Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Идеология мәселелері жөніндегі республикалық



Pdf көрінісі
бет17/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38

Идеология мәселелері жөніндегі республикалық 

кеңесте «Қоғамның идеялық топтасуы – 

Қазақстан дамуының басты шарты» атты

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1993 жылғы 11 мамыр

Құрметті кеңеске қатысушылар!

Мемлекеттің қоғамдық-экономикалық формациясы-

ның ауысуымен тікелей байланысты болатын ғаламат 

зор өзгерістер әрқашан да адамдар санасындағы өзге- 

рістердің күрделі үдерісімен бірге жүретінін түсінуші-

лік  мені  кез  келген  қоғамдық  организмнің  тіршілік 

қарекеті үшін көкейкесті осынау проблемаларды ой 

елегінен өткізіп тұжырымдауға итермеледі. Біз жұмыс 

ауқымы бойынша да, уақыты жағынан да елеулі маңызы 

бар өтпелі кезеңнен өтуге тиіспіз. Осыған орай қоғамда 



331

өзгерістерге сай келетін рухани ахуал туғызу аса маңыз- 

ды,  ал  ол  мемлекеттің  барлық  салалардағы,  соның 

ішінде идеология сияқты ерекше саладағы да сарабдал 

саясаты арқылы ғана қолдау табуы мүмкін.

Идеология керек пе, керек емес пе деген дау-дамай 

көбінесе бос әурешілік. Одан да әрісін айтсақ: өткен 

ғасырда өмірге енгізіле салысымен-ақ бұл атаусөз талай 

амал-айланың  нысанасына  ілінді  де  уақыт  өте  келе 

алғашқы мағынасынан біршама айрылып қалды. Осын-

дай жағдай ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүй-

енің қатаң қыспағында өмір сүрген біздің қоғамымызда 

да болып жатыр. Ол жүйе күйрегеннен кейін «идео-

логия» ұғымы жағымсыз реңкке ауысқаны және соңғы 

кездері ол саяси сөз қорында  күдікпен пайдаланатын 

болғаны таңданарлық емес. Бірақ біз білетін идеология, 

яғни кез келген, әсіресе, дамушы мемлекетте ішкі және 

сыртқы саясатты жүзеге асыру, ғылымды, мәдениетті, 

білімді  дамыту,  жаңа  адамгершілік  құндылықтарды 

орнықтыру мақсатында жасалатын идеология осындай 

көзқарасқа лайық па?

Сірә, лайық емес болар, өйткені идеологиялық деп 

айқындауға болатын осындай жүйесіз қазіргі тұрпат-

тағы  қоғам  тіпті  өмір  сүре  алмайды.  Дүние  жүзінің 

жетекші мемлекеттері саяси, экономикалық қана емес, 

сонымен бірге, өз азаматтарына да, басқа елдердің аза-

маттарына да сүйкімді идеологиялық бейнені жасауға 

үнемі ынта білдірумен келді. Егер мемлекет бұл аяда 

бос орын қалдыратын болса, онда оны көбінесе басқа 

түрлі дүниетанымдық ұстанымдар толтыратын болады.

Тегінде,  идеология  дегеніміз  –  адамдар  қоғамдас- 

тығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге 



332

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


топтастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен 

тәсілі, бұл – әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру-

дың тетігі.

Бірақ бұл мәжбүрлеу тәсілі емес, мемлекеттің және 

оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғам-

дық  қозғалыстардың  адам  ақыл-ойына  өркениетті 

түрде ықпал етуі. Бұл орайда басқа да көзқарастар мен 

пікірлердің  болуы  тәркі  етілмейді.  Өмір  алға  озып, 

қоғам мен мемлекет өмір сүріп отырған кезде әртүрлі 

идеологиялық ағымдар бола бермек.



Қазақстандағы қазіргі  

қоғамдық-саяси жағдай

Қазақстан  бұрынғы  империяның  көлеңкесіндегі 

еріксіз өмірден үзілді-кесілді және түпкілікті бас тар-

тып,  әлеуметтік  бағдарлы  нарықтық  экономикасы 

мен мейлінше жаңа тұрпатты қоғамдық қарым-қаты-

настары  бар  қуатты  егемен  мемлекет  құруға  кірісті. 

Саяси жүйе мен мемлекеттік құрылыс түбегейлі түрде 

өзгеріп келеді, республиканың демократиялық бағытқа, 

халықаралық нормалар мен қағидаттарға бейілдігі атап 

көрсетілді. Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғары құн-

дылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның 

игілігі үшін жасалып жатыр. Адамдардың құқықтары 

мен  бостандықтарының  кепілдігі  заң  тұрғысынан 

қамтамасыз етілген, барлық ұлттар мен ұлыстардың 

топтасуының,  гуманизмінің,  ұлтаралық  келісімінің, 

теңдігінің мұраттары орнықтырылған.

Осының  бәрі,  сайып  келгенде,  реформаларды  дә- 

йекті түрде жүзеге асырудың берік негізі. Алайда саяси 

және экономикалық жүйелердің ауысуына байланысты 


333

қоғамдық санадағы өзгерістер өздігінен бола салады 

деу бос қиял болар еді. Бұл құбылыс әлдеқайда маңыз- 

дырақ әрі күрделірек, өйткені әлеуметтік өмірдің терең 

үдерістерімен, дүниетанымдық ұстанымдардың, психо-

логиялық таптаурындардың, әрі десе қоғам өмірі мен 

әрбір жеке адамның тұрмыс салтының өзгеруімен бай-

ланысты. Бүгін таңда біздің бәрімізге екі бірдей дерлік 

ауыртпалық түсіп тұр: экономика да, қоғам да өткен 

мен болашақтың ортасында тұрғандай. Тіпті арада қай-

рылар жол жоқ екенін біле отырып, біз шаруашылық 

жүргізу жүйесінің, ғылымның, мәдениеттің, білімнің, 

рухани өмірдің өне бойында өткеннің көзге көрінбейтін 

таңбасы бар екенін мойындауға тиіспіз.

Тап осындай жағдай қоғамдық санада да орын алып 

отыр. Өткен ғасырдың өзінде ғылымда «аномия» деген 

ұғым қалыптасқан болатын және ол әбден орныққан 

құндылықтар жүйесі қайтадан ой елегінен өткізіліп, 

өмірлік мұраттар түбірінен өзгерген жағдайда адам-

ның  абдырап-сасқан  кейпін  білдіретін  еді.  Мұның 

өзі жеке азаматқа ғана емес, бүкіл қоғамға ауыр сын. 

Сондықтан  қазақстандықтардың  басым  көпшілігі 

жаңашылдық  бағытты  қолдап  шыққанымен,  жұрт-

тың көбі өзгерістердің қажеттігін, былайша айтқанда, 

жүрекпен қабылдағанымен, олардың мәнін әлі де болса 

ақылмен пайымдай алмағанын, сенімсіздік сезініп, өз 

болашақтарын айқын елестете алмай отырғанын біз 

түсінуіміз керек.

Қатардағы әрбір адам үшін ең әуелі бағаның тежеу- 

сіз шарықтауымен, тұрмыс деңгейінің құлдырауымен, 

көптеген әлеуметтік проблемаларының шешілмеуімен 

бейнеленетін экономикалық дағдарыс әлдебір жайсыз-



334

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дық сезімін одан әрі асқындырып жіберді. Кейде саяси 

күрестің шектен шығушылығы да адамдарды жолынан 

адастырады.  Тіпті  небір  кездейсоқ  саяси  жалдаптық 

та қоғамдық санадағы бос орынды толтыра қоятыны  

бар.

Бүгін таңда Қазақстанның саяси өрісінде қалыптасып 



жатқан жағдайды түсіну үшін, баспасөз беттерінде, пар-

тиялардың пікірталастарында, экономикалық ортада 

және, тіпті, қоғамның қалың қатпарларында өршелене 

талқыланып жататын идеялардың мазмұнына мұқият 

талдау жасаса жетіп жатыр.

Жиынтығы өте көп саяси көзқарастардың күрделілігі 

жағдайының өзінде қазіргі қоғамдық-саяси алуантүр-

ліліктің  екі  шегі  ретінде  социалистік  және  либерал-

дық пікірлерді қарастырған жөн сияқты. Әрине, бұл 

біршама жадағайлау болар, бірақ осының өзі-ақ бар 

көріністі толық қамтуға мүмкіндік береді.

Қоғамда социалистік тұғырнаманың белгілі бір жақ- 

таушылары бар, бірақ реформалау кезеңінде оған иек 

артуға болатыны күмәнділеу. Социалистік идеяны бас-

көз жоқ сынай берудің кезеңі өтті. Социализм өзінің 

кеңестік нұсқасында халыққа не бергенін және оның 

несін мүлдем қабылдауға болмайтынын байыпты тал-

даудың уақыты жетті.

Кеңес  өкіметі  жылдарында  Қазақстанда  жасалған 

қуатты  өнеркәсіп  пен  ауыл  шаруашылығы,  бірегей 

технологиялық кешендер, жаппай сауаттылық, кенттен-

діру және басқалар Қазақстанды индустрияландырусыз 

мүмкін болмас еді. Біздің бүгінгі әлеуетіміз – белгілі 

бір дәрежеде бұрынғы құрылыстың нәтижесі. Мұны 

тек  пікірталас  қызбалығына  салынғанда  ғана  жоққа 

шығаруға болар.



335

Социалистік  идеялардың  тоңмойын  жақтаушы-

лары өткенді сағына еске алады, оның қайта орнауын 

қалайды және «болған іс» үшін саясаткерлерді жауапқа 

тарту  керектігін  айтудан  да  тайынбайды.  Мәселенің 

бұлай қойылуының өзі қисынсыз: тарихта объективті 

заңдылықтарды ескеру қажеттігін үнемі жақтап келген 

оппозиция бүгін таңда өзінің назарын жеке адамдарға, 

кездейсоқ  немесе  уақытша  факторларға  аударатын 

болыпты. Әрине, мемлекеттің ыдырауына сол уақыт-

тағы жекелеген көшбасшылардың ықпалы болғаны рас. 

Алайда, қызбалыққа салынбай, объективті тұрғыдан 

қарайтын  болсақ,  социализм  нақ  әлеуметтік-эконо-

микалық және саяси қатынастар жүйесі ретінде түпсіз 

дағдарысқа тап болғаны айдан анық. Қазір енді әңгіме 

кең ауқымды дағдарыс жөнінде екенін айтуға болады.

Бұл – экономикалық дағдарыс. Қоғамдық жүйелер 

тиімділігінің түйінді өлшемі – экономикалық тиімділік. 

Осы  өлшем  бойынша  алғанда  орталықтандырылған 

жоспарлы экономика, сайып келгенде, нарықтық эко-

номиканың алдында үзілді-кесілді жеңіліс тапты.

Бұл  –  саяси  дағдарыс.  Салтанатты  түрде  жария-

ланған халық билігі мен партиялық бюрократияның 

аттөбеліндей ғана дегдарларының қолына шоғырланған 

билік арасындағы қарама-қайшылық қисынды шегіне 

жетті. Саяси құрылымдар көрер көзге ғана демократия 

жасаған болып, шын мәнінде жергілікті және орталық 

деңгейдегі барлық шешімдерді партия көшбасшылары 

қабылдайтын.

Бұл – ұлттық дағдарыс. Интернационализм жария 

етілгеніне  қарамастан,  социалистік  жүйе  ондаған 

жылдар бойына ұлттардың еркін дамуын қатаң түрде 

жаныштаумен  келді.  Атап  айтқанда,  Қазақстандағы 


336

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


күштеп ұжымдастыру жылдарында, сарапшылардың 

бағалауы бойынша, бүкіл қазақ халқының жартысынан 

астамы қаза тапқан және шетке кеткен. Елдің барлық 

халықтары  орасан  зор  зардап  шекті.  Ұлттық  дағда-

рыс – көп ретте экономикалық дағдарыстың салдары. 

Орталық пен өңірлердің арасындағы қарым-қатынас 

жартылай отарлық сипатта болды. Республиканың эко-

номикасына шикізаттық бағыт, оның кешенсіз сипаты 

саналы түрде таңылды. Сыртқы рынокқа өз еркімен 

шықпауы үшін Қазақстан көлік жүйесі бойынша да 

орталықпен және басқа өңірлермен дәл осы деңгейде 

қатаң байланыстырылды. Бүркемелі ұлтаралық шие-

леніс тек күш қолдану қоқан-лоқысымен ғана тежеліп 

отырды. Жүйе құлағаннан кейін бұрынғы КСРО-ның 

аумағы ұлтаралық жанжалдар мен соғыс өртіне оранды. 

Бұл – халықтың кінәсі емес, бұрынғы және қазіргі сая-

саткерлердің кінәсі. Тұтас халықтарды тікелей құрту-

дан бастап ұлт тілдерінің қолданылу аясын тарылтуға 

дейінгі  зорлық-зомбылық  қайшылықтарды  одан  әрі 

ушықтырды. Оларды шешудің басқа әдістері болған 

жоқ. Интернационализм туралы күллі мәлімдемелерге 

қарамастан, ресми идеологияның тасасында белгілі бір 

халықтардың басқа халықтар туралы таптаурын теріс 

пікірлері  қалыптасып  жатты,  мұның  өзі  тұрмыстық 

деңгейде күні бүгінге дейін қалмай келеді. Барлық ұлт-

тарды бірыңғай әсіре этностық қауымдастыққа – кеңес 

халқына бірегейлеу әрекеті айқын сәтсіздікке ұшырады.

Бұдан әрі – экологиялық дағдарыс. Дерексіз жал-

пыхалықтық, ал іс жүзінде ведомстволық меншігі бар 

социалистік  экономикалық  жүйенің  ерекшеліктері 

министрліктер мен ведомстволардың шектен шыққан 

экологиялық қиянаттарына соқтырды. Проблеманың 



337

мәні  мынада  болатын:  жер  мен  табиғи  ресурстарға 

бақылаусыз  қожалық  еткен  ведомстволар,  сонымен 

қатар, экологиялық таза өндірістерге мүдделі болған 

жоқ және сөзсіз болатын қасіреттер үшін нақты жауап-

кершілік арқалаған емес. «Ешкімнің де иелігі еместің» 

бұл кереметі өткен тарих көріп-білмеген ғаламат апат-

тарға киліктірді. Экологиялық сауатсыздық қоғам мен 

табиғаттың тайталасына әкеліп тіреді. Қазақстан бұл 

ретте аса қиын жағдайда қалды.

Семей  ядролық  полигоны  қазақ  халқына  аса  ірі 

қасіреттердің  бірін  әкелді.  Қазақстанда  ядролық 

қаруды сынауды, соның ішінде жер бетінде сынауды 

жүргізе отырып, жүйе өз мемлекетінің азаматтарына 

қарсы адамзат тарихындағы ең қайғылы қылмыстар-

дың бірін жасады. Тек біздің республикада ғана жарты 

миллионнан астам адам радиациядан зардап шекті. 

Олардың көпшілігі күш-жігері толысқан шақта өмірден  

өтті,  жүздеген  мыңы  денсаулығынан  біржола  айы-

рылды. Балалардың бірнеше ұрпағы туа сала өмірлік 

мүгедектікке таңылды. Қазірге дейін мүгедектер туып 

жатқан көптеген отбасыларында бұл қасірет әлі жалға-

суда.

Қазақстанға  келген  тағы  бір  апат  –  жер  бетінен 



құрып бара жатқан Арал теңізі. Бұл қырсық кең-бай-

тақ Орталық Азия өңірінің халықтарын шексіз азапқа 

душар етті. Әрі тек оларды ғана емес: ғалымдар Арал 

апатының планетадағы орасан зор аумаққа ғаламдық 

бүлдіруші ықпалы бар екені туралы дәйекті қорытын-

дылар жасады.

Бұрынғы  жүйе  «жарқын  болашақ»  үшін  күрес 

ретінде  көрсетіп  келген  осы  эксперименттерден  ең 

алдымен Қазақстан халқы көп зардап шекті.


338

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Біздің алдымызда адамдарға, жерге, тұтастай алғанда 

табиғатқа келтірілген бүкіл шығынды есептеу міндеті 

тұр. Бұл тым болмаса апаттың шынайы ауқымын баға-

лап, оның салдарын жою жөніндегі шараларды белгілеу 

үшін қажет. Оның үстіне бүкіл дүние де Қазақстандағы 

шынайы  экологиялық  жағдай  туралы  нақты  түсінік 

алуға тиіс.

Имандылық дағдарысы. Идеологиялық рәміздер мен 

адамдардың нақты құндылықтары арасында шыңырау 

пайда болды. Басқарушы дегдар топтың екіжүзді моралі 

сан  түрлі  саяси  шараларға  –  жиналыстарға,  митин-

гілерге, шерулерге, т. б. немқұрайды қатысатын, жари-

яланған ұрандарға сенбейтін миллиондаған адамдарды 

да дәл сондай моральға душар етпей қоймады. Бүгін 

таңда бұл жүйенің оп-оңай ыдырай салғанына қайран 

қалушылар  оның  әлдеқашан-ақ  халықтың  сенімінен 

айрылғанын, сол халықтың өзі біздің Батыстан барған 

сайын кейін қалып, кеңестік экономиканың дағдарысқа 

қарай құлдырап бара жатқанын көріп, түсініп отыр- 

ғанын  ұмыта  береді.  Соңғы  жылдары  социалистік 

мұраттар тек мысқыл туғызатын болған. Мұны жұрттың 

бәрі білетін, алайда идеология билік басындағы дегдар 

топтың кеудемсоқтығына одан әрі қызмет етуін қоймай, 

олардың мүдделерін жалпымемлекеттік мүдде ретінде 

көрсетумен  болды.  Кеңестік  қолтума  идеологияның 

болмыстан алшақ жатқан аңызын – ұлттардың ұласуы 

теориясын, адамға «бұранданың» рөлін таңған мемле-

кет пен адамның арақатынасы практикасын, ғылымға, 

әдебиетке,  өнерге  таңылған  партиялылықты  еске 

түсірейік. Тіпті отанға сүйіспеншілік, жақыныңа деген 

қамқорлық,  ата-баба  дәстүрлеріне  адалдық  сияқты 

табиғи  таза  сезімдердің  өзі  «коммунизм  құрылыс-



339

шыларының моральдық кодексінің» тар аясына тоғы-

тылған  болатын.  Бір  есептен,  бұл  идеология  емес, 

адамның имандылық ұстындарымен жалдаптық жасау  

болатын.

Алайда көптеген адамдар үшін ескі үміт-қиялдар-

дан бас тартудың тым қиынға түсетінін ескерген жөн. 

Олардың сенімдерін мазақ етуге ешқандай жол беруге 

болмайды.  Біліктілікпен  адал  пікір  таластырудың 

жөні  бөлек. Мына жәйттерді барынша  айқын түсін-

діру керек: қазіргі жағдайда мемлекеттік қайта бөлу 

арқылы  келетін  теңдік,  мемлекеттік  қамқоршылық, 

идеологиялық біркелкілік, жекеменшік пен нарықты 

тұншықтыру  Қазақстанды  әлемдік  қоғамдастықтан 

шеттетеді. Өткенге қайтып оралудың болашағы жоқ, ол 

тек қоғамды талқандап, азамат соғысына киліктірмекші. 

Социализмнің жер-жердің бәрінде тықпаланып келген, 

біздің бәріміз басымыздан өткерген аңыздарының тек 

ТМД-да ғана емес, сондай-ақ бүкіл дүние жүзінде күлі 

көкке ұшқанын пайымдаудың маңызы бұдан кем емес.

Бұл жүйенің бірқатар пайдалы әрі іс жүзіне асы-

рылған жетістіктеріне қарамастан, тарихи тұйыққа тағы 

да тірелуге болмайды.

Қоғамдық  ойдың  тағы  бір  бағыты  дәстүрге, 

халықтыққа сүйенеді. Дәстүршілдік идеологиясының 

социалистік  идеологияның  дағдарысымен  қисынды 

байланысы бар. Шынында, бұрынғы қасаң қағидалар 

дәрменсіз болып қалса, назарыңды қайда салуың керек? 

Сірә, әр халықтың өміріндегі ең қарапайым әрі түсінікті, 

сонымен бірге, адамгершілігі терең рухани негіздерге 

–  дәстүрлерге  назар  аудару  керек  болар.  Олардың 

халық  өміріндегі  рөліне  ешбір  күмән  жоқ.  Мәдени 

дәстүрлер  қашанда  әлеуметтік  жаңғырудың  қайнар 


340

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


көзі болған. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта 

оралу, әрине, оң үдеріс. Сонымен бірге, дәстүрлер мен 

қоғамдық прогрестің өзара қарым-қатынасын қарадүр-

сін түсіндіруден бас тартқан жөн. Осы күнгі дүниенің 

тәжірибесі кейбір дәстүрлік құрылымдар қазіргі өрке-

ниеттің арнасына етене жалғасатынын сенімді түрде 

көрсетіп отыр. Тәжірибесіз жаңашылдық та болмайды. 

Нақ  осы  дәстүрлер  адамның  «жоғалып  кетпеуіне», 

өзінің  салтын  қазіргі  дүниенің  шұғыл  өзгерістеріне 

бейімдеуіне мүмкіндік береді.

Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті, соның 

ішінде  тұрмыстық  мәдениетті,  отбасын  дамытуға 

барынша  қолдау  жасалып  отыр.  Бұл  орайда  қоғам-

дық құрылымның көне сипаттарын, қазақ қоғамының 

ХVІІІ–ХІХ ғасырлардағы аумақтық ұйымдасуына тән 

рулық-тайпалық психология мен құқықтық көзқарас 

жүйесін қайта жандандыруға негізделген дәстүрлі үлгі-

дегі саяси идеологияға мүлдем жол жоқ.

Каспийден  Қытайға  дейінгі  қазақтар  мекендеген 

ұшан-теңіз кеңістік әлдебір құрылымдық ресімдеуді, 

белгілі  бір  тартылыс  орталықтарын  қажет  етті.  Бұл 

әртүрлі  өңірлердің  тарихи  даму  ерекшеліктерімен 

үйлесті, ал кейін патша өкіметі саналы түрде кіргізген 

әкімшілік  бөлу  жүйесімен  барып  ұштасты.  Екінші 

жағынан, шаруашылық жүргізудің ерекшеліктері де 

аумақтық мәселелерді нақпа-нақ реттеуді талап етті. 

Сондықтан өңірлік қатыстылық әуел бастан-ақ саяси 

құрылыста  елеулі  рөл  атқарды.  Бірақ  осының  бәрін 

ХХІ ғасырға өзімізбен бірге ала барғанымыз жөн бе? 

Тегі, қазіргі жағдайда қазақ халқының әлеуметтік және 

мәдени жүйелерінің даму қарқыны сол кезеңмен салыс- 

тыруға мүлдем келмейді де ғой.



341

Сонымен, бір жағынан өз тарихымыздағы пәрменді 

саяси тетіктерді табуға деген ықыласты түсіне отырып, 

реалист болуымыз керек және өткен ғасырлардың саяси 

идеялары мен идеологиялық рәміздері осы ғасырдың 

аяқ шені үшін мүлдем жараспайтынын түсінуге тиіспіз. 

Айтпақшы, тіпті өткен кездерде де біздің ұлы ағартушы-

ларымыз қазақ қоғамын жікке бөлуге жол бермеуге 

шақырған болатын.

Қоғамдық топтарда либералдық идеялар да танымал 

болып отыр. 1980-ші жылдардың аяғы мен үстіміздегі 

онжылдықтың басындағы олардың салтанатына, жал-

пыадамзаттық мұраттардың, жоғары құндылық ретінде 

адам құқықтары мен бостандықтарын орнықтырудың 

табыстарына жаппай шаттану сезімі демократия мен 

демократиялық қағидаттардың түпкілікті жеңісі жөнін-

дегі оптимистік қорытындыға жеткізгендей еді.

Бірақ бүкіл дүние жүзінде либералдық идеологи-

яның аясында күрделі үдерістер де болып жатқанын 

түсіну  біртіндеп  белең  ала  берді.  Егер  планетаның 

өзге өңірлерін қозғамай-ақ, өзіміздің бұрынғы ортақ 

кеңістігімізге келер болсақ, онда қоғамда өрістеп келе 

жатқан,  кейде  қарулы  жанжалдар,  саяси  текетірес, 

экономикалық былық, адамдардың бірдеңені өзгерте 

қою мүмкіндігіне деген сенімін жоғалтуы сияқты шек-

тен шыққан түрлерде көрінетін әлеуметтік шиеленіс 

туралы айтпай кетуге болмайды. Өркениетті нарықтың 

қанат  жаюының  орнына  барлық  салада  –  қаржыда, 

саудада, сыртқы экономикалық байланыстарда жал-

дапшыл капитал екі бірдей серігімен – қылмыстық эле-

менттермен және номенклатураның жемқор бөлігімен 

үзеңгі қағыстырып қатар келеді. Бұл үдерістердің осы 

заманғы дүниежүзілік нарықпен үш қайнаса сорпасы 


342

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қосылмайды, бірақ олар нақты өмір сүріп, либерал-

дық  идеологияның  мәніне  қарсы  келуде.  Ал  ұлт- 

аралық жанжалдар демократия туралы, жалпыадамзат-

тық құндылықтар туралы пайымдаулар әзірше адам-

ның өмірі мен абыройын қорғауға дәрменсіз екендігін 

айқын көрсетуде.

Әлбетте,  либералдық  идеология  мен  қатаң  шын-

дықтың арасындағы қайшылықтарды тоталитаризмнің 

мұрасына  сілтеме  жасап,  түсіндіруге  болар  еді.  Бұл 

дұрыс та болар еді, бірақ ішінара ғана. Мұның мейлінше 

терең себептері бар.

Либералдық мұраттар мен либералдық идеология – 

Батыс өркениетінің сан ғасырлық, ұзақ эволюциясының 

нәтижесі. Олардың негізінде жеке меншік, дарашылдық 

психологиясы  және  демократиялық  саяси  институт-

тар сияқты объективті алғышарттар жатыр. Олардың 

нышандары бізде әлде болмаған, әлде жүз жыл дерлік 

бұрын үзілген. Мұның сыртында, өркениетті мемлекет-

терде либералдық идеяларды іске асыруды жеңілдетуші 

қуатты құқықтық жүйе құрылған болатын. Осы объек-

тивті алғышартсыз бұл үдеріс мейлінше қиындатылған.

Әзірге республикада либерализм идеологиясының 

негізгі және неғұрлым бұқаралық тірегі – қоғамтану 

ғылымында орташа тап делініп жүргеннің жоқ екенін 

де көре білуіміз керек. Сондай-ақ нақты мәдени және 

тарихи жағдайды да ескеруге тиіспіз. Мәселе мынада: 

Батыстың либералдық идеологиясын Қазақстанға сол 

күйінде  көшіре  салмақ  болғанда  оны  жүргізушілер 

кең мағынада да, соның ішінде саяси мәнде де мәде-

ниет дейтін құбылысқа аяқтарын шалдырады. Оның 

сипаты мен мұраттарын табан астында өзгерте салуға 

болмайды. Саяси мәдениеттің тұрпатын нақты рефор-



343

малар негізінде, біртіндеп, өркениетті тәсілмен өзгерту  

қажет.

Сөйтіп, қазіргі Қазақстандағы саяси және идеялық 



бағыттарға жасалған талдау идеологиялық тұғырнама-

ның қалыптасуында өзіндік жол іздестірудің қажеттігін 

айғақтайды. Біз социалистік те, дәстүрлі де, либерал-

дық  та  көзқарастардың  өз  бойларына  жинақтаған 

құндылықтарды жоққа шығармаймыз. Алайда, біздің 

көзқарасымызша, Қазақстанның алдында тұрған мін-

деттер  біршама  басқа  жалпыұлттық  идеологиялық 

басымдықтарды ой елегінен өткізуді талап етеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет