Шјкјрімніѕ онтологиялыќ жјне гносеологиялыќ ілімдері.
Шәкәрiмнiң онтологиялық көзқарастарын рационалдық дiни философияға, нақтылай келе, деизм (Құдайды Жаратушы ретiнде мойындағанмен, Табиғат ары қарай өз заңдылықтарының негiзiнде өмiр сүре бередi) бағытына жатқызуға болатын сияқты. Өзiнiң «Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде ойшыл дүние жөнiнде былай дейдi: «Жаралыс басы қозғалыс, Қозғауға керек қолқабыс. «Жан» де, мейлiң бiр «мән» де, Сол қуатпен бол таныс. Әлемдi сол мән таратқан, Қозғалмаса көшпейдi, Көшпеген нәрсе өспейдi. Өспеген нәрсе өзгермес, Түрден ол түрге түспейдi». Бұл шумақтан бiз бүкiл дамудың қайнар көзi қозғалыста екенiн, ол жоқ жерде өсiп-өнудiң де жоқ екенiн байқаймыз. Бiрақ ойшыл сол қозғалыстың өзi бiр қуаттың арқасында болатынын айтады. Бұл жерде ерiксiз ХХ ғ. өмiр сүрген әйгiлi француз дiни философы Теяр де Шарденнiң дүниенiң негiзiндегi «тангенциалдық» (физикалық) және «радиалдық» (психикалық) энергиялар жөнiндегi ойлары есiмiзге түседi, өйткені Шәкәрiмнiң көзқарасы оған өте жақын. Ары қарай: «Құс, балық, шаян, көп алуан, Айуаннан өсiп болдық адам. Кейiмiз естi, кейiмiз надан, Жаралыс салған сондай мән». Ақынның бұл өлең жолдарынан бiз адамның өзi табиғаттың төл туындысы екенiн байқаймыз, яғни ол бұл мәселеге жаратылыстану тұрғысынан қараған екен. 310 «Жанымыз – Күннен келген нұрдан, Тәнiмiз – топырақ пенен судан. Күн – атам, анық жер – анам, Бiрi нұр берiп, бiрi – тамақ, Бұзады бiрақ қайтадан. Ер жетем, толам, қайта солам, Әрi анам – бұл жер, әрi – молам...». Қандай ғажап ойлар! Күннiң сәулесiнiң арқасында жер бетiнде тiршiлiк дүниеге келдi емес пе? Бұл шумақтан бiз Шәкәрiмнiң тiптi деизмнен гөрi пантеизмге (Табиғаттың өзiн Құдаймен теңейтiн iлiм) жақынырақ екенiн жорамалдаймыз. Сонымен қатар бұл дүниеде еш нәрсе де мәңгi емес, өзiнiң сатыларынан өтiп (ер жетем, толам, солам) өмiр сүруiн тоқтатады. Бiрақ ол iзсiз жоғалып кетпейдi, басқа бiр денеге, құбылысқа айналады. «Электриядан не шықты, Iстедiң талай қызықты! Дәл өзiн көрген адам жоқ, Шын затын оның кiм ұқты? Iсiнен бiлдiк барлығын», – дейдi ұлы ойшыл. Бұл жолдар, бiр жағынан, ақынның өз заманының ғылыми жетiстiктерiн бiлгенiн көрсетсе, екiншi жағынан, оларды түсiнуде идеалистiк жолға түсiп кетпей, тәжірибе, iс-әрекет арқылы оның шындығына жету мүмкіндігі айтылады. «Күннен неге түсіп тұр мұнша жарық, Сегiз минут шерiкте жерге барып. Әншейiн құр жарқырап тұрып алмай, Жылылық нұрмен бiрге жүр қозғалып. Барша әлем тапжылмай тұрып қалса, Бола ма, уақыт деген өлшеу салып? Мақсат, тәртiп керексiз тозаңы жоқ, Тексермей неге отырмыз мұны ойланып». Бұл шумақтан бiз ақынның сол кезде жаңа ғана ашылған ғажап ғылыми жаңалықты – күн сәулесiнiң жылдамдығының 300 мың км/сек. екенiн бiлгенiн байқаймыз. Екiншiден, ойшылдың қозғалыс пен уақыттың өзара байланысын байқағанын, үшiншiден, табиғаттың терең сырларын ары қарай зерттеп, диалектикалық ұғымдармен ғылымды байыту керектiгiн терең сезiнгенiн көремiз. Терең философиялық мәнi бар ерекше мәселе – жан мен тәннiң арақатынасы, өзара байланысы. «Жансыз тән қалайша жүрмек? Сол жан емес пе денелердi қозғап өсiрмек. Бас қозғалыс қой жанның атасы, 311 Ол жаратады түрлеп. Сол жаннан талай жан өскен, Жанына қарай тән өскен». Сөйтіп, ақынның ойынша, жан мен тәннiң арақатынасында басымдылық – бiрiншiде, тәуелдiлiк – екiншiде, яғни сана, ақыл тәндi билейдi. Ендi гносеологиялық, танымдық мәселелерге келсек, Шәкәрiм өзiнiң «Анық пен танық», «Мұсылмандық шарттар» т.б. еңбектерiнде ол адамдарға «қоршаған табиғи ортаның жұмбақ-сырын ұқ, танып-бiл, оның ашылған сырларын мақсат-мұратыңа жарат» деген ой тастайды. Оның ойынша, тану, бiлу, нану, ұғыну – бәрi ақыл iсi, ал оның iргесi мида жатыр. Бiрақ ол үшiн адам дүние-ден белгiлi ақпараттар алуы қажет. Оны жеткiзетiн – түйсiктер. «Тән сезiп, құлақ естiп, көзбен көрмек, Мұрын – иiс, тiл – дәмнен хабар бермек. Бесеуiнен мидағы ой хабар алып, Жақсы-жаман әр iстi сол тексермек», – деген жолдар ақынның бұл мәселенi өз заманының деңгейiнде шешкенiн көрсетедi. Сонымен қатар дүниенi тану жолында соңғы ақиқатқа ешкiм де жете алмайды, оның соқпақтарында шындық пен қатар қателесiп кету де кездеседi. Сондықтан бәрiн ой елегiнен өткiзу қажет. «Тегiс тексер, сөз көрсең – сыр мен сынын, Түзетуге именбе тапсаң мiнiн. Әдеп сақта, жалғыз-ақ қате айтты деп, Былшылдапты дей көрме, бiлсең шынын». Бұл жолдарда ақын ғылыми этиканың бүгiнгi таңда бiзге керек негiзгi бiр қағидасын алға тартады. Өйткенi гуманитарлық ғылым саласында, өткен Кеңес заманындағы жетiстiктердiң бәрiн сынап: «Бәрi – терiс, қате, шындыққа бүгiн мен ғана жеттiм», – деп лепiрiп жүрген ғалымсымақтар жоқ емес. Ендi, мiне, ұлы ғалымның этикалық, ағартушылық идеяларына тоқталуға кезек келдi. Ол ойшылдың негiзгi еңбегi – «Үш анықта» басынан аяғына шейiн самғап өтетiн негiзгi идея бар. Алғашқыда ақын екi анықты сөз қылады. Бiрiншi – ол ғылымдағы ақиқаттар, оған адамзат мыңдаған жылдар бойы iзденiп, зерттеп жеттi. Екiншi – дiннiң берген аяндары. Бұл, әрине, философия саласында мыңдаған жылдар созылып келген «ақыл-ой мен сенiм ақиқаттары», олардың арақатынасы. Осы екi «аныққа» ойшыл үшiншi – ар-ұжданды қосып оның iргелiлiгiн баса айтады. Яғни Шәкәрiм Абайдың «жүрек», «нұрлы ақыл» санаттарын ары қарай тереңдетедi. Оның ойынша, ар-ұжданға ынсап, әдiлет, мейiрiм кiредi. Шәкәрiмнен кейiн жарты ғасыр өткен шақта Австрияның ұлы ғалымы В.Франкл ар-ұжданды «адамның iшкi Құдайы», – деген болатын (В.Франкл. Человек в поисках смысла. М., 312 1990, с. 90). Мұның өзi де бабамыздың өз заманын озған ғұлама екенiн дәлелдемей ме ? Ақынның ойынша, ар-ұждан – рухтың өзегi, сондықтан бүкiл өнербiлiм оның сынынан өтуi керек. «Еңбекпенен, өрнекпенен Өнер ойға тоқылса, Жайнар көңiл, қайнар өмiр Ар iлiмi қосылса». Бiз бұл мәселеге оқырманның ерекше назарын аударғымыз келедi. Өйткенi ол бүгiнгi таңда бүкiл адамзаттың ары қарай дамуының шешушi мәселесiне айналып отыр. Ар-ұждан аясындағы ғылым тiршiлiктi сақтап, қоғамды гүлдендіреді, ал оны еске алмайтын ғылым бүкiл тiршiлiктi адамзатпен бiрге құртып жiберуi мүмкiн. Оған бүгiнгi таңда балама жоқ. Батыс ой-талғамы бұл пiкiрге екi дүниежүзiлiк соғыстан, Бухенвальд пен Освенцимнен өтiп, миллиондаған адам өмiрiнен айырылып барып келген болатын. Шәкәрiмнiң заманына келер болсақ, ол кезде ядролық физика ғылымы тек өзiнiң алғашқы қадамдарын ғана аттап жатыр едi. Болашақта болатын апатты әлi ешкiм сезiнген жоқ-ты. Ғылымның тез қарқынмен дамуының негiзiнде сциентистiк-технократиялық (таза ғылым мен техниканың шешушi рөлiн мойындайтын iлiм) көзқарастар кең етек жайған болатын. Мiне, осындай ахуалда ұлы бабамыз көрегендiк танытып, болашақта болуы мүмкiн апаттарды алдын ала болжай бiлдi. Оның кенеттен жарқ еткен ар-ұждан идеясын мыңдаған жылдарға созылған қазақ руханиятының квинтэссенциясы (тұздығы) десек те болар. Өкiнiшке қарай, қазақ елiндегi реформаларды жүргiзу саты-ларының алғашқы кезеңдерiнде халықтың мыңдаған жылдар бойы қалыптасқан дiлi мен руханиятымен санаспайтын технократиялық ағымға негiзделген саясат басым болып, оның қаншама терiс әсерiн тигiзгенiн қазiр ғана сезiнiп жатырмыз. Менмендiк, қоғамдық пiкiрмен санаспаушылық, өткен тарихи сатыны толығынан терiстеу, адамдардың бiр-бiрiнен жаттануы, шен иелерiнiң жемқорлығы, екiжүздiлiк, тәкаппарлық т.с.с. келеңсiз құбылыстар тек адамгершiлiкке, ар-ұжданға негiзделген саясат арқылы ғана жеңiледi. Оны естен шығармауымыз керек. Қазiргi жаңару сатымызда Шәкәрiмнiң айтқан көп ағартушылық ақыл-ойлары да бiзге рухани азық болмақ. «Ақ iсiңе Құдай жақ, Адамнан тiптi шошыма» немесе: «Құдай таза жаратты, сен таза бол, Ұқсаң анық айттым ғой, бұл – таза жол», – дейдi ақын. Сонымен бiрге ол әрбiр адамды жасампаздық еңбекке шақырады: 313 «Қамдан, сақтан, қағып бақ, бәле келсе, Бәрiн Құдай қылады дегенге ерме», – деп ескертедi. Әсiресе мына жолдар бiзге ауадай қажет сияқты: «Өнер қылма ар сатып жалданбақты, Ұлық болып елдi жеп мақтанбақты. Бiреудi жеп, бiреудi табамыз деп, Қашан жақсы көрушi ек алданбақты». Қорыта келе, Шәкәрiмнiң философиясы өте биiк, нәзiк те терең, өз заманынан озған десек, қателеспейміз. Оның идеялары қазақ руханиятынан тыс бүкiләлемдiк бiлiмге өз үлесiн қосты деп айтуға әбден болады.
Достарыңызбен бөлісу: |