Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38

* * *

369

Идеялық топтасу тұғырнамасы жан-жақты талқы-

лауды қажет етеді. Қазақстан қоғамының жаңа дүние-

танымын қалыптастыру ісі әлі бастапқы кезеңінде тұр. 

Алайда біз өзіміздің ертеңгі істеріміздің нақты бейнесін 

көре білуге тиіспіз. Болашақ ұрпақтар бұдан да әріге 

көз сала жатар.

Бүгін таңда біз дәуірлік идеологиялық құрылымды 

орнатып жатқан жоқпыз. Бірақ өтпелі кезеңнің тоқы-

рау уақыт емес екенін түсіну маңызды, оның өзіндік 

даму қисыны, алысты көздеген мақсаттары, идеялық 

негізделуі  бар.  Еліміздің,  өзіміз  бет  алған  қоғамның 

болашақ өркениетті даму негіздері нақ бүгін қалануда. 

Біз бұрынғыша ойлаудың құрсауынан, көрмеген жол-

дың  қорқынышынан  арылуымыз  керек.  Тегінде,  біз 

дүниежүзілік өркениет салған жолмен келе жатқаны-

мызды түсінуге тиіспіз. Бірақ біздің ерекшелігіміз бен 

қиындығымыз сол, бізге дейін нарыққа көшуді мемле-

кеттілік құру мен қоғамды демократияландыру ісімен 

бір мезгілде ешкім де жүзеге асырмағандығында.

Қазақстан өркендеу жолын түпкілікті таңдап алды. 

Бұл  жолдан  біз  өзімізге  іскерлік  пен  мақсаткерлікті 

серік етіп, орасан зор материалдық және адамгершілік 

әлеуетін жұмылдыра отырып қана өте аламыз.



370

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


XVIII ғасырдағы Қазақстанның  

көрнекті мемлекет қайраткерлері  

Төле би, Қазыбек би, Әйтеке биді  

еске алу күндерінде

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы, 

1993 жылғы 28 мамыр

Ардақты ағайын! Қадірлі меймандар!

Бүгін біздің бәрімізді осынау қасиетті биіктің басына 

бір ой, бір тілек, бір мақсат жетелеп әкеліп отыр. Өскісі, 

өркендегісі  келетін  елдердің  қай-қайсысы  да  қадым 

замандардан тарихын айрықша қастерлеп, ондағы дара 

тұлғаларды, ел болып еңсе көтерулеріне ерекше еңбек 

еткен  асыл  азаматтарын  айрықша  ардақ  тұтатынын 

жақсы білеміз. Шүкір, біздің тарихымызда да елім деп 

еңіреп өткен ерлер, халық қамын жеп өткен қайраткер-

лер аз болмаған. 



371

Дешті Қыпшақты билеп тұратын Шәйбан тұқымы-

мен ат құйрығын кесісіп, қол астындағы ұлыстарын Шу 

бойына алып келіп, Қазақ деген ел еткен Керей мен Жәні-

бектің орны бөлек. Бұрын бір-біріне тәуелсіз үш мем-

лекеттің құрамында жүрген көшпелі тайпалардың үш 

жүз аталып, жаңа саяси одаққа бірігуін тиянақтап берген 

Хақназар ханның аты алты алашқа мәлім. Өз тұсында 

жаңа бой көтерген елдің есесін ешкімге жібермей, бір 

жорықта 200 мың кісіні атқа мінгізе алған, өзінен кейін 

қасқа жол қалдырған Қасым ханның қасиеті ерекше. 

Мықты білегімен де, түкті жүрегімен де айбынды атқа 

ие бола білген еңсегей бойлы ер Есім мен Салқам Жәңгір 

де ел есінен мәңгілік орын алады. Есімнің немересі, Жәң-

гірдің бел баласы Тәуке хандық құрған ХVІІ ғасырдың 

аяғы мен ХVІІІ ғасырдың басы – қазақ елінің абыройы 

асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезең болды. 

Бұл жайында белгілі тарихшы А. И. Левшин былай 

деп  жазыпты:  «Тәукенің  аты  аталса,  бар  қазақтың 

жүрегін алғыс кернеп, мақтаныш билейді. Қазақ орда-

ларының Ликургы, айдаһары – сол адам. Тәуке алауыз 

болып,  қырғынға  бөккен  елді  сабаға  түсіріп,  ру  мен 

рудың арасындағы талай жылғы қантөгісті тоқтатты, 

ақылы мен әділдігінің арқасында жұрттың бәрін өзіне 

мойынсұндыра  білді,  әлсіз  рулардың  басын  қосып, 

әлуетті дұшпанға қарсы қоя алды, күштілерді тізеге 

салып, тәубесіне келтірді, баршаға ортақ заң жасап, сол 

бойынша билік айтты».

Тәуке Қазақ хандығын бір орталықтан басқарудың 

нақты тетігін тапты, жыл сайын атақты Мәртөбеде үш 

жүздің игі жақсыларының басын қосып, ел өмірінің 

келелі мәселелерін талқылады.

Қазақ қоғамына ондай біртұтастық дарытып, ынты-

мақ орнықтырған ежелгі ереже-қағидалардың үлгілі 

нұсқасы, халықтың тәртіп-низамының, салт-дәстүрінің 


372

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жүйелі жиынтығы – атақты «Жеті жарғы» еді. «Жеті 

жарғы» – дана бабаларымыздың «Қасым ханның қасқа 

жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын мемлекет 

басқару мен халық билеудің қалыптасқан жосықтарын 

негізге алып, сахараның сол замандағы тұрмыс-тірлігін, 

қоғамдық, әлеуметтік ахуалын ескере отырып, келешек-

тің қамын ойлап, жан-жақты байыпталған заңгерлік 

ұлы мұрасы еді.

Әрине, тарихтың талай соқталаңын бастан кешкен 

дала жұртының қабырғалы халық, іргелі ел болып кете 

қоюы оңай шаруа емес еді. Ол екі тізгін, бір шылбырдың 

көреген көкірек, қайратты қолға тигенінің арқасы еді. 

Ел мен ер, тәуекел мен парасат біріге қимылдап, бірлесе 

қайрат көрсеткенінің арқасы еді. Ендеше, сол бір жан-

жақтан жау анталап, іргеден қиқу кетпей тұрған тұста 

күллі ұлтты түгел ұйытып, ұйымшылдыққа бастаған 

рухани ізденіске мұрындық болғандар кімдер еді?

Сондай даналардың ішінде дәуірдің үш кемеңгері 

деп  танылған  Әлібекұлы  Төле  бидің,  Келдібекұлы 

Қазыбек бидің, Бәйбекұлы Әйтеке бидің орны бөлек. 

Барша қазақ баласы аттарын ардақтап, айтқандарын 

жаттаған осы үш бабамыздың ел алдындағы еңбегіне, 

халық қамын жеген қасиетті ісіне сөз жеткізіп баға беру 

қиын-ақ. Халық болып сақталғанымыз, міне, бүгін еге-

мен ел атанып, тәуелсіздік туын тігіп отырғанымыз, тіпті 

басқасын былай қойғанда, ата-баба жерінде басымыз 

аман, бауырымыз бүтін жүріп жатқанымыз үшін бүгінгі 

ұрпақ  осы  аталарымыздың  аруағының  алдында  бас  

иеді.

Үш данагөйдің өнегелі өмірі, ел қамын жеген адал 



еңбегі,  топ  бастаған  көсемдігі,  от  ауызды,  орақ  тілді 

шешендігі, мүлтіксіз әділдігі жөніндегі айтар әңгіме аз 

емес. Олардың аузынан шыққан бітімді бата, кесімді 

баға, ордалы ой, бейнелі теңеу, төрт аяғы тең жорға 



373

толғаулар ғасырдан-ғасырға жұрт жадында жатталып, 

бүгінгі  күнге  жетті.  Осынау  асыл  мұра  –  билер  сөзі 

кім-кімді де таңдандырмай, тамсандырмай қоймайды. 

Билер данышпандығының бір ғана сәтін бүгінгі жиында 

еске түсіре кетейік.

Қалмақ ханы Қонтажы: «Датыңды айт», – дегенде, 

Қаз дауысты Қазыбек бабамыз:

Біз қазақ деген мал баққан елміз, 

Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. 

Елімізден құт-береке қашпасын деп, 

Жеріміздің шетін жау баспасын деп, 

Найзаға үкі таққан елміз. 

Ешбір дұшпан басынбаған елміз, 

Басымыздан сөз асырмаған елміз. 

Достығымызды сақтай білген елміз, 

Дәм-тұзды ақтай білген елміз, 

Асқақтаған хан болса, ордасын таптай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, 

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды! 

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз. 

Сен қалмақ болсаң, біз қазақ, қарпысқалы келгенбіз,

Сен темір болсаң, біз көмір, еріткелі келгенбіз,

Қазақ, қалмақ баласын теліткелі келгенбіз. 

Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, 

Танысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. 

Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз. 

Жаңа үйреткен жас тұлпар жарысқалы келгенбіз,

Тұтқыр сары желіммін, жабысқалы келгенбіз. 

Берсең, жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт! 

– деп төгілткен екен.


374

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Сонда  Қонтажы  не  дерін  білмей  сасып  қалған  

дейді.


Елім деп, жерім деп жанұшырған асыл аталарымыз-

дың мұндай жан айқайын бүгінгі ұрпақ – біз айрықша 

айқын ұғынып, айрықша терең түсінеміз.

Сол бір халық тағдыры таразыға түскен тар кезеңге, 

елдің есінде «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» 

деген атпен қалған қасіретті оқиғаға тұп-тура 270 жыл 

толып отыр.

1723 жылдың ерте көктемінде бейқам жатқан Қазақ 

еліне жоңғарлар бұрын-соңды болып көрмеген жойқын 

шапқыншылық жасады. Ел еңсесін езген қатал қыстан 

шығар-шықпаста, көтерем мал әлі шыр жимай жатқан 

кезде  Шу  мен  Талас  бойына  тұтқиылдан  тап  берген 

дұшпанға қарсылық көрсетер қауқар болмай қалды. 

Бас-аяғы  екі-үш  айдың  ішінде  исі  қазақ  баласының 

басына қара түнек орнады, қазақ аспанын қасірет бұлты 

торлады. Желдің өтіндегі, жаудың бетіндегі өзге өңір-

лер тұрмақ, қасиетті Қаратаудың өзінен ел көшті. Сол 

кезде дүниеге келген атақты «Елім-ай» әнінің зарлы үні 

қазақтың ұлан-ғайыр кең даласын түгел шарлап кетті. 

Бүкіл дала:

Мына заман қай заман, бағы заман, 

Баяғыдай болар ма тағы заман, 

Қарындас пен қара орман қалғаннан соң, 

Көздің жасын көл қылып ағызамын, 

– деп «елім-айлап» күңіреніп жатты. 

«Елім-ай»  елдікті  жоқтады,  «Елім-ай»  ерлікке 

бастады.  Дана  халық  өз  бойынан  елдікті  де  тапты, 

ерлікті де тапты. Еңсесі түскен елдің есін жиғызған, жапа 

шегіп зар жылаған халықтың көзінің жасын тыйғызған 


375

кімдер еді? Азаматынан айрылған арғымаққа қайтадан 

ер салдырған, тұтастық туын қолға қайтадан алдырған 

кімдер еді?

Иә,  ағайын,  бәріңіз  білесіздер,  олар  да  жаңа  ғана 

аттары аталған қасиетті бабаларымыз Төле би, Қазыбек 

би, Әйтеке би еді.

Үш ұлы би тарихтың дәл мұндай тар өткелегінде 

бірліктен қалған жұрттың тірліктен де үміті үзілетінін 

ашық  көрсетті.  Қазақ  батырларына  үш  жүзге  сауын 

айтқызып, халықты алқалы жиынға шақырған да сол 

ұлы бабаларымыз болатын.

1726  жылы  дәл  осындай  кезде,  көктемнің  жазға 

ұласар жайсаң шағында, Қаратаудың күнгей бетіндегі 

оқшау биік Ордабасыда үш жүздің игі жақсысының, 

биі мен бегінің, батыры мен бағланының басын қосқан 

ұлы жиын өтіпті.

Ауыздан-ауызға тарап, ұрпаққа жеткен әңгімеде сол 

жиында сөзді Төле би алып, сөзін Болат ханға арнап:  

«Уау, Болат тақсыр! Тыным тапқан ел көрмей, шығын 

тапқан ел көріп қабырғам қайысып барады. Бұлаң кер-

дей бұлықсыған еліңнің бүгінгі шерін тыңдар құлақ бар 

ма? Шаңырағың күйреп, аңырауың жиілеп бара жатқан 

мынау күнде еліңнің бірлігін шыңдар шырақ бар ма? 

Тақсыр! Батқан күнге, туған айға бата ғып өткен халқың 

бауырын жаралап, жанын қаралап алдыңа тізіліп келіп 

отыр.  Тынышын  алған  ойраттан  намысын  қайтарар 

күнді күтеді. Тынысын үзген жаудан туысын, танысын 

қайтарар шақты күтеді. Зар тілегіміз – бірлік. Соған 

құлай ұйысаң, бейіл болсаң, жақыным, барым, бауы-

рым деп құлшынған ықыласыңды түгел бер. Ортаға 

үлкен сыбаға түсіп тұр. Бөліп алып, таласып, жұлмалап 

әкетпе.  Жұмыла  кірісіп,  кеңесіп  шешіп,  шын  иесіне 

құс  қылып  қондыр.  Ырғасып  кіріспейік,  жалғасып 



376

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


келісейік. Ол – бас сардарды тағайындау. Үш жүздің 

қолын  басқарар  бір  білекті  бетке  ұстау,  қауым  боп 

қауқылдасып, іріленіп шоқтық көтеру. Келелі тобыңа 

кеңесімді салдым, кірісіңдер де келісіңдер, ағайын!» – 

деп бір тоқтапты дейді Төле бабамыз.

Осы Ордабасыда үш жүздің баласы бір бәтуаға келіп, 

ата жауға аттануға анттасқаны, Қаз дауысты Қазыбектің 

ұсынысымен қазақ қолына бас сардар етіп Әбілқайырды 

сайлағаны  бүгінде  баршаға  белгілі  тарихи  шындық. 

Бас біріктіріп, күш қосқан соң-ақ халқымыздың жалы 

күдірейіп шыға келді. Дәл сол жылы үш жүздің қолы 

жаз бойы қаруланып, соғыс өнерін ұштап, күзге салым 

Сарысу бойындағы Бұланты өзенінің жағасында жоңғар 

қолын қирата жеңгені де тарихтан мәлім. Сол жеңіс 

елдің  еңсесін  көтерді,  өз  күшіне  сенімін  арттырып, 

бірлікке үндей түсті. Қазақ сарбаздарының құрамында 

қоңсы жатқан өзбек, қырғыз жұртының жаужүрек жігіт-

тері де қолдарына найза ұстап, ортақ жауға тойтарыс 

беруге үлес қосты.

Халқымыздың  жоңғар  шапқыншылығына  қарсы 

күрестегі ең ірі жеңісі – Балқаш бойындағы Аңырақай 

айқасы.  Ойраттардың  аңыраған  даусын  күллі  қазақ 

түгел  естігендей  болған  сол  шайқастан  кейін  ұрыс 

даласы Аңырақай аталып кеткені де белгілі. Бұл жеңіс 

те  ұлы  бабаларымыздың  бастамасының,  халықтың 

бірлігінің жемісі еді. Амал қанша, қазақ ол жеңістің 

қызығын ұзақ көре алмады.

Бұл кезде Орталық Азиядағы саяси жағдай бұрынғы-

дан  да  қиындай  түскен  еді.  Патшалық  Ресей  бір 

жағынан, Цин империясы екінші жағынан қазақ дала-

сына қос өкпеден қатер төндіріп тұрған болатын.

Үш  ұлы  бабамыздың  даналығы,  даралығы,  міне, 

осындай қысталаң шақта ерекше білінді. Олар елдің 


377

ертеңін дәл болжап, ұрпақты сақтап қалудың, туып-

өскен жерді сақтап қалудың жолында асқан кемеңгерлік 

көрсетті.

Міне, осы сияқты бір мақсат жолында бірге күрескен 

үш ұлы бидің өмірінен бүгін де біз алатын тағылым 

толып жатыр.

Құрметті қауым! Ғасырлар бойы халқымыз бойына 

жинақтап келе жатқан рухани бірлігіміздің тарихында  

кейде  ақаулықтар  да  болып,  өкіндіріп  жүретіні  рас. 

Соның бір дерті – Ресей империясының тұсында қазақ 

даласын отарлау барысында жүргізілген сұлтан, болыс 

сайлаулары  кезінде  ағайын  арасына  әдейі  араздық 

дарытып,  бір-біріне  қарсы  қоюшылық  саясаты,  сол 

арқылы бүкіл елдің ішіне іріткі салу әрекеттері. Бұл 

зымиян саясатты Кеңес Одағының тұсында да орталық 

басқару жүйелері асқан жымысқылықпен пайдаланды. 

Осы дерттен арылу-арылмауымыз бүгін таңда бүкіл ұлт 

тағдырын шешеді. Мұны әрдайым есте ұстауға тиістіміз.

Біз мына дүниенің ең қуатты қозғаушы күші – мүдде 

екенін,  негізгі  тарихи  қадамдарымыздың  сол  мүдде 

ортақтастығы қағидасына сай жасалу керектігін де ерте 

ұғып, ерте жүзеге асыра алдық. Бұл ақиқат қағиданы да 

санамызға ерте сіңірген осы дана билеріміз еді.

Жер жақындығы тағдырың мен тарихыңды жақын-

дастырмай  қоймайды.  Тағдыр  жақындығы  мүдде 

жақындығын туғызады. Мүдде жақындығы жоқ жерде 

жер жақындығы мен шекараластықтың да бақастық пен 

дүрдараздық өрбіткеннен басқа бітірері шамалы. Адам 

мен адамды, халық пен халықты, мемлекет пен мемле-

кетті жалғастырар ең берік дәнекер – мүдде жақындығы. 

Бүгінде Орталық Азияда қойын-қолтық жатқан бауыр-

лас елдердің бәрінің мүддесі біреу. Ғасырлап күтіп, әзер 


378

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қолы жеткен азаттықтан айрылып қалмау. Ол үшін ішкі 

татулықты да, сыртқы татулықты да көздің қарашығын-

дай сақтай білу. Бауырлас, тағдырлас өзбек, қырғыз, 

тәжік, түрікмен ағайындармен әуелден де тату-тәттіміз. 

Оның бір дәлелі – Өзбекстан басшылығының шақы-

руы бойынша мен осы жиын алдында басына барып, 

тәу етіп қайтқан Төле би бабамыздың туысқан елдің  

астанасы – Ташкентте жерленгені, бейітінің қадірленіп 

күтілетіні. Осы риясыз достық сезімі үшін де біз өзбек  

бауырларымызға, осы елдің тұңғыш президенті Ислам 

Кәрімовке шын ризашылығымызды білдіреміз. Мүдде 

жақындығы  біздерді  баяғыда  іргеден  қол  салған 

басқыншы дұшпандарға қарсы бірге күресуге шақыр- 

ды,  мүдде  жақындығы  кеше  ортақ  тағдырымызды 

фашизмнен бірге қорғатты. Ежелден ағайын-дос қырғыз 

еліне, оның президенті Асқар Ақаевқа игілік пен баянды 

болашақ тілейміз. Тарихта біздің елдеріміздің арасына 

от жағып, сырттан қақтығыстыру әрекетін жасағандар 

аз  болған  жоқ.  Дегенмен  бірге  болған  кезде  қандай 

жаудан да басым түсіп жаттық. Дәл қазіргі кезеңде де 

біздің халықтарымыздың бірлігі егемендігімізді, тәуел-

сіздігімізді сақтап қалу үшін өте қажет деп санаймын.

Бүгінде Қазақстан айдай әлем алдында экономика-

лық қуаты үлкен, болашағы зор республика ретінде 

ғана емес, қоғамдық-саяси ахуалы тұрақты, келешегі 

сенімді мемлекет ретінде де абыройы асып тұрса, ол да 

ең алдымен сол тағдыр ортақтастығын, мүдде ортақтас- 

тығын қастерлей білуіміздің арқасында мүмкін болып 

отыр. Сондықтан да біз жақында өткен республикалық 

кеңесте таяу жылдардағы ең басты міндетіміз – ынты-

мақтастық  идеологиясын  түпкілікті  орнықтыру  деп 

белгіледік. Қазақстан – осы ұлан-байтақ өңірді мекен-



379

деп жатқан барша ұлт пен ұлыстың ортақ отаны деген 

қарапайым да қастерлі қағиданы бүгінгі адамдардың 

да, келер ұрпақтың да санасынан бір сәтке шығарма-

уымыз керек.

Осындай  татулықтың  үлгісін  барша  жұртқа  ең 

алдымен  бұл  жердің  ежелгі  иесі,  біз  –  қазақ  халқы 

көрсетіп,  бүкіл  Қазақстан  халқының  тату  тұруының 

ұйытқысы болатынымызға сенемін.

Тәуелсіздік туын қолда берік ұстау әрбір қазақтың, 

Қазақстанды өз Отаным деп санайтын әр адамның ең 

басты борышы, ең биік мақсаты. Құқықты мемлекетке, 

демократияшыл қоғамға тән заңдылық қағидасын қатаң 

сақтай алсақ қана, ол борышты адал ақтап, ол мақсатқа 

қапысыз жете аламыз.

Конституцияны білу, заңдылықты сақтау – құқықтық 

мемлекет құрудың бірінші шарты. Әз Тәукенің тұсын-

дағы қазақ қауымының дәуірлеуі ең алдымен осы заңға 

жүгінуге байланысты болғанын ұмытпағанымыз жөн. 

Заңды жетік білмейінше, оны сыйламайынша, берік 

ұстанбайынша,  біз  өмірдің  қай  саласында  да  қиын-

шылықтан арыла алмаймыз.

Біздің болашағымыз – жастар. Біз жастарды жаңа 

өмірге бейімдей білуіміз керек. Келмеске кеткен кешегі 

күнді көксеп, «бұрын жақсы еді, арзаншылық еді», «бұл 

нарық қазаққа қол емес, бұл бізді кедейлеткеннен басқа 

ештеңе  бермейді»  дегендей  арзан  сөзді  жөнді-жөн-

сіз айта беретін кейбір ағаларымыз өз балаларының 

обалына өздері қалуы мүмкін. Қазақтың ұл-қыздары 

өмірдің  қай  саласына  да  қабілетті  екендігін  көріп 

жүрміз, қазірдің өзінде жастар маркетингтің, менедж-

менттің,  коммерцияның,  компьютерлі  техниканың 

қыр-сырын  жақсы  меңгеріп  қалды.  Жастарымызды 


380

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


заңды  игеру,  құқықты,  өркениетті  мемлекет  құру, 

жауапкершілігін  арттыру  бағытында  бейімдеу  аға 

ұрпақтың борышы болса, жас ұрпағымыз XXI ғасырдың 

ауыр жүгі өздерінің иығына түсетінін сезінгені абзал. 

Қырандар түлегін қияға самғатып баулитыны аян. Біз 

де жеткіншек ұрпағымызды босбелбеу тірлікке емес, 

басқалармен бірдей бағын сынап, есесін жібермейтін-

дей нар тәуекел мен іскерлікке тәрбиелегеніміз лазым.

Мені  осы  елдің  басшысы  ретінде  қатты  толғанта-

тын  тағы  бір  жайды  орталарыңызға  салғым  келеді. 

Ол – біздің жастарымыздың отаншылдығын, өз еліне, 

Отанына, жеріне деген, болашағына деген аса зор жа- 

уапкершілік  сезімін  тәрбиелеу.  Қазақ  тарихында 

тұңғыш рет тұрақты әскер құрдық. Елімізді, жерімізді, 

бостандығымызды сақтау үшін бұл бізге қажет болды. 

Кезінде қазақ даласының әр түкпірінен осы Ордабасыға 

жиналып, елім, жерім деп еңіреген, бастарын ажалға 

байлап, қан төккен ата-бабаларымыздың әруағы разы 

болсын десек, біз елімізді қорғауды азаматтық та, пер-

зенттік те борышымыз деп санауымыз керек. Тәуел-

сіздігімізді, егемендігімізді алдымен өзіміз қорғамасақ, 

кім қорғайды?! Біздің туған жер ұғымының аясын әбден 

тарылтып жібергеніміздің салдарынан талай адам өз 

облысын,  өз  ауданын  ғана  туған  жерім  деп  танитын 

таяз  түсініктен  әлі  арыла  алмай  жүр.  Оқу  бітірген 

жастардың  қайткенде  де  аулына  оралуға  тырысып, 

мамандығы бойынша жұмыс табылмаса да, ата-ана-

сының жанынан шықпайтын психологиясын құптай 

беру қиын. Табиғаты сұлу, топырағы құнарлы небір 

шұрайлы өлке, өңірлеріміз отаншыл жастарымыздың 

перзенттік  жүрегі  мен  қуатты  білегін  күтіп  жатыр, 

ағайын. Бір шаңырақтың түлектері Қазақстан дәулетін 



381

асырар сан салада еңбек етсе, бір атаның отаулары кең 

байтақ даламыздың қай тарабынан да табылып жатса, 

жаман ба?! Ендігі жерде біз бәріміз бір атаның – қазақ 

халқының  ұлымыз.  Ендігі  жерде  бәріміздің  де  туған 

жеріміз  біреу  –  ол  жалпақ  Қазақ  даласы.  Оның  қай 

атырабының да тілегін бірге тілеп, тауқыметін бірге 

көтеруге,  өзімізді  өзіміз  көкіректен  кері  итермеуге, 

сен анаусың, мен мынаумын деп алаламауға үйренуге 

тиіспіз. Осыдан үш ғасырдай бұрын бас қосқан, қазақ 

даласын қорғау жолында шәйіт болған бабаларымыз-

дың негізгі аманаты осы.

Қазақстандықтар  бұрынғы  құқықсыз  өмірден 

біржола  бас  тартты,  өзінің  әлеуметке  бағдарланған 

нарықтық экономикасы және жаңа қоғамдық қарым-қа-

тынастары бар күшті егемен мемлекетін құруға кірісті. 

Қоғамымыздың  ең  қастерлі  қазынасы  –  адам  болып 

табылады,  оның  құқығы  мен  бостандығына  кепілдік 

беріледі деп заң жүзінде жарияладық, республикадағы 

барша халықтың тең құқылығы қамтамасыз етіледі деп 

кепілдік бердік. Тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясы 

біржола тиянақтаған бұл тұжырымдар біздің қоғамдық 

прогресс бағытымен дамуымыздың негізі болуға тиіс.

Мен бұл арадағы сөзімде республикадағы әлеумет-

тік-экономикалық  жағдай,  өтпелі  кезеңнің  күрделі 

мәселелері, оларды шешудің жолдарын табу бағытын-

дағы ізденістеріміз, іркілістеріміз туралы баяндаудан 

тартынғалы тұрмын. Олар жөнінде айтып та, жазып 

та жүрміз. Өздеріңіз теледидардан көріп, газеттерден 

оқып жатырсыздар. Сөз орайы келгенде, қымбатты аға- 

йындар, осындай қиын шақта Президенттің, республика 

Парламентінің, Үкіметінің саясатына қолдау көрсетіп, 

ұстамдылық, сабырлылық таныта білгендеріңіз үшін, 


382

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


біздің бүгінгі таңдағы басты байлығымыз – тыныштық, 

ұлтаралық жарасым екенін терең түсінгендеріңіз үшін 

шын жүректен разылық білдіруді парыз санаймын. Осы 

әрекеттің барлығы ең алдымен қазақ халқының болашақ 

ұлы мүддесіне бағытталғанын түсінгендеріңіз үшін тағы 

да разылығымды білдіремін.

Республика  үкіметі  жақында  дағдарыстан  шығу 

жолындағы  шұғыл  шаралардың  бағдарламасын 

белгіледі.  Шетелдердің  іскер  топтарымен  ірі-ірі 

келісім-шарттар жасалып, инвестициялар келе бастады, 

өнім  көлемін  сақтап  қана  қоймай,  бұрынғыдан  да 

өсіруге  қол  жеткізіп  отырған  кәсіпорындар  қатары 

көбейіп  келеді.  Ең  бастысы  –  халықтың  нарыққа 

көзқарасы аздап болса да өзгере бастады. Көзін тауып 

еңбек ете білсе, ерінбесе, бойкүйездіктен, масылдық 

психологиядан арылса, адамша лайықты өмір сүруге, 

тіпті дәулетті тұруға да мүмкіндік ашылғанын қазірдің 

өзінде талай жұрт түсініп қалды. Ал алаңсыз, өнімді 

еңбек  етудің  негізгі  кепілі  –  қоғамдық-саяси  ахуал-

дың тұрақтылығы. Мұны мен республика Президенті 

ретінде ең басты мақсат деп санаймын.

Осы  мақсат  жолында  жаңа  нақты  қадамдарды  да 

ойластырып жатырмыз. Қазақстан халықтары Ассам-

блеясын құру идеясы көптен айтылып жүр. Бұл ұсы-

ныс республика халықтарының форумында да қолдау 

тапқан  болатын.  Үкіметтен  тыс  тұратын,  қоғамдық 

ұйым ретінде ойластырылған мұндай ассамблея біз-

дей  көпұлтты  мемлекеттің  бітім-болмысына  сәйкес 

келер еді деп ойлаймын. Ассамблея құрамына респу-

блика жұртшылығының ең қадірлі, ең білікті өкілдері 

ұсынылса, олар жылына, мысалы, екі рет бас қосып, 

республикадағы қоғамдық-саяси ахуалдың түйінді мәсе-



383

лелерін талқылап, Президентке, Парламентке, Үкіметке 

кеңес айтып отырса, сөйтіп, мұның өзі бүкілхалықтық 

даналықтың өзіндік бір жиынтық орны болар ма еді деп 

жоспарлаудамыз. Қалай дегенде де бұл мәселе біздің 

жұмысымыздағы ең басты арналардың бірі болып қала 

береді.

Үш ұлы бабамыз сонау бір қилы кезеңде осы Орда-



басының биігіне шығып, терістіктегі Арыс пен Бөгенге, 

күншығыстағы Қазығұртқа, Арқа жақтан мұнартқан 

Қаратауға  қарап  тұрып,  ел  бірлігі,  халық  ынтымағы 

туралы  кезек-кезек  ой  толғаған  екен.  Осы  Ордабасы 

биігінде киіз туырлықты қазақ атаулы ауызбірлікшіл 

болуға серттескен екен, Әбілқайырдай бас сардарын 

сайлап,  ата  жауға  аттандырып  салған  екен.  Кейін 

айбынды Абылай хан, Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, 

Наурызбай, Райымбек, Есет сияқты талай-талай мықты 

білек, түкті жүрек батырлар сонда айтылған арман-

дарға түгел жетіп, қазақ даласының төрт тарабын да 

басқыншы жаудан түгел азат етіп, шапқыншылығынан 

қорғағанын жақсы білеміз. 

Енді сол бабалар алып берген кең байтақ өлкемізді 

түгел  құлпыртып,  түгел  көркейту  –  бүгінгі  біздер 

мен ертеңгі жеткіншектердің үлесіне тиіп тұр. Азат-

тыққа жетер жолдың қаншалықты ұзақ, қаншалықты 

тауқыметті  екенін  көрдік.  Ал  азаттықты  баянды  ете 

білудің де оңай шаруа емес екенін түсіне бастадық. Осы 

арада тағы да ұлы бабалар даналығын еске аламыз: 

Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме! 

Ерінің сағын сындырса, ел мұратқа жетер ме?! 

Ел тірегі – ері, ер тірегі – елі бола білген 

Қауымның басынан бағы кетер ме?! 



384

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Есті еріңді ез тұтсаң – өзіңді-өзің қорларсың, 

Есеріңді ер тұтсаң – іргеңізден жау кетпей, 

Төріңізден дау кетпей, сойқаннан сойқан жолығып,

Сорларсың да зарларсың. 

Ез мұраты – көрешек, ер мұраты – келешек. 

Көрешегін күйттеген – түбі қоймас сүрінбей, 

келешегін күйттеген – түбі қоймас сүйінбей. 

Жетелі ер адаспас – бабадан қалған сөз бар ғой.

Жетелі ел адаспас – бағзыдан қалған із бар ғой, 

– деген екен Әйтеке би Күлтөбедегі бір жиында.

Кешегі  келеңсіз  күндерде  бабадан  қалған  сөзден 

жаңылып, бағзыдан қалған ізден адасып қала жаздап-

пыз. Талай-талай алқалы кеңес өткен атақты Күлтөбе 

баяғыда жыртылып кетіпті. Сайрам түбіндегі Мәртөбе 

күні кеше құртылып кетіпті. Қасиетті орыннан қалғаны 

– Ұлытау мен осы Ордабасы. Бауырында бабалардан 

түскен із әлі сайрап жатыр. Басында бабалар дауысы 

әлі саңқылдап естіліп тұр. Енді сөзден жаңылып, ізден 

адасар еш ретіміз жоқ.

Бүгінгі жиын – сол жаңылмағандығымыздың, адас-

пағандығымыздың куәсі.

Бізді де бұл киелі төрге арманды тілек, елім деген 

перзенттік жүрек алып келіп отыр. Біздің де ойлағаны-

мыз – бірлік. Біздің де аңсарымыз – еліміздің көсегесінің 

көгергені, дәулетті де сәулетті өмір сүргені. Төле би, 

Қазыбек би, Әйтеке би заманындағы басты мақсат – бар 

қазақтың бірлігі болса, бүгінгі басты мақсат та дәл сол. 

Жалғыз-ақ айырмасы – қасиетті бабаларымыз басын 

қосып берген қазақ халқы енді бүкіл Қазақстан халқы-

ның бірлігіне ұйытқы болуға тиіс. Осы мақсат жолында 



385

республикадағы барлық ұлттар өкілдерінің бір кісінің 

баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіргені 

лазым.  Болашағымыз  баянды  болсын,  балаларымыз 

бен немерелеріміз де ата-бабаларындай тату тұрсын 

десек, осындай алмағайып уақытта, жоқшылық жүйке 

жұқартып тұрған жіңішке шақта баршамыз саналы- 

лық  пен  парасаттылық  көрсетіп,  байсалдылық  пен 

ұстамдылық танытуға тиіспіз. Мен мемлекет басшысы 

ретінде Қазақстанның көп ұлтты халқы осынау сәтте 

тарихи жауапкершілік көрсете біледі деп кәміл сенемін.

Береке басы – бірлік.

Бірлігіміз берік болса, болашағымыз баянды болары 

даусыз.


Лайым, ынтымағымыздан айырмасын!

Толық  тәуелсіздікке  жетудің  ұлы  жолында  бізді 

халқымыздың үш данасы, үш көсемі, қасиетті бабалары-

мыз – Төле бидің, Қазыбек бидің, Әйтеке бидің әруағы 

қолдап жүрсін!


386

II  ТОМ.  1991–––––

1995 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет