Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер


Экономикалық ынтымақтастық ұйымына



Pdf көрінісі
бет20/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына  

мүше мемлекеттер басшыларының  

кездесуінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Түркия Республикасы, Ыстамбұл қаласы

1993 жылғы 6 шілде

Құрметті әріптестер!

Біз  Ыстамбұлға  өз  халықтарымыздың  мүдделері 

үшін экономикалық прогреске бірлесе қадам бассақ 

деген жауапты миссиямен жиналып отырмыз.

Өңірлік  ынтымақтастықтың  өзекті  мәселелерін 

талқылап, пікір алмасу үшін 10 мемлекеттің басшылары 

келген осы форумға Қазақстанда зор мән беріледі.

Экономикалық  ынтымақтастық  ұйымына  (ЭЫҰ) 

қатысушы  елдердің  әлеуетін  ескере  отырып,  оның 

шеңберіндегі  ынтымақтастықтың  зор  болашағы  бар 

деп үміт артуға болады.


387

Бүгін  қарастырылып  жатқан  Ыстамбұл  декла-

рациясы  мен  Кветтин  жоспары  оған  қатысушылар 

үшін алдағы талай жылдарға арналған экономикалық 

ынтымақтастықтың негізгі кезеңдерін айқындап береді. 

Мұндай ауқымдағы құжаттар стратегиялық пайымдау- 

ды  қажет  етеді,  сондықтан  оларды  талқылау  үдерісі 

біздің  жаңа  өзара  қатынастарымыздың  кең  аясында 

жүргізілуі тиіс.

Мен алдағы міндеттерімізді пайымдаудың сұлбасын 

айқындап өтсем деп едім. Дегенмен, әуелі Қазақстанның 

ЭЫҰ-ға мүше болуға ниет білдіруінің себебін айтсам 

деймін. Ол себептер, ең бері салғанда, үшеу.

Біріншіден, бізге бұл ұйымның кез келген мемлекет-

тің кіруі үшін ашықтығы ұнайды, ал ол Ізмір шарты-

ның 36-шы бабында бейнеленген. Екіншіден, ол – осы 

ұйымның  атынан  да,  негіз  қалаушы  құжаттарының 

бәрінен де көрінетін бейсаяси сипаты. Және, үшінші-

ден,  Қазақстанның геосаяси орналасуына  да,  тарихи 

дәстүрлеріне де байланысты оның Азиядағы барлық 

көршілерімен тығыз экономикалық ынтымақтастыққа 

деген табиғи ұмтылысы бар.

Біздің ТМД-дағы мемлекетаралық өзара ықпалдас- 

тық  тәжірибеміздің  ЭЫҰ  үшін  белгілі  бір  пайдасы 

болуы мүмкін екенін атап айтуға тиіспін. Осы өңірлік 

ұйымның шеңберінде неғұрлым тиімді ынтымақтастық 

пен экономикалық байланыстарды түйсініп, нығайту-

дың  жолдарын  іздестіру  үшін  бұрынғы  Одақ  респу-

бликалары арасындағы экономикалық ірге бөлісу мен 

шаруашылық  байланыстарды  үзу  фактісі  мейлінше 

тәлімді.

Біздің  тағы  бір  аса  маңызды  тағылым  алғанымыз 

бар. ТМД-дағы интеграцияға шектен тыс тежеу болған 


388

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


маңызды себептердің бірі кейбір мемлекеттердің эко-

номикалық  өзара  ықпалдастықтың  еуропалық  және 

америкалық бағыттарына тым үйірсектенуі болды. Біз 

сияқты тәуелсіз жаңа мемлекеттерге өзара әрекеттес- 

тіктің тепе-теңдігін мұқият салғастырып, сыртқы эко-

номикалық байланыстардың ықтималды нұсқаларын 

таңдауға  неғұрлым  жауапкершілікпен  қарау  қажет 

болар деймін.

Ондай нұсқалар соншалықты көп те емес. Солардың 

бірі – ТМД-дағы интеграцияны нығайтып, өз халықта-

рымыздың  мүддесі  үшін  ТМД  мен  ЭЫҰ  арасында 

неғұрлым тығыз өзара әрекеттестік орнату. Бұл үшін 

негіз бар: біздің орталықазиялық мемлекеттеріміз осы 

қоғамдастықтардың екеуіне де кіреді. Тағы бір нұсқа – 

бәріміздің ірге бөлісіп, өз бетімізше, дербес өмір сүру. 

Бұл, бәлкім, біреулерге ұнар, бірақ біздің дәстүрімізге 

келмейді, өйткені Азия халықтарының салтында күр-

делі шаруаның бәрін тастүйін жұмылып, бірге атқару 

қалыптасқан.

Тағы бір өзекті мәселе біз қарым-қатынасымызды 

қалай орнатып, ЭЫҰ мен әлемдік қоғамдастық арасын-

дағы жемісті өзара әрекеттестігімізді қалай дамытуы-

мыз керек дегенге саяды.

Менің ойымша, бірінші кезектегі міндеттердің бірі 

біздің елдеріміздегі көлік және коммуникация жүйе-

лерін дамыту жөніндегі күш-жігерлерімізді үйлестіру 

проблемасы болса керек. Бүгінде сарапшылар әртүрлі 

баламалы көзқарастарды талқылауда.

Біреулер көлік ағыны мен құбырлардың өту жолын 

«Солтүстік-Оңтүстік» формуласы бойынша, яғни ТМД 

республикаларынан Иран арқылы Парсы шығанағына 

қарай ұйымдастырған жөн деседі. Бұл – дамудың өте  



389

бір  қызғылықты  әрі  экономикалық  жағынан  тиімді 

тәсілі.

Енді  біреулер  бүгінде  ТМД-ның  орталықазиялық 



елдерінің  «Шығыс-Батыс»  формуласы  бойынша 

Батысқа шығуы, яғни көлік тасқынын Кавказ бен Түркия 

арқылы Еуропаға және Жерорта теңізіне қарай жіберу 

тиімдірек деседі.

Мен  «әлде  анау,  әлде  мынау»  дейтін  ұстаныммен 

нұсқа таңдау дұрыс болмас еді деп ойлаймын. Одан гөрі 

«анау да, мынау да» ұстанымымен өмір сүрейік, өйткені 

кез келген шекке шығушылық біздің халықтарымыздың 

мүддесін әйтеуір бірдеңеден шектейді, ал бізге керегі – 

олардың өркендеуі.

Өткен жылы Ашғабадта біз трансазиялық теміржол 

желісінің құрылысын жеделдету және өзіміздің астана-

ларымызды жалғастыратын халықаралық автомобиль 

байланысын ашу жөнінде келіскеніміз белгілі. Темір 

жол мен автомобиль жолдарының, әуе және су жолда-

рының осы заманғы халықаралық көлік желісін қалып-

тастыру жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру үшін 

ЭЫҰ елдерінің Көлік министрлер комитетін және оның 

жанынан ұдайы жұмыс істейтін атқару комиссиясын 

құрғанымыз жөн болар еді.

Аталған  комитет  біздің  елдеріміздің  көлік  жүйе- 

лерінің  жай-күйін  ғылыми  тұрғыдан  пысықтауға 

байланысты  міндеттерді,  халықаралық  жүк  және 

жолаушылар тасымалының көлемін айқындап, қаты-

нас  жолдары  мен  көлік  тораптарының  техникалық 

пайдалану  сипаттамаларын  қорытып,  халықара-

лық  жол  қатынастарындағы  көлік  шығындарының  

деңгейін белгілеп және басқа да жұмыстарды атқаратын 

болады.


390

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Мәселелердің екінші бір қомақты топтамасы мұнай-

газ құбырларын жобалап, құрылысын жүргізумен бай-

ланысты. Барлық елдердің әлеуетін ұтымды пайдалану 

мүмкіндіктерін ойластыру біздің ортақ мүддемізге сай 

екенін атап көрсеткім келеді. ЭЫҰ-ға мүше елдердің 

энергетика  саласындағы  сарапшыларының  жақында 

Алматыда өткен кеңесі көптеген тартымды жобалар 

мен шешімдердің бар екенін көрсетті. Тиісті елдердің 

мамандары  жақын  арада  жұмысқа  кірісіп,  үстіміз-

дегі  жылғы  қыркүйекте  Тегеранда  ЭЫҰ  энергетика 

жөніндегі комитетінің министрлер деңгейіндегі кезекті 

мәжілісін  өткізіп,  іс-әрекеттің  бірлескен  жоспарын 

жасаса дұрыс болар еді.

Қазақстан  үшін  және,  пайымдауымша,  ЭЫҰ-ның 

кейбір басқа мүшелері үшін телекоммуникациялар-

дың осы заманғы жүйелерін, соның ішінде біздің елдер 

арасындағы жүйелерді де тездетіп жасау аса маңызды 

болмақшы, онсыз қазіргі іскерлік өмірдің және біздің 

экономикаларымызды әлемдік шаруашылық байланыс-

тарына кіріктірудің ешбір мәні болмайды.

Біз өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларын-

дағы ынтымақтастыққа да барынша мүдделіміз, біздің 

экономикаларымыздың  бірін  бірі  толықтыратын-

дығына байланысты онда мейлінше зор мүмкіндіктер 

бар.

ЭЫҰ шеңберінде сауданы ырықтандыру мен кеден 



саясаты саласындағы ынтымақтастық, тауар тасымал-

дау үшін жағдай жасау, сөз жоқ, біздің елдеріміздің 

арасындағы  сауданы  жандандыра  түседі,  әрі  біздің 

бір-бірімізбен саудаласарлық нәрселеріміз де аз емес.

ЭЫҰ  шеңберінде  қоршаған  ортаны  қорғау,  қыл-

мыспен және нашақорлықпен күрес, кадрлар даярлау, 



391

мәдени алыс-беріс пен туризм секілді өзара мүдделі 

басқа салаларда да жемісті ынтымақтастыққа үміттіміз.

Бұған дейін атап өткенімдей, осы проблемалардың 

бәріне негізінен өңірлік сипаттағы әртүрлі көзқарастар 

бар.  Бұл  проблемаларға  құрлықтық,  бүкіл  Азияға 

ортақ көзқарас тұрғысынан қараған дұрыс болар еді. 

Сонда  біз  ЭЫҰ  өзіміздің  ұлы  құрлығымыздың  төрт 

тарабына түгел тиімді көліктік және коммуникациялық 

тасқындардың құлаш жаюына ұмтылуы тиіс екеніне 

көз жеткізер едік.

«Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» бағыт-

тары  бойынша  көліктік  және  коммуникациялық 

тасқындардың  нақ  осы  тоғысында  Орталықазиялық 

ортақ  рынок  қалыптасып,  нығаятын  болады,  ал  біз 

– ерте ме, кеш пе – бәрібір соны ресімдеуге жететін 

боламыз деп ойлаймын.

ЭЫҰ-ға кіретін, біз үшін алыс шетел болып есеп-

телетін мемлекеттерден Қазақстан тек Иранға ғана – 

Каспий теңізі арқылы тікелей шыға алады. Біз өзіміздің 

экономикалық дамуымыздың осы бір бағытына тарихи 

да,  экономикалық  та  тұрғыдан  мүдделіміз  және  өз 

елдеріміз халықтарының мүддесі үшін оны қалай да 

іске асыруға міндеттіміз. Бүгінде Түркиямен қарқынды 

экономикалық өзара әрекеттестігіміз қалыпқа түскенін 

атап айтуым керек, ал Қазақстанның Иранмен және 

Пәкстанмен  қарым-қатынасына  келсек,  біздің  әлі 

пайдаланылмаған резервтеріміз жетіп артылады. Әрі 

біз оларды бұрынғыдан гөрі белсендірек дамытатын 

боламыз.


Біздің экономикалық өзара әрекеттестігіміздің сол-

түстік бағыттағы дәстүрлі ынтымақтастығымызбен бірге 

Қазақстанның оңтүстік және шығыс бағыттағы шептерін 


392

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


де нығайта бермекке ұмтылуы мейлінше табиғи болар 

деп ойлаймын.

Енді ЭЫҰ-ның әлемдік қоғамдастықпен қарым-қа-

тынасын дамытуға тоқталып өтуіме рұқсат етіңіздер.

Біздің құрлығымыздың көптеген аса ірі елдерінде 

түркі-мұсылман халықтарының едәуір ірі топтары өмір 

сүреді. Біз сондай мемлекеттермен қатынастарымыз- 

ды  белсенді  түрде  дамытуымыз  керек.  Біздің  барша 

дүниеге  ашықтығымыз,  жаңа  байланыстарды  дамы-

тудағы әлдебір этностық және басқа түрлі тосқауыл-

дардың жоқтығы – өте елеулі жетістік және оны толық 

көлемінде пайдалануға ұмтылу керек. Бірінші кезекте 

бұл Қытаймен және Үндістанмен қарым-қатынастарды 

ширатуға қатысты. Бұлар – біздің көршілеріміз, ал көр-

шімен тығыз және белсенді түрде ынтымақтасқан жөн.

Менің ойымша, біз кейбір қайшылықтардан арыл-

сақ, уақыт өте келе бүкіл Азия құрлығында салмағы 

мен ықпалы күшті, өркендеген ұйымға айналар едік.

Сауда-экономикалық байланыстардың дамуы, сөз 

жоқ, өңірдегі жағдайға игілікті ықпал етуі, тұтастай 

алғанда,  Азиядағы  тұрақтылық  пен  қауіпсіздікті 

нығайту ісіне іргетас қалауы тиіс. Осыған байланысты 

ЭЫҰ  шеңберіндегі  ынтымақтастықты  біз  Азиядағы 

өзара іс-қимыл және сенім шаралары құрылымдарын 

құру жөніндегі елеулі бағыттардың бірі ретінде қарас- 

тыратынымызды атап көрсеткім келеді. Ортақ күш-жі-

геріміз арқылы біз бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және 

ең алдымен бүкіл Азия құрлығының мүдделеріне сай 

келетін осынау өте маңызды, жауапты іске өз үлесімізді 

қоса алған болар едік деп ойлаймын.

Әрине,  біздің  елдеріміздің  халықаралық  қызметі 

бір ұйымның шеңберімен тұйықтала алмайды және 



393

жеке елдердің де, ЭЫҰ-ның да өзге өңірлік әрі халықа-

ралық  ұйымдармен  және  ең  әуелі  БҰҰ-мен  ынты-

мақтастығы тек бәріміздің игілігімізге айналады. Осы 

айтылғандарды  ескере  отырып  және  өңірдің  саяси 

тұрақтылығына,  әлеуметтік-экономикалық  дамуына 

ықпалдасу,  оны  әлемдік  шаруашылық  байланыста-

рына тарту, Арал және Каспий теңіздерінің жаһандық 

қатерге ұласу қаупімен байланысты экологиялық апат-

тың алдын алу мақсатымен Қазақстан Республикасы 

БҰҰ-ның Орталық Азия жөніндегі комиссиясын құру 

дұрыс болар еді деп санайды.

Егер сіздер осы ұсынысты қолдасаңыздар, сондай-ақ 

бұл  халықаралық  қоғамдастық  пен  БҰҰ  тарапынан 

қолдау тапса, онда біз Алматыда өз халықтарымыздың 

игілігі үшін оның жемісті жұмыс істеуіне қажет жағдай-

лардың бәрін жасаған болар едік.


394

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Ядролық қаруға қарсы  

халықаралық конгресте 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1993 жылғы 30 тамыз

Е

гер  біз  басымыздан  өткеріп  жатқан  уақытты 

сипаттау керек болса, онда оны, сірә, екі мыңжылдық 

ауысатын деп қана емес, сонымен бірге, қоғамдық-саяси 

формациялардың жаһандық алмасу уақыты деп атауға 

тура келетін шығар. Дүниеде жұмыр жерді мекендеген 

адамдардың тағдыр ортақтығын, соғыс атаулыға және 

әсіресе адамзаттың ядролық қатерге ұшырау қаупіне 

қарсы күрестің қажеттігін түсінушілік құлаш жайып 

келеді.


1949 жылғы 29 тамызда Семей маңында ядролық бом-

баның жарылуы Қазақстан тарихының қасіретті бетін 



395

ашып берді. Ұзақ жылдарға созылған адамгершілікке 

жатпайтын ядролық сынаулардың қорытындысы аса 

ауыр экономикалық, әлеуметтік, рухани күйзелістерге 

алып келді. Олар халықтың мойнына зілмауыр салмақ 

болып түсті. Соның салдарын біз әл-әзір толық сезініп 

үлгермегенімізбен, халықтың қарсылығы әлдеқашан-ақ 

пісіп-жетілген болатын. Сондықтан Қазақстан Прези-

дентінің Семей полигонын жабу жөніндегі Жарлығы 

өзінің ішкі проблемаларын дербес шешетінін табанды 

түрде мәлімдеген жас мемлекеттің тұңғыш актілерінің 

бірі болғаны тегін емес.

Оның  үстіне,  мұндай  қадам  әлемдік  тәжірибеде 

алғаш рет қабылданды және көптеген мемлекеттердің 

ядролық  қаруға  деген  көзқарастарын  өзгертіп,  бұл 

проблемаға неғұрлым салмақтылықпен және жауап-

кершілікпен қарай бастағанына белгілі бір дәрежеде 

әсер етті.

Мұндай  сындарлы  көзқарастың  қалыптасуына 

«Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының 

қызметі де ықпал етуде. Бұл қозғалыс Қазақстаннан 

тысқары  жерлердегі  халықтардың  да  қауіпсіздігін 

ойлаған  жұртшылықтың  алаң  көңілінің  өзіндік  бір 

индикаторына  айналды.  Өзге  елдердің  қоғамдық 

ұйымдары да бұған өз үндерін қосуда.

Сірә,  осы  арада  қарапайым  адамдарға  қарағанда 

көптеген саясаткерлердің, ғалымдардың, әскерилердің 

көздерінің ашылуы едәуір кеш жүретінін атап көрсету 

орынды  болар  деймін.  Менің  бұдан  екі  жыл  бұрын 

Алматыда өткен Ядролық қаруға қарсы бірінші конгрес- 

ке қатысқаным бар және базбір ғалымдардың жылдар 

бойы ядролық қару жасауға қатысып, әскерилермен 

бірге адамдарды радиациялық қатерге душар еткені 


396

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


үшін кешірім сұрағандары есімде. Осындай азаматтық 

ерліктің  үлгісін  бірінші  болып  Андрей  Дмитриевич 

Сахаров  көрсеткен  еді.  Бұл  жолға  мемлекеттер  де 

шықты. Маған ядролық қарудан соншама жапа шек-

кен, әйтсе де екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқаны 

үшін жауапкершілікті өз мойнына алып, халқын сол 

үшін тәубеге келуге шақырған ел – Жапония үкіметінің 

қадамы құрметке лайық көрінеді.

Тәубеге келудің соңы нақты істерге жалғасуы керегін 

түсінемін. Мемлекет адамдарға денсаулығын, күш-қу-

атын, жастығын қайтарып бере алмағанымен, қиянат 

көргендерге жоғалтқандарының өтеуін қайтару – оның 

қасиетті борышы. Бұл проблема біздің Қазақстанда, 

бәлкім,  Ресейдегіден  де  өктем  болмаса  кем  тұрған 

жоқ,  өйткені  оны  ушыққан  экономикалық  дағдарыс 

жағдайында шешуге тура келіп отыр. Әйтсе де, ядролық 

полигон жабылғаннан кейін біздің үкіметіміз ядролық 

жарылыстардың салдарын жою мен қоршаған ортаны 

сауықтыру  туралы  шешімдер  қабылдады,  оларды 

тұжырымдауға және орындауға сіздердің қозғалыста-

рыңыздың сарапшылары да қатысуда. Қазақстан ауқы-

мында халықтың қауіпсіздігіне тұңғыш рет мұншама 

көңіл бөлініп отыр. Алайда халықаралық көмексіз өз 

күшімізбен бұл проблеманы еңсеру іс жүзінде мүм-

кін емес. Бұл ретте ядролық жарылыстың ең жоғары 

жиілігі бізде, Қазақстанда, болғанын да ескеру қажет. 

Әрине, біз өзіміз үшін сауықтыру жұмысының бәрін 

орындап  беруді  әлемдік  қоғамдастықтан  сұраудан 

аулақпыз. Бірақ жұртшылық пен саясаткерлер шын 

мәнінде  Жапонияның  қасіретті  сабағын  қайталап 

отырған Қазақстанның өкінішті тәжірибесінен радио- 

экологиялық  қауіпсіздік  проблемаларын  бірлесіп, 



397

ортақ күш-жігер арқылы шешу қажеттігін түйсінулері  

керек.

Сіздермен  бірлесе  отырып,  біз  қоғамда  сары- 



уайымшылдықтың,  әлеуметтік  түңілушіліктің  белең 

алуына жол бермеуіміз керек. Әсіресе, экологиялық 

масылдықтың жөні жоқ. Неге десеңіз, кей-кейде өңірді 

апат аймағына жатқызу талабы экологиялық проблема-

ларды шешу жөніндегі нақты жұмысты алмастыратыны 

бар. Бұл радиоактивті қалдықтарды көму сияқты күр-

делі жұмыстан қылаң беріп қалады. Қалай болғанда, да 

өз қалдығымызды өзімізде сақтауға мәжбүр екенімізді 

түсінуге тиіспіз – тек ғалымдар мен жобалаушылар, 

жұртшылық өкілдерімен бірлесе отырып, жобалардың 

экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан оңтайлы нұсқала-

рын табулары керек. Ал әзірге Қазақстанда осы уақытқа 

дейін радиоактивті қалдықтарды сенімді бақылауды 

қамтамасыз ететін бірде-бір өңірлік объект жоқ екенін 

мойындауға мәжбүрміз.

Айтпақшы,  бұл  –  ядролық  энергетиканы  конвер-

сиялаудың  аса  маңызды  экологиялық  мәселелерінің 

бірі.  Ядрошылар  радиоактивті  қалдықтарды  оқшау- 

лау  мысалында  атом  электр  стансаларын  құрудың 

қауіпсіздігін дәлелдегенге дейін республика халқы оның 

аумағында мұндай объектілерді орналастыру идеясын 

қабылдамайтыны  социологиялық  сауалдамасыз-ақ 

белгілі.

Республика үшін ядролық оқтұмсықтардың қарулық 

плутонийін пайдалану проблемасының көкейкестілігі 

де бұдан ешбір кем емес. Оны халықаралық шарттарға 

сәйкес  шешу  керек.  Біз  Қазақстан  да  Украина  мен  

Беларусь  сияқты  жаппай  қырып-жоятын  кез  келген 

қаруды сынауға тыйым салу туралы шарттың жалпыға 


398

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бірдей проблемаларын талқылауға Ресеймен бір дәре-

жеде қатысуы тиіс деп есептейміз.

Қазақстан бүкіл бұрынғы Одақтың ядролық поли-

гоны болғанын естен шығаруға болмайды, алайда біз 

сәулеленуден зардап шеккендерді әлеуметтік қорғау 

және оның салдарын жою проблемаларымен жападан 

жалғыз бетпе-бет қалдық. Бұл тарихи, адамгершілік, 

экологиялық және басқа тұрғыдан алғанда да әділет-

тілік емес. Егер біз адамгершілік қағидаттары, тарихи 

мұрагерлік пен жауапкершілік туралы айтатын болсақ, 

халық алдындағы міндеттердің құқықтық мирасқор-

лығын, әсіресе, саясаткерлерден ешкім алып тастауы 

мүмкін емес.

Ядролық  қаруға  қарсы  қозғалыс  бүгінде  өзін  бар 

дауысымен  танытып  үлгерді.  Сондықтан  ол,  менің 

кәміл сенімім бойынша, түптің түбінде атом қаруы мен 

басқа да қару түрлерін сынауға толық тыйым салып, өз 

дегеніне жетеді.

Осы залда өкілдері отырған қоғамдық ұйымдар мен 

қозғалыстар осынау игілікті және имандылықты мін-

детті шешуге аз үлес қосып келе жатқан жоқ. Оларға 

саясаткерлердің  пәрменді  қолдауы  қажет.  Мен  осы 

мінберден ядролық клуб елдерінің үкіметтеріне ядро-

лық, химиялық, биологиялық қаруларға және жаппай 

қырып-жоятын  қарудың  барлық  түрлеріне  жария-

ланған  мораторийді  2005  жылға  дейін  созу  жөнінде 

бастама білдіремін. Ядролық клуб елдерінің үкіметтері 

өз халықтарының алдында біздің дүние ХХІ ғасырға үні 

өшкен ядролық полигондармен кіре алатынын іспен 

көрсетуге нақты мүмкіндік алып отыр.



399

Ұлттық валютаның  

енгізілуіне байланысты  

Қазақ теледидары арқылы

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1993 жылғы 12 қараша

Қымбатты отандастар!

Қазақстан  Республикасының  Конституциясы  мен 

Жоғарғы Кеңесі берген өкілдіктерге сәйкес мен үстіміз-

дегі жылдың 15 қарашасындағы таңғы сағат 8-ден бастап 

біздің елімізде ұлттық валюта – теңгені енгізу туралы 

Жарлыққа қол қойдым.

Осы сәттен бастап нағыз тәуелсіз Қазақстан мемле-

кетінің  қалыптасуы  мен  дамуындағы  мәні  бойынша 

жаңа, бетбұрысты кезеңнің есебі басталады. Мұндай 

оқиғалар әр елдің тарихында тек бір-ақ рет болады. 

Біздің  бәріміз  өзіміздің  ұлттық  валютамызды  енгізу 


400

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қажеттігін туғызған жағдайлар мен себептердің шектен 

тыс мәнін түсінуге бойлай білуіміз керек. Біз үшін оның 

тек экономикалық қана емес, сонымен бірге, саяси да 

теңдесі жоқ мәні бар.

Президенттің,  Парламент  пен  Үкіметтің  жүргізіп 

келе жатқан бағыты өзара тиімді ынтымақтастықтың 

басымдықтарын барынша ұтымды пайдалануға мүм-

кіндік беретін Достастық елдерінің экономикаларын 

интеграциялауға  бағытталғаны  өздеріңізге  белгілі. 

Бүгінде  Қазақстанды  осынау  стратегиялық  бағыттан 

ауытқыды деп ешкім де кінәлай алмайды. 

Біз жаңа тұрпатты рубль аймағын қалыптастыруға 

бастамашы болдық. Мүдделі мемлекеттердің жоғары 

басшылығы деңгейіндегі бірлескен күш-жігердің нәти-

жесінде тиісті құжаттарға қол да қойылды. Менің айтып 

тұрғандарым – Ресей, Қазақстан және Өзбекстан прези-

денттерінің 7 тамыздағы мәлімдемесі, жаңа тұрпатты 

рубль  аймағын  құру  жөніндегі  практикалық  шара-

лар туралы 7 қыркүйектегі алты жақты келісім және 

Қазақстанның ақша жүйесін Ресей Федерациясының 

ақша жүйесімен біріктіру туралы биылғы 23 қыркүйек-

тегі екіжақты келісім. Соңғы кезге дейін Қазақстан біздің 

республикамыздың жаңа рубль аймағына тең құқықты 

негізде кіре алатыны жөніндегі Ресей басшылығының 

әлденеше  рет  сендіріп  айтқан  сөздерін  малданумен 

келеді. Тең құқықты негіз ағымдағы өзара мүдделердің 

де, сондай-ақ экономикалық, саяси, геосаяси, тарихи 

сипаттағы  ұзақ  мерзімді  мүдделердің  де  ескерілуін 

көздейді. Өкініштісі, бүгінде талайлар біздің қарым-қа-

тынасымыздың бұл астарларын ескермейді. Көптеген 

бүкпентайлықтың тамыры осында жатыр.


401

Дегенмен, осы уағдаластықтарды нақты іске асыру 

жөніндегі  екіжақты  үдемелі  келіссөздердің  бары-

сында  үсті-үстіне  жаңа  шарттар  ұсынылумен  болды 

да, ақыр соңында, олар республиканы экономикалық 

егемендігін жоғалту шегіне қоятын талаптарға апарып 

сайды. Сонымен бір мезгілде, Қазақстанға ескі үлгідегі 

рубльді қаптату, оның бірнеше мемлекет аумағындағы 

айналымының екіұштылығы қазанның соңына қарай 

республика ақша жүйесінің шырқын бұзуға, инфляци-

яның жаңа толқынына, «қазақстандық» және ресейлік 

рубльдің сатып алу қабілетінің күрт айырмашылығына 

соқтырды. Осының бәрі біздің халқымыздың тұрмыс 

деңгейіне өте-мөте кері әсерін тигізді.

Бұлай жалғаса беруі мүмкін емес еді. Осы жағдайды 

тағы да мұқият таразылай келіп, біз өз валютамызды 

енгізуге шешім қабылдадық. Бұл экономикалық одақ 

туралы келісімнің негіз қаларлық ережелеріне қайшы 

келмейді. Ашықтық қағидаттарымызды басшылыққа 

ала отырып, біз осы қадамымыз туралы Ресейді және 

Достастықтың  басқа  да  мемлекеттерін  дер  кезінде 

хабардар еттік.

Ортақ ақша жүйесі Қазақстанның ғана емес, Ресей-

дің  де  экономикалық  және  саяси  мүдделеріне  сай 

келетініне мен қазір де кәміл сенемін. Өкінішке қарай, 

қазір стратегиялық мүдделер екінші кезекке сырғыды, 

сөйтіп, қалыптасқан жағдайға байланысты бәріміздің 

де интеграцияға аражігімізді амалсыз ажыратып, өз  

валютамызды енгізу арқылы бет алуымызға тура келіп 

отыр.


Сондықтан  ұлттық  валютаны  енгізу  туралы  мен 

қабылдаған шешім – орын алған жағдайдан шығудың 

бірден-бір жолы.


402

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Соңғы жылдары өріс алған оқиғалардың өзі респу-

бликаны жеке ақша жүйесін іске қосудың жолдарын 

әзірлеуге міндеттеді. Біз басқа елдердің, оның ішінде 

Достастық  мемлекеттерінің  де  ақша  реформаларын 

жүргізу  мен  ұлттық  валютасын  енгізу  тәжірибесін 

ескердік.  Тиянақты  экономикалық  дайындық  жүр-

гізілді, үдерістің ықтималды дамуына сараптық және 

болжамдық бағалар берілді. Жаңа ақша таңбаларының 

үлгілері жасалды, Ұлттық банк пен үкімет дереу ұлттық 

валютаның банкноттарын дайындады.

Біздің алдымызда теңгенің тұрақты жұмыс істеуі мен 

жоғары сатып алу қабілетін қамтамасыз ету, реформаны 

жүргізуде іркіліске жол бермей, ықтимал әлеуметтік 

шығындарды барынша қысқарту міндеті тұр.

Осы  мақсатта  мен  3  қарашада  жергілікті  жерде 

өкілетті өкілдері бар Ұлттық валютаны енгізу жөнін-

дегі мемлекеттік комиссия құрдым. Оған қысқа мерзім 

ішінде барлық қажетті нормативтік базаларды дайын-

дау тапсырылып, ұйымдық мәселелерді шешу құқығы 

берілді.  Комиссия  валюта  рыногының  жұмыс  істеу 

тетіктерін,  Қазақстан  кәсіпорындары  мен  бұрынғы 

рубль аймағындағы елдер арасындағы төлем тәртібін 

айқындауға, халықтың ақша ауыстыру шартын жеңіл-

детуге айрықша көңіл бөлуі тиіс.

Қыруар  жұмыс  істелді.  Мемлекеттік  комиссия 

теңгені ұйымдасқан түрде енгізудің және ескі үлгідегі 

банкноттарды ауыстырудың қағидаттарын, тәртібі мен 

шарттарын  айқындайтын  құжаттарды  бекітті.  Олар 

республикалық  және  жергілікті  баспасөзде  жари-

ялануда.  Сондай-ақ  жергілікті  жерлердегі  биліктің 

атқарушы органдарына осы жұмысқа нақты қатысу-

лары  туралы,  жұртшылықтың  барлық  жіктері  мен 



403

санаттарын, соның ішінде шалғай әрі жолы қиын елді 

мекендерде және өндірістік учаскелерде тұратындарды 

айырбаспен  қамтамасыз  етулері  жөнінде  нұсқаулар 

берілді.

Алда болатын айырбастың барлық егжей-тегжейлері 

мен рәсімдеріне тоқталмай-ақ қояйын. Олар жөнінде 

баспасөзден жан-жақты біле жатарсыздар. Тек айтарым: 

1961–1992  жылдарғы  үлгідегі  сомдар  теңгеге  500-дің 

1-ге қатынасымен ауыстырылады. Жасы 16-ға жеткен, 

Қазақстан  аумағын  тұрақты  мекендейтін  әр  адамға 

100 мың сомға дейін айырбастау мүмкіндігі беріледі. 

«Арам» ақша деп аталатынды заңдастыруға мүмкіндік 

бермес  үшін  адал  еңбексіз  алынған  ақша,  сондай-ақ 

бізге сырттан әкелінетін ақша, лимиттен асатын қолдағы 

сома банктердегі арнайы есептерге салынады. Әрине, 

бұл, жұмсартып айтқанда, таупықсыз жолмен табылған 

қолдағы ақшаны «жылыстатуға» мүдделі белгілі біреу-

лер мен қылмыстық топтардың наразылығын туғызуы 

мүмкін. Бұл ақшаларды заңды жолмен тапқан адамдар 

оларды менің 5 қарашадағы «Ақша жүйесін тұрақтан-

дыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Жарлығыма 

сәйкес  құрылған  арнаулы  комиссиялардың  шешімі 

бойынша жуық арада болатын тексеруден соң қайтып 

алуларына  болатынына  сендіргім  келеді.  Бұл  шара 

біздің мемлекетіміз тұрғындарының басым көпшілігінің 

мүддесіне қайшы келмейтініне сенімдімін.

Кәсіпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде жұмыс 

істейтіндер үшін айырбас жұмыс орнында жүзеге асы-

рылады, сол мақсатпен оларда айырбас комиссияларын 

құру көзделуде. Ескі банкноттарды ауыстыру белгілен-

ген норматив шегінде және бір-ақ рет жүзеге асыры-

лады. Жұмыс істемейтін зейнеткерлерге барынша көңіл 


404

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


бөлінеді, олар үшін айырбас зейнетақыларын алатын 

жерлерде ұйымдастырылады. Мемлекеттік комиссия 

мен құқық қорғау органдарына зейнетақы төлеу жөнін-

дегі мекемелерді жаңа валютамен орталықтандырылған 

түрде кідіріссіз толықтырып отыру және оларда тәртіп 

сақтауды қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулар берілді. 

Сол  кезеңде  тұрғылықты  мекенінен  немесе  жұмыс 

орнынан тысқары жерде болып қалған адамдардың да 

ақша айырбастау тәртібі көзделген. Халықтың ақшалай 

салымы олар сақтауда тұрған банктердің бағамы бо- 

йынша айырбасталады. Халықтың жекелеген санаттары 

үшін айырбас комиссиялары жергілікті әкімдіктерде 

құрылады.

Бөлшек сауда, ақылы қызмет саласы, жолаушылар 

көлігі  мен  байланыс  кәсіпорындарының  және  меке-

мелерінің жұмысын қасақана тоқтату немесе жұмыс 

кестесін өзгерту көріністері мен әрекеттерінің бәріне 

үзілді-кесілді тосқауыл қойылуы керек. Мемлекеттік 

комиссияның өкілдеріне осындай және басқа да тәртіп 

бұзушылықтар мен қиянаттардың жолын кесу жөнінде 

кең өкілеттіктер берілген.

Кәсіпорындардың,  ұйымдар  мен  банктердің  бас-

шылары баланстарды, шоттарды, салымдар мен басқа 

да рубльдік міндеттемелерді қайта есептеу бойынша 

қыруар  жұмыс  атқарулары  керек.  Соңғы  екі  аптада 

Қазақстанның,  Ресей  мен  Өзбекстанның  арасындағы 

ынтымақтастық туралы бұрын қол жеткен уағдалас- 

тықтарға қоса, ұлттық валютаны енгізуге байланысты 

үкіметтер мен орталық банктер арасында өзара мін-

деттемелер  мен  өзара  қолдау  туралы,  саудадан  тыс 

төлемдер және басқалар туралы келісімдер жасалғанын 

айта кетуге тиіспін.



405

Сөз жоқ, біз валютаны өндірістің құлдырауы тоқтап, 

халықтың  тұрмысы  жақсарған  соң,  ақша  жүйесін 

тұрақтандырып барып енгізсек, өзімізге жеңіл болар 

еді. Реформаны қыс мезгіліндегі, былайша айтқанда, 

шығынды жағдайларда жүргізуге байланысты белгілі 

бір қиыншылықтар бар. Бірақ бізде таңдау жасарлық 

уақыт қалған жоқ.

Жағдай қандай қиын болса да, біз әлеуметтік-эко-

номикалық реформалар бағытын жалғастыра беруге 

міндеттіміз.  Әйтсе  де  тактикалық  тұрғыдан  басым-

дықтарды басқаша белгілеуіміз керек. Ақша айырбастау 

фактісінің өзі – негізі, техникалық мәселе. Бізді басқа 

түрдегі  қиыншылықтар  күтіп  тұр:  алғашқы  күннен 

бастап-ақ  теңгеге  демеу  жасап,  оны  алтын-валюта 

резервтерімен және тауарлармен қамтамасыз ету қажет. 

Бұл ретте көп нәрсе үкімет пен Ұлттық банктің, жер-

гілікті жерлердегі басқару органдары мен кәсіпорын-

дардың өздерінің білікті және үйлесімді жұмыс істеуіне 

байланысты. Демек, сіз бен біздің бәрімізге байланысты. 

Ендігі жерде сыртқы факторларға, өзге мемлекеттерде 

қабылданатын  шешімдердің  үйлесімдігіне  сілтеме 

жасаудың жөні жоқ. Экономикалық саясаттың жалпы 

бағыттылығы,  бір  жағынан,  мемлекеттің  шектеулі 

ақша-несие және бюджет-салық саясатын қатаң түрде, 

дәйектілікпен жүргізуінен, екінші жағынан, кәсіпорын-

дар мен шаруашылық жүргізуші барлық субъектілердің 

өз қызметінің қаржылық нәтижелері үшін жауапкер-

шілігін арттыруынан көрінетін болады.

Үкіметтің  алдына  жаңа  жағдайдағы  іс-әрекеттің 

түзетілген  жоспарын  парламентке  ұсыну  міндеті 

қойылды. Несие эмиссиясына қатысты жүгенсіздікті 

тоқтататын уақыт жетті. Біз ақша жүйесін тұрақтан-


406

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дыру үшін біршама уақытқа шын мәнінде «желбуаз» 

несиелер беруден бас тартатындай жағдайға тірелдік.

Бюджет саласында салық жүйесінің тиімділігі мен 

ынталандырушылық рөлі арттырылып, салық алымда-

рының бюджетке толық түсуі қамтамасыз етілуі тиіс. 

Бюджет қаражатын қатаң үнемдеу режіміне нақтылы 

көшуді жүзеге асырып, табыстың өсуін сұранысқа ие 

тауарлар шығаруды ұлғайтуға тәуелді ету керек. Сон-

дай-ақ популистік талаптардан, бүгінгі күнгі қисынсыз 

жобалардан бас тартып, бюджетке түсетін зілбатпан әрі 

ұдайы орынды бола бермейтін әлеуметтік жүктемені 

барынша кеміту ләзім. Көрпеге қарай көсілген дұрыс. 

Өз валютамыз болғандықтан, ақшаның жаппай құнсыз- 

дануына соқтыратын қаржы саясатын жүргізе беруге 

болмайды.

Ішкі  валюта  рыногын  қалыптастыру  мен  дамыту 

қажеттігі күрт артып келеді. Теңгенің нарықтық баға-

мын анықтаудың және оны тұрақты деңгейде ұстаудың 

пәрменді тетігін жасау қажет. Көп кешікпей-ақ теңгені 

мемлекеттердің валюталарымен айырбастау ұйымдас- 

тырылады.  Валюта  рыногын  ұйымдастыру  да  біздің 

экспортымызды тұрақтандыруы, ал ол, өз кезегінде, 

ақша бірлігімізді нығайтуы тиіс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет