Неміс классикалыќ философиясыныѕ ерекшелігі. Немiс халқының рухы тудырған ХVIII-ХIХ ғғ. философияға уақытында Ф. Энгельс «немiс классикалық философиясы»


ХХ єасыр басындаєы ќазаќ аєартушылыќ философиясы



бет59/65
Дата16.05.2022
өлшемі340,53 Kb.
#34524
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
ХХ єасыр басындаєы ќазаќ аєартушылыќ философиясы.

ХХ ғасырдың басындағы аласапыран заманда Ресей империясы терең күйзелiске ұшырап, оның құрамындағы халықтардың ұлттық санасезiмi өсiп, олар өзiндiк мемлекет құру, төл мәдениетi мен тiлiн, әдетғұрпын сақтап қалу мәселелерiн күн тәртiбiне қоя бастады. Бұл көштен қазақ зиялылары да қалысқан жоқ. Қазақ халқы ХХ ғ. басында өз iшiнен талай-талай дарынды, өз халқының бостандығын армандаған, сол үшiн жан-тәнiн берген азаматтарды тудырды. Солардың iшiнен ерекше тұлғалар ретiнде Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов, М.Жұмабаевты атап өтуге болар едi. Аталған тұлғалардың көбi өз талпынысының арқасында жан-жақты бiлiм алып, орыс және басқа тiлдердi меңгеріп, шын шығармашылық деңгейге көтерiле бiлдi, ал кейбiреулерi (Ә.Бөкейханов, Х.Досмұхамедов т.с.с.) Ресей жоғары оқу орындарын бiтiрдi. Кең түрде алғанда, аталған ұлы тұлғаларды қазақ халқының бостандығын арман еткен ұлттық демократиялық қозғалыстың белсендi де абыройлы жетекшiлерi деп бағалауға болады. Осы жолда олар «Алаш» партиясын ұйымдастырып, халықтың ұлттық санасезiмiн оятып, өз заманының дәрежесiне көтергiлерi келдi. Олардың бәрi дерлiк 1917 ж. болған екi революцияны да қабылдап, олар қазақ елiне шын бостандық, теңдiк, бақытты өмiр әкеледi деп ойлады. Бiрақ олардың көбi қоғамды шынайы түрде демократиялық реформалар арқылы өзгертудi қалады, 20 жылдардан басталған сұрапыл қантөгiс оларды қатты қынжылтты. Ұлы Мағжанға сөз берсек: «Қыран құстың қос қанаты қырқылды, Күндей күштi күркiреген ел тынды. Асқар Алтай, алтын ана есте жоқ, 314 Батыр хандар, асқақ жандар ұмытылды. Ерлiк, елдiк, бiрлiк, қайрат, бақ-ардың, Жауыз тағдыр жойды барды, не бардың...». Ақынның бұл шумағынан өткендi романтизациялаумен қатар, сол кездегi халықтың аянышты жағдайын ашық та батыл көрсеткенiн байқаймыз. Оны бiз А.Байтұрсынұлының мына шумақтарынан да көруiмiзге болады: «Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған, Сахара көлге қонып салқындаған. Бiр өртке қаудан шыққан душар болып, Не қалды тәнiмiзде шарпылмаған». Бiрақ өз өмiрлерiнiң алдына төнген қауіпке қарамастан, халықты ағарту, оның өзiндiк сана-сезiмiн дамыту iсiн олар тоқтатқан жоқ. Өйткенi олар халықтың болашағын көздедi, ертелi-кеш халық өз егемендiгiне жететiне сендi және сол үшiн қажымай-талмай, қолынан келгенiнiң бәрiн жасады. Олар халыққа бiлiм беру жолында мектептерде жұмыс iстеп, неше түрлi оқулықтар мен газет-журналдарды, романдар мен өлеңдердi, пьесаларды шығарды, халықтан қалған тарихи мұраларды зерттеп, жарқын болашақты жақындату үшiн, барлық қолдан келгендi жан аямай жасады. Оны бiз Ахаңның мына жолдарынан байқаймыз: «Тән көмiлер, көмiлмес еткен iсiм, Ойлайтындар мен емес бiр күнгiсiн. Жұрт ұқпаса, ұқпасын – жабықпаймын: Ел бүгiншiл, менiкi – ертеңгi үшiн» (қараңыз: Қазақ тiлi мен әдебиетi, 1993, № 4, 3 б.). Ақырында, бәрi де халық азаттығы жолында сол қандыбалақ надан «мырқымбайлардың» оғына шалынып, құрбан болды. Ендi олардың философиялық көзқарастарына келер болсақ, негiзiнен, әңгiме саяси және құқықтық философия төңiрегiнде өрбiмек. ХХ ғ. ғұлама ойшыл, саясаткер А.Байтұрсынұлы (1873-1937 жж.) кейпi бүкiл сол кездегi ұлттық-демократиялық ағымдағы тұлғалардың бәрiн бейнелегендей. Оқулықтың көлемiне байланысты, осы ғұламаның еңбектерiн көрсету арқылы оқырманның сол кездегi ой-пiкiр жөнiндегi түсiнiктерi қалыптасар деген ойдамыз. Халықтың Жаңа дәуiр келген кездегi аянышты да мұңды ахуалын терең ойға салып, оның бостандығынан айырылған себептерiн ойшыл халықтың негiзгi бөлiгiнiң су қараңғылығы мен надандығынан, ұйқылы-ояу салғырттығынан, жоғарғылардың сатқындығы мен iрiпшiруi, патша өкiметiне ой-қамсыз берiлiп қызмет етуiнен т.с.с. себептерден көрдi. Олай болса, көп уақыт «ұйқыда жатқан» халықты ояту керек, ол үшiн басқа амал болмаса, оны «маса» сияқты шағу керек, ал 315 М.Дулатовқа келсек, ол тiптi «Оян, қазақ» деген ашық ұран тастаған болатын. Мұндай жағдайда халықтың бостандыққа жетуi – алыста жатқан, стратегиялық мақсат-мұрат, ал сол кездегi нақтылы-тарихи жағдайға байланысты Ресей мемлекетiнiң шеңберiнде Қазақстанның автономиялық дәрежесiне, өзiн-өзi басқару мүмкiндiгiне жетiп, халықты ағарту, мәдениеттi жаңарту арқылы көптен берi созылған халықтың ауруы қараңғылық пен ерiншектiк, енжарлықтан құтқару мақсатын қойды. А.Байтұрсынұлының ойынша, ондай жаңару жолына жетудiң негiзгi жолы – демократиялық үдерiстi дамыту, адам құқықтарын сақтау, «Мемлекеттiң Думаның» мүмкiншiлiктерi қандай шолақ болса да, бәрiн заңды жетiлдiру арқылы жету деп есептедi. «Тағы да халық соты жөнiнде» деген «Қазақ» газетiнде 1911 ж. жарық көрген еңбегiнде ол «Сайлау» деген ұғымның мән-мағынасын егжей-тегжейлі талдайды: ол рулардың, я болмаса қалталылардың арасындағы тартыс емес. Өкiнiшке қарай, қарапайым халық дәл солай деп ойлайды. Соның нәтижесiнде билiкке тайыз, арсыз адамдар өтiп кетедi де, ойларына не келсе соны iстеп, пара алып, жемқорлық жолына түседi. «Сондықтан халық сотына сайлағанда: бiлiмдi, таза, әдiлеттi, халыққа адал қызмет ететiн адамдарды таңдай бiлу керек», – деп қорытады ұлы ойшыл. Бұл ойдың бiздiң қазiргi өмiрiмiзге де тiкелей қатынасы барын оқырман айтпай да түсiнетiн болар. Қазақ жерiн қазынаға өткiзiп, одан жерi жоқ орыс шаруаларына жер беруге байланысты, соның нәтижесiнде әлеуметтiк-саяси ахуал шиеленiсе түстi. Ол ахуалды ұлы жыршы Мағжан: «Бар жердi күннен-күнге алып жатыр, Бiреулер алып қала салып жатыр. Қырылысып өздi-өзiмен қазақ сорлы, Жерiнен аузын ашып қалып жатыр», – деп ашына толғаған болатын. А.Байтұрсынұлы жердi тартып алу, халық бостандығының жойылу себептерiне тоқтала келiп, көп жағдайда халықтың зардап шегуi оның надандығы мен заңдағы белгiленген өз құқықтарын қорғай алмауында деген тұжырымға келедi. Сондықтан ол «Қазақ жерлерiн алу тәртiбi» заңын егжей-тегжейлі талдап, халыққа өз құқықтарының қандай екенiн, жерлерiн заңды жолмен қалай сақтап қалуға болатынын айтады. «Жердi жалға алу туралы» деген мақаласында ойшыл қазақтардың құқықтық надандығы мен келтелiгiнiң нәтижесiнде өз жерлерiнен айырылып жатқанын қамыға, қиналып жазады. Әрине, мұндай ағарту жұмыстары халықтың оянуына, саяси-құқықтық санасының өсуiне өзiнiң пайдасын тигiздi. 316 Қазақ жерiн отарлау барысында, мал жайылымы тарылса да, бұрынғыдай көшiп-қонып, мал бағып өмiр сүргiсi келген адамдарға ол жаңа ахуал өмiрге келгенiн, сондықтан жаңа шаруашылық түрлерiн игеру керек екенiн айтады. Қазақтар өмiр бақи мал баққаннан кейiн, кейбiреулер: «Бiз оны жақсы бiлемiз, басқалар ол жайында бiзге не айтады деп лепiредi», – дейдi ойшыл. «Шынына келгенде, мал шаруашылығы өте төмен деңгейде, ол тек қана үлкен жайылым бар жерлерге икемделген. Жер көлемi қысқарған сайын, оның мүмкiндiгi сарқыла түсуде», – деп қорытады ойшыл (қараңыз: Ақ жол. Алматы, Жалын, 1991, 237-238 б.б.). А.Байтұрсынұлының бұл ойы осы уақытқа шейiн өз маңызын жойған жоқ. «Бүгiнгi ХХI ғ. басындағы қазақтың қойларының салмағы жақын арада қоянмен теңелетiн болар, өсудiң орнына құрып бара жатыр емес пе? Қазiргi тiлмен айтқанда, экстенсивтiк шаруашылық формаларын интенсивтiкке аудармай, қазақ қоғамы басқа халықтармен терезесi тең қоғамға айналуы екiталай», – деп қорытады ұлы ойшыл. Бүгiнгi таңдағы тоқтап тұрған көп өндiрiс орындары осы ойды дәлелдейдi. Егер бiз тiптi жанкештi талпыныспен соларды iске қосып, қаншама энергия, шикiзат, адам еңбегiн жұмсағанның өзiнде, ондағы ескi технологиялардың негiзiнде жасалған тауарларды кiм алар екен? Сондықтан бүгiн де, ғасырдың басындағы сияқты, жаңа технологияларды тезiрек игеру мәселесi күн тәртiбiндегi ең өзектi нәрсе емес пе?! Қазақ өмiр салтының күрт өзгеру барысында халықты аман сақтап қалу, оның саны мен күш-қуатын өсiру мәселесiн талдаған да осы ағартушылар болды. М.Жұмабаев, М.Дулатов сияқты зиялылар оның тетiгiн қазақ әйелдерiнiң эмансипациясымен (теңдiгiмен) тығыз байланыстырады. Ж.Аймауытовтың «Ақбiлек», М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романдарында, М.Жұмабаевтың көптеген өлеңдерiнде қазақ әйелiнiң аянышты жағдайы шынайы да нанымды суреттелген. Әрине, бүгiнгi таңда қазақ әйелi – шынайы теңқұқылы қоғамның мүшесi. Сонымен қатар «ұлттық дәстүрдi» сақтап, «мұсылмандық жолына» түсiп, еркектерге көп әйел алуға заңды жол ашу керек деп көпіретін, лепiретін надандар да бiздiң қоғамда жоқ емес. А.Байтұрсынұлы халықты сақтап қалу мен оның санын өсiрудiң негiзгi жолдарының бiрi – сайын далада кең етек жайған жұқпалы аурулармен күрес деп бiледi. «Ол үшiн ғылыми бiлiмi бар кәсiби дәрiгерлердiң көмегi қажет, неше түрлi халықты алдайтын бақсыбалгерлерден бас тарту керек. Қоғам өмiрiнде кең тараған аурулар туралы қызықты да қысқа көлемдi кiтапшалар жазылып, халық арасында таратылуы қажет», – дейдi ұлы ойшыл. Бүгiнгi өтпелi қоғамдағы халықтың ауыр жағдайына байланысты туберкулез, бруцеллез т.с.с. жұқпалы аурулар тағы да бас көтерген жағдайда, демократиялық 317 үдерiстi пайдаланып, медицина жөнiнде күңгiрт «бiлiмi» бар мыңдаған жаңа бақсы-балгерлер пайда болды емес пе? Ол алға жылжу ма, әлде керi кетушiлiк пе, оны оқырман өзi-ақ шешер. Ұлттық демократия бағытын ұстаған ойшылдар қоғамның жаңаруының, түлеуiнiң қайнар көзiн ұлттық зиялылардан көрдi. Сондықтан А.Байтұрсынұлы зиялыларды бiрлiкке, олардың бiлiмi мен жалпы мәдениет деңгейiн көтеруге шақырады. «Қазақтардың ұғымында адамның екi тiлсiз жауы бар, ол – от пен су», – дейдi ойшыл. Үшiншi жау, оның ойынша, зиялылардың арасында кең тараған – «менмендiк», «көреалмаушылық», «алыс-тартыс», «бiрлiктiң жоқтығы», «сатқындық» т.с.с. Шендi қуып, патша қызметшiсiнiң жарқыраған түйме мен жапсырмасына ие болуға тырысу, өз халқына тәкаппарлықпен қарау, пара алу сияқты жоғарыдағылардың терiс қылықтарын ақын қатты сынға алады (Ақ жол., 213-б.). Ол зиялыларды халық мүддесiне жан аямай, iзгi ниетпен адал қызмет етуге шақырады. Зиялылар дүниежүзiлiк цивилизацияның ғылым мен техникада қол жеткiзген жетiстiктерiн игерiп және оларды мыңдаған жылдар бойы жиналған халықтың рухани байлығымен үйлесiмдi ұштастыруы керек. Бұл үндеу бүгiнгi күнде де өз мән-мағынасын жойған жоқ сияқты. Патша үкiметiнiң отарлау мен орыстандыру саясаты кеңес заманында да өз жалғасын тапты. Көреген ойшыл ол халықтың өз-өздiгiн (идентификация) жоғалту қаупін тудыруын байқап, оған барлық жантәнiмен қарсы тұрды, халықтың ана тiлi мен руханиятын дамытуға барынша атсалысты. Сонымен қатар ол екiншi қауіпті да көре бiлдi. Ол қауіп қоғам жүйелi түрде түбегейлi өзгерiстерге түскен кезде, Жаңа дәуiрдiң қойған талаптарынан жасқанған ұлттық сана-сезiм өзiн сақтап қалуды автаркиялық (өзiне-өзi жеткiлiктi) бағыттан көруге тырысуы, сол себептi өне бойы өткен «батырлық заманды» көксеуi, оны асыра бағалауы. Өткен заман келмеске кеттi, оны қайтару мүмкiн емес, сондықтан алға кеткен халықтардың жетiстiктерiн игерiп, болашаққа қарай жігерлi де табанды ұмтылыс қажет (Ақ жол, 238-б.). Сонымен қатар бұл үрдiс халықтың өз болмысын жоғалтып, мәңгүрттiкке жол салмауы керек. Ол үшiн тек қана өз руханиятына сәйкес келетiн (ал оның өзi – Абай мен Шәкәрiм көрсеткен «нұрлы ақыл», «ар-ұждан») басқа цивилизациялардың құндылықтарын таңдап алу арқылы iске асуы керек. Сонда ғана ол өз жемiсiн бермек. Қандай ғажап ойлар! Бүгiнгi таңда ХХ ғ. басында өмiр сүрген ойшыл-демократтардың асыл арманы – халықтың бостандығы мен егемендiгi – iске асты. Олардың айтқан көп гуманистiк-демократиялық идеялары бiрте-бiрте өмiрге енуде. Президенттiң халық алдына қойған «Қазақстан-2030» 318 бағдарламасы 30 жылдардағы ұлттық зияткерліктің қойған өзектi мәселелерiн қамтып, оларды ары қарай дамытты




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет