Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Ќожа Ахмет Яссауидіѕ софылыќ философиясы



бет53/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
Ќожа Ахмет Яссауидіѕ софылыќ философиясы

. Орта ғасырлардағы қалыптасқан философиялық ағымдардың iшiнде сопылық философия ерекше орын алады. «Сопы» деген сөздiң төркiнi, шамасы, «sophos» – «дана» деген грек сөзiнен шықса керек. Сопылық философия ислам дiнiнiң шеңберiнде пайда болған мистикалық (құпия) – аскеттiк (өз-өзiн шектеу) ағым. Оның дүниеге келу себебiн жете түсiну үшiн, бiз назарымызды ислам дiнiнiң кейбiр ерекшелiктерiне аударуымыз қажет. 279 Ислам дiнi – тарихи ең соңғы дүниеге келген әлемдік дiн. Сондықтан бұл дiндегi аса үлкен басымдық – бiрлiк, бiрқұдайлық, ол – абсолюттi, оған ешқандай күмән келтiрiлмеуi керек. Бұл қағиданы мықты ұстаудың астарында осы уақытқа шейiн бытыраған көшпендi араб тайпаларының басын бiрiктiрiп, оларды бiр халыққа айналдырып, үлкен мемлекет құру қажеттiгi жатқан едi. Иудаизм мен христиандық дiн аз да болса «көпқұдайлықтың» сарқыттарынан әлі де болса арылған жоқ-ты (мысалы, Құдайды адамға ұқсатып бейнелеу – икона, бiр Құдайдың үштiгi: Құдай, Әке, Ұл және Киелi рух т.с.с.). Ислам дiнiндегi «Алла тағаланы» алсақ, Ол адамнан тым алшақ, қаһарлы, қатал, адамды саналы пенде етiп жаратқанмен, өзiне ұқсас еткен жоқ. Сондықтан адам адасып кетпеуі үшiн, Ол қоғам өмiрiндегi болуға тиiс тәртiптiң негiздерiн, адамның өмiрдегi жүрiс-тұрысының қағидаларын Мұхаммед пайғамбар арқылы құрандағы Шариғатта алдын ала берген және олар бұлжытпай орындалуы керек. Алайда ақиқат әрқашанда нақтылы, өмiр өне бойы өзгерiсте болғаннан кейiн, ресми мешiттiң бұлжымас қағидалары шынайы өмiрде әртүрлi қайшылықтарды тудырады. Сондықтан жаңа дiндi уағыздаушылар көп ұзамай, екi топқа бөлiнедi. Олардың бiрiн «абид» (Құдайдың құлы) десе, екiншiсiн «захид» (дәруiш) деп атады. Бiрiншiлерi дiннiң талаптарын ойланбастан бұлжытпай орындауға тырысса, екiншiлерi өз iзденiстерi мен тебiренiстерi арқылы Алла тағаланы жете түсiнуге, оған рухани жетiлу арқылы жақындасып, онымен қосылуға, сiңiсуге тырысты. Мiне, осы екiншi бағыт ислам дiнiнiң шеңберiнде сопылық ағымды тудырады. Алғашқы уақыттағы сопылар пендешiлiкке қарсы шығып, дүниеқорлық, байлықты жинаудан бас тартып (зухд), Алла тағаламен бiрге болуға тырысты (тақуа). Бұл ауыр жолда олар Мұхаммед пайғамбардың өмiр жолын өнеге еттi, өйткенi ол қандай керемет бай өмiр сүру мүмкiншiлiктерiне қарамастан, өзiн өте әдептi ұстап, қайыршы мен кедейлерге қол ұшын беруге тырысты. Алғашқы сопылардың бiрi Хасен Басри: «Бұл дүние үшiн о дүниенi сатқан екi дүниеден бiржола айырылады, бiрақ о дүние үшiн бұл дүниенi сатқан екi дүниеге де ие болады», – деген екен. Яссауи бабамыздың сыйлаған, өнеге тұтқан сопыларының бiрi – осы Хасен Басри. Ол туралы Яссауи: «Нәпсiсiн тыйып қаһар қылды Хасен Басри... әзiздердiң жағында болғым келер...» – деген екен. Сөйтіп, сопылық философия адамдарды тақуалық өмiрге, дүниенiң алдамыш қызықтарына құмартпауға, рухты биiк дәрежеде ұстауға шақырды. Сопылық жолдың екiншi үлкен басымдығы – Құдайды шын жүрекпен сүйiп, Оған толығынан берiлу мәселесi. Ол үшiн адам өзiнiң менмендiгiн толығынан ұмытып, күндiз-түнi тек Алла тағалаға деген 280 құштарлық, ғашықтық сезiмде болуы қажет. Сонда ғана адамның өзiндiк сана-сезiмi жойылып, Құдайлыққа жол ашылады. Мұндай жандүние ахуалын сопылар фана (бейболмыс, Құдайға жетiп, сiңiсу) деген ұғыммен берген. Орта ғасырлардағы Шығыс жұлдыздарының бiрi Руми Джалаледдин төмендегiдей нақыл сөздер арқылы бiзге оны ашық та айқын түсiндiредi: «Бiреу сүйген жарының (Абсолюттiң) есiгiн қағады. «Бұл кiм?» – деген сұраққа: «Менмiн», – деп жауап бередi. Есiктiң ар жағынан: «Бұл үйге Менiмен Сен сыймайсың», – деген дауыс естiледi. Есiк жабық қалпында қала бередi. Ол тақыр далаға кетiп, жалғыздықтың азабын тартып, аузын берiк ұстап, күндiз-түнi Құдайға құлшылық етедi. Бiр жылдан кейiн қайтып оралып, есiктi тағы қағады. «Бұл кiм?» – деген сұраққа, Ол: «Сенсiң», – дейдi. Сол сәтте есiк дереу ашылады». Демек, тек «мендiк» толығынан Құдайлықтың шеңберiнде ерiп-сiңген кезде ғана адам рухтың ең биiк сатысына көтерiлiп, Алланың құшағына қосылады. Сопыларды ресми мешiт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да, қарапайым халық арасында олардың беделi өсе бердi. Олар Құранның аяттарын, шариғаттың қағидаларын түсiндiрiп қана қоймай, дiндi философиялық тұрғыдан тереңдете бiлдi. Сопылардың ойынша, Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол Құдайшылдықтың бiрiншi сатысы ғана. Өйткенi адамның сыртқы iс-әрекеттерi мен оның iшкi пиғылы, ниеттерi бiр-бiрiнен тiптi алшақ болуы да мүмкiн. Құдайлыққа өтудiң екiншi сатысында адам осы екi ортада ешқандай қайшылықтар болмауы үшiн iс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла тағаланың алдындағы ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерiлуi қажет. Ол үшiн адам өзiндiк сана-сезiмiне өне бойы тереңдей түсiп, оны Жаратушының Құдiреттi күштерiне бейiмдеуi қажет, бұл – адамның екiншi сатыдан – Тариқаттан өтуiмен тең. Сопыларды ресми мешiт алғашқы ғасырларда қанша қудаласа да қарапайым халық арасында олардың беделi өсе бердi. Олар тек қана Құранның аяттарын, шариаттың қағидаларын түсiндiрiп қана қоймай дiндi философиялық тұрғыдан тереңдете бiлдi. Сопылардың ойынша, Шариғатты терең игерiп, оның талаптарын бұлжытпай орындау – ол Құдайшылдықтың бiрiншi сатысы ғана. Өйткенi адамның сыртқы iс-әрекеттерi мен оның iшкi пиғылы, ниеттерi бiр-бiрiнен тiптi алшақ болуы да мүмкiн. Құдайлыққа өтудiң екiншi сатысында адам осы екi ортада ешқандай қайшылықтар болмауы үшiн iс-әрекеттер жасауы керек, ол Алла тағаланың алдындағы ең жоғарғы адалдық дәрежеге көтерiлуi қажет. Ол үшiн адам өзiндiк 281 сана сезiмiне өне бойы тереңдей түсiп, оны Жаратушының Құдiреттi күштерiне бейiмдеуi қажет – бұл адамның екiншi сатыдан – Тариқаттан өтуiмен тең. Үшінші Мағрифат сатысында адам дүние, болмыс, тіршілік жөнінде терең тебіреніп, ізденісте болып, олардың бәрінің негізі «бір Аллада» екеніне көзі жетуі керек. Сонда ғана адам Құдайға, яғни төртінші саты – Ақиқатқа көтерiлiп, Алла тағаланы жүрекпен сезiнiп, онымен қауышады. Алайда бұл – сиқырлық, мистикалық қиын жол, ол адамның Құдайды iздеудiң жолында күндiз-түнi құлшылық етiп, өне бойы рухани iзденiсте болуын талап етедi. Сонда ғана оның iшкi көкейкөзi (интуиция) ашылып, аян арқылы ол Алла тағаламен сұхбаттаса алады. Мiне, осындай сопылық философияның Орта Азиядағы көрнектi өкiлi ретiнде Қожа Ахмет Яссауи (1094-1167 жж.) бабамызды айтуға болады. Ол халықтың дiлiнде аса ұлы дiни қайраткер ретiнде осы уақытқа дейiн сақталған: «Меккеде – Мұхаммед, Түркiстанда – Қожа Ахмет!» – деген сөздердiң өзi оны бiзге ашық көрсетедi. Осы уақытқа шейiн жеткен негiзгi еңбегi – «Диуани Хикмет» (Даналық кiтабы). Бұл еңбектi, негiзiнен, адамның рухани даму жолын жарқырытып көрсетiп тұратын шамшырақ ретiнде қарауға болады. Қ.А.Яссауи философиясында қойылған негiзгi мәселе – ол адам болмысы, ал оның өзiнiң екi жағы бар. Бiрiншiден, адам – дене, оның қажеттiліктерi өтелмей өмiр сүру мүмкiн емес; екiншiден, адам – рух, ол – оның басқа тiршiлiктермен салыстырғандағы негiзгi ерекшелiгi, баға жетпейтiн үлкен қасиетi. Бұл арада Қ.А.Яссауи адамның терең мәнiн үзiлдi-кесiлдi оның рухани тұңғиығынан iздейдi. Бұл көзқарас ХХ ғ. өмiр сүрген немiс ойшылы К.Ясперстiң «нағыз адамның өмiр сүру ахуалы – рухани ахуал» деген сөзiмен үндеседi. Өзiнiң жас кезiндегi пендешiлiктiң шырмауында болғанын жасырмай сынай келiп, ұлы ойшыл былай дейдi: «Жиырма тоғыз жасқа кiрдiм, халiм харап, Ғашық жолында бола алмадым мысал топырақ. Халiм харап, бауыр кәуәп, көз бұлдырап, Сол себептен хаққа сиынып келдiм, мiне». Пендешiлiктiң (байлыққа, билiкке, дене ләззаттарына ұмтылу т.с.с.) жолында адам өз өмiрiнiң мәнiн ашып, адамгершiлiк қасиеттерiн сақтап қалуы мүмкiн емес: ол жалған жолға түседi. «Нәпсiге сен ерiк берсең, не тiлемес, Еңiресең де Алла саған мойын бұрмас. Қолға алсаң, жаман құстай қолға қонбас...» – дейдi ұлы ойшыл. Сондықтан Алла тағалаға жақындау жолы – пендешiлiктен арылу, нәпсiнi тыю. Ойшыл бұл жолдағы өнегелiлік мысал ретiнде Парсы елі 282 патшасының ұлы Ибрахим ибн Әдхамды келтiредi. Руми Джалаледдин ол аңыз туралы былай дейдi: «Бiр күнi Әдхамның сақшылары сарайдың шатырынан айғай-шу естидi. Сақшылар шатырға шығып, сонда жүрген адамдарды ұстап алып, Әдхамның алдына әкеледi. «Мұнда не iстеп жүрсiңдер?» – деген сұраққа, олар: «Түйелерiмiздi iздеп жүр едiк», – дептi. «Қай заманда кiм түйенi шатырдан iздеген екен?» – деген сұраққа, олар: «Бiз сенен өнеге аламыз, сен тақта отырып, Алла тағаламен жақындасқың келмей ме? Қай заманда кiм осындай орыннан Құдайға жақындап еді? – дептi. Осыдан кейiн Әдхам сарайдан қашып шығып, ел кезiп, дәруiштiк жолға түскен екен». Мiне, Қ.А.Яссауи Әдхамды өнеге етiп былай дейдi: «Әдхам сипат тақ пен бақтан қашып жүргiл, Тiлек берсең, дүние қызығын тепкiм келер». Сопылық философияның көрнектi өкiлi Баязиттi де өнеге тұтып: «Шайық Баязит жетпiс рет өзiн сатты, Бұл дүниенiң бар қызығын тастап атты», – дейдi. Әрине, мұндай пiкiрлер кейбiр оқырмандардың дүниеге деген көзқарасына сай келмеуi мүмкiн. Бүгiнгi жеке меншiктi қалыптастырып, оны ары қарай дамыту жолында «баю идеологиясы» көп насихатталғаны баршаға мәлiм. Саяси тұрғыдан алғанда, ол керек те болған шығар, өйткенi бұрынғы Кеңес Одағындағы өндiрiстi жаппай мемлекеттендiру адамдардың өндiрiстi дамытуға деген ынталарын су сепкендей басып, өндiргiш күштердi тоқыратқан болатын. Негiзiнен, сол себептi ол қоғам да құлдырап, келмеске кеттi емес пе? Алайда тек дүние қуу жолында дұрыс қоғам орнату мүмкiн бе? Әрине, жоқ. Бұл жөнiнде Қ.А.Яссауи былай дейдi: «Дүние менiкi дегендер, жаһан малын алғандар – Құзғын құстай арамға белшесiнен батқандар. Молда, мүфти болғандар, жалған жала жапқандар, Ақты қара қылғандар – ол тамұққа түседi. Қазы, имам болғандар, нақақ жала қылғандар – Есектей болып жегiлiп, жүк астында қалады. Пара алған әкiмдер, арамдықпен жүргендер – Өз бармағын өзi шайнап, өкiнiшпен қалады». Ол өз заманындағы рухани-адамгершiлiк ахуалға көңiлi толмай, ондағы кемшiлiктердi қынжыла сынайды: «Үлкен-кiшi адамдардан әдеп кеттi, Қыз, келiншек, нәзiк жаннан ұят кеттi. «Ұят барда иман бар», – деп Расул айтты... Ғажап сұмдық заман болды, достар. Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ, Патша мен уәзiрлерде әдiлет жоқ... Түрлi бәле халық үстiне жауды...». 283 Шамасы, Қ.А.Яссауидiң өмiр сүрген заманы ерте феодалдық қатынастардың қалыптасып, қарқынды даму, таптық қатынастар қайшылықтарының артуы кезеңi болса керек. Ендi бүгiнгi күнге көз жiберсек, «қазы, имам болғандар» (қазiргi соттар), «пара алған әкiмдер», «ар-ұждан, әдеп, ұят, имандылық, қайырымдылық, әдiлеттiлiк» т.с.с. рухани құндылықтардың құлдырауы Қ.А.Яссауидiң заманына ұқсамай ма екен? – деген ащы сұрақ ойымызға келедi. Жоғарыда қойылған сұраққа жауап беру үшiн, бiз қысқаша болса да, өткен жақын тарихқа көз жiберуiмiз керек. Кеңес өкiметi бүкiл ұлттық байлықты мемлекеттендiрiп, жеке меншiктi түбiрiнен опырып, оның иелерiн қуғын-сүргiнге ұшыратып, қоғам өмiрiне тұрпайы теңдiк принципiн енгiзген болатын. Мұндай жағдайда адамдар ерiктi еңбек етiп, өз қалауынша өмiр сүре алмай, iшiнен тынып, екiжүздiлiкке, айтылған сөз бен ой арасындағы алшақтыққа баруға мәжбүр болды. Ендi, мiне, үш ұрпақ бойы (75 ж.) жаншылған ерiктiкке деген ынта, ырық тұрпайы социализмнен бас тартқан кезде, өзiнiң арнасынан шығып, қоғамның рухани-адамгершiлiк құндылықтарына өзiнiң терiс әсерiн тигiздi. Көркемдеп айтсақ, көп жылдар бойы бетi жабық ыстық қазанның iшiнде жиналған бу үлкен жарылысқа әкелiп, қоғамның бiршама рухани iргетастарына зақым келтiрдi. Сондықтан да мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру басталған кезде бiршама байлық «тiстегеннiң аузында, ұстағанның қолында» кете барды, лезде бай, өте бай адамдар пайда болып, халықтың көпшiлiгi кедейленiп, бiршама бөлiгi тiптi қайыршылық жағдайға кез болды. Кеңес заманында шын билiкке жете алмай, Мәскеу партократтарының қолшоқпарларына айналған, сол рухта ондаған жылдар бойы тәрбиеленген көптеген шен иелерi жаңа ғана қалыптасып жатқан мемлекеттiң шеңберiнде өздерiн бүкiлұлттық сана-сезiмнiң, талаптардың деңгейiнде ұстай алмай, өз қамын ойлауға, жемқорлыққа көшкендерiнiң негiзгi себебi де осында жатса керек. Қ.А.Яссауи бабамыздың сөздерiмен айтсақ, сол кезде пендешiлiк руханияттан басым болып, «өзiмшiлдiк», қоғамдық мүддемен санаспаушылық өз тойын тойлады. Бүгiнгi таңда, мемлекеттi басқаруға жаңа ұрпақтар легi келген кезде, нарықтық қатынастар бiрте-бiрте заңды жолға қойыла бастады да, сол себептi қоғамдық ахуал да басқаша өзгере бастады. Қазiргi басты мiндеттердiң бiрi – қоғамның рухани өмiрiн жандандырып, адамгершiлiктi басым ұстау болып отыр. Сонда ғана қоғамның бiрлiгiн нығайтып, қарапайым адамдардың өмiрге деген ынтасын арттыруға болады. Ал оның өзi бiздiң бостандығымыздың iргетастарын нығайтып, бүкiладамзаттық қауымның шеңберiнде абыройлы орын алуға мүмкiншiлiк бередi. Расында да, адам бұл өмiрде жалғыздан-жалғыз өмiр сүрмейдi, менiң еркiмнiң шеңберi екiншi 284 адамның еркiнiң аумағына жеткен кезде тоқталуы қажет. Белгiлi француз ойшылы Ж.П.Сартр айтқандай, «еркіндiк дегенiмiз, адамның басқалардың алдындағы жауапкершiлiгiнiң ауыр жүгi». Бiреу күйзелiс пен зардап шегуде болған жағдайда, екiншiнiң дәулетi қанша тасығанымен, бақытты болуы мүмкiн емес. Қ.А.Яссауи бабамыздың даналығы – қоғамдағы күйзелiстен шығу жолдарын қайсыбiр зорлық-зомбылықтан, қантөгiстен, төңкерiстен iздемеуi. Ол Сократтың «өзiңдi тани бiл», Будданың «ең ұлы жеңiс – адамның өзiн-өзi жеңе бiлуi» деген қағидаларына жақын жолды ұстайды: «Залым егер жәбiр қылса, Алла дегiл, Қолың жайып, дұға оқып, мойын сұңғыл. Құдай тiлек бермесе, сабыр қылғыл, Хақтан естiп бұл сөздердi айттым, мiне». «Сабыр түбi – сары алтын» деген халықтың нақыл сөзi осы Яссауидiң жоғарыдағы ойларымен үндесiп жатыр. Адамзаттың өткен жазулы тарихында зорлық-зомбылықтың негiзiнде бақытты қоғамды орнатқан бiрде-бiр ел аталмайды. Керiсiнше, зорлық қарымына одан да өрескел зұлымдықты тудырады. «Жек көру ешқашанда жеккөрушiлiкпен тоқталмайды. Тек жеккөрушiлiктiң жоқтығы ғана жеккөрушiлiктi жояды», – деген екен ұлы Будда. Зорлық-зомбылықтың жолымен жер бетiнде жұмақ – коммунизмдi орнатқысы келген большевиктер қоғамды қандай күйзелiске әкелгенiн өткен жақын тарихымыздан жақсы бiлемiз. Бүгiнгi таңда бүкiладамзаттық деңгейде соғысты, зорлық-зомбылықты болдырмау, әр болуы мүмкiн шиеленiсті бейбiт жолмен шеше бiлу, жеке адамның құқықтарын басымды орынға қою мәселелерi үлкен орын алып отыр. Қ.А.Яссауидiң қойған пендешiлiктi шектеу, нәпсiнi тыю, руханиятты жоғары ұстау, қанағатшылыққа келу мәселелерi бүгiнгi жер бетiндегi өмiр сүрiп жатқан адамзат қауымына өзiнiң өзектiлiгiмен танылуда. Әрине, арада сан ғасырлар өттi, өндiргiш күштер ол заманда түске де кiрмейтiн ғажап биiктiктерге көтерiлдi, бiрақ, сонымен қатар қоғамның рухани-адамгершiлiк саласы да сондай биiктiктерге замғады деп айта алмаймыз. Әрине, бұл сала да бiр орнында қалған жоқ, онда да алға жылжушылық байқалады, бiрақ оның даму қарқыны материалдық саламен салыстырғанда анағұрлым төмен. Нәтижесiнде, дамыған елдер бүгiнгi таңда өз халықтарына материалдық жағынан қандай биiк тұрмыс деңгейiн жасағанмен, миллиондаған адамдар өз өмiрiнiң терең мән-мағынасын таба алмай, iшiмдiкке, нашақорлыққа, қылмыстыққа т.с.с. бұрмаланған өмiр жолына түсуде. Тойымы жоқ қоғамда қанша мол материалдық игiлiктер өндiрiлсе де, өне бойы жетiспеушiлiк байқалады. Сондықтан да осы елдердiң көш басындағы АҚШ 285 мемлекетi өз шекарасынан ондаған мың шақырым алыстағы жерлердi «өз ұлтының мүддесi бар аймақтар» деп жариялауда... Қорыта келе, Қ.А.Яссауи бабамыздан қалған идеяларды бүгiнгi адамзаттың рухани-адамгершiлiк күйзелiстен шығу жолында iске жаратуға болатындығына бiз кәмiл сенемiз.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет