiң жаңа өмiрге деген ұмтылысымыздың нышаны болса керек. Бiрақ барыс 270 басы бiрiкпейтiн, қысқа қашықтыққа секiргенмен, алысқа шаба алмайтын аң екенiн ұмытпағанымыз да жөн болар. Ежелгi түрiктер жер не су, тау не орман болсын, табиғаттың әрбiр бөлшегiнде киелi күштер бар деп есептедi. Қазақтардың бүгiнгi күнге дейiн ағашқа, басқа да нәрсеге жыртыс байлауы, «киелi, қасиеттi жер» деп санауы ислам дiнiнiң ғұрпына жатпайды, бұл – сонау көне заманнан берi келе жатқан архаизмдер. Ежелгi түрiктер үшiн қайырымды рухтар – ата-баба рухтары (аруақтар) болды. Оларға сиынып, ақ мүйiздi, аша тұяқ сиырды, ақсарыбас қошқарды, ақ қойды және табынындағы алғашқы төл басын құрбандыққа шалды. Егер адам өлсе, оның аруағына арнап, арнайы қырық күн от жағылды, өлiктi жерлегенде онымен бiрге үй заттарын, тағамды бiрге жерледi т.с.с. Қазақ халқының ұғымында аруаққа сену өте жоғары, қысылған кездерiнде әр уақыт аруақты шақырып, құрбандық шалып, сәтi түскен iс болса, аруақтың көмегi деп бiлдi. Өлген ата-бабаларын түсiнде көрсе, «аруақ қолдайды» деп жориды. Аруақтың басына барып түнейдi, оларға арнап мал сойып, тiлек тiлейдi. Мысалы, «Шора батыр» поэмасында шешесi Шораның әкесiне: «Түйеден – нар, жылқыдан – айғыр, сиырдан – бұқа, қодан-қошқар алып, бала тiлеуге барайық», – дейдi. «Қобыланды» және «Алпамыс» жырларында да олардың ата-аналары бала тiлеп, «әулие қоймай қыдырып, етегiн шеңгел сыдырып» жүрген кезде, Баба-түктi Шашты-әзиз олардың тiлегiн орындайды. Көне бабалар «киелi» және оған қарсы «кесiр» деген ұғымдарға өте жоғары маңыз берген. Өздерiнiң жартылай көшпелi тұрмысындағы пайда келтiретiн әртүрлi заттарға ерекше күш таңады. Адамдар әдет-ғұрыптарды сақтап отырса, олардың басына байлықбақыт орнап, «құт» қонады. Ал әдет-ғұрыптар сақталмаса, онда кедейлiкке ұшырап, қырсыққа шалдығады, яғни кесiрге айналады. Сонымен бiрге «қызыр» немесе «қыдыр» деген қасиет үлкен орын алады. «Қыдыр дариды, бақ қонады, ақыл барлығына басшылық етедi» деген нақыл сөздердi осы уақытқа шейiн естуге болады. Ендi көне бабаларымыздың алғашқы философиялық тебiренiстерiне тоқталуға уақыт келген сияқты. Қазақ топырағында қалыптасқан философиялық ойлардың құрамдас бөлiгi ретiнде, осыдан 2,5 мың жылдай бұрын өмiр сүрiп, көне грек ой-өрiсiнде өзiнiң өшпес iзiн қалдырған Анахарсистi (Анарыс) айтуға болады. Тарих атасы Геродот Анарыстың қара теңiздiң солтүстiк жағалауын жайлаған тайпалардан шыққаны жөнiнде айтады. Оның айтуына қарағанда, ол өнер-бiлiмге құмар, өз Отанының әдет-ғұрпын жетiк бiлген, дүниенiң сырын бiлмекке ұмтылған атақты адам болса керек. Бiздiң жыл санауымыздың бiрiншi ғасырында өмiр сүрiп, ел 271 басқарған атақты Майқы-би бабамыз Анарыстың өсиеттерi деп, ел билеудiң жолдарын айтып отырады екен деген аңыз халық жадында сақталған. Диоген Лаэртий деген көне грек заманындағы атақты философия тарихшысы Анахарсистiң Афинадағы Солон патшаға алғаш келiп танысып, дос болғаны жайында мынандай аңызды келтiредi. «Қиырдағы скиф қаласынан iлiм iздеп, ақыл-зердемдi сынатып қайту үшiн, Солонға келiп тұрмын. Көңiлi қаласа – достыққа жараймын, пейiлi түссе – қонағы боламын», – деп, Солонның қызметшiсiнен сәлем айтады. Сонда Солон: «Есi бар ер досты өз елiнен iздейдi», – дептi. Анахарсис мүдiрместен: «Солон дәл қазiр өз Отанында. Ендеше, өз елiнiң төрiнде отырып, нелiктен досына дос қоспасқа», – деп жауап қайтарыпты. Ұтымды айтылған сөздiң ойлы астарына риза болған Солон Анахарсистi құшақ жая қарсы алып, олар бiр-бiрiмен дос болып кетiптi. Грек философиясында Анахарсистi өздерiнiң дана жетi бабаларының бiреуi деп санайды. Олар артында үлкен кiтаптар қалдырмағанмен, өздерiнiң нақыл сөздерi арқылы даналыққа ие болды. Анахарсис: «Жүзiм шыбығы бiр шоқ ләззат, содан кейiн мастық, соңында жиреніштік әкеледi», – деген екен. Бұл ғажап нақыл сөздiң iшкi сыры әр нәрсенiң өлшемiн бiлiп, сақтауда болса керек. Оған арнап гректердiң қойған ескерткiшiнде оның мынандай сөзi жазылған: «Тiлiң мен құлқыныңды, нәпсiңдi ауыздықтай бiл!». Бiрде Анахарсис: «Адамның бойындағы ең жақсы және ең жаман нәрсе не?» – деген сұраққа: «Тiл», – деп жауап берiптi. Кезектi бiр пiкiрталас үстiнде, iстiң барысын тыңдап отырып, Анахарсис былай дептi: «Элладалықтар қызық осы: мұнда сөздi ақылдылар айтады да, мәселенi ақымақтар шешедi». «Элладада жарысқа өнерпаздар қатысады да, өнерсiз адамдар қазылар алқасында жүредi», – деген сөздi де Анахарсис айтқан екен. Оның ойынша, «адам мен адамның айырмашылығы тiлi мен атақдаңқында емес, – ақылында». «Қызғаныш пен қорқақтық – ең қасиетсiз сезiмдер». Грек елiнiң бiр азаматы: «Сен жат елдiң тұқымысың», – деп кемсiткенде, ол: «Мен үшiн – елiм қайғы, ал сен – елiңе қайғысың», – деген екен. Анахарсис сол кезден бастап қалыптаса бастаған батыс менталитетiн, нарықтық қатынастарды сынға алады: «Саудагерлер халықты ашықтанашық алдап жатқанда, қалайша өтiрiкке тыйым салуға болады». Әсiресе бiздi таңғалдыратын мәселе – Анахарсис ХХ ғ. пайда болған экзистенциализм философиясында қойылған кейбiр мәселелердi сол кезде-ақ сезiнiп, тебiренген. «Кiмдер көп: өлiлер ме, әлде тiрiлер ме?» – деген сұраққа, ол: «Теңiзде жүзiп келе жатқандарды кiмге жатқызуға болады?» – деп, қарсы сұрақ қойыпты. Ол сұрақтың шын мәнi – адам өмiрiнiң нәзiктiгi, оның өне бойы өмiр мен өлiм арасында болуы, ал 272 мұның өзi экзистенциалдық философияның негiзгi мәселесiне жатады. Бiреулерден кеменiң тақтайының қалыңдығы төрт саусақтай екенiн бiлген Анахарсис: «Кемешiлер өлiмнен төрт саусақтай қашықтықта жүзiп келе жатыр», – деген екен. Мұндай ғажап ойлар мен адам күтпейтiн салыстырмалар, әрине, Анахарсистiң өз заманының ғұламасы болғанын көрсетедi. Анахарсис грек елiнен тәлiм-тәрбие алып, өз елiне қайта оралып, сондағы игерген бiлiмiн өз елiне қолдануға тырысады. Бiрақ оның реформаторлық идеялары қалың бұқараның қолдауын таппай, ақырында оны көре алмаған бiреудiң қанды жебесiнен қазаға ұшырайды. Соңғы демi үзiлерде ол: «Эллада жерiнде менi ақылым қорғап едi, өз елiмде қызғаныштың құрбаны болдым», – деген екен. Философиялық ой-пiкiр бүкiл дүниежүзiлiк деңгейде б.з.д. VII-V ғғ. пайда бола бастаған кезде, бiздiң бабаларымыз да аса кемеңгер дана тұлғаны – Анарысты тудырды. Олай болса, бiз сол заманнан берi бүкiл дүниежүзiлiк рухани көштен қалмай, тарихи халықтардың арасында өз орнымызды алдық. Оны бiз әрқашанда мақтан етуiмiз керек.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет