Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі
он бірінші шақырылымының XIII сессиясында
«Республика халық депутаттары кеңестерінің
демократияландыру мен жариялылық
жағдайында мемлекеттік және еңбек тәртібін
нығайту жөніндегі міндеттері туралы»
тақырыбында
СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ
Алматы қаласы,
1989 жылғы 27 шілде
Құрметті депутат жолдастар!
Аса маңызды қоғамдық-саяси оқиғаларға мейлінше
қаныққан қазіргі уақыттың өлшемімен қарасақ, Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің бүгінгі сессиясындағы күн
тәртібі әлдеқашан пісіп-жетілген болатын. Баспасөздегі
хабарлардан өздеріңіз білетіндей, бұдан бірер ай бұрын
біз Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің
тәртіпті нығайту мәселелеріне арналған пленумын
өткізбекші болғанбыз. Содан соң бұл тақырып қоғам
63
өмірінің барлық жақтарын қамтып, республикада
жүзеге асырылып жатқан қайта құрудың ең жанды
жерлеріне тиетіндіктен, таза партиялық әңгіменің шең
беріне сыймайтын болар деген қорытындыға келдік.
Мәселенің кең ауқымды сипатын, республикадағы
саяси, экономикалық және адамгершілік ортаға оның
ықпалын, сондай-ақ басталған өзгерістер барысында
халық депутаттарының Кеңестері нақты күш пен
билікке ие болып, партияның ұйымшылдықты, рет
тілік пен тәртіпті тынбастан нығайта беруді көздеген
бағытына батыл қолдау көрсете алатынын ескеріп,
өзекті жайларды Жоғарғы Кеңестің сессиясында қарауға
шешім қабылданды.
Республикада қалыптасқан қоғамдық-саяси аху
алды бағалай келгенде, отандық тарихтың бәріміз
жақында ғана куәсі болған теңдесі жоқ оқиғасымен
оның тығыз байланысы бар екенін көрмеуге болмайды.
КСРО халық депутаттарының І съезі жұмыс істеген екі
апта кеңес қоғамының санасында терең із қалдырды.
Шынайы халық билігінің бұл алқалы жиыны біздің
шындығымыздағы қайшылықтардың ауқымы мен
алуан қырын бейнелеп қана қойған жоқ, сонымен
бірге бәрімізді өткендегі қателіктердің, жаңсақтықтар
мен шешілмеген түйіндердің күйінішті салдарын
толық мәнінде түйсінуге мәжбүрледі. Ал ең бастысы
– социалистік құрылыстағы қиғаштықтар мен елеулі
ауытқушылықтарды жоюдың сындарлы жолдарын
белгілеуге мүмкіндік берді.
Съезд жұмысының ахуалы мен мазмұны саяси жү -
йені реформалаудың, тұтастай алғанда, қайта құру
үдерістерінің алғашқы, бірақ аса мәнді нәтижелерін
64
I ТОМ. – 1989–
–
1991
паш етті. Олар жаңғырудың тарих өлшемімен алған
дағы қысқа мерзімінің өзі халықты белсенді саяси
және қоғамдық өмірге оятқанын, социализмнің, базбір
батыстық советологтар айтатындай, тіпті де тоқырау-
лы емес, ішкі қуаты мол, зияткерлік әлеуеті жоғары
және болашағы жарқын қоғамдық формация екенін
көрсетті.
Осының бәрі бізге жұмыста күш пен сенімділік беріп,
кеңес қоғамын революциялық жолмен қайта құрудың
партия бастаған ісі табысты болатынына үмітімізді
нығайтады.
Дегенмен халық депутаттарының І съезі белгілеген
міндеттердің күллі кешенін жүзеге асыру адамдардың
еңбекке жа уапкершілікпен қарауы, баршаның және
әркімнің өз жұмыс орнындағы, тапсырылған қызмет
ауқымындағы жоғары тәртібі жағдайында ғана мүм
кін болмақ. Тәртіп – қоғамның өркениеттілігінің, кез
келген ұлт пен жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің аса
маңызды көрсеткіші.
Егер қоғамдық өмірдің бүгінгі хал-ахуалын осы
тұрғыдан бағалайтын болсақ, жауапкершілік деңге-
йінің күрт төмендеп кетуіне байланысты алаңдарлық
белгілер бар екенін айтпасқа болмайды. Ойламаған
құбылысқа тап болғанымызды адал мойындауымыз
керек: демократия мен жариялылықтың орнығуын
дағы буырқанған үдерістер біртіндеп әдеппен көп
сыйыса бермейтін теріс сипат алып, адамдардың
назарын ұйымшылдық пен тәртіпті нығайтудың келелі
міндеттерінен ауытқыта бастады. Тәртіп кез келген
жасампаздық іс-әрекеттің сөзсіз құрамдасы екенін, ал
тәртіп болмаған жерде демократия ерте ме, кеш пе
65
міндетті түрде азғындап, өзінің қарама-қарсылығына
– қоғамдық аласапыран мен анархияға айналатынын
түсіну біртіндеп, елеусіз түрде екінші кезекке ығысып
барады.
Қай-қайсымыз да орын алған жолсыздықтардың
зиянды салдарын күн асқан сайын айқын сезінудеміз.
Сайлау алдындағы науқанның барысында халық
депутаттығына кандидаттардың еңбек ұжымдарымен
кездесулерінде де, съезд мінбесінен де осы салада
тәртіп орнату керектігі табандылықпен талап етілуі
тегін емес. Олардың мән-мағынасын жинақтап айтсақ:
тәртіп бұзушыларға жауапкершілікті арттырудан
жасқанбау керек дегенге саяды. Бұл, тегі, өмірдің
қарапайым қисынынан туады – жеке адам да, тұтас
қоғам да немқұрайдылықпен жұмыс істеп береке
таптырмайды.
Экономиканың дағдарысты жағдайы бүгінде қайта
құру ісінің өзі алмағайып күйде тұр деп бар дауыспен
айтуға мәжбүрлеуде. Осыған байланысты: «Социа
листік қоғамның берік іргетасын біртіндеп, бір-бір
кесектен қалай беру, тәртіп пен өзіндік тәртіпті орнату,
барлық жерде ұйымшылдықты, реттілікті, іскерлікті
нығайту үшін тынбастан жұмыс істеу...» туралы бел
гілі лениндік үндеу қай кездегіден де маңызды бола
түседі. Сондай-ақ кәсіподақтардың ІІІ Бүкілресейлік
съезінде сөйлеген сөзінде де В. И. Ленин осы ойды одан
әрі тереңдете түсіп, еңбек тәртібін күллі шаруашылық
құрылыстың қазығы деп атағаны белгілі.
Қалыптасқан жағдайды түзеу үшін, біздің бәріміз
шешуге тиісті нақты проблемалар қандай? Бірінші
кезекте назарды не нәрсеге аударуымыз керек? Осы
66
I ТОМ. – 1989–
–
1991
сұрақтарға нақпа-нақ жауап алу үшін, тәртіпке ленин
дік көзқарас тұрғысынан қазіргі жағдайға байыпты,
объективті талдау жасап алу керек.
Алдымен елеулі мәні бар бір жағдайға назар аудар
сам деймін. Өздеріңіз білесіздер, басқаруды орталық
сыздандыру барысында бірқатар заңнамалық және
нормативтік актілер қабылданды. Солардың ішінде
КОКП Орталық Комитетінің, КСРО Министрлер Кеңесі
мен КОБОК-тың (ВЦСПС) социалистік ең бек тәртібін
нығайту жөніндегі жұмысты күшейту туралы қаулысы,
еңбек ұжымдары және кәсіпорындарды, мекемелерді,
ұйымдарды басқарудағы олардың рөлін арттыру
туралы, мемлекеттік кәсіпорын (бірлестік) туралы,
КСРО-дағы кооперация туралы заңдар бар.
Осынау аса маңызды қайта құру құжаттарының
бәрі еңбек ұжымдары мен олардың басшыларының
өкілдіктерін ғана емес, сонымен бірге тәртіптің жоғары
деңгейін қамтамасыз етудегі нақты жауапкершілігін
барынша кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, еңбек
тәртібінің бұзылуы КСРО Конституциясында белгілен
ген ерікті түрде еңбек ету міндеттілігін орындау дан
жалтару ретінде қаралуы керектігі көзделген. Реттілік
пен тәртіпті нығайту, кадрлар тұрақсыздығын қысқарту,
жұмыс уақыты шығынының анық есептелуін ұйымда
стыру мақсатындағы қажетті шараларды қолданбағаны
үшін тиісті басшылар жұмыстың негізгі нәтижелері
мен социалистік жарыс қорытындылары бо йынша
сыйлықтан қағылып, еңбек жауапкершілігі мен заңда
белгіленген басқа да жауапкершілікке тартылады
делінген. Басшының өзіне тапсырылған жұмыс сала
сында тиісті еңбек тәртібін қамтамасыз етуге дәрмен
67
сіздігі оның қызмет орнына лайық еместігі ретінде
қаралуы керек.
Кәсіпорын туралы заңда ол мемлекет мүддесі мен
азаматтардың құқықтарын сақтау, социалистік мен
шікті сақтап, көбейте беру, қабылданған міндеттеме
лерді орындау, мемлекеттік, өндірістік және еңбек
тәртібін нығайту үшін бар жауапкершілікті атқара
тыны айтылған. Оның қызметі басқа кәсіпорындардың
қалыпты жұмыс істеуін бұзбауы және азаматтардың
өмір сүру жағдайын нашарлатпауы тиіс.
Осы қағидаларды ескерте отырып, базбіреулер күні
бүгінге дейін біздің барлық қырсықтарымызды қайта
құрудан көретінін баса айтқым келеді. Халықтың
«бұрандасын босатқан», қоғамның қажеттерін қоя
тұрып, әркімнің «көрпені өзіне тартуын» туғызған
сол деседі. Алайда соңғы жылдары қабылданған және
осында мысалға келтірілген құжаттар тура керісінше
жағдайды бұлтартпай дәлелдейді: тәртіп пен ұйымшыл
дық мәселесі ұдайы партиялық назардың бел ортасында
келеді, партия социалистік шаруашылықтағы тәртіпті
нығайтудың лениндік қағидаттарынан бір адым да
шегінген емес.
Еңбек ұжымдарының бәрі бірдей өздеріне қайта
құру сеніп тапсырған деңгейден табылмағаны – басқа
әңгіме. Көп ретте жаңа заңдар мен шешімдерден
тар өрісті топтық, өзімшілдік мақсаттарға сәйкесетін
тұстары алынады да әлдеқайда өрелі мүдделер мүлдем
ескерілмейтіні бар. Кей жерлерде тіпті басшылардың
демократиялық таңдау құқығын ұжым басшылығына
неғұрлым білікті және қағидатшыл адамдарды емес,
керісінше, ұжымдық өзімшілдік жолына оңай көн
68
I ТОМ. – 1989–
–
1991
діруге болатын жасық, көнгіш біреулерді қою үшін
пайдаланатын болып алыпты. Әрі бұл тек өндірісте
ғана емес, ғылым, мәдениет, білім беру салаларында
да байқалады.
Тар өрісті топтық мүддеге бейілдік шаруашылық
байланыстары мен қатынастарын өрескел бұзушылық
сияқты кең тараған әрі зиянды құбылысты туғыз-
ды. Алғашқы жарты жылдықта республиканың 107
кәсіпорны, яғни жалпы санының 9 %-ы өнім жеткізу
жоспарын орындай алмады. Әрі бұл зиянды үрдіс ден
дей түсуде. Мәселен, Ақтөбе облысында өнім жеткізуді
орындай алмаған ұжымдардың үлесі өткен жылғы 8 %
орнына 25 %-ға, Гурьев облысында 10 %-дан 17,5 %-ға
жетті. Дәл осындай жағдай Жезқазған және Қарағанды
облыстарында, Мемлекеттік аграрлық-өнеркәсіптік
комитеті, Құрылыс және сәулетшілік істері жөніндегі
мемлекеттік комитеті, Монтаж және арнаулы құрылыс
жұмыстарының министрлігі жүйелерінде қалыптас ты.
Кейбір кәсіпорындар, өздерінің жеке-дара иелік
жағдайын пайдаланып, тұтынушыларға жеткізілімнің
тіпті лажсыз шарттарын күштеп таңып, оған заңға
қайшы, жеке мәміле дерлік сипат береді. Мәселен,
Алматы ауыр машина жасау зауыты, 1988 жылдың үш
тоқсанында өзіне «қолайлы» көрсеткіштерді қамтама
сыз ету үшін, жеткізілімнің 77 %-ын төртінші тоқсанға
ауыстырып жіберген. Оның үстіне зауыт мемлекеттік
тапсырыс бойынша шарт жасасудан жалтарып, сегіз
илек орнағының үшеуін жеткізуден бас тартқан, ал тағы
төртеуін жеткізуді соңғы тоқсанға аударған.
Осы лайықсыз ойынның бәрі тым қарадүрсін мақ
сатты – қалай болғанда да үздіксіз сыйлық алып отыруға
кепілдік беретін жағдай жасауды көздейді.
69
Мұндай «тактика» сабақтас кәсіпорындардың
ұжымдарын қиын жағдайға ұшыратады, өз кезегінде
оларды да күнкөріс қамымен өзіндік «ұсақ-түйек
қулықтарға» мәжбүрлейді деу жеткіліксіз. Осының
салдарынан өз мүдделерін өзгелердің есебінен қорғап,
«қулығын асырғандар» да көп нәрседен ұтылады. Неге
дейсіз ғой? Күш-жігерді әдейілеп соңғы онкүндікке,
соңғы тоқсанға жұмылдырған базбір бастықсымақтар
өз қолдарымен әбігершілік туғызады. Тіпті осындай
жағдайға деп жұмысшы күшінің резерві сақталатынын
қайтерсіз. Жұрт бос сенделбайды дүрмекпен кезек
тестіріп, жұлып-жұлқып жұмыс істейтін болады. Ал
бұл міндетті түрде қожырау шылық пен салғырттыққа,
тәртіпсіздіктің басқа да көріністеріне, өнім сапасының
төмендеуіне соқтырады.
Мұнымен де бітпейді. Өндірісте тиісті тәртіп бол
мауы себепті көптеген кәсіпорындардағы станоктар
мен басқа да жабдықтар тәулігіне небәрі 10–11 сағат
қана жұмыс істейді. Демек, біз жыл сайын 1 млрд сом
ның өнімін кем береміз. Әрі бұл ақша айналымындағы
жағдай аса ушығып, тауар айналымының теңгерімсіздігі
өршіп тұрғандағы көрініс.
Осындай жағдайда дүкендеріміздің сөрелері қаңы
рап бос тұрғанына таңдануға бола ма? Қайта, өтірік
пен шындықты судай сапырып, өздерінің сыйлығын,
еңбексіз тапқан тиын-тебенін алуға тырысып жүрген
еңбек ұжымдарының толық экономикалық надан
дығына таңдану керек болар деймін. Неге десеңіз,
түптеп келгенде, нақты тауармен қамтамасыз етілме
ген бұл тиын-тебен ешбір жағдайда олардың дәулетін
көтермейді, қайта, керісінше, оны құлдырата түседі.
70
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Себебін түсінгенмен, ақтауға ешбір болмайтын
жұмыс уақытының тікелей ысырабы біздің экономи
камыздың аяғына ауыр тұсау болды. Республика бо -
йынша жұмыс уақытының бір минут ысырабы 18 мың
адамның күні бойы бос тұрғанымен тең. Ал бізде оның
есебі минутпен өлшенбейді. Өткен жылы, көп ретте
төмендетіліп көрсетілетін статистикалық мәліметтердің
өзі бойынша, 65 мың жұмысшы мен қызметші еңбек
тәртібін өрескел бұзған, өндірісте қыдырымпаздық пен
маскүнемдікке жол берілген. Соның салдарынан тек
өнеркәсіп пен құрылыста ғана 400 мыңнан аса адам-
күн ысырап болған. Осы салалардағы еңбек тәртібінің
бұзылуынан, ұйымдастырудағы олқылықтардан,
жұмыс тың болмауынан, шикізатпен және материалдар
мен жабдықтаудағы іркілістерден жыл сайын 5200 адам
жұмыс істемеді, жыл бойы аз дегенде 110 млн сомның
өнімі кем берілді.
Демократияландыру үдерісін бұрмаланған түрде
түсіну көп адамның бойында жұмысты қаласам – істей
мін, қаламасам – істемеймін, немесе қалай істейтінімді
өзім білемін дейтін немқұрайды пиғыл қалыптасты
рады. Бірақ бұл – «тәртіп» десе аза бойы қаза болып
тұратын әлеуметтік жауапсыз және экономикалық
сауатсыз адамдарға тән мінез-құлық.
Еңбек тәртібін бұзушылардың алдыңғы шебінде
келе жатқан өндірістік ұжымдардың қатарында әрбір
екінші жұмысшысы қыдырымпаздыққа жол берген
«Алтайсвинецстрой» тресінің темір-бетон бұйымдары
зауыты, «Востокпромстройдың» № 21 және № 2 ЖМК
бар. «В. И. Ленин атындағы Павлодар трактор зауыты»
сияқты аса ірі бірлестікте 2 мың адам, яғни әрбір он
71
үшінші жұмысшы осыған жол беріп, 3,5 мың, яғни
әрбір жетінші адам жұмысқа кешігіп келіп, 532 адам
медициналық айықтырғышқа түскен және олардың
әрбір оныншысы 10 күннен 15 күнге қамауға алынған.
Жақында Қазақстан Кәсіподақтар кеңесі мен
Халықтық бақылау комитеті Алматы кәсіпорындарына
тексеру жүргізген күні жұмыскерлердің тек 81 %-ы ғана
өз орындарында болды. Мәселен, С. М. Киров атын
дағы зауытта 66 адам кешігіп келсе, 60 адам жұмыстан
ерте кетіп қалғаны анықталды. Алматы облысының
аграрлық-өнеркәсіптік комитетінде жетекші және аға
мамандардан 8 адам орнында жоқ болып шықты.
Бірақ жұмыс орнында болғанның өзінде көп
адамдар, әсіресе, басқару және ғылыми мекемелерде,
бос сенделіп, уақыттарын сөзтізбе шешумен, шахмат
ойнаумен және өндіріске қатысы жоқ басқа да ермек
термен өткізеді. Мысалы, КСРО Аспап жасау министр
лігі Жүйелер ҒЗИ қазақ бөлімшесінде тексерушілер
таңғы сағат 9-дың өзінде-ақ қызметкерлердің бірінің
туған күніне байланысты ұйымдастырылған дастарқан
мәжілісінің үстінен түскен. Тексеруші комиссия бара
қалмаса, көңілді топтың дәл сол жұмыс күні қалай
«қарқынды» өтерін түсіну қиын емес.
Қысқасы, ауру әбден асқынып кетті. Ал бізде одан
әрі асқындырып, есеп-қисапта шын жағдайды – қыды
рымпаздық пен жұмыс уақытының басқа да ысырабын
жасырып-жабу үшін түрліше айла-шарғыға баратын
басшылар бар. Адамдардың өз орындарында болма
уын олар көп жағдайда мерзімінен тыс жұмыспен,
оған жұртты демалыс күндері қатыстырумен өтейді.
Бұл құбылыс қаншалықты қарқын алып кеткеніне
72
I ТОМ. – 1989–
–
1991
көздеріңізді жеткізе түсу үшін, цифрлардан мысал
келтірейін: өткен жылы республиканың өнеркәсіп және
құрылыс кәсіпорындарының ұжымдары жұмыстан
тыс уақытта 11 млн адам-сағаттан артық, ал демалыс
күндерінде – 1 млн 425 мың адам-сағат жұмыс істеді.
Біз кімді алдаймыз, кімді еркінсітеміз? Бұлайша
әрекет ету өзің отырған бұтақты шабумен бірдей. Еңбек
ұжымын басқару, қоғамды басқару сияқты, мықты
тәртіпті, реттіліктің нақпа-нақ сақталуын қажет етеді.
Бұлар болмаған жердегі басқару – басқару емес, оның
елесі ғана.
Былай қарағанда, бәрі айқын және әркімге түсінік
ті-ақ сияқты. Бірақ, олай болса, республика мен облыс-
тардың прокуратурасын қоса есептегендегі құқық
қорғау органдары тарапынан мемлекетте қабылданған
заңдардың орындалуына пәрменді бақылау неге жоқ?
Тіпті еңбек тәртібінің бұзылуын жасырғаны үшін
бірде-бір басшы жауапқа тартылған емес қой! Өнім
жеткізудің орындалмауы мемлекет ақшасын бір қал
тадан екінші қалтаға ауыстырып салғанмен бірдей
бола тұрып, оған кінәлі нақты адамның жағдайы мен
қызметтік мансабына ешқандай әсер етпестен, тек көз
үшін айып салумен шектелетіні қалай? Сайып келгенде,
халық депутаттарының, партия ұйымдарының осындай
берекесіздіктің бәріне селт етпейтіні несі?
Осы сұрақтарға әділ жауап беретін болсақ, біз, сірә,
қайта құрудың өзіміз тез арада жоюға тиісті басты
кедергілерінің сырын ұғатын боламыз.
Шынында, не болып жатыр өзі? Сөз жүзінде
әкімшілік-төрешілдік жүйені жоюды жақтай отырып,
біз іс жүзінде оның бетін қайыру үшін бұрау басын
73
сындырмаймыз. Заңдарды, қатаң шешімдерді қабыл
дап жатамыз, сөйте тұра, қалыптасқан дағдымызбен
олардың дербес күшіне сеніп отыра береміз. Тіпті
құқық қорғау органдары белгілі бір шаруашылық
ауытқушылықтары туралы бұлтартпас құжаттама
ларды алға тартып отырғанның өзінде жергілікті билік
фактіге көзжұмбайлық жасауға тырысады.
Міне, нақты мысал. Алматы үй құрылысы комби
натының құрылыс-монтаж басқармалары 1988 жыл
дың бірінші тоқсанында салған 18 тұрғын үйдің 14-ін
сапасыз әрі толып жатқан кемшіліктерімен өткізген.
Қала прокуратурасы кінәлі адамдарды жауапқа тар
туды талап етіп, қалалық атқару комитетіне ұсыныс
жіберген болатын. Содан бері жарты жыл өтті, бірақ
қалаатком қызметкерлері болсын, халық депутат
тары болсын ақау жасаушыларды жазалау үшін түк
те істеген жоқ. Ал аналар болса, жарамсыз үйлерді
пайдалануға беруді тоқтататын емес. Прокуратураның
қайта жіберген ұсынысы да, бұрынғысынша, тартпаға
сүңгітілуде.
Немесе, мәселен, жиһаз секілді тапшы тауар сау
дасындағы бұрмалаушылық фактілеріне байланысты
құқық қорғау органдары жіберген ескерту хаттардың
астында қалған республика Сауда министрлігінің бас
шыларын алайық. Бірақ олар да селт еткен жоқ. Ал қазір
ІІМ СМТСКБ (УБХСС МВД) «Алматытрансагенттік»
қызметкерлерімен ауыз жаласқан Алматы жиһаз дүкен
дерінің сатушылары соңғы екі жылда бар кезекті айна
лып өтіп, Шешен-Ингуш АКСР-інің, Алтай өлкесінің,
Новосібір облысының және басқа да аймақтардың
тұрғындарына 10,5 млн сомның импорттық және отан
74
I ТОМ. – 1989–
–
1991
дық өндіріс жиһаздары жиынтығының 10 мыңнан аса
жөнелтілімін жасағанын анықтады. Әлбетте, тегіннен
тегін жасамаған.
Біздің бәріміз жаңа, қайта құру заңдарының бұлжы
мастан сақталуына депутаттық және партиялық талапты
күшейтуіміз өте-мөте қажет. Әйтпеген жағдайда олар
тек қағаз жүзінде қалады. Бірақ бұл ретте жалғыз
жазалау шараларымен түйіннің бәрін шешу мүмкін
емес екенін есте ұстау керек. Қазір кеңестік және пар
тиялық органдардан талап етілетін басты нәрсе – біздің
өмірімізде тәртіп пен ұйымшылдық мәселелері таяқтың
сесімен емес, табиғи түрде, өз жөнімен шешілетіндей
экономикалық үлгіні орнықтыруға табандылықпен,
тынбастан ұмтылуымыз керек.
Бүгінде жалгерлік және отбасылық ұжымдар, коо
перативтер мен шаруашылық жүргізудің пәрменді
түрлерінің басқа да қатысушылары несімен ұтады?
Ең әуелі саналы тәртібімен және еңбегінің жоғары
қайтарымымен. Оларды қыстаудың, мәжбүрлеудің,
айыппұлмен қорқытудың, партия комитетінің бюро
сына шақырудың қажеті жоқ – олар онсыз да жұмысты
зормен емес, армен істейді.
Демек, мақсатқа жетудің нақты жолы табылғаны
ғой! Бірақ, қабылданып жатқан заңдарға қарамастан,
сол жалгерліктің өзі кібіртіктеп, баяу дамуда. Не
себеп? Қандай кедергі бар? Базбіреулер мұның себебі
іскерліктен, бейімділіктен айрылуымызда және тағы
сын тағыларда дегісі келеді. Ал мәселенің мәні тіпті
оңай! Бригадирден бастап, әрқилы ведомстволардың
аппараттарына дейінгі аралықта жалгерлердің ісі оңға
басқанын қалайтын ешкім жоқ. Неге десеңіз, шаруаның
75
мүддесі басталатын жерде төрешілдік қондырманың
мүддесі аяқталады.
Халық депутаттары, партия қызметкерлері осы
құбылыспен күресіп жүр ме? Қайта, керісінше. Өмірдің
өзі көрсеткендей, нақ осы партия және кеңес органдары
көбіне-көп жалгерлік қатынастарға тежеу болып жүр.
Өнеркәсіп саласында да жағдай осы. Мәселен,
Қазақстанда металлургия, машина жасау кәсіпорында
рының қауымдастықтарын құру туралы идея туғанда,
дағдылы көзқарастардың шеңберін бұзу қыруар күшке
түсті. Қазір бұл қауымдастықтар құрылған және «жоға
рыдан» ескертуді күтпей-ақ өз шаруаларын өздері
шешуде. Басқарушылар құрамын өздері тағайындап,
өздері ұстайды және олардың саны бұрынғы Түсті
металлургия министрлігіндегіден 10 есе кем.
Жергілікті жерлердегі Кеңес өкіметі органдарының,
партия комитеттерінің тәртіп пен ұйымшылдықты
нығайту, тұтастай алғанда, экономиканы басқару тұрғы
сындағы бүгінгі кезек күттірмес қам-қарекеттерінің бірі
экономикалық реформаның жолына қолдан қойылатын
нақ осы бөгесіндерді бұзу екеніне сенімдімін. Өздерінің
жан тыныштығы мен жағдайына бола оған қаскөйлік
жасайтын, ХІХ партия конференциясы мен КСРО халық
депутаттарының І съезі қабылдаған шешімдерді жоққа
саятын басшы коммунистерден қатаң есеп талап ету –
біздің құқығымыз бен міндетіміз. Мен мұны біздің ең
басты, стратегиялық міндетіміз дер едім. Экономика
лық реформаны баяу жүргізу қайта құру ісіне кесірлі
болатынын барған сайын айқын түсініп келе жатқан
еңбек ұжымдарының қолдауы бұл міндеттің түбегейлі
шешілуіне пәрменді көмек көрсетуде.
76
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Осы қолдаудың нақты көрінісі деп Қарағанды шах
терлерінің ереуілін айту керек. Сөз жоқ, шахтерлер
экономикалық та, саяси тұрғыдан тым тәуекелді, тіпті
қауіпті қадам жасауға дейін барды. Бірақ, сөйте тұра,
ереуіл елеулі шығындарға ұрындырғанымен, оның көн
болып қатқан әміршілдік-төрешілдік жүйеге қарсы
бағытталған оң сипатты мәні, орасан зор моральдық
серпіні баға жеткісіз. Бұл жұмысшы табының қайта
құруды және оның жетістіктерін қолдаған салмақты
үні, белгіленген өзгерістердің барысына әлі күнге дейін
тежеу көрмей кедергі жасаумен келе жатқандарға деген
қатал әрі пәрменді ескертуі болды. Шахтерлер: кәсіп-
орындардың заңмен бекітілген дербестігі неге жоқ? –
деген сұрақты әділдікпен алға тартты.
Дегенмен, болған жайға осылай баға бере отырып,
ба йыпты қорытындылар да жасау керек. Олардың
ішіндегі кезек күттірмейтіні еңбекшілер істің қазіргі
барысына риза емес, олар экономикалық тетікті қайта
құру жөніндегі жоғарыдан басталған әрекеттерге сын
көзімен қарайды дегенге саяды. Әрі бұл тағы бір, ең
соңғы ескерту «қоңырауы» деуге болар, ал оның арты
тежеусіз жағдайға ұласып кетуі ғажап емес.
Мені қара аспанды төндіріп тұр деп ешкім кінәлай
қоймас деймін. Ақыры айтқан соң турасына көшейін:
осы тектес ереуілдің тағы бір толқыны келсе, респу
бликаның экономикасы оны көтере алмайды. Оның
күнделікті көрсеткіштері ғана емес, адамдардың тұр
мысын жақсарту жөніндегі міндеттердің орындалуы
да қатерге ілінеді. Бір қуанарлығы, өз талаптары орын
далысымен ереуіл комитетінің жұмысты қайта бастау
туралы шешімін орындаған қарағандылық шахтерлер
77
де мұны жақсы түсінеді. Әрбір басшының мықтап есінде
сақтайтын нәрсесі: адамдардың шыдамы шексіз емес.
Сондықтан білекті түрініп, батыл іске кірісу керек. Эко
номикалық реформа нақты іске айналуы үшін.
Қарағандыдағы, сонымен бірге, Жаңаөзендегі де
оқиғалардан шығатын ендігі бір қорытынды біз әлі
халықпен бетпе-бет сөйлесуді, оның күнделікті тұр
мыстық мұқтаждықтары мен, айта кететіні, оп-оңай
шешілетін қажеттіліктеріне дер кезінде көңіл бөлуді
шындап меңгерген жоқпыз дегенге саяды. Бүгінде
партия мен Кеңестер ділгерлігін сезініп отырған халық
сенімінің тапшылығы – біздің адамдарды тыңдай
білмейтіндігіміздің, ал кейде өзіміздің төрешілдік
машинамыз сондайлық шеберлікпен ойлап табатын
әуре-сарсаңнан оларды қорғауға көрінеу салғырттығы
мыздың салдары.
Жақында Алматыда жүргізілген тексеру билікке
ие болғандар адамдардың мұқтаждықтары мен
арман-тілектеріне, әрі күнделікті өмірдің нақ өзін
құрайтын «ұсақ-түйек» мәселелердегі зәруліктеріне
мүлдем көңіл бөлмейтінін анықтады.
Қалалық көліктің немесе адамдардың жүйкесін
тоздырып, бос уақытының, ал кейде тіпті жұмыс уақы
тының көбін зая кетіретін дүкендердің, тұрмыстық
қызметтің, коммуналдық шаруашылықтың басқа да
буындарының, үй басқармаларының, тұрғын үй-пай
далану кеңселерінің, паспорт үстелдерінің, әскери
комиссариаттардың жұмысын лайықты түрде жолға
қоюға болмай ма?
Өйткені, айталық, баланы бақшаға орналастыру
үшін, ата-анасының ондаған әртүрлі нұсқауларды
78
I ТОМ. – 1989–
–
1991
орындап, қыруар анықтама толтырып, қилы-қилы
бастықтарға куәландыр ғызуына тура келеді, ал олар
болса, менің баламның басқа ешкімнің емес, өз балам
екенін растап береді! Құдды бір осыны анықтау үшін
төлқұжаттағы тиісті белгі аздық ететін сияқты.
Өкінішке қарай, бұл жайында алғаш рет айтуға тура
келіп тұрған жоқ. Бұдан бірнеше жыл бұрын қызмет
көрсету саласы кәсіпорындарының жұмыс тәртіпте
месін реттеу туралы өктем түрде мәселе қойылғаны
еске түседі. Біршама ілгерілеу болды да содан соң бәрі,
былайша айтқанда, «таз қалпына» қайта келді. Саудада
да осы жағдай қайталанды. Дүкендердің тек бестен бірі
ғана үзіліссіз апта тәртіптемесімен жұмыс істейді. Бүкіл
республика бойынша небәрі 216 кезекші дүкен бар.
Олар Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Гурьев, Қарағанды,
Жезқазған, Павлодар облыстарында табылмайды десе
де болады.
Ал медициналық қызмет көрсетудегі кемшіліктердің
кесірінен адамдар қаншама азап шегеді десеңізші!
Емханаларда телефон арқылы дәрігердің қабылдауына
жазылу дейтін атымен жоқ, ем-шара кабинеттерінің,
лабораториялардың жұмыс уақыты өндірістегі жұмыс
уақытымен сәйкес келеді. Жексенбіде емханалар жабық
тұрады, ал сенбіде қысқартылған кесте бойынша жұмыс
істейді.
Теміржол вокзалдары мен әуежайлардың жұмысы
жұртшылықтың төтенше наразылығын туғызып жүр.
Кассалардың алдындағы кезек шақырымдап созылады
десе де болады, билеттерді тапсырыс бойынша сату,
үйге жеткізіп беру нашар ұйымдастырылған, пойыздар
мен ұшақтардың қозғалысы, бос орындардың бар-жоғы
туралы ақпарат қанағаттанғысыз.
79
Мұның бәрі ашу-ызадан басқа ештеңе туғызуы мүм
кін емес. Жергілікті билік қайда қарайды? – дейтін әбден
мезі қылған сұрақты қойғың да келмейді. Ал істің түйіні
түкке де тұрғысыз: тек билік орнындағылар адамдарға
аяушылық танытып, сол іске жауап беретіндерден қатаң
жауапкершілік талап етсе жетіп жатыр.
Бәлкім, базбіреулер: ұсақ-түйекті осынша сөз қылу
дың қажеті не еді? – деп ойлайтын да шығар. Егер сол
ой туындаған болса, ондай жаңсақтықтан сақтандырғым
келеді. Осы «ұсақ-түйектің» бәрі халықтың көңіл-күйін
қалыптастырады және экономикалық тұрғыдан олар
зиянсыз да емес. Статистика мәліметтері көрсеткендей,
аяқ киім тігу мен жамап-жасқау жөніндегі ательеге
бару үшін жұмыстан сұранғандардың 17 %-ы – 3 сағат,
52 %-ы – 3-тен 8 сағатқа дейін және 25 %-ы – 8 сағаттан
аса уақытты ысырап қылған екен. Еңбекшілердің басқа
тұрмыстық қызмет орындарына баруы да осы шамалас
ысырапқа соқтырады.
Статистика органдары адамдардың жүйкесі қан
шалықты тозатынын өлшей алмайтыны өкінішті.
Егер олардың ширығыс қуатын жинақтай алатын
аспап болса, онда сауда, халыққа тұрмыстық қызмет
көрсету, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық және басқа да біраз министрліктердің
кәсіпорындары электр қуаты үшін шығындалмаса да
болар еді.
Ақыр соңында халықтың сенімінен айрылып қал
мауы үшін, әрбір депутат өзінің іс-әрекетін бұқараның
бүгінгі талаптарымен тағы бір мәрте жақсылап салғас-
тырып алғаны дұрыс болар деймін.
Тағы бір елеулі жағдай туралы. Еңбекшілердің заңды
талаптарын құрметтей отырып, жекелеген ұжымдар
80
I ТОМ. – 1989–
–
1991
мен топтардың еңбекпен таппаған ақшаны талап
ету жолына ашықтан-ашық тұратынын да көрмеуге
болмайды. Оларды бұған көбінесе бетімен кетушілік
пен елірме демократияны жақтайтын, көпе-көрнеу
өздерінің сұғанақтық мүддесін көздейтін экстремистік
біреулер итермелейді. Мұның тағы бір себебі – жұмыс-
кер ортада осы заманғы экономикалық ойлау жү йесі-
нің қалыптасуына кедергі келтіретін келеңсіздікке,
экономикалық және өндірістік оқудың дұрыс жолға
қойылмауына саяды.
Соңғы жағдай әсіресе алаңдатады. Жұмысты бағалау
мен тарифті өсіру, қайткен күнде де сыйлық немесе он
үшінші жалақы беру жөніндегі орынсыз талаптар нақ
осы күнгі шаруашылық тетігінің қисынын білмеуден
туады. Целиноградтың бір автопаркіндегі жүргізушілер
айына кемінде 500 сомдық кепілдік жалақы талап етіп,
абонементтерді сатудан және аялдамаларды хабарлау-
дан бас тартқан. Жезқазғандағы кеншілер бригадасы,
өздері шығарған рудада металл деңгейі тиісті мөлшер
ден аз болғанына қарамастан, сыйлық алуға әрекеттен
ген. Өзге буындар мен сабақтас кәсіпорындар үзіліссіз
технологиялық режімде жұмыс істеп жатқанда, бес күн
дік жұмыс аптасын талап етудің мысалдары да болды.
Шаруашылық есептің белгілі бір үлгісіне көшудің
мәнін ұжымдардың бәрі бірдей ұғынып болған жоқ,
өзін-өзі басқару өзін-өзі қаржыландыруды да, сондай-ақ
өз қорланымының есебінен дамуға тиісті кәсіпорын
ның бүгіні үшін ғана емес, болашағы үшін жауапкер
шілікті де білдіретінін жұрттың бәрі түсініп үлгерген
жоқ. Өзін-өзі қаржыландыру мен толық шаруашылық
есеп кәсіпорынның өз дамуына да, әлеуметтік салаға
81
да, жалақыға да қажетті барлық қаржыны өзі табуын
білдіреді ғой. Әрі жалақы көлемі толайым жұмыс нәти
жесіне байланысты. Масылдық пиғылды, «Кеңес өкіметі
жалақысыз қалдырмайды» деген сияқты пайымды
қарапайым экономикалық надандық ретінде ұмытатын
уақыт әлдеқашан жетті.
Кеңес және партия органдарының алдында жалпыға
міндетті экономикалық оқуды тиімді түрде ұйымдасты
рудың маңызды міндеті тұр. Сірә, қазіргі жағдайда ол
тек оқудың дәстүрлі сабақтары түрінде ғана өтпеуі керек
сияқты. Халық депутаттары, партия қызметкерлері
экономикалық реформа заңдарын дәйектеу жолындағы
күрестің, шаруашылық есеп қатынастарын дамытуға
кедергі жасайтын ведомстволардың үстемдігімен күрес-
тің көрнекі сабағын да бере білулері керек.
Ал мұндай өмірлік мәні бар сабақтардың өте-
мөте қажеттігі, мәселен, мынадай жайдан көрінеді.
Талдықорған темір-бетон зауытының ұжымы 2,5 млн
сом пайда алды. Бірақ республиканың Мемлекеттік
құрылыс комитеті оның цехтарын жаңғыртуға, кеңей
туге және жарақтандыруға небәрі 13 мың сом қалдыр-
ған. Бұл сияқты әрекеттер адамдардың шаруашылық
есепке, экономикалық реформаның табысты боларына
деген сенімін түбірінен құртатынын дәлелдеп жатудың
қажеті бола қояр ма екен! Алайда жергілікті Кеңес
өкіметі де, партия органдары да осындай бассыздықты
көріп отырып, еңбек ұжымының мүдделерін қорғауға
жарамаған.
Мұндай жайлар бірлі-жарым ғана емес екенін атап
айту керек. Әлі көптеген одақтық және республикалық
ведомстволар әміршіл-қысымшыл әдістерден бас тар
82
I ТОМ. – 1989–
–
1991
туға асығар емес, өздерінің кенжелеген буындарының
жарамсыз жұмысын бүркемелеу мақсатымен озат
ұжымдарды мүлдем тонаумен келеді. Сонысы арқылы
олар абырой-беделден жұрдай болған теңгермешілікті
тықпалап, қайта құруды тежейді. Міне, кеңес және
партия органдарының ведомстволық өктемдікке қарсы
бағытталған батыл іс-әрекеттерінің бүгінде аса маңызды
болып отырғаны осыдан.
Партия мен мемлекеттің экономикалық реформа
саласындағы саясатын ойдағыдай іске асыру үшін, халық
шаруашылығының заң қызметін неғұрлым биік сапалы
деңгейге көтерудің маңызы зор. Бұл мәселе жөніндегі
жаңа ереженің жобасы қазір орталық құқық қорғау
органдарында талқылану жағдайында. Алайда бұл –
оның бекітілуін күтіп, қол қусырып қарап отыру керек
деген сөз емес. Қазірден бастап-ақ әртүрлі аймақтар,
салалар мен кәсіпорындар бойынша заңгер кадрлар
дың қажеттілігін анықтау керек, сондай-ақ жұмыс істеп
жүрген заңгерлердің экономикалық реформа негіздері
бойынша оқуын ұйымдастырып, республика кәсіп-
орындарының көбінде, естіген құлаққа ұят болса да,
мейлінше құқықсыз жағдайда қалған осы санаттағы заң
мамандарының қордаланған әлеуметтік мәселелерінің
бәрін шешуге тырысу қажет.
Қоғамдық тәртіптің жаппай төмендеуі міндетті түрде
қылмыстық көріністердің артуына, криминогендік
жағдайдың күшеюіне ұласады. Ащы да болса ашық
айтайық, партия және кеңес органдарының басшылары
қылмыстың барған сайын өсе түсуіне көндігіп алды.
Мұндай көзқарас қайта құрудың беделін түсіреді, өйт
кені «жоғарыдан» ешқандай әсердің болмауы, қаласаң
83
да, қаламасаң да, адамдарды қылмыстық әрекеттердің
күшеюі – қайта құру мен қоғамды демократияланды
рудың табиғи серігі екен деген ойға қалдырады.
Өкініштісі сол, бүгінде көптеген партия, кеңес
басшылары, депутаттар адамдардың парасаттылық
жай-күйінен немесе азаматтардың жеке құқықтарын
қамтамасыз ету деңгейінен гөрі өз аумақтарындағы
әртүрлі шаруашылық мәселелерінің шешілуі жайынан
жақсырақ хабардар. Қоғамдық пікірге жасалған талдау
халықтың 70 %-ы заңдылық пен құқықтық тәртіптің
жай-күйіне қанағаттанбайтынын, 60 %-ы демократи
ялық өзгерістер мен жариялылықтың даму барысына
наразы екенін көрсетуі тегін емес.
Республиканың Жоғарғы Кеңесіне, Қазақстан
Компартиясының Орталық Комитетіне келіп жатқан
хаттарда құқық бұзушылықпен күрестің босаңсуына
кінә арту барған сайын көбірек кездесетін болып жүр.
Адамдар бетімен кетушіліктің белең алуына тосқауыл
қоюды, қаскүнемдік пен экстремизмнің, шовинизм
мен ұлтшылдықтың қай жерден қылаң бергеніне
қарамастан, оларды тұқыртып отыруды талап етеді.
Бұл талаптардың орынды екенін мойындамасқа бол
майды. Өздеріңіз ойлап қараңыздаршы: үстіміздегі
жылдың 6 айында республикада қылмыстың өсуі
32 % болды.
Сөз жоқ, қылмыстың, әсіресе, оның пайдақорлық
және зорлық-пайдақорлық түрлерінің өсуі көбіне-көп
қоғамда болып жатқан өзгерістердің теріс ықпалына,
тоқырау жылдарында қордаланған көптеген пробле
малардың күрт ашылуына байланысты. Экономика
ның дағдарысты жағдайы, тұрмыстың төмен деңгейі,
84
I ТОМ. – 1989–
–
1991
баға индексінің өсуі, инфляция, тұрғын үй мен тұтыну
та уарларының тапшылығы, халықтың мүліктік жікте
луінің күшеюі секілді құбылыстардың теріс ықпалы
өте күшті. Адамдардың белгілі бір бөлігінде, әсіресе,
жастардың арасында адамгершілік өлшемдерінің
төмендеуі байқалады. Қысқасы, қоғам өмірінің жағым
сыз жақтары қылмыстың жай-күйіне, серпіні мен
құрылымына тікелей ықпал етуде.
Осы жағдайда құқық қорғау органдарында және,
бірінші кезекте, жедел тергеу аппаратында абыр
жушылық ахуалы пайда болғаны тіпті айқын білінеді.
Бұл қылмыспен күресте қолданылатын күш-жігердің,
оларға қоғамдық баға берудің сәйкессіздігінен, қыл
мыс ты іздестіруді, СМТСКБ (ОБХСС) және тергеуді
материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейінің
төмендігінен, милиция қызметкерлерінің құқықтық
жағынан қорғалмауынан туып отыр. Бұл өзекті пробле
маларды шешу үшін, кеңес және партия органдарының
шұғыл түрдегі көмегі қажет.
Басқа жағынан қарағанда, милиция және тергеу
қызметкерлерінің бойында пайда болған сенімсіздіктің
маңызды бір себебі – олардың біліктілігінің жетімсіздігі,
жариялылық пен қоғамдық және мемлекеттік бақы
лаудың неғұрлым қатаңырақ жағдайындағы пәрменді
іс-әрекетке дәрменсіздігі. Кейде ойдағы нәтижелеріне
заңсыз әдістермен жетуге дағдыланып қалған құқық
қорғау органдарының көптеген қызметкерлеріне жұмыс
ретін өзгерте қою қиынға түседі. Осыған байланысты
бүгінде қылмыстардың ашылу көрсеткіші небәрі 66 %
болып отырғаны түсінікті де.
Оқиғаның орындалмауы және қылмыс құрамының
жоқтығы, яғни, әдеттегідей, негізсіз қозғалуы себепті
85
прокуратура, ІІМ органдарының және соттардың қысқа
руына ілінген істердің көптігі айрықша алаңдаушылық
туғызады. Ал бұл кінәсіздік презумпциясы әлі де болса
жер-жердің бәрінде орныға қоймағанын, айыптауға
бейімділік, дәлелдерді жинау мен бағалауға біржақты
қараушылық, оларды айыптау бабына «қиюласты
рушылық» жойылмағанын дәлелдейді.
Көп ретте алдын ала анықтау мен тергеу қызметкер
лері өздеріне қажетті айғақты алу мақсатымен адамды
ұстайды да, содан соң оның айыбының дәлелдерін
жинай бастайды. Жарты жыл ішінде құқық қорғау
органдарының, негізінен алғанда ІІМ қызметкерлері 19
мыңға жуық адамды уақытша қамаққа алды, ал біршама
уақыттан соң олардың бестен бірі босатылды, себебі
оларға білдірілген күдік негізсіз болып шықты.
Осы сияқты заңға қайшы әрекеттердің моральдық
шығындарын есептеп шығу қиын. Бірақ, сонымен қатар,
материалдық шығындары да бар ғой. 1988 жылы құқық
қорғау органдарының заңсыз әрекеттерінен жапа шек
кен азаматтарға жергілікті бюджеттен жарты миллион
сомдай дерлік қаржы төленді.
Мені ешкім қылмыскерлерді бетімен жіберуді
жақтап тұр деп кінәлай қоймас деймін. Бірақ адамды
заңсыз түрде қылмыстық жауапқа тартып, ұстаудан,
тұтқындаудан, нақақ соттаудан қорқынышты, одан
қайғылы не болуы мүмкін. «Сот» сөзінің мағынасы
«түрмеге қамау» емес, «төрелік айту» дегеннен шығады
ғой. Құқық қорғау органдары жұмысының басты мәнін
ұғымдағы осы айырмашылық айқындауы керек.
Республиканың Жоғарғы Кеңесі, үкіметі, партия
органдары арнайы кесте бойынша аудандық деңгейден
86
I ТОМ. – 1989–
–
1991
республикалық деңгейге дейінгі барлық құқық қорғау
органдары басшыларының өздері атқарған жұмыстары
туралы еңбек ұжымдарында есеп беруін ұйымдастыру
лары қажет деп ойлаймын. Тәртіп пен азаматтардың
тыныштығы үшін жауап беретіндер туралы халықтың
пікірін білу керек. Ал егер бұл басшылар адамдардың
сенімін ақтамайтын болса, оларды батыл түрде неғұр
лым лайықты және қабілетті жандармен алмастыру
керек. Есеп беру барысында ұжымдардың әрбір елді
мекенде тәртіп орнатуға көмек беруін өтіну қажет.
Менің жеке өзіме, мәселен, Қарағанды шахтерлерімен
болған кездесу жұмысшы табы мұндай өтінішке
түсіністікпен қарайды және оған лайықты үн қосады
деген сенім ұялатты.
Сайып келгенде, учаскелік милиционердің рөлін
арттырып, оның тиімді жұмыс істеуіне жағдай жасай
тын, учаскесіндегі тұрғындардың жиынын ұйымдасты
руға көмектесіп, адамдар өз қорғаушысын жүзбе-жүз
танитындай, оның қиын-қыстау, ал кейде қауіпті
жұмысына жәрдемдесетіндей мүмкіндік туғызатын
уақыт жетті.
Мынадай ойды баса айту қажет деп есептеймін.
Құқықтық мемлекет құру басталған кезеңде құқық
қорғау органдары қылмыстың дәрежесіне жауап береді
дейтін адасушылықтан арылудың өте зор маңызы бар.
Ол – принципті түрде қате. Құқық қорғау органдары
заңдылық дәрежесі үшін жауап беруі тиіс, ал қылмыс
дәрежесі үшін бүкіл қоғам жауапты. Әрі бірінші кезекте
оның алғы шебі – жергілікті Кеңестер, халық депутат
тары, партия комитеттері жауапты. Түптеп келгенде,
қылмыс – әлеуметтік, яғни қоғамдық кесапат, сондықтан
87
ол үшін жауапкершілікті қоғамның тек бір бөлігіне арта
салуға болмайды.
Қазір қылмыспен күрестің біртұтас бағдарламасын
жасау көкейкесті міндет болып отырғаны осыдан. Ал
мұндағы неғұрлым басым бағыттар қандай?
Ұйымдасқан қылмыс айрықша қауіпті. Ол мемлекет
тік аппарат пен оның органдарына қол салады, сыбай
ластық арқылы оны аздырады, экономикаға килігіп,
кесірін тигізеді, тапшылықты ушықтырады, қылмыскер
элементтерге жел береді. Осы құбылысты жоюға қоғам
ның барлық күш-жігері топтастырылуы тиіс.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушы-
лықтың алдын алуға жіті назар аудару қажет. Үстіміздегі
жылдың 6 айында мұндай тәртіп бұзушылықтардың
өсімі 26,2 % болды. Сөз бен істің арасындағы кереғар
лық, догматтық «идеялардың» күйреуі жастарды ресми
органдарға сенімсіздікпен қарауға итермелейді. Оның
қарсылығы әртүрлі топтарды құруынан көрінеді, ал
ондай топтардың басшылығына көбінесе қоғамға қарсы
пиғылы орныққан, әдетте бұрын сотты болған жандар
кіріп алады. Ойын-сауық мекемелерінің қара күш пен
жүгенсіздікке табынуды насихаттауы да жастарды
адамгершілікке тәрбиелеуге септесе қоймайды.
Көптеген қылмыстардың қайнар көзі – маскүнемдік,
нашақорлық, арамтамақтық. Сөйте тұра осындай
қоғамға жат құбылыстармен күрес соңғы жылдары
бәсең тарта бастады. Тағы да ырду-дырду бас қосу, тағы
да келімді-кетімді шенеу нікті құшақ жая қарсы алу,
дастарқанды қайыстырып, мөлдір шынылар мен көлгір
шыныларды алдына сықап қою. Алкогольді ішімдік ішу
де жұмыс орнына қайта орала бастағандай.
88
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Өткен жылы республика бойынша спиртті ішімдікті
өндіріс басында ішудің 6 мыңдай оқиғасы тіркелсе,
соның 200-дейі басшылардың қатысуымен болған.
Бұл бейбастақтық көрінісі, әсіресе, Алматы, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай және Цели
ноград облыстарындағы ұжымдарда жиі кездеседі.
Ондағылар тіпті ішкілікке қарсы заң өздеріне арнап
жазылмағандай сезінеді.
Ішкілікке қарсы заң күшінде, оны ешкім жойған
емес. Демек, біздің міндетіміз – басталған жұмысты
қарқындата түсіп, оған неғұрлым қатаң, пәрменді,
немқұрайдылықтан таза мағына беру.
Еңбек ұжымдары мен тұрғылықты жерлердегі құқық
бұзушылықтың алдын алумен айналысатын қоғамдық
институттардың қызметін қайта құруды өмірдің өзі
өктем түрде талап етуде.
Жолдастық соттардың, сақтандыру кеңестерінің,
маскүнемдікпен күрес және социалистік меншікті
сақтау жөніндегі комиссиялардың, ерікті халық
жасақтарының, комсомолдық жедел жасақтардың,
халықтық бақылау топтары мен күзеттерінің, сондай-ақ
басқа да қоғамдық құрылымдардың тәртіпті, реттілік
пен заңдылықты нығайтуға қосатын үлесін көбейтуге
болады және ол көбейтілуі тиіс. Жергілікті Кеңестер
қоғамдық қызметтің нақты мазмұнмен толығып,
қа жет сіз қайталаулар мен формализмнен арылуына
қамқоршы болулары керек.
Нақ алдағы айдың ішінде кеңес және құқық қорғау
органдарының осы проблемалардың барлығы бойынша
бірлескен іс-әрекетінің үйлесімді бағдарламасын жасау
керек. Бұл жұмысқа барлық депутаттарды, қалың жұрт
89
шылықты қатыстырып, тәртіп пен реттілік үшін шын
мәніндегі бүкілхалықтық қозғалыс өрістетілетін болсын.
Тәртіпті, ұйымшылдық пен реттілікті нығайту мін
деті кең ауқымды проблемалар шеңберін қамтиды
және байыпты әрі терең мән беруді қажет етеді. Мұнда
жүйелі көзқарас қажет, КСРО халық депутаттарының
І съезі мен ХІХ партия конференциясы ұсынған талап
тарға дәлме-дәл сәйкес кеңес және партия органдары
қызметінің стилі мен әдісін түбірінен қайта құру керек.
Әңгіме сөздің дағдылы мағынасындағы емес,
әлдеқайда кең, лениндік пайымдау мағынасындағы
тәртіп туралы болып отыр. Владимир Ильич былай
деп жазған болатын: «Пролетариаттың революцияшыл
партиясының тәртібін ұстап тұрған не? Ол немен тек
серіледі? Неден қуат алады? Біріншіден, пролетарлық
авангардтың саналылығы мен революцияға берілгендігі,
төзімділігі, өзін құрбандыққа қиюы, қаһармандығы.
Екіншіден, еңбекшілердің мейлінше қалың бұқара
сымен байланыса, жақындаса білуі арқылы... Үшінші
ден, саяси басшылығының дұрыстығынан...»
Бұл аталған бірлік үшемінен нақ осы саяси бас
шылықтың дұрыстығы жөніндегі лениндік тезиске
Кеңес тердің қызметіне қатысты айрықша назар
аударғым келеді. Мемлекеттік және еңбек тәртібін
нығайту тұрғысынан бүгін кеңес органдарынан нақты
күтетініміз не?
Бірінші кезекте, жергілікті шаруашылықты өзін-өзі
басқару мен аумақтық шаруашылық есепке көшіру
жөнін дегі жұмысты өрістету қажет. Жоспарлауға
жаңаша көзқарас қалыптастырып, сонымен бір мезгілде
мемлекеттік және жоспар тәртібін айнытпай сақтауды
90
I ТОМ. – 1989–
–
1991
қамтамасыз ету керек. Халық депутаттары Кеңестерінің
аткомдары, тұрақты комиссиялары шарт бойынша
өнім жеткізу жоспарларының орындалуын бақылауға
алулары тиіс. Осы мақсатпен өндірістік депутат топ
тары мен күзеттері жұмысының пәрменділігін арттыру
қажет.
Еңбек ұйымдастырудың, шаруашылық есеп қағи
даттарының, жалгерлік және отбасылық мердігерліктің
жаңа түрлерін енгізуге барынша көңіл бөлінуі тиіс.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының «Жалға беру
және жалгерлік қатынастар туралы» Жарлығында тиісті
халық депутаттары Кеңестерінің аткомдары жалға
берушілер бола алатыны көзделген. Осыған сәйкес
облаткомдар, аудаткомдар әрбір шаруашылықтағы
жерді пайдаланудың жай-күйін мұқият зерттеп, оған
тиімсіз тұрғыдан қараған жағдайда жер алқаптарын
жалгерлерге беруді батыл түрде іске асырулары қажет.
Ауылда жалгерлік мердігерлікті енгізу еңбек ресурс-
тарын елеулі түрде босатуға ықпал ететіндіктен, халық
депутаттарының Кеңестері, сонымен бір мезгілде,
босаған жұмыскерлерді еңбекке тартуға, әрбір шару
ашылықта өнеркәсіп цехтарын, басқа да өндірістерді
құруға қамқоршы болулары тиіс.
Жалгерлік қатынастар өнеркәсіпте, құрылыста,
көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында
алғашқы қадамдарын жасап жатыр. Соларды өрістете
отырып, кеңес органдары кәсіпорындар мен ұйымдар
дың еңбек ұжымдары кеңестерімен тығыз байланыс
орнатулары, түсіндіру жұмыстарына өндірісте істейтін
депутаттарды кеңінен тартулары керек. Кеңестердің
тұрақты комиссиялары, әрқайсысы өз саласы бойынша,
91
жалгерлік қатынастардың енгізілуін бақылауға алып,
бұл мәселелерді өз мәжілістерінде ұдайы талқылап,
оларды шешуге ғылыми күштер мен маман-практик
терді кеңінен қатыстырып отыруы тиіс.
Халық депутаттарының Кеңестері мен олардың орган
дары ресурс сақтау, материалдық ресурстарды орынды
әрі кешенді пайдалану мәселелеріндегі үйлестіруші
қызметті іс жүзінде қамтамасыз етіп, шикізат пен мате
риалдарды тиімсіз пайдалану фактілеріне жол беретін
шаруашылық басшыларына талапты күшейтулері
қажет. Бұл мақсатта аткомдардың жер-жерде құрылған
материалдық және отын-энергетикалық ресурстарды
орынды пайдалану жөніндегі комиссияларының жұмы
сын ширату міндеті алда тұр. Биылғы жылдың өзінде-ақ
қалалар мен аудан орталықтарында құрылыс матери
алдарымен, бұйымдармен және іскерлік қалдықтармен
кеңінен сауда жасайтын арнаулы дүкендер желісін
ұйымдастыруды аяқтау керек.
Қоғамдық өндіріс тиімділігінің артуы, кәсіпорындар
дың көпауысымдық жұмыс тәртібіне көшуі жағдайында
халық депутаттарының Кеңестері, жұртшылық ұсыныс-
тарын ескере отырып, азаматтарға қызмет көрсетумен
айналысатын кәсіп орындардың жұмыс тәртіптемесін
қайта қараулары тиіс. Қызмет көрсету аясын тікелей
жұмыс орындарына жақындатып, кәсіпорындардағы
дүкендер желісін, тұрмыстық қызметті кеңейту қажет.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессиясында айтылған ұсы
ныстарды басшылыққа ала отырып, үстіміздегі жылы
халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің сессияла
рын өткізіп, оларда тәртіпті нығайту, әлеуметтік про
блемаларды шешу мәселелерін талқылау, сондай-ақ,
92
I ТОМ. – 1989–
–
1991
бәлкім, атқару комитеттерінің аймақтардағы жағдайды
тұрақтандыру жөнінде қабылдап жатқан шаралары
туралы есептерін тыңдау орынды болар еді.
Кеңес және шаруашылық органдарында демокра
тияландыру үдерісі баяу қарқынмен жүріп жатқанын
ескеріп, ең таяу уақытта барлық деңгейдегі ұжымдар
мен халық депутаттары Кеңестері басшыларының
өздері жүргізіп жатқан жұмыстары туралы еңбекшілер
алдындағы есебін ұйымдастыру қажет. Әрі адамдар
кімдерге (сайланбалы органдардың басшыларын қоса)
сенімсіздік білдірсе, соларды жұмыстан босатқан жөн.
Ал олардың орнына қайта құрудың шын жақтаушы
лары сайланатын болсын.
Қарағандыда дәл осылай болды. Шахтерлер бас
директорға сенімсіздік білдірді де, ол қызметінен
босатылды. Ендігі жерде облыстық партия комитеті
еңбекшілердің қолайына жақпайтын облыстың басқа
басшыларына да тиісті бағасын беруі керек. Елдің
экономикалық жағдайы ушығып тұрған қазіргі кезде
адамдар жергілікті төрешілдердің енжарлығына, мен
мендігіне әсіресе төзбейді, олармен бітісе алмайды.
Сондықтан халықтың өзіне етене жақын, оның мүддесі
үшін оттан-судан тайынбайтын басшыларды таңдау
құқығы берілгені жөн.
Бұл сияқты есептерді партия, кәсіподақ, комсомол
ұйымдарында да өткізу керек. Ондай акция қоғамдық
өмірді демократияландыруға жаңа серпін береріне
сенімдімін.
Орайы келіп тұрғанда, сессияның мінберін пайда
ланып, бүгінгі әңгімеміздің тақырыбынан шығатын,
партиялық міндеттерге сәл толығырақ тоқталып кетсем,
93
Жоғарғы Кеңестің құрметті депутаттары ренжи қоймас
деймін, оның үстіне депутаттардың арасында КОКП
мүшелері де көп.
Адал мойындау керек: бүгінде партия комитеттері
жа уапты қызметкерлерінің барлығы бірдей келелі
мәселелерді, соның ішінде тәртіпті нығайту сала
сындағы мәселелерді де ойдағыдай шеше алатындай
зияткерлік әлеует пен саяси басшылық машығына ие
деп айта алмаймыз. Қанша жанға батса да, парти
ялық аппараттың басым бөлігі толық абыржуға түсіп,
жаңаша ахуалда бағдар таппай, саяси шайқастарға
беттей алмай, ерекше жағдайда дәрменсіздік танытып
отыр деп берген «Правда» газетінің бағасымен келісу ге
тура келеді.
Мен бұған былай деп қосар едім: ескі қалыптың
шеңберінен – алуан кейіпті өктемдіктен, проблемаларға
шаруашылық-технологиялық тұрғыдан келушіліктен,
ұсақ әрі күнделікті қамқорсушылықтан шыға алмайтын,
ал базбіреулері тіпті шыққысы келмейтін партия және
кеңес қызметкерлері бар.
Қайта құру басталғалы бері бірталай уақыт өтті,
ойлаудың ескі сүрлеуіне бейілділіктің кесірінен жеген
таяқ та аз емес, ол, әсіресе, халық депутаттарының
сайлауы барысында қатты сезілді. Енді күш алып келе
жатқан шынайы халық билігі мен «Барлық билік Кеңес-
терге берілсін!» дейтін ұранды іске асыруды ескере
отырып, ең әуелі жер-жердің бәрінде идеологиялық
жұмысты жаңаша қоюға, бұқараның бұрын-соңды
болмаған белсенділігі мен пікір алуандығының артуы
жағда йында саяси бағытты белгілеуге, ұйымдық-пар
тиялық және кадрлық жұмысқа түзетулер енгізуге бет
бұратын уақыт жетті.
94
I ТОМ. – 1989–
–
1991
Мен түсінемін: базбіреулердің осы уақытқа дейінгі
сөзсіз биліктен, жан біткенді бетіне қаратпас өктемдік
тен, өзгеге тізгін бермес үстемдіктен айрылуы, өкілдікті
кеңес органдарымен және қоғамдық құрылымдармен
бөлісе қоюы қиынға соғады. Бірақ бөлісуі керек болады
және бұл үдеріс неғұрлым тез жүрсе, солғұрлым
жақсы. Әйтпесе өмірдің серпінді дамуы дер кезінде
сапқа басқаша тұрып, болып жатқан өзгерістерден өз
орындарын таба алмаған миғұлаларды шетке шыға-
рып тастамақшы. Қызмет бөлісу, билік тізгінін өзгеге
беру – психологиялық тұрғыдан ауыр, бірақ болмай
қоймайтын нәрсе.
Партиялық жұмыстың ұлтаралық қатынастар мәде
ниетін арттыру секілді саласы туралы бірер сөз айтсам
деймін. Қайта құрудың кейбір қарсыластары осы бір
нәзік әрі шетін саланы қоғамдық хал-ахуалды тұрақсыз-
дандыру мақсатына пайдаланғысы келетіні жасырын
сыр емес. Амал нешік, базбір жерлерде солай болып та
жүр. Ұлтаралық алауыздық көріністеріне жол бермеу
үшін шовинизм мен ұлтшылдықтың кез келген, тіпті
зәредей «өскіндеріне» аса мұқияттылықпен, партиялық
төзбеушілікпен қарап, қоғамның бос қуыстарынан әлі
де орын тауып жүрген осы жұқпалы дертті түбірінен
жойып отыру керек. Бүгінгі шынайы интернациона
лизм осыдан көрінбек.
Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті
республика аумағын мекендейтін барлық ұлттардың
интернационалдық бірлігін бұлжытпастан іске асыра
беретінін баса айтқым келеді. Адамдардың жүрегіне
өзіміздің осы бағытқа адалдығымызға шүбә келтіретін
дей күдік көлеңкесінің де түсуіне біз жол бермейміз.
95
Қазір тіл проблемалары төңірегінде алуан түрлі пікір
лер айтылып жүр. Өсек-аяң өрістемеуі үшін бар жауап
кершілікпен тағы да айтайын: қазір қоғамдық пікірдің
көбірек ауып тұрғанындай, қазақ тіліне мемлекеттік
мәртебе беру басқа тілдерді қалай болсын кемсітуге
немесе қысым жасауға ешбір ұласпайды. Қазақстанды
мекендейтін барлық ұлттардың тілдері тең дәрежелі
қолдау мен ілтипатқа ие болады. Ал орыс тіліне
келетін болсақ, менің ойымша, ол ұлтаралық қатынас
тілі ретінде жаңа заңнан мәртебелі әрі лайықты орын
алуға тиіс.
Партиялық басшылықтың бұқаралық ақпарат
құралдарының қызметіне қатынасы мәселелерін де
айтпай кетуге болмайды. Түптеп келгенде, біз өзіміз
әміршілдік-төрешілдік жүйенің бойындағы ескі мерез
дерді батылырақ ашуға үндеген баспасөздің жұмысына
кейде қисынсыз теріс баға берушіліктен арылатын
уақыт жетті. Ал журналистер мұнымызға үн қосып,
елеулі хирургиялық араласуын бастаулары мұң екен,
өзіміз дереу «кері жүріске» салып, сыннан қорғайтын
сенімді жайтартқыш іздей бастадық.
«Әлдекімдер қоқаңдамас үшін Салтыков-Щедриндер
мен Гогольдер керек болған» заман өткен әрі келмеске
кеткен деп сенейік. Партиялық басшылықтың мәні
журналистерге әмір етуде, ұсақ-түйек қамқорсуда
және сәл бір оқыс бұрылыстар болса, етектен тартып,
тежеуде емес. Әрине, бізде сынаудың жөні осы екен
деп асыра сілтеушілік те, материалды беруде дақпырт
шылдық та бар. Бұл құбылыстарды ешбір ақтамай-ақ,
баспасөздің үніндегі тіпті «асып-төгілген» жайларға да
байыппен қарау қажет дегім келеді, өйткені ол, менің
96
I ТОМ. – 1989–
–
1991
ойымша, журналистердің ұзақ жылдар бойғы амалсыз
құмығуына берген жауабы іспетті болар деймін. Оны
да түсіну керек.
Қалай болғанда да, бұқаралық ақпарат құралдары
қоғамда болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және
парасаттылық үрдістердің объективті қайшылықтарын
нақты бейнелейді әрі онымен санаспауға болмайды.
Бүгінде баспасөзді, телевизия мен радионы басқару
– редакциялардың назарын жұртшылықтың айрықша
көңіл бөлуін талап ететін проблемаларға аудару, жур
налистерді сын нысанасына қапысыз бағыттау және адал
атқарған жұмысы үшін айыпталған жағдайда оларды
батыл қорғау деген сөз.
Партия органдары жауапкершілікті саяси әдістермен
сүзгіден өткізу үдерісін тоқтатуы керек. Әйтпесе бұл
өзге де көптеген тапшылықтардың үстіне тәртіп пен
нақты сындарлы қадамдар тапшылығының жамалуына
әкеліп соқтырып отыр.
Халық депутаттарының біреуі съезде: «Партияның
рөлін өз әрекеттері арқылы партияның өзі төмендетуі
мүмкін» дегені бар. Меніңше, бұл – ауыр, бірақ әділ
сөздер және олар әрбір коммунисті ойландыруы керек.
Халықтың қалың бұқарасымен, төменгі буындардағы
мамандармен және халық шаруашылығының басшы
ларымен, бастауыш партия ұйымдарымен байланыс
партия комитеттерінің нұсқаушылары арқылы жүзеге
асырылатыны жасырын емес. Ал көп ретте олардың
саяси және өмірлік тәжірибесі жеткілікті бола бермейді.
Әрі бұл да түк емес. Өкініштісі, олардың арасында
қалайда «өскісі келетіндері», айналасындағыларды
«өзімен санасуға» мәжбүрлеуді ұнататындары бар.
97
Шынайы қадір-қасиеті жетіспейтін мұндай жағдайда
олар бейбастақтықты, қысымшылықты, күнделікті ұсақ-
түйек қамқорсушылықты қару етіп, бағыныштыларын
ашықтан ашық аяққа басудан тайынбайды. Сөйтіп,
көп ретте адамдар осындай қызметкерлерге қарап,
тұтастай партия басшылығы туралы ой түйеді. Сон
дықтан партияның халық алдындағы беделін нығайту
үшін комитет хатшысының ғана емес, нұсқаушының да
кескін-кейпі қандай екендігі маңызды. Өкінішке қарай,
күні бүгінге дейін партия аппаратында мұндай адамға
лайықты көңіл бөлінбей келді. Қазір партияның атына
айтылып жатқан әділ сын осы олқылықтан да болар
деп ойлаймын.
Бүгінде ой өрісі тар, диалектикалық ойлау машығы
мен ішкі мәдениеті пәс, рухы мен мақсат-мүддесінің
ізгілік сипаты жоқ, интеллигенциямен жұмыс істей біл
мейтін, жұртпен қоян-қолтық байланыс жасап, ашық
пікір таласын жүргізуге шорқақ адамдардың табысқа
жете қоюы екіталай. Кез келген, тіптен ақылға сыйғысыз
нұсқауды көзсіз орындай беретін, өмірден қол үзген
кабинетшіл қызметкерлердің уақыты келмеске кетті.
Біз сондай-ақ КСРО халық депутаттарының сайлауы
кезіндегі сөз жарысы гуманитарийлерге еш қиындық
туғызбағанымен, партия комитеттерінің көптеген қыз
меткерлері үшін аса қолайсыз болғанынан да сындарлы
қорытынды жасауымыз керек.
Бәріміз бірдей қазіргі сәттің жауапкершілігін
жан-тәнімізбен сезінуге тиіспіз: егер біз қоғамдық
үдерістерге партиялық басшылықты түбегейлі қайта
құрмасақ, әлеуметтік-экономикалық және рухани
дамуды басқару жүйесін түпкілікті өзгертпесек, онда
98
I ТОМ. – 1989–
–
1991
партияның қоғамдағы беделін түсіреміз. Мұны ақырына
дейін түсініп, соған сай әрекет етуіміз керек.
Іске деген жоғары құлшыныс – міне, қазір пар
тия, кеңес және шаруашылық органдарының, еңбек
ұжымдарының жұмысы осымен ерекшеленуі тиіс.
Бірлескен күш-жігермен өндірістік әлеуетті тиімді пай
далануға жетіп, республика халық шаруашылығының
барлық салаларының біркелкі, кідіріссіз жұмыс істеуін
қамтамасыз ету қажет.
Біз, жолдастар, бәріміз де өзгердік, енді ешқашан да
бұрынғы қалпымызға қайтып оралмаймыз. Қоғамдағы
мейлінше жаңа қатынастарды қалыптастырып жатқан
қайта құрудың қайтымсыздығының кепілі – осында. Ол
халық – қайта құру үдерістеріндегі басты және толысқан
әлеуметтік күш, жетекші қозғалтқыш дегенге саяды.
Қайта құрудың күрделі, көп жағынан бетбұрысты
кезеңі басталды. Ол еңбек ұжымдары мен күллі жұрт
шылықтың арасындағы нақты партиялық-саяси, шару
ашылық және ұйымдастырушылық жұмысты кеңінен
өрістетуді қажет етеді. Бұл арада ескірген рецептілер
жарамсыз. Бәріміз бірдей белсенділік, шығарымпаздық
танытып, халықтың зияткерлік әлеуетін қайта құру
үдерісін қарқындатуға жұмылдырудың жолдарын іздес-
тіріп, таба білуіміз керек.
|