Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


Гегель философиясындаєы субъективті рух



бет62/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65
Гегель философиясындаєы субъективті рух.

Гегельдiң ойынша, рух даму барысында өзiнiң үш сатысынан өтедi: 1. Субъективтi рух, яғни жеке адамның санасы. 2. Объективтi рух, оған ол құқық, мораль, адамгершiлiк, отбасы, азаматтық, мемлекеттiктi жатқызады. 3. Абсолюттiк рух – ол өнер, дiн және философия. Субъективтi рухты Гегель үш ғылымның шеңберiнде қарайды. Олар: антропология, феноменология және психология. Антропология iлiмiнде ол жеке адамның тұлғалық қасиеттерiнiң қалыптасуына, дене мен жанның арақатынасына, адамзаттың нәсiлдiк айырмашылықтарына, мiнез-құлық пен темпераментiне, адамдардың өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарға т.с.с. көңiл бөлiп талдайды. Гегельдiң ойынша, адамның басқа тiршiлiктен бiрден-бiр айырмашылығы – оның тiк жүруiнде. Ашық нәсiлшiлдiктi қолдамағанмен, Гегель нәсiлдер мен ұлттардың арасындағы айырмашылықтарды «абсолюттi рухтың» әртүрлi сатыларындағы өз-өзiн анықтауымен теңеп, олардың арасындағы мәдени айырмашылықтар ешқашанда жойылмайды деген кертартпа пiкiр айтады. Адамның өмiр кезеңдерiндегi айырмашылықтарды қарап, ойшыл қоғамдық қатынастардағы тәртiпке адамдар тек қана жастық шағында ғана қарсы шығады, есейе келе, пiсiп-жетiлген шағында олар қирату мен бүлдiруден гөрi, тәртiптi сақтауды, жасампаздық еңбектi қалайды. Субъективтiк сананың дамуының екiншi сатысы «Рух феноменологиясында» қаралады. Онда, негiзiнен, адамның санасы сезiмдiк сатысынан ақыл-ойға, одан ары зердеге қарай көтерiледi. «Психология» тарауында Гегель адамның танымдық қабiлеттерiне көңiл бөлiп, рухтың теориялық, практикалық және ерiктi сатыларын талдайды. Адам теориялық сана шеңберiнде қалып қоймай, әрқашан оны өзiнiң еңбек үдерісiмен ұштастырып, жасампаздық сатысына 223 көтерiледi. Мiне, осы теориялық және практикалық рухтың бiрлiгi ерiктi рухты тудырады. Ал соңғы өзiнiң мазмұнын, iшкi сырын дереу объективациялауға (сыртқы дүниеге таңуға) тырысады. Осы сатыға жеткен кезде субъективтiк рух секiрiс арқылы объективтiк рухқа айналады



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет