Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет25/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38

Еуразиялық Одақ (ЕАО)

ЕАО – әрбір қатысушы елдің ұлттық-мемлекеттік 

мүдделерін  және  жиынтық  интеграциялық  әлеуетін 


489

жүзеге асыруға бағытталған тең құқықты тәуелсіз мем-

лекеттердің одағы. ЕАО егемен мемлекеттердің кеңес-

тен кейінгі кеңістіктегі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін, 

әлеуметтік-экономикалық  жаңғыруын  нығайту  мақ-

сатымен интеграциялаудың нысаны болып табылады.

Тәуелсіз  мемлекеттер  жақындасуының  негіздерін 

экономикалық мүдделер айқындайды. ЕАО-ның саяси 

институттары осы мүдделерді адекватты бейнелеп, эко-

номикалық интеграциялануға жәрдемдесуі тиіс.



I. Бірлесу қағидаттары

Еуразиялық Одақты құрудың мынадай қағидатта  ры 

мен тетігі ұсынылады:

– мемлекеттердің ЕАО-ға кіруі туралы ұлттық рефе-

рендумдар өткізу немесе парламенттердің шешімдерін 

шығару;


–  қатысушы  мемлекеттердің  ЕАО-ны  Теңдік,  бір-

бірінің ішкі істеріне қол сұқпау, егемендігін, аумақтық 

тұтастықтығын  және  мемлекеттік  шекараларының 

бұлжымастығын  құрметтеу  негізінде  құру  туралы 

шартқа қол қою. Шарт интеграцияны экономикалық, 

валюталық және саяси одақ құру бағытында тереңде-

тудің заңдық және ұйымдық алғышарттарының негізін 

қалауы тиіс;

– ЕАО-ға қауымдасқан мүшелікке жол берілмейді;

–  ЕАО-ға  қабылдау  жөніндегі  шешім  қатысушы 

елдердің жалпы санының 4/5 (бестен төрт) квалифика-

циялық көпшілігі дауыс беру қағидасы негізінде жүзеге 

асырылады.

Тәуелсіз  мемлекеттер  ЕАО-ға  мынадай  бастапқы 

шарттарды орындағанда кіре алады:


490

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


– қабылданған мемлекетаралық келісімдерді міндетті 

түрде орындау;

– ЕАО-ға қатысушы елдердің қалыптасқан мемлекет-

тік-саяси институттарын өзара мойындау;

– шекаралардың аумақтық тұтастығы мен мызғы- 

мастығын мойындау;

–  мемлекетаралық  қатынастарда  экономикалық, 

саяси және басқа түрдегі қысым көрсетуден бас тарту;

– өздерінің арасындағы соғыс қимылдарын тоқтату.

ЕАО-ның құрамына жаңа елдердің кіруі олардың 

ЕАО-ға кіруге әзір екендігі туралы сараптық қорытынды 

жасалғаннан  кейін,  ЕАО-ның  барлық  мүшелерінің 

бірауыздан  дауыс  беруі  арқылы  жүзеге  асырылады. 

Сараптық қорытындыны ЕАО-ға мүше болуға келісім 

берген  мемлекеттердің  тепе-теңдік  негізде  құратын 

органы береді.

ЕАО мемлекеттері басқа да интеграциялық бірлестік-

терге,  соның  ішінде  ТМД-ға  да  қауымдастық  немесе 

тұрақты мүшелік негізде қатыса алады я болмаса бақы-

лаушы мәртебесіне ие бола алады.

Әрбір қатысушы басқа мемлекеттерді шешім қабыл-

данардан кем дегенде алты ай бұрын алдын ала хабар-

дар ету арқылы ЕАО-дан шыға алады.

Мынадай ұлтүстілік органдар құру ұсынылады: 

ЕАО Мемлекет басшыларының кеңесі – ЕАО саяси 

басшылығының  жоғары  органы.  Әрбір  қатысушы 

мемлекет орыс әліпбиіне сәйкес ЕАО-да алты айдан 

төрағалық етеді.

Жоғары консультативтік-кеңесші орган – ЕАО-ның 

Парламенті.  Парламент  әрбір  қатысушы  елдің  тең 

өкілдігі негізінде қатысушы мемлекеттер парламент-


491

терінің  депутаттарын  делегациялау  арқылы  немесе 

тікелей сайлау жолымен құрылады. ЕАО Парламентінің 

шешімдері оларды ЕАО мемлекеттерінің парламент-

тері бекіткеннен кейін күшіне енеді. Бекіту жөніндегі 

мәселе бір айдың ішінде қаралуға тиіс.

ЕАО Парламенті қызметінің негізгі бағыты – қаты-

сушы елдердің бірыңғай экономикалық кеңістікті дамы-

туды қамтамасыз ететін заң шығару қызметін үйлестіру, 

адамның әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғау, 

ЕАО  мемлекеттеріндегі  мемлекеттік  егемендік  пен 

азаматтардың құқықтарын өзара құрметтеу жөніндегі 

міндеттерді шешу.

ЕАО  Парламенті  арқылы  қатысушы  мемлекет-

тердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінің өзара 

қарым-қатынасын реттейтін ортақ құқықтық базаны 

жасау жүзеге асырылады.

ЕАО Сыртқы істер министрлерінің кеңесі сыртқы 

саяси қызметті үйлестіру мақсатымен құрылады.

ЕАО  Мемлекетаралық  атқару  комитеті  (Атком)  – 

тұрақты жұмыс істейтін атқарушы-бақылаушы орган. 

Аткомның басшысын ЕАО мемлекеттерінің басшылары 

қатысушы елдер өкілдерінің ішінен өздері белгілеген 

мерзімге  кезекпе-кезек  тағайындайды.  Аткомның 

құрылымы  барлық  қатысушы  елдердің  өкілдерінен 

құрылады.

ЕАО өзінің Аткомы арқылы бірқатар ірі халықара-

лық ұйымдарда бақылау мәртебесіне ие болуы тиіс.

ЕАО  Аткомының  ақпарат  бюросы.  Шартқа  қаты-

сушы мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасқа нұқ-

сан келтіруі мүмкін жағымсыз пікірлерге жол бермеу 

туралы қатысушы елдердің арнайы міндеттемелерін 

немесе заңдарын қабылдау.


492

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Білім беру, мәдениет, ғылым мәселелері бойынша 

кеңес. Келісілген білім беру саясатын, мәдени, ғылыми 

ынтымақтастық пен алмасу саясатын қалыптастыру, 

оқулықтар, оқу құралдарын жасау жөніндегі бірлескен 

қызмет.

ЕАО елдері қызметін неғұрлым терең үйлестіру мен 



тиімділігін арттыру мақсатымен олардың әрқайсында 

ЕАО істері жөніндегі мемлекеттік комитет (министрлік) 

құру.

ЕАО елдері министрлерінің деңгейінде денсаулық 



сақтау, білім беру, еңбек және жұмыспен қамту, эко-

логия, мәдениет, қылмыспен күрес және т. б. мәселе-

лер бойынша ұдайы кездесулер мен консультациялар 

өткізіп тұру.

ЕАО-ға қатысушы елдердің ұлттық заңнамаларына 

сәйкес ынтымақтастықтың түрлі салаларындағы үкімет-

тік емес ұйымдардың қызметін ынталандыру. Ұлттық 

заңнамалардың тіл бойынша қызмет атқаруымен бірге 

ЕАО-ның ресми тілі орыс тілі болып табылады.

Азаматтық. ЕАО шекарасында азаматтардың еркін 

жүріп-тұруы үшінші елдерге қатысты сыртқы, визалық 

саясатты  үйлестіруді  қажет  етеді.  ЕАО  шеңберінде 

тұрғылықты елін ауыстырған әрбір адам өз қалауынша 

басқа елдің азаматтығын бірден ала алады.

ЕАО астанасы ретінде Еуропа мен Азияның түйіскен 

жеріндегі қалалардың бірін, мәселен, Қазан, Самара 

қалаларын ұсынуға болады.

II. Экономика

ЕАО ауқымында бірыңғай экономикалық кеңістік 

құру  мақсатымен  бірқатар  ұлтүстілік  үйлестіруші 

құрылымдарды құру ұсынылады:



493

– ЕАО Мемлекет басшылары кеңесінің жанындағы 

Экономика  жөніндегі  комиссия.  Ұлттық  мемлекет-

тердің мүдделерін ескере отырып, ЕАО шеңберіндегі 

экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын тал-

дап жасайды және оларды ЕАО Мемлекет басшылары 

кеңесінің бекітуіне ұсынады;

–  ЕАО  экспортшы  елдерінің  шикізат  ресурстары 

жөніндегі комиссиясы. Сыртқа шығарылатын шикізат 

тауарлары мен энергия көздеріне деген бағалар мен 

квоталарды келісу және бекіту, тиісті мемлекетаралық 

келісімдерге қол қою мақсатында құрылады. Алтын және 

басқа да бағалы металдарды қазып алу, сату саласындағы 

саясатты үйлестіру;

– ЕАО елдерінің үлестері есебінен құрылатын эко-

номикалық  және  техникалық  ынтымақтастық  істері 

жөніндегі қор. Келешегі зор, ғылыми ауқымды эконо-

микалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды 

қаржыландырады,  кең  ауқымды  міндеттерді,  соның 

ішінде, құқықтық, салықтық, қаржылық, экологиялық 

және т. б. мәселелерді шешуге көмек көрсетеді;

– ЕАО Мемлекетаралық қаржы-өнеркәсіп топтар мен 

бірлескен кәсіпорындар бойынша комиссия;

– ЕАО-ның халықаралық инвестициялық банкі;

– ЕАО-ның экономикалық мәселелер жөніндегі мем-

лекетаралық арбитражы; даулы мәселелерді құқықтық 

жолмен шешеді және айыптық санкциялар салады;

– есеп айырысу ақша бірлігін (аудармалы рубль) енгізу 

жөніндегі комиссия.

III. Ғылым, мәдениет, білім беру

Өткен онжылдықтарда қол жеткен әлеуетті сақтау 

мен осы саладағы кірігуді күшейту жөніндегі бірқатар 

шараларды жүзеге асыру ұсынылады:



494

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


–  ЕАО-ның  осы  заманғы  білім  саласындағы  іргелі 

зерттеулер жөніндегі ортақ зерттеу орталықтарын құру;

– түрлі елдердің ғылыми ұжымдарын біріктіретін 

ЕАО-ның ғылыми зерттеулерді дамыту қорын құру;

–  ЕАО  Үкімет  басшылары  кеңесінің  жанындағы 

Мәдениет, ғылым, білім беру саласындағы байланыстар 

мәселелері жөніндегі комитет құру;

– мәдени-білім беру және ғылым саласындағы үкімет-

тік  емес  қауымдастықтар  мен  бірлестіктерді  құруға 

жәрдемдесу;

–  ЕАО  Аткомы  жанындағы  Стипендиялық  қорды 

тағайындау.



IV. Қорғаныс

ЕАО шеңберінде мынадай келісімдерді бекіту ұсы-

нылады:

– ЕАО-ға мүше елдердің ұлттық Қарулы Күштерін 



нығайту және ЕАО-ның сыртқы шекараларын қорғау 

жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы шарт;

–  ЕАО  қорғаныс  қызметін  үйлестіру  мақсатымен 

біртұтас қорғаныс кеңістігін құруды көздейді;

–  қатысушы  елдер  мен  олардың  арасындағы 

тұрақтылықты қолдау және жанжалдарды тыю үшін 

ЕАО-ның  ұжымдық  бітімгершілік  күштерін  құру. 

ЕАО-ға қатысушы мемлекеттердің келісімімен халық- 

аралық құқықтық нормаларға сәйкес ЕАО аумағындағы 

жанжалды аймақтарға бітімгершілік күштерді жіберу;

– ЕАО-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық 

ұйымдарға,  соның  ішінде  БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесіне, 

бірлескен құрлыққа бітімгершіл күш мәртебесін беру 

туралы ұжымдық өтініш енгізуі;



495

–  халықаралық  ұйымдар  өкілдерінің  қатысуымен 

ядролық қарусыздану проблемалары жөніндегі мем-

лекетаралық орталық құру.

ЕАО-ның  Ресейден  басқа  барлық  мемлекеттері  

ядролық қарусыз ел мәртебесін сақтайды.



V. Экология

Таяудағы уақыттың ішінде мынадай тетіктерді құру 

қажет:

– ЕАО Мемлекет басшылары кеңесінің жанындағы 



ЕАО шеңберінде экологиялық бағдарламаларды жүзеге 

асыратын және барлық қатысушы мемлекеттердің есебі-

нен қаржыландырылатын экология қоры;

– экологиялық ластану деңгейін төмендету жөніндегі 

халықаралық ұйымдармен іс-қимылдарды үйлестіру;

– қоршаған ортаны қалпына келтірудің және эколо-

гиялық апаттардың (Арал, Чернобыль, Семей ядролық 

полигоны)  салдарын  жоюдың  ірі  проблемалары  бо- 

йынша қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді бағдарла-

малар қабылдау;

– ЕАО-ның ядролық қалдықтарды көму жөніндегі 

мемлекетаралық шартын қабылдау.



* * *

Тарих бізге XXI ғасырға өркениетті жолмен енудің 

мүмкіндігін беріп отыр. Біздің ойымызша, соның бір 

жолы кеңестік кезеңнен кейінгі дамудың объективтік 

қисынын және бұрынғы КСРО халықтарының бірігуге 

деген  ниетін  бейнелейтін  Еуразиялық  Одақты  құру 

жөніндегі бастаманың интеграциялық әлеуетін жүзеге 

асыру болмақшы.



496

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан Республикасы  

Жоғарғы Кеңесі он үшінші шақырылымының  

I сессиясындағы «Реформаларды тереңдету мен 

жалпыұлттық келісім арқылы –  

жаңарған Қазақстанға» атты

ЖОЛДАУЫ

Алматы қаласы, 

1994 жылғы 9 маусым

Құрметті Жоғарғы Кеңестің депутаттары!  

Құрметті төраға!

Егер өмірімізде болып жатқан үдерістер қарқыны-

ның  ұшқырлығын  ескеретін  болсақ,  еліміздің  жаңа 

кәсіби  парламентінің  жұмысы  басталғаннан  бері 

бүгінгі күнге дейін біраз уақыт өтіпті. Парламенттік 

құрылымдар мен жұмыс органдарын қалыптастыру, 

барлық әзірлік істерін аяқтау және белсенді заң шыға-

рушылық жұмысты бастау үшін бұл жеткілікті мерзім 

деп санаймын. Сондықтан да менің, бұған дейін келісіл-


497

геніндей, сіздерге президенттік Жолдау сөз арнауыма 

толық негіз бар.

Конституцияның маған берген құқықтарына сүйеніп, 

қазіргі жағдайға жасалған талдауды басшылыққа ала 

отырып,  мен  Қазақстанның  мемлекеттілігін  нығай-

тудың, біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың таяу 

болашаққа,  одан  да  алыс  перспективаға  арналған 

өзекті бағыттарына өз көзқарасымды баяндап өтпекпін. 

Мұның өзі, бұрын болып келгеніндей, жаппай «мақұл-

дауға»  немесе  дауысқа  салуға  мұқтаж  емес,  қайта, 

керісінше, ой елегінен өткізуге және Жоғарғы Кеңестің 

ғана емес, сондай-ақ мемлекеттік билік пен басқарудың 

барлық  институттарының  практикалық  қызметінде 

жүзеге асыруға тиісті саяси құжат екенін атап көрсеткім 

келеді.


Мен  бұл  Жолдауда  өңірлер  мен  экономика  сала-

ларының ағымдағы барлық мәселелері немесе нақты 

проблемалары  бойынша  пікір  айтуды  мақсат  етіп 

тұрғаным  жоқ.  Өзімнің  міндетімді  біршама  кең 

тұрғыда көріп тұрмын – мемлекеттік биліктің жоғары 

буындарының өкілдері саналатын, халық өзінің тағды-

рын, өзінің болашағын сеніп тапсырғандардың бәрін, 

сондай-ақ  саяси  партиялар  мен  қоғамдық  қозғалыс- 

тарды дүниеге нақты қарауға, қалыптасқан жағдайға 

бұра тартпастан баға беруге, дұрыс қорытынды жасауға 

және,  түйіп  айтқанда,  жұдырықтай  жұмылып,  сын-

дарлы жұмыс істеуге шақырамын.

Республикадағы  жағдайды  бағалауда  бізде  түбе-

гейлі  алшақтық  жоқ  деп  ойлаймын.  Ол  негізінен 

келеңсіз үдерістермен және тұрақсыз құбылыстармен 

сипатталып  отыр.  Дағдарыс  және  оның  құлдырау, 



498

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


инфляцияның  өршуі  түріндегі  ең  шетін  көріністері 

экономиканы тұрақтандыру жөніндегі біздің көптеген 

күш-жігерімізді жоққа шығарып, азаматтардың иығына 

ауыр жүк болып түсуде. Бұл шынында да солай және 

бұл фактіні ешкім де теріске шығара алмайды.

Алайда, анықталып отырғанындай, бізде көптеген 

адамдар  себеп  пен  салдарды,  мақсаттар  мен  оларға 

қол жеткізу амалдарын әлі күнге дейін шатыстырумен 

келеді. Айтыстың қызуына беріліп, дағдарыстың себеп-

тері реформалардың өзінде жатыр, бағытты таңдауда 

қателік жіберілді деп дәлелдеуге тырысатын күштер 

де табылуда. Бағытты, сонымен бірге, ақылға қонатын 

да, қонбайтын да жамандықтың бәріне кінәлі-міс деп 

есептеген  үкіметті  ауыстыруды  ұсынуда.  Президент 

те, бұрынғы-соңғы Жоғарғы Кеңес те күстәналанудан 

аман емес. 

Өзекті  өртеген  өкінішімізге  қарай,  дағдарыстар 

себептерінің бүкіл қыр-сырына және бастан кешіріп 

отырған кезеңіміздің ерекшелігіне талдау жасауға тә- 

уекел ететін саясатшыларымыз, мемлекеттік қайраткер-

леріміз немесе жайбарақат қалғып-мүлгіп отырған эко-

номика ғылымы саласындағы ғалымдарымыз тіптен аз.

Бастапқыда  өзіміз  үшін  бірнеше  мәселені  дұрыс 

тұжырымдап  алайықшы.  Қазіргі  дағдарыстың  қай-

нар-бастаулары қайда жатыр, оның бастапқы себептері 

неде?  Ол  үкімет  жүргізіп  отырған  реформалардан 

туған ба немесе басқа факторлары бар ма? Және, ақыр 

аяғында, біз бүгін тап болып отырған жағдайдан шыға-

тын жол бар ма?

Бірден айтайын: дағдарысқа киліктірген реформалар 

емес, қайта, керісінше, бізге ыдыраған Одақтан мұраға 

қалған дағдарыс одан шығудың жолдарын іздестіруге 



499

итермелеп, реформалар жолына түсуге мәжбүр етті. 

Біз  егемендікке  ие  болған  кезде  экономикамыздың 

іріп-шіру дертіне ұшырағанын бір сәт еске түсірейікші. 

1986  жылдан  бастап  КСРО-ның  және  барлық  респу-

бликалардың экономикасы күллі өзекті көрсеткіштер 

бойынша күрт нашарлай бастады. Бірақ біздің санамыз 

ол кезде мұның бар сұмдығын қабылдай алмады. Біз ел 

астанасында бәрін де біледі, бәрін де істейді және қажет 

нәрсенің бәрін де береді деген біртұтас мемлекеттің 

өлшемдерімен өмір сүрдік. Ол шынында да беретін, 

бірақ ойсыратып та алатын. Ал соңғы жылдары бер-

ген нәрселерінің басым бөлігін сыртқы қарыз ретінде 

есептей бастады. Қазақстанда ұлттық жалпы өнімнің 

құлдырауы ол кезде 7 % болды. Бірақ бұл тек алғашқы 

дабыл қоңырауы еді.

Жария етілген қайта құру іс жүзінде басталмастан 

қалды, өйткені Кремльдің өзіндегілер қай жаққа қарап 

қайта  құрылу,  қандай  түрде  және  қандай  мерзімде 

қайта құрылу керек екенін білмеді. Бүкіл халық дүдә-

мал күйде қалды да, ол шектен шыққан келеңсіз зар-

даптарға соқтырды. Экономика мен саясатта басталған 

тәжірибелер іріп-шіріген жүйенің күйреуін тездетті, 

қоғамдық-саяси құрылысты өзгерту және экономиканы 

реформалау қажеттігін түсінуге жеткізді. Супердержава 

ыдырағаннан кейін жаппай дағдарыстың сығымдалған 

серіппесі одан әрі ширығып, ақыр аяғында, өзегінен 

шығып кетті де, бізді, бұрынғы одақтас республика-

лардың бәрін қардай бораған өткір проблемалардың 

астында  қалдырды.  Тек  қазір,  тәуелсіздіктің  үшінші 

жылында ғана, біз бұрынғы империяның шикізат отары 

ретіндегі  сыңаржақ  дамуымыздың  бүкіл  салдарын, 

былайша айтқанда, жан-тәнімізбен сезінудеміз.


500

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Оқиғалардың өрбуінің ықтимал нұсқаларын есептей 

келіп, әсіресе, соңғы жылдары Қазақстан басшылығы 

Мәскеудің алдына, мәселен, біздің металлургия өнер-

кәсібімізде үшінші және төртінші қайта қорыту жасау 

туралы, жалпы одақтық қорларға ауыл шаруашылығы 

өнімдерін  беруді  кеміту  туралы,  басқа  салалар  мен 

бағыттарда  дербестікті  кеңейту  туралы  мәселелерді 

талай рет қойғанын еске сала кеткім келеді. Бірақ олар-

дың бірде-бірі оң шешімін таппады. Табуы да мүмкін 

емес еді: бізді бұрынғы қалпымызда ұстап тұру тиімді 

болатын, ал оның зардаптары ешкімді толғандырған 

емес.


Тоталитарлық партиялық-саяси құрылыс күйреді, 

держава ыдырады, бүкіл құрылымды уысында ұстап 

келген «жұдырық» ашылды. Бірақ, сонымен бірге, біз 

аса қуатты материалдық, қаржылық және инвестици-

ялық тасқындар ретінде келіп жатқан қорек көзінен де 

айрылдық. Одақ үшін қажет өндірісті қоректендіріп 

келген күретамырлар тірілей қиып тасталды, оған айыр- 

бас ретінде біз өзімізге қажетті кейбір тауар түрлерін 

алып келген болатынбыз.

Кәне, осыған басқаша, енді бүгінгі күннің биігінен 

қарайықшы. Ол өзі қандай да болсын бастаманы тұн-

шықтырудың және шектен шыққан масылдықты тәр-

биелеудің аса қуатты құралы болды ғой, осы масылдық 

көріністерінен  біздің  бүгінгі  өмірімізде  де  аяқ  алып 

жүре  алмайсыз.  Осыған  байланысты  Өскемендегі  

1 мамыр митингісінің қарарын еске түсіріп тұрмын. 

Онда  социализмнің  идеологиясы  мен  практикасына 

қайтып оралу, КСРО-ны қалпына келтіру сияқты талап-

тар баяндалған болатын. Алайда, егер мәселенің мәніне 

сәл мұқият бойлар болсақ, проблема мынада жатыр. 



501

Соңғы жылдардың бәрінде қала Орта машина жасау 

министрлігі мен Түсті металлургия өнеркәсібі мини-

стрлігі сияқты одақтық алпауыттардың қажетіне жұмыс 

істеген өнеркәсіп алыптарының есебінен дамып келді. 

Олар адамдарға жұмыс, қалаға тыныс-тіршілік беріп 

отырды.  Енді  олар  жоқ,  бірақ  онымен  қатар  оларға 

қажетті  өнімге  тапсырыстар  да  жоқ.  Республикада  

оны  сол  көлемде  өндіруге  деген  қажеттілік  те  жоқ.  

Үлбі металлургия зауытында бериллий өндірісі эко-

логиялық қауіптілігінің жоғары болуы себепті азамат-

тардың талабы бойынша жабылғанын да еске түсіруге 

болады.

Бірақ мұндай митингілердің негізгі бастамашылары 



көп ретте қалтарыста қалуды жөн көретін басқа күштер 

болып келеді. Олар – көбінесе бұрынғы және қазіргі бас-

шылар, өздерінің қарекетсіздігін бүркемелеп, күрделі 

жағдайды пайдаланып, көкейлерінде өз өндірістерін 

қайта бағдарлау жөнінде ешқандай идеялары жоқ бола 

отырып, талай адамдардың басын айналдырып біткен 

қоғамдық «көшбасшылар». Рас, онша үлкен болмаса 

да, осындай арандату әрекеттерінің дәнегі сол баяғы 

әлпешпен өсірілген масылдықтың әлі де болса нәрлі 

топырағына барып түсуде. Ештеңе өндірместен немесе 

сұраным  таппайтын  өнім  шығара  отырып,  сенімді 

жалақы алу дағдысы бізде әлі де басым.

Өзімізге мынадай сұрақ қояйықшы: осынау «халық 

қамын  жеушілер»  бізді  қандай  социализмге  –  Ста-

линнің концлагерьлік социализміне немесе болашақ 

ұрпақтардың несібесін жеп, тапайдың тал түсінде елді 

және республикаларды тонаған Брежневтің жалпыға 

бірдей теңгермешілік социализміне қайтарғысы келе 

ме? Жоқ әлде тонайтын да түк қалмаған, тек құрғақ 


502

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


уәдемен  қарық  қылған  Горбачевтің  «адам  бейнелі» 

социализміне қайтарғысы келе ме?

Бірақ өткенге қайтып оралу жоқ екені баршаға аян. 

Оның үстіне сол социализм дейтіні бізде тіпті өткен 

кездің өзінде де атымен болған емес. Тарихтың қайта-

лануы да мүмкін емес. Бола қалғанның өзінде, бірінші 

ретте  –  қасірет,  екіншісінде  фарс  түрінде  болатыны 

белгілі. Бізге мұның екеуі де жарамайды. Біз нарықтық 

экономика мен демократиялы қоғам құру жолын жете 

түсініп, бүкіл халық болып таңдап алдық. Оны адамзат 

өркениеті  дамуының  бүкіл  барысы  талап  етті  және 

онымен саналы түрде жүріп өтуіміз керек. Бұл – біздің 

болашағымыз.

Сонымен қатар, осы жолға түскеннен кейін біз оның 

объективті  заңдылықтары,  сөзсіз  қиыншылықтары 

арқылы жүріп өту және әлемдік дамудың ережелері 

бойынша әрекет ету керегін түсініп, соған әзір болуы-

мыз  керек.  Дүние  жүзінің  бірде-бір  елі  аттап  өте 

алмаған кінәратты белгілері бар дағдарыстық құбылыс- 

тар  да  –  солардың  бір  көрінісі.  Америка,  Франция, 

Ұлыбритания, Түркия, Германия, Үндістан және басқа 

да елдер ұлы күйзеліс пен құлдырауды бастан кешірді. 

Тек сілкіністер күші ғана әртүрлі болды. Кейбір елдер, 

мәселен, Оңтүстік-Шығыс Азияның «жолбарыстары» 

дейтіндер нарықтың қалыптасуының барлық «жартас- 

тарынан» жеңілдеу өтті. Базбір елдер әскери төңкеріс- 

тер мен азамат соғыстарына килікті, Латын Америка-

сында  нақ  осылай  болды  және  планетаның  басқа  да 

кейбір өңірлерінде қазір де солай болып жатыр.

Өз дағдарысымызды еңсере отырып, біз басқалардың 

тәжірибесін біліктілікпен пайдалануға тиіспіз. Бірақ 

бұл орайда өзгенің көргенін сол күйінде көшіре салу 



503

туралы  әңгіме  болмайтынын  да  ескеру  керек.  Біздің 

өтпелі кезеңіміздің өз ерекшеліктері бар екені айдан 

анық, олар ең алдымен экономиканың сыртқы фактор-

ларға барынша тәуелділігіне және оның даму деңгейінің 

тым әлсіздігіне байланысты, ал бұл – бұрынғы Одақтың 

барлық республикаларына тән сипат. Алайда әлемдік 

экономикада болып жатқан үдерістерді жақсы біліп, 

талдау жасау міндетті түрде қажет.

Нақты жағдайды басшылыққа ала отырып, ілгерілеу 

бағытын дұрыс таңдау, кезеңдерді біліктілікпен айқын-

дау,  тактиканы  белгілеу  ғана  емес,  сонымен  қатар, 

қажетті тетіктерді кезінде іске қоса білу де маңызды. 

Тегінде, Жолдауда осы жайында айтылады. Олардың 

алуандығы мен күрделілігін айқын да жете түсіну үшін 

мен, өз пайымдауымша, дамудың оңтайлы нұсқасының 

аса маңызды бағыттарын атап өтсем деймін.

Бұл жұмыстың басты назарында егемен мемлекет 

пен  нарықтық  экономика  талаптарын  немқұрайды 

түрде  емес,  нақты  ескеретін  ақша-несие  және  банк 

реформаларын жүргізу болады. Оның өзекті міндеті 

–  өрекпіген  инфляцияны  ауыздықтау  және  ұлттық 

валютаны нығайту. Өткен жылдың аяғында біз ұлттық 

валютамызды енгізіп, өз дамуымызда аса мәнді, тарихи 

бетбұрыс жасадық. Сол арқылы реформаларды жүр-

гізудің дербес әрі нақты тұтқаларына ие болу құқығына 

қол жеткіздік. Және жарты жыл ішінде бұл бағытта 

біраз  нәрсе  істелді.  Жан-жақты  қамтитын  жекеше-

лендіру бағдарламасын қабылдадық, саудада кеңінен 

ырықтандыру  жүргіздік,  экономикаға  мемлекеттің 

араласуын қысқарттық, қаржы-несие саясаты барынша 

батыл жүргізілетін болды. Қысқасы, қиын жолдан өттік. 

Бұл шаралар әу бастан оң нәтижелерін бере бастады.


504

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бірақ келесі, шешуші қадам жасайтын уақыт туды. 

Ол теңгені нығайтып, оның бағамын тұрақтандыруға 

және  инфляцияны  ауыздықтауға  ғана  бағыт  алмауы 

тиіс.  Ол  осы  міндетке  шын  мәнінде  қол  жеткізілуін 

қамтамасыз етуі керек.

Бюджет  саласында  да,  банктер  мен  кәсіпорындар 

қызметі саласында да қаржы тәртібін нығайтуға батыл 

түрде бару керек.

Біз инфляцияны ауыздықтап, ұлттық валютамызды 

нығайтуымыз керек.

Өйтпейінше, біз экономиканы сауықтыра алмаймыз, 

инфляцияның өсуін тоқтата алмаймыз, инвестициялар 

үшін қаржымыз да, несие ресурстарымыз да болмайды. 

Сөйтіп, бәрі-бәрі, тіпті мынадай ауыр кезеңде онсыз да 

қатты шайқалған адамгершілік ұғымдарымыз да әбден 

құнсызданатын болады. Адамдардың өмірі одан бетер 

нашарлайды. Кез келген экономикалық жүйенің өмір 

сүруінің соңғы табалдырығы, үмітіміздің толық күйреуі 

– гиперинфляция басталады.

Қаншалықты  ауыр  болғанымен,  бізде  қаржы 

тұрақтандырудың бірден-бір жолы қалғанын – жалақы, 

зейнетақы және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі 

жәрдемақы  төлеуге  жұмсалатын  тиесілі  қаржыны 

қоспағанда, мемлекеттің күллі шығындарын қысқарту 

керек  екенін  азаматтарымызға  барлық  жауапкер-

шілікпен ашық айтатын уақыт жетті.

Бұл – кәсіпорындарға тікелей де, жабық түрде де 

берілетін дотацияның кез келгенін тоқтату деген сөз. 

Олардың бюджеттен қаражат алуы тоқтатылуы керек, 

ал кредит нақты әрі тиімді бағдарламалар мен жоба-

ларға  шектеулі  мөлшерде  берілуі  тиіс.  Зиян  шегіп 

отырған  кәсіпорындар  ең  таяу  уақытта  банкроттық 



505

рәсіміне тартылуы керек. Салықтар мен бажға қатысты 

жеңілдіктің бәрін жою қажет. Үкімет кәсіпорындар мен 

банктердің  күмәнді  берешектерін  немесе  өтелмеген 

төлемдерін жабу жөнінде мемлекет атынан ешқандай 

жауапкершілік алмауға тиіс. Мемлекеттік органдарды 

– өкілетті, сот және атқарушы билікті ұстауға жұмса-

латын шығындар қысқартылатын болсын.

Екінші жағынан, телекоммуникация, көлік, энерге-

тика және басқалар сияқты өзекті салаларды реформа-

лауға қатыстыру үшін шетелдік ірі инвесторларды тарту 

жөнінде қабылданған шешімдердің жүзеге асырылуын 

тездету керек. Олар бойынша халықаралық тендерлер 

өткізу керек. Әрі ол істің байыбына барып, түсінікті әрі 

тиімді жүргізілетін болсын. 

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтің барлық түрінің 

бағасын босату қажет. Нанның бағасын босата отырып, 

табысы аз жандарға оның айырмасын төлеу қажет. Бұл 

долбармен емес, жұрт оның тетігін түсініп, қабылдай-

тындай болу үшін білгірлікпен, нақпа-нақ жүргізілуі 

тиіс. Жалпы алғанда, мен үкіметтен бюджеттің шығысы 

мен кірісіне қатаң бақылау жасауды талап етемін. Ал 

біздің Қаржы министрлігіміз кірісті қалыптастыруда 

тым әлсіз және шығыс туралы әңгіме болған кезде тым 

көңілшек. Ахуал қалай өзгерсе де, бюджет орындауға 

келгенде қатаң болуға тиіс. Экономиканың жеке сала-

ларының немесе бағыттарының пайдасына қандай да 

болсын қысым көрсетуді немесе қолпаштауды батыл 

тоқтату керек. Бюджет – мемлекеттік саясат құралы, 

сондықтан оны корпоративтік, өңірлік және басқа да 

мүдделердің пайдасына жұлмалай беруге жол жоқ.

Ұлттық  банк  жөніндегі  жағдайды  батыл  түрде 

өзгерту қажет. Біз оны басты мақсатқа емес, басқа түрлі 


506

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мақсаттарға пайдаланып, желпілдетумен келдік. Әуел 

баста  оны  Жоғарғы  Кеңеске  бағындырдық.  Одан  не 

шықты? Ол тікелей парламент сессиясына бағынышты 

болған  жоқ  емес  пе!  Оған  Экономикалық  реформа 

жөніндегі комитет басшылық жасады, ал онда бірде-бір 

банк маманы болмайтын. Тек жаңа бюрократия үшін 

әбден  қисынды  өзгеріс  жасалды  –  жариялылықтың 

жалт етпе кезеңінде әшкереленген «телефон құқығы» 

партаппараттан парламент аппаратына көшті.

Қазір Ұлттық банктің басқармасына үкімет басшыла-

рын енгіздік. Бірақ бұл да тиімді бола қойған жоқ. Ұлт-

тық банкті қандай да болсын өкілетті де, атқарушы да 

органдардың бағыныштылығы мен қамқоршылығынан 

шығарып,  теңгені  тұрақтандыру  жөнінде  шындап 

жұмыс істеуін қатаң талап ету қажет.

Мұндай  шешімдер  қабылдап,  нақ  осындай  бюд-

жетті бекіту маған да, сіздерге де ауыр екенін білемін. 

Баршамызға қиын соғатынын да білемін. Кәсіпорын-

дар тоқтайды, көптеген жұмыссыздар пайда болады, 

наразылық білдірушілер көбейеді, тағы да митингіге 

және сондайларға шақырушылар табылады. Бар пәлеге 

алдымен мені, содан соң, әрине, сіздерді де кінәлаушы-

лар болады. Соған да шыдап бағу керек. Тек үкіметті 

ғана емес, парламентті де, Президентті де отставкаға 

кетіру керек дейтін үндеулер көтеріледі. Кетіруге де 

болады.  Бірақ  нарықтық  экономикаға  көшудің  заң-

дылықтары мен соларға байланысты қиындықтар қала 

береді. Оларды аттап өтетін де, алдап кететін де ешкім 

жоқ. Тек қымбат уақыт босқа шығын болады.

Егер біз өз Отанымыздың нағыз патриоты болсақ, 

егер  дағдарыстан  шығуға  шынымен  мүдделі  болып, 

сол арқылы халқымызға лайықты өмір әперуді қала-



507

сақ, біз осы қиындықтарға қасқая қарсы тұрып, оларға 

шыдап беруге тиіспіз. Осыдан 50 жыл бұрын, нацистік 

Германияға  қарсы  соғыс  кезінде,  Ұлыбританияның 

Премьер-министрі Уинстон Черчилль өзінің халқына 

арнаған сөзінде былай деген: «Бұл бәрімізден құрбан-

дықты талап ететін ауыр да қиын соғыс болмақ, бірақ 

бізде басқа таңдау жоқ». Ол соғыста жеңіске жету үшін 

ауыртпалық пен қайғы-қасіреттен өтуге тура келетінін 

халқынан жасырғысы келмеді. Қазақстан саяси тәуел-

сіздік алды. Бірақ біз енді өзіміздің экономикалық дер-

бестігіміз үшін күрес жүргізудеміз, шайқас үстіндеміз 

десек  те  болады.  Сондықтан  мен  бүкпесіз  айтайын: 

Қазақстанның әрбір азаматынан, бірінші кезекте, біздер 

мен сіздерден елеулі күш-жігер жұмсау қажет болады.

Бүкіл  экономикалық  реформаны  үдетудің  осын-

дай мейлінше маңызды және мейлінше басты бағыты 

жекешелендіру, жеке сектор мен бәсекені қарқынды 

дамыту, өндіріс пен еңбектің ынталандырушы қуатты 

тұтқаларын жасау, әлеуметтік қорғаудың тиімді тетігін 

қалыптастыру саласындағы жаңа міндеттермен табиғи 

түрде  ұштасады.  Салық  саласында,  банк  жүйесінде 

елеулі өзгерістер жасау қажет.

Құқықтық реформа жүргізу аса ірі міндеттер топ-

тамасы болып алда тұр. Ол реформалардың экономи-

калық топтамасына, былайша айтқанда, «тірек» болып 

қана қоймай, сонымен бірге, оны серпінді түрде жүргізу 

үшін өзіндік бір локомотив рөлін де атқаруға тиіс.

Осы міндеттердің бәрін шешу стратегиялық бағыт-

тың сабақтастығын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, 

ұсынылып отырған саясаттың әрбір жиынтығы, әрбір 

қыры  сапалық  жаңа  мазмұнмен  байытылған.  Алға 

мақсат қою жағынан да, оларға қол жеткізу әдістері 


508

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жағынан  да.  Сөз  жоқ,  оларды  жүзеге  асыру  жеңіл 

болмайтыны және белгілі бір шығындарды қажет етуі 

мүмкін екені даусыз.

Қолданылатын шараларды терең пысықтаудың аса 

маңыздылығы және олардың орындалуы үшін жоғары 

жауапкершілік осыдан туындайды. Барлық іс-әрекет 

және ықтимал нәтижелер мұқият ескеріліп, олардың 

салдары алдын ала талдануы тиіс.

Халықтың реформаларға қатысуға деген ынтасының 

арта түскені де біз үшін маңызды фактор. Адамдардың 

психологиясында, бірте-бірте болса да, әйтеуір сапалы 

бетбұрыс болып жатыр. Олар нарықтық қатынастарға 

барған сайын көбірек бейімделіп келеді. Соңғы сұрау 

салудың  деректеріне  қарағанда,  халықтың  70 %-ға 

жуығы  нарықтық  өзгерістер  бағытын  қолдайды.  Ал 

Қазақстан реформалау жолына түскен бастапқы кезеңде 

бізде оны жақтаушылардың саны 20 % ғана болған еді 

ғой.


Адамдарымыздың  санасындағы  мұндай  бетбұрыс 

біздің таңдап алған бағытпен мақсаткерлікпен әрі дә -

йекті түрде ілгері басуымызға негіз береді.

Менің  пікірімше,  бүгін  таңда  алдымызға  қойып 

отырған міндеттерді шешуде өзекті маңызы бар мәсе-

лелердің біріне неғұрлым егжей-тегжейлі тоқталғым 

келеді.  Ол  –  қоғамның  рухани  жай-күйі,  республи-

кадағы тұрақтылық ахуалы, ұлттық және азаматтық 

татулық.  Осыдан  бір  жылдан  әрегіректе  Қазақстан 

қоғамының өркендеуі мен көркеюге қарай ілгері басуы 

негізінде оны жалпыұлттық топтастырудың идеясын 

ұсынғанымда мен осыны еске алған едім. Бұл идеяны 

бүкіл  Қазақстан  халқы  қолдағанын  уақыт  көрсетіп 

отыр.


509

Одан арғысын айтайын: егер біз өзіміздегі қазіргі тату-

лықты, әсіресе, ұлттық татулықты сақтап, орнықтыр- 

масақ, онда алдымызда шыңырау тұрғанын Қазақстан-

ның әрбір саясатшысы, әрбір партиясы, қоғамдық қозға-

лысы, әрбір азаматы айқын сезінуге тиіс. Егемендікпен, 

реформалар ісімен және өзіміз бен балаларымыздың 

болашағы жайындағы небір армандармен біржолата 

қоштасуға тура келеді. Сондықтан біз барлық ісімізді 

араздықты қоздырып, азаматтық тыныштық пен ұлт-

тық  татулықты  бүлдіруге  әрекет  етушілер  еліміздің 

заңдарының бүкіл қаталдығы бойынша қатаң жауап-

кершілікке тартылатындай етіп қоюға тиіспіз.

Бұрынғы КСРО тарихы мен біздің қазіргі тарихымыз 

мұндай іс-әрекеттер тұтас халықтың қайғысымен аяқта-

латынына  бәрімізді  үйрететіндей-ақ  болды.  Рефор-

малар  бағытын жүргізуші басшылар жікке бөлінген 

қоғамда белгіленген істі жүзеге асырудың ешқашан да 

сәті түспегенін есте сақтаулары қажет.

Өтпелі  кезеңнің  қиындықтары,  қайшылықтардың 

шиеленісуі  дағдарысты  құбылыстармен  қосыла  кел-

генде,  күрделі  әлеуметтік-экономикалық  жағдайды 

ықтималды  шиқанды  құбылысқа  айналдырады. 

Адамдар арасындағы кез келген қақтығыс дәрі толты-

рылған кеспекке тиетін сіріңке тәрізденді. Әсіресе ол 

ұлтаралық негізде болса, тіпті қауіпті еді. Тегі, шынын 

айтқанда, бұған ұлтаралық қатынастардың өзі себепші 

болуы ықтимал еді. Осынау қақтығыстардың бәрінің 

астарында  қылмыстық  әрекеттер  жатты.  Қарабақ 

қақтығысы нақ осыдан басталған-ды. Әуелі Агдамда екі 

әзірбайжан өлтірілді. Бұған кек алу ретінде Сумгаитте 

ойрандаушылар 32 армянның өмірін қиды. Бұдан кейін 

қақтығысқа екі тараптан да саясатшылар араласты, ал 

олар шын мәнінде ондаған, одан кейін жүздеген, ал 



510

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бара-бара  тіпті  мыңдаған  адамдардың  тағдыры  мен 

өміріне елең етпейтін де еді. Өздерінің жауыздық істерін 

тындырған олар қазір саяси аренадан кетті, ал Армения 

мен  Әзірбайжанның  арасында  азамат  соғысы  жүріп 

жатыр.  Өз  мемлекеттерінің  экономикасын  көтеріп, 

өздері  мен  балаларына  қалыпты  тұрмыс  жағдайын 

жасау орнына адамдар бірін бірі өлтіріп жатыр.

Өткен жылы бізде екі қазақтың өлтірілуіне байла-

нысты елірген тобыр шешен халқы тұратын қыстақты 

талқандауға тарпа бас салған Өскемендегі қақтығысты 

еске алыңыздаршы. Сонда біз оларды иландыра білдік, 

қырғынға жол бермедік және жағдайды сақтап қала 

алдық. Ал бүгін және ертең қалай болмақ? ОМОН мен 

әскерді сақадай сайлап отыра береміз бе?

Күнбе-күнгі  қажырлы  еңбекпен  еліміздегі  тепе-

теңдікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтап қалып 

отырмыз. Бұл үшін зор күш-жігер жұмсап, іс жүзінде 

жағдайға  күнделікті  бақылау  жасап  отыруға  тура 

келетінін жасырмаймын. Бірақ бұл біздің ілгері қадам 

басуымызға көмектесіп, шет елдегі әріптестеріміздің 

назарын  аударуда  және,  ең  бастысы,  ішкі  өмірімізді 

тыныштандыруда.

Бірақ өзімізге өзіміз адал жауап берейікші: адамда-

рымызды барынша тыныштандырып, болашақ үшін 

алаңдаушылықтың қалайда орын алып отырған жүгін 

олардан да, өзімізден де алып тастау үшін бәрін ескеріп, 

бәрін істей алып отырмыз ба? Мен бұл сұраққа «иә» 

деп  жауап  бере  алмаймын.  Ол  ол  ма,  бұл  істе  жай 

ағаттықтар ғана емес, қателіктер де көп деп санаймын.

Мен үшін өте зор және республика үшін төтенше 

маңызды  көші-қон  мәселесін  алайықшы.  Бұл  үдеріс 

табиғи  ғой  деп  өзді-өзімізді  жұбатып,  осы  пробле-



511

маға біршама жеңіл қарап жүрген жоқпыз ба? Әрине, 

елінде болсын, одан тысқары жерлерге кетумен болсын, 

тұрғылықты жерін таңдау құқығын жүзеге асыру мүм-

кіндігі адамдарда әрқашан-ақ болған. Бірақ осы пробле-

маның төңірегінде бояуды қалыңдата жағуға ұмтылу, 

шындықты боямалап көрсетуге тырысып, сөйте тұра 

ешнәрсе болмағандай сыңай таныту әрекеттері менің 

зығырданымды қайнатады.

Статистикаға көз салайық. Ғасырдың соңғы ширегі 

бойына  Қазақстан  кетушілердің  саны  келушілердің 

санынан артық түсетін өңірлердің қатарында болып 

келді.  1960-шы  жылдардың  соңынан  бастап  мұндай 

басымдық шамамен 20 мың адамдай болды. Ал 1980-ші 

жылдары 80 мың адамға жетті. Алайда соңғы уақытта 

халықтың миграциялық көшуі күрт ұлғайды, сөйтіп, 

өткен жылы 222,1 мың адамға жетті. Егер бұрын халық 

саны  тұрақты  түрде  өсіп  келген  болса,  өткен  жылы 

тұңғыш рет оның азаюы тіркелді. Бірақ мұның себебі 

неде  екені  әлі  күнге  дейін  ешкімді  толғандырып,  не 

ойландырып көрген емес.

Әрине,  ондай  себептер  әртүрлі  –  отбасының 

жағдайы, жұмыс орнын ауыстыру, оқуға түсу, тарихи 

отанына қоныс аударуға тілек білдіру және басқалар. 

Көшіп-қонушылардың  құрылымында  әскерилердің 

үлес  салмағы  едәуір.  Ұйымдасқан  түрде  жұмысшы 

күшін тарту деп аталатынмен бізге жәй ғана «ғасыр 

құрылыстарында» жұмыс істеу үшін келгендердің ара-

сында да кетушілер аз емес.

Дегенмен  әуелі  бұл  жөнінде  ойына  да  келмеген 

көптеген адамдардың белгілі бір сәтте психологиялық 

қолайсыздық сезінетін болғандығынан ғана кетіп жатқа-

нына көз жұма қарауға болмайды. Ол бәрінен бұрын 


512

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


асыра сілтеушілікке, күрделі әлеуметтік-мәдени бағдар-

ламаларды жүзеге асырудағы асығыстыққа байланысты 

көптеген факторлардың жиынтығынан құралады. Әрі 

менің  айтқандарымның  бәрін  әлдекімнің  қысымына 

көну деп қабылдамау керек. Бұл жіберілген қателіктерді 

түзету, қалыптасқан жағдайға ақыл таразысына салып, 

өркениеттілікпен келу үшін қажет.

Бірінші  кезекте  бұл  тіл  саясаты  мен  мемлекеттік 

тілдің мәртебесіне қатысты. Бұдан бірнеше жыл бұрын 

Орталық  Комитеттің  идеологиялық  басшылығымен 

үкіметтің бұрынғы құрамы қабылдаған қазақ тілі мен 

басқа да тілдерді дамытудың бағдарламасы қазақ тілін 

енгізу тәртібі мен мерзіміне қатысты жіберілген асыра 

сілтеушілікке байланысты қоғамды бірден дүрліктіріп 

жіберген болатын. Әрі ол көптеген қазақтарды да тұ- 

йыққа тіреген еді. Ол тез арада қайта қарауды қажет 

етеді деп ойлаймын. Кешіктірмей тіл туралы жаңа заң 

қабылдау керек және орыстілді халықтардың өздерінен 

гөрі қазақтардың және басқа халықтардың дамуы үшін 

аса қажетті орыс тіліне деген кемсітушілік атаулыны 

алып тастау керек. Әрі сонда қазақ тілін дамыту мен 

оны бүкіл халықтың үйренуі жөніндегі нақты шаралар 

белгіленуі тиіс.

Ал жергілікті, сондай-ақ астаналық шенеуніктердің 

тырысуымен кадр саясатында асыра соғып та, кем соғып 

та қиғаштықтар жіберілгені құпия нәрсе ме? Мысалы, 

Тіл комитетінде 30 қазақтан басқа небәрі 3 орыс, 2 ұйғыр 

және  1  әзірбайжан  істейді.  Ал  бұл  барлық  тілдерді 

дамытумен және олардың проблемаларымен айналы-

сатын ведомство емес пе. Оның есесіне агроөнеркәсіптік 

кешенді басқару жөніндегі мәртебелі жиында он бес 

басшының  үшеуі  ғана  қазақ.  Мұндай  қиғаштықтар 



513

орталықта да, жергілікті жерлерде де орын алған. Сөз 

жоқ, мұны түзету керек.

Айтпақшы,  шенеуніктер  туралы.  Ұқыпсыздықты 

болдырмау,  қабілетсіздердің  билік  басына  келуіне 

тосқауыл  қою,  барлық  деңгейдегі  басшылардың  жа- 

уапкершілігін арттыру үшін мемлекеттік қызметшілер 

туралы заңда олардың, сондай-ақ үкімет мүшелерінің 

Отанға және оның мүдделеріне адал болуға ант беруі 

көзделуін  ұсынамын.  Оған,  сонымен  қатар,  антты 

бұзғаны үшін тиісті әкімшілік және қылмыстық шара-

лар мен санкциялардың қолданылуын енгізу қажет.

Жоғары және арнаулы орта оқу орындарына талап-

керлерді қабылдауда үйлесімсіздікке жол берілді. Бірақ 

мұнда да кейбіреулер жағдайды барынша әдемілеп көр-

сетуге тырысты. Ономастикалық комиссияның ойлас- 

тырылмаған, «шаппай бер» жұмысы да бүлдірушілік 

үлесін  қосты.  Көшелердің,  елді  мекендер  мен  тіпті 

ірі  қалалардың  аттарын  жаппай  өзгерту  біржақты 

сипат алды, қоғамдық пікір, халықтың этнографиялық 

құрамы, ал кей ретте ғасырлар бойғы дәстүрлері және 

ең бастысы – бұқаралық сананың психологиясы еске-

русіз қалды.

Біздің аса көрнекті ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың 

есімін мәңгі есте қалдыру үшін астананың тарихынан 

міндетті түрде Луи Пастердің есімін өшіріп тастаудың 

қажеті  болмағанымен  сіздер  келісетін  шығарсыздар 

деп ойлаймын. «Қайта атаушылар» 1920-шы жылдары 

Қазақстанға тырысқақ індетімен күресу үшін француз 

медиктерінің  бір  тобы  келгенін,  олар  өздерінің  ұлы 

отандасы ашқан вакцинаны пайдаланып, біздің осынау 

сұмдық кесапаттан құтылуымызға көмектескенін біл-

гені  жөн  еді.  Сөйтіп,  біздің  қаламыздың  риза  көңіл 


514

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


тұрғындары сол ізгі ниетті мекеме орналасқан көшені 

Пастердің есімімен атаған болатын. 

Ал суретші Николай Хлудов, этнограф Александр 

Затаевич, композитор Евгений Брусиловский секілді 

жарқын тұлғалардың және басқа да көптеген көрнекті 

адамдардың есімдерін лайықты есте қалдыру үшін біз 

қолдан келгеннің бәрін жасадық па?

Тұрмыстық деңгейде ұдайы кездесе беретін ұлтшыл-

дық тұрғыдағы кикілжіңдерге біз әлі күнге дейін жете 

мән бермей келеміз. Ал көп пәленің көзі, бәлкім, нақ 

осында жатқан шығар. Ұшқыннан өрт шығатын орта 

нақ осы болар.

Мұның өзі біздің қарапайым қарым-қатынас мәде-

ниетін, адамға деген жәй құрметті тәрбиелеумен шын 

мәнінде  шұғылданбайтынымыздың  айғағы.  Тағы  бір 

айта кетерлігі – бұл белгілі бір ұлтқа ғана тән емес, бұған 

жұрттың бәрі кінәлі. Өз қызметтеріне қатысты базбір 

мәселелерді қойғанда көп ретте әдептілік пен сыпайы-

гершілік таныта бермейтін орыс қауымдас тықтарының 

өкілдеріне де кінә қоюға тиіспін. Қазір «аға» да, «іні» де 

жоқ, бәрі заң мен өз ожданы алдында бірдей екенін мен 

талай рет айтқанмын.

Осы  «тұрмыс  деңгейі»  дейтінге  назар  аударатын 

уақыт жетті деп санаймын. Ұлттық белгісі бойынша 

біреуді қорлағаны үшін қатаң жазалау керек. Бірақ, ең 

бастысы, балабақшадан бастап өндіріске дейін тоқтат-

пастан тәрбие жұмысын жолға қою керек. Бұған Білім 

министрлігінің  барлық  құрылымдары,  депутаттар 

және, әсіресе, әкімдіктер қосылуға тиіс. Үкіметке келсек, 

ол тиісті арнайы бағдарлама әзірлеуі керек.

Екі  жақтың  да  ойластырылмаған  іс-қимылдары 

шынайы патриотизмнен шалғай жатқанын батыл айта 



515

аламын.  Бір  кезде  Лев  Толстой  да  кейбір  жағдайда 

патриотизм  әсте  ізгі  сезім  бола  алмай  қалады  деген 

болатын. Бұл кімде-кім бір халықтың екінші халықтан 

артықшылығын өршелене дәлелдемек болғанда көрі-

неді деп көрсетті ұлы гуманист.

Қандай да бір ұлттың құқығын қорғауға идеялық 

құлшыныстан, оны қалай да бірдеңеден құр қалғандай 

етіп көрсетуге тырысушылықтан көп ретте ұлтшыл-

дық лебі еседі. Осы негізде туған патриотизм тез арада 

патриоттық айғайға, содан кейін ұлтшыл патриотизмге 

ауысады, ал оның фашизмнен арасы жарты-ақ қадам. 

Мұның бәрі жау іздеумен, ең алдымен, басқа ұлт өкіл-

дерінің арасынан іздеумен ушығады. Ұлтаралық жан-

жалдың шығуы үшін ілік табылды деген, міне, осы. Енді 

қалғаны тек сылтау ғана, оны әрдайым не қылмысты 

элемент, немесе шетқақпайлар «ұйымдастыра» алады.

Көші-қон  проблемаларына  қайта  орала  отырып, 

Қазақстан шын мәнінде сан миллион адамның Отанына 

айналғанын атап көрсеткім келеді. Бұл – баға жеткіз-

гісіз адам капиталы. Одан айрылу – еліміз үшін үлкен 

шығын. Республика дамуының экономикалық перспек-

тиваларына келсек, көші-қонның күшеюі оған елеулі 

түрде әсер етпек, өйткені негізінен алғанда инженерлер, 

техниктер, мұғалімдер, дәрігерлер, білікті мамандар, 

әдетте, белсенді еңбек жасындағы адамдар көшіп кетіп 

жатыр ғой.

Бізде мемлекет деңгейіндегі көші-қон проблемала-

рына қатысты жұмыс бытыраңқы, оны тиісті үйлестіру 

болмай  отырғанын  айтайын.  Қазіргі  жағдайдың  өзі 

Көші-қон жөніндегі департаменттің, Ішкі істер және 

Сыртқы істер министрліктерінің, қоғамдық ұйымдар-

дың  салмақты  көзқарасын,  ойластырылған  іс-қи-


516

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мылын,  білікті  де  тыңғылықты  жұмысын  талап  етіп 

отыр. Көші-қонның әлеуметтік-саяси, экономикалық 

салдарын ескере отырып, көші-қон тасқынының сти- 

хиялық түрде ұлғаюын болғызбау үшін, оларды басқа-

рудың ұтымды бағдарламасын жасаған жөн. Бірінші-

ден, миграцияны тұрақтандыруды халықтың жұмыспен 

қамтылған бөлігіне байланысты заң жүзінде ынталан-

дыруды жүзеге асырып, еңбек және жұмыспен қамту 

бөлімдерінің жауапкершілігін арттыру керек, өйткені 

жұмыссыздық проблемалары, демек, еңбек ресурста-

рын бөлу ісі солардың көмегімен шешілетін болады. 

Қазақстанға қайтып оралған адамдардың зейнетақысын 

қайта ресімдеуде артық әуре-сарсаңға жол бермеу үшін 

зейнеткерлік заңнамасына да тиісті түзетулер енгізіп, 

бұл мәселелерді ТМД-ның басқа мемлекеттерінің пар-

ламенттерімен келіскен жөн.

Бүгінде азаматтық туралы мәселе де өзінің көкей-

кестілігін  жойған  жоқ.  Ескі  парламенттің  бұл  про-

блемалармен егжей-тегжейлі шұғылдануына уақыты 

жетпей қалды. Олқылықтарды тез арада түзетуге тура 

келді.  Осы  жылғы  ақпанда  Президенттің  азаматтық 

туралы заңға елеулі өзгерістер енгізу туралы жарлығы 

шықты. Онда азаматтық алу рәсімі едәуір жеңілдетілді, 

оны алудың мерзімі қысқартылды, азаматтардың тір-

келіміне  қатысты  қағидалар  баяндалды.  Бұған  қоса, 

Мәскеудегі наурыз сапарының барысында азаматтық 

мәселесі  бойынша  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы 

меморандумға қол қойылды. Енді бұл мәселелерді одан 

әрі түзетудің барысы Қазақстан мен Ресей парламент-

теріне байланысты.

Бізге таяу уақытта адамдардың тіркелімі мен тұрақты 

мекенжайларын таңдауына қойылатын әртүрлі заңсыз 



517

шектеулерді алып тастау жөніндегі құқықтық кепіл-

діктердің пәрменді жүйесін жасау қажет. Жергілікті 

төрешілдіктің, ішкі істер бөлімдерінің, паспорт қыз-

метінің жұмысындағы әртүрлі бұрмалаушылықтарға 

тосқауыл  қойып,  Отанына  қайта  оралған  барлық 

адамдардың ұлтына қарамай, азаматтықты қолма-қол 

алуы туралы мәселе қарау керек деп ойлаймын.

Мұның қажеттігін қайта оралушылардың көбеюі де 

талап етіп отыр. Көңіл-күйдің әсерімен кеткен адамдар 

өздеріне лайықты іс таппай, кейде тіпті жаңа жерлерде 

өздеріне жатсына қараған көзқарасқа риза болмай қай-

тып келіп жатыр. Кейде Қазақстанда адал еңбегімен 

тапқан барлық мүлкінен айрылып қайтатындар да бар. 

Сондықтан біз олардың жайғасуына көмектесуге тиіспіз.

Уақыт бізді асықтыра түсуде, өйткені адамдардың 

болашағына сенімсіздігі оларды қалу немесе кету мүм-

кіндігінің бірін таңдауға мәжбүр етеді. Көші-қон үдеріс- 

терін және оларды туғызу себептерін талдаудан мен 

біздің мемлекетіміз шеше алатын немесе көршілерімен 

бірге шешуі үшін не керектің бәрін істей алатын про-

блемаларға ғана тоқталдым.

Айтылғандарды тұжырымдай келіп, мен Қазақстан-

ның бірегейлігін және өзінің көпұлттылығымен күшті 

екенін тағы да еске салғым келеді. Ол көптеген тарихи 

себептермен қалыптасқан. Сондықтан біз оны аттап 

өте алмайтын шындық ретінде қабылдауға тиіспіз. Бұл 

жерде көпмәдениетті бірегей кеңістік қалыптасты, ал 

оның бастылары қос арна болып тартылған.

Бірі қазақ мәдениетінің әрі оның құрамдас элемент-

терінің және, ең алдымен, тілінің қайта түлеуінен көрініс 

береді. Жоғалтып алғанды қалпына келтірудің объек-

тивті үдерісі жүріп жатыр. Республикада өмір сүретін 


518

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


халықтардың барлығы мұны түсінуге және қабылдауға 

тиіс. Және есте болатын нәрсе: ерікті немесе күштеумен 

болғанына қарамастан, мұнда келген адамдардың бәрі 

осы жерден өз Отандарын табуы үшін нақ осы қазақ 

халқы мүмкін болған нәрсенің бәрін жасады. Ашықтығы 

мен  жан  ізгілігі,  мұқтаж адамды жылытуға,  онымен 

қолдағы барын бөлісуге ықтиярлығы – қазақ халқының 

генетикалық сипаты. Ол ешкімге және ешқашан жек-

көрушілік немесе астамшылық сезімін танытқан емес, 

ешқашан  да  ұлтаралық  жанжалдың  шоғын  үрлеуге 

ұмтылған жоқ.

Екінші арна – негізін орыс халқының ежелден келе 

жатқан дәстүрлері мен сан ғасырлық даму барысында 

солар  бойына  сіңіргеннің  бәрі  құрайтын  орыстілді 

мәдениет. Бұл мәдениет – тек славяндардың ғана емес, 

сонымен  бірге,  Қазақстанды  мекендейтін  барлық 

халықтардың игілігі, олардың мәдени әлеуеті. Мұны 

жоққа шығаруға әрекеттенетіндер, оқшаулануға ұмты-

латындар  өздерін  жалпыәлемдік  мәдениеттің  нәрлі 

қайнарларынан мансұқ етеді.

Біздің, қазақтардың, орыс мәдениеті мен әдебиетін 

таң-тамаша сезіммен оқып-үйренетініміз әрі таниты-

нымыз, ал екінші жағынан – біздің сайын даламыздың 

рухы  осында  тұратын  әрі  Қазақстанға  бауыр  басқан 

адамның жаны мен тәніне терең бойлағаны ешкімге 

де құпия емес. Сондықтан республикамыздың барлық 

азаматтарына ортақ айрықша бір қасиет – өзін өзі біре-

гейлендіру бар екені жайында айтуға болады. Біз осы 

ортақтықты сақтау мен дамыту үшін, баршамыздың 

ортақ  шаңырағымыздағы  тыныштық  пен  татулықты 

бұзғысы  келетін  кез  келген  күштерге  тойтарыс  беру 

үшін әрекет етуге міндеттіміз. 



519

Дербес өмір сүретін мәдени арналарды мойындау 

олардың бір-бірін өзара толықтыратынын, өзара байы-

татынын жоққа шығармайды, әрі бұл ассимиляциялану 

дегенді  де  білдірмейді.  Қазақстанның  көпмәдениет-

тілігі  қоғамымыздың  дамуындағы  ілгерішіл  фактор 

екеніне күмән жоқ. Сондықтан біз өзімізге тарих берген 

мүмкіндіктерді толық көлемінде пайдалануға тиіспіз. 

Біздің еуразиялық тамырларымыз шығыстық, азиялық, 

батыстық,  еуропалық  арналарды  тоғыстыруға  және 

көпмәдениеттілікті дамытудың бірегей қазақстандық 

нұсқасын жасауға мүмкіндік береді.

Біздің  парламент  қазіргі  өмір  шындығына  сәйкес 

әрі  әртүрлі  ұлттық  мәдени  арналардың  өмір  сүруін 

ескере отырып, мәдениетті дамытудың түбегейлі жаңа 

заңнамалық  базасын  құруы  қажет  деп  есептеймін.  

Оның негізіне этностық белгілер бойынша кемсітушілік-

тің кез келген түріне жол бермеуге және Қазақстанның 

барлық азаматтары үшін тең мүмкіндіктер қағидатын 

толық  іске  асыруды  қамтамасыз  етуге  бағытталып, 

заңнамаға  енгізілетін  өзгерістер  мен  толықтырулар 

алынуы тиіс. Барлық этностардың мүдделері мен жал-

пыұлттық  мүдделерді  ескеретін  заңдар  топтамасын 

қабылдамайынша,  республикада  ұлтаралық  келісім 

мен азаматтық татулықты құрып, нығайту мүмкін емес. 

Бұл – менің кәміл сенімім.

Біздің ортақ үйіміздегі татулық пен келісімді қамта-

масыз  ету  мақсатында  барлық  қоғамдық  күштердің 

арасында бәтуаға қол жеткізу қажеттігін ескере отырып, 

басқа да шараларға баруға болар еді.

Еліміз үшін ең басты бұл міндеттерді шешудің, менің 

ойымша, екі жолы бар.



520

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Біріншісі – әсіресе, мынадай күрделі өтпелі кезеңде 

халықтардың  сенімі  мен  достығын,  республикадағы 

татулық пен тұрақтылықты нығайтуды өз міндеттеріне 

алуға тиісті барлық саяси партиялар мен қозғалыстар-

дың, бұқаралық ақпарат құралдарының арасында ерікті 

келісім жасау.

Екіншісі  –  азаматтардың,  саяси  және  қоғамдық 

ұйымдардың,  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 

тарапынан болатын қоғамдық-саяси тұрақтылыққа кез 

келген қол сұғушылыққа қарсы заңнамалық тыйым салу 

және қатаң санкциялар енгізу.

Мен біріншісін таңдар едім.

Жоғарғы Кеңес, депутаттар өздерін сайлаған адамдар-

дың еркін білдіре отырып, келісімге бастайтын осындай 

қадамның бастамашылары бола алар еді. Оның үстіне  

өзіміз  көздеп  отырған  реформаларды  жүргізу  үшін 

мұның өмірлік маңызы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет