Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38

Демократиялық қоғамға  

және нарық экономикасына көшудің  

проблемалары туралы  

Қазақ теледидары арқылы

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 22 қазан

Ардақты отандастар!

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аумағында алып 

қарағанда Қазақстан экономикалық жағынан да, саяси 

тұрғыдан  да  неғұрлым  орнықты  мемлекеттердің 

бірі  болып  саналғанымен,  біздің  де  арқаны  кеңге 

салуға  мүмкіндік  бермейтін  мәселелеріміз  аз  емес 

екендігін айтпай тұра алмаймын. Мұндай мәселелер 

өміріміздің  барлық  саласында  бар,  олар  тіршілік 

қарекетіміздің барлық қырына, былайша айтқанда, 

тән азығынан бастап жан азығына дейін, қазақстан-



194

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


дықтардың  имандылық,  рухани  талап-тілектеріне 

түгел қатысты.

Бір адамның бір мезетте әрі үміттене, әрі шарасыз да  на 

сөйлеуіне тура келетін кезі болады екен. Бәрі де мәселеге 

көзқарасына байланысты. Біздің республикамыз тұрғын-

дарының тіршілік жағдайы, айталық, Тәуелсіз Мемлекет-

тер Достастығындағы күйіп-жанып жатқан жердегілер-

мен салыстырсақ, сөз жоқ, шүкіршілік ететіндей болып 

шығады. Ал енді осылай екен деп, бұрынғы жылдардың 

сөзімен айтсақ, «терең қанағаттанушылық» сезіміне бө -

ленудің жөні бар ма?

Сірә, олай емес болар. Жұрттың көбінің – қарапайым 

еңбек адамдарының қандайлық қиын күн кешіп жатқа-

нын мен сіздерден кем білмеймін. Қазір станок жанын-

дағы тұрған кісі де, алқапта жүрген диқан да, «зиялы 

мамандықтардың иелері» дейтіндер де – қай-қайсысы 

болсын кеңірдектен алған экономикалық қыспақтың 

ауыртпалығын сезінуде.

Тіршілік тауқыметі, өкінішке қарай, тек материал-

дық жағынан шектелмей тұр. Тегінде, рухани байлық, 

парасаттылық жағынан жоғалтып жатқанымыз одан 

орасан, олардың әсері жылдар өте келе толық мәнінде 

сөзсіз  көрінетін  де  шығар.  Бұл  арада  мен  қоғамның 

моральдық  хал-ахуалына  ерекше  нұқсан  келтіретін 

заңсыздықтың шектен шығуы жөнінде айтып та отыр- 

ғаным жоқ. 

Бірде бар, бірде жоқ болғанымен, бүгінгідей күр-

делі  мәселелерсіз  өмір  сүрген  тоқырау  жылдарын 

ынты-шынтысымен көксеп жүргендер де аз емес. Ондай 

адамдарды түсінуге де болады: тәуелсіздік пен демокра-

тия болмаса да, оларға тоқшылық пен ауқаттылықтың 

белгісіндей бірдеңелердің кепілдігі бар еді, жалақыны, 

аз болса да, еңбек сіңірмей-ақ ала беретін.


195

Расында да, қазір кедейшіліктің тақсіретін тартып 

отырған  отбасылар  аз  емес.  Адалын  айтар  болсақ, 

жағдайымыз одан әрі нашарлай түспейді деп сендіре 

алмаймын. Алдымызда мұнан да қиын күндер тұруы 

әбден мүмкін. Дегенмен бізде адамдардың ашықпай-

тыны да, тоңбайтыны да анық.

Қазір сіздер менің, өздеріңіз өмірімізді өзгертеді деп 

үміт артып сайлаған Президенттеріңіздің сөзін тыңдай 

отырып, жағдайымыздың қашан жақсаратынын қол-

мен қойғандай етіп, нақпа-нақ айтса екен деп күтетін-

деріңізді білемін. Баяғы сөз саптауға салып, жиырма 

шақты жылдан кейін «коммунизм тұсында өмір сүру» 

үшін тарыға тұрайық деуіме де болар еді. Бірақ мен 

сіздерді одан гөрі байсалдырақ әңгімеге тартқым келеді.

Сіздер мені Президент етіп сайлағалы да 10 айдай 

уақыт өтті. Осы екі арада талай-талай бір мәнді емес 

оқиғалар болды. Бұрынғы Кеңес Одағы қауырт ыды-

рады,  дәстүрлі  экономикалық  байланыстар  үзілді, 

байсалды парасаттан емес, көбінесе саяси аужай мен 

өркөкіректіктен туған, бас-көз жоқ орталықтан безіну 

үрдісі  де  болды.  Естеріңізге  түсіріңіздерші,  тәуелсіз 

мемлекеттердің  қалыптасуы  кезеңінде  бүгінгідей 

экономикалық бейберекеттікке, адамдардың тұрмыс 

деңгейінің мұншама төмендеуіне жол бермейтіндей 

ортақ экономикалық кеңістікті сақтап қалу үшін менің 

қаншама күш-жігер жұмсауыма тура келді емес пе.

Сонымен  қатар,  бұл  10  айда  егемен  мемлекет  – 

Қазақстан  Республикасының  құрылуы,  оны  әлемдік 

қоғамдастықтың  тануы,  біздің  тәуелсіз  ел  ретінде 

халықаралық  аренада  алғашқы  қадамдарымызды 

жасай бастауымыз сияқты маңызды тарихи оқиғалар 

да болды. Республикамыз Біріккен Ұлттар Ұйымының 


196

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


мүшесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық 

жөніндегі кеңестің қатысушысы болды, Дүниежүзілік 

банк пен Халықаралық валюта қорына, басқа да беделді 

халықаралық ұйымдарға кірді. Бүгінде Қазақстан өз сая-

сатының болжамдылығы мен қоғамдық тұрақтылығы-

ның арқасында көптеген мемлекеттердің құрметі мен 

сеніміне ие болып отыр. 

Мұның  бәрі  даусыз  оң  нәтиже.  Алайда,  әмір-

шіл-әкімшіл  жүйеден  нарықтық  экономикаға  көшу 

оп-оңай  әрі  қиналыссыз  үдеріс  бола  салуы  мүмкін 

емес-ті.  Бұл  жолда  өзімізден  кеткені  бар,  сырттан 

таңылғаны бар, көрінеу қателіктер де болды. 

Мысалы, тиісті экономикалық әзірлік жасамай, ТМД-

дағы әріптестермен келісіп алмай тұрып, Ресей бастап 

жіберген бағаны ырықтандыру бүкіл рубль аймағында 

өте  жағымсыз  салдарға  соқтырды.  «Естен  тандыру 

терапиясы» нарық институттары мен тұтқалары пайда 

болып, орнықпай тұрып бұрынғы шаруашылық тетік-

терін  түп-түгел  қиратып  тынды.  Басқаша  айтқанда, 

жаңа үйдің құрылысын қолға алмай тұрып, ескі үйімізді 

бұзып тастағандай болдық та шықтық.

Кадрларды  іріктегенде,  көздеген  өзгерістердің 

қарқыны мен мерзімін белгілегенде, реформа жасау-

дың өзге елдердегі тәжірибесін сол күйінде көшіруге 

тырысқан  тұстарымда  өзімнің  де  жаза  басқан  жер-

лерім болды десем, беделімді аяқ асты ете қоймаспын 

деймін. Бірақ ештеңе істемеген адам ғана қателеспейді 

деседі ғой. Әйтсе де басты мәселеде қателескен жоқпыз 

деп кәміл сенемін. Қоғамды демократияландыру мен 

нарықтық экономиканы орнықтыруға ұстанған бағы-

тымыз дұрыс. 

Ал қазіргі таңда біз үшін ерекше маңызды не?



197

Менің ойымша, бәрінен бұрын мемлекеттік орган-

дардың реттеушілік рөлін күшейте түсу керек, бағаның 

жүгенсіз өсуін, уақытша шара ретінде тауар өндірісі 

мен  қызмет  көрсету  көлемін  арттырумен  тиісінше 

қамтамасыз етілмеген жалақының өсуін тоқтату қажет. 

Бұл қаржылық тепе-теңдікті, экономиканы тұрақтан-

дыруды, халықтың табысы аз бөлігін әлеуметтік қорғау- 

ды, еңбекшілерді жаппай қайыршыланудан сақтауды 

қамтамасыз етуге мүмкіндік берер еді. Реформалар-

дың  алғашқы  кезеңінде  алқынып  алға  ұмтылудың 

салдарынан іскерліктің негізгі түрі делдалдық, кәдуілгі 

алыпсатарлық  пен  тауарға  үстеме  баға  қою  болып 

шығып,  өндірістің  өзі  кейінге  ысырылып  қалғаны 

сияқты қиғаштықтарды жоюымыз керек.

Нақ  осы  мақсатпен  менің  тапсырмам  бойынша 

республика үкіметі түбегейлі экономикалық рефор-

маны тереңдетудің 3 жылға лайықталған бағдарламасын 

жасап шықты. Онда еңбек ету мен өндіріс қарқынын 

үдетуді материалдық тұрғыдан ынталандыруды едәуір 

күшейту,  кәсіпкерлікті  мемлекет  тарапынан  қолдау 

жөнінде  тиімді  шараларды  жүзеге  асыру,  мемлекет 

меншігінен алу мен жекешелендіру үдерісін жан-жақты 

ойластырып,  халыққа  неғұрлым  пайдалы  болатын-

дай етіп жүргізу көзделген. Бұл бағдарлама Жоғарғы 

Кеңестің алдағы сессиясында қаралады.

Бағдарламаның  аса  маңызды  басымдықтарының 

бірі – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. Экономикаға 

реформа  жасауды  ауыл  шаруашылығынан  бастаған 

елдер  өтпелі  кезеңде  әлеуметтік  тұрғыдан  шығынға 

азырақ ұшырайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. 

Биылғы жылдың басында алдағы егінге қаншалықты 

үміт арта сөйлегеніміз, ең бір батыл болжамдарымызды 


198

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


соған байланыстыра айтқанымыз естеріңізде шығар. 

Енді, міне, бүгін сол үмітіміз ақталды деуге болады. 

Жинаған астығымыз 32 млн тоннадан асып түсті. Респу-

блика  нанмен,  картоппен,  көкөніспен,  жемістермен 

толық қамтамасыз етілді. Қант қызылшасы мен майлы 

дақылдарды өндіру екі есе артты. Мал шаруашылығы-

ның берік жемшөп қоры жасалды. Бұрын-соңды болып 

көрмеген мол астықты Қазақстан алғаш рет өз күшімен 

жинап алғанын айта кеткеннің де артықтығы жоқ. Бұл 

ауылдағы  реформалар  ауыл  тұрғындарын  ақшаны 

санай білуге мәжбүр ететінін көрсетеді. Түйіндеп айтар 

болсақ,  біз  енді  қолға  алған  өзгеріс-терді  ойдағыдай 

жүзеге  асыратындай  жағдайда  тұрмыз  деуге  толық 

негіз бар.

Бүгін мен Қазақстанның ең басты байлығы – астықты 

өсіріп, шашпай-төкпей жинап алған, еселі еңбегімен 

тұрақтылығымызды,  тәуелсіздігіміз  бен  егеменді-

гімізді қамтамасыз еткендердің баршасының алдында 

басымды иемін. 

Осынау еңбек жеңісін қамтамасыз етудің бір себебі 

біздің  диқандарымызға  тән  ерекше  жауапкершілік 

сезімінде жатса керек деп білемін. Осыған байланысты 

еңбек адамдары, қай жерде жұмыс істесе де, демокра-

тияның мәнін өзгелерден әлдеқайда дәл түсінетінін атап 

айтқым келеді. Мұны кейінгі кезде жұрт демократия 

туралы тым жиі, тіпті көкезуленіп көп сөйлейтін болған-

дықтан айтып отырмын. Бұл ұғым кейбір «философтар-

дың» пайымдауында ойға келгенді істеу мен анархиялық 

бетімен  кетушіліктің  баламасындай  болып  барады. 

Олар шын мәніндегі еркіндік жеке бастың терең жа- 

уапкершілігі  мен  ішкі  тәртібін  де  білдіретінін  ұмыт 

қалдыра береді. Әрине, мен дүремен болатын тәртіпті 



199

емес, қоғамды, оның заңдарын, айналадағы адамдарды, 

түптеп келгенде, адамның өзін өзі сыйлауын білдіретін 

саналы тәртіпті айтып отырмын. Мұндай тәртіпке тек 

демократия  ғана  тәрбиелей  алады.  Әрі  еркіндік  пен 

жауапкершіліктің бірлігі ғана шынайы демократияны 

қамтамасыз ете алады.

Қоғамның  дүниетанымдық,  саяси,  экономикалық 

және құқықтық негіздерін түгел шарпыған дағдарыс, 

халықтың тұрмыс жағдайының нашарлауы қылмыс- 

тың  көбеюіне  себепші  болды.  Бүгінде  адамдарды 

дүкендерде де, базарда да, тапа-тал түсте көшеде де, өз 

пәтерінде де – кез келген жерде тонай беретін болды. 

Мемлекетті де, ал сол арқылы бізді де тонайды. Мен 

күннен-күнге ұлғайып бара жатқан экономикалық қыл-

мыстар толқынын айтып отырмын. Түсті және қымбат 

металдарды, сирек кездесетін элементтерді, басқа да 

шикізат қорларын ұрлау кең етек алды. Жемқорлыққа 

белшесінен батқан шенеуніктер қаржылық қылмыстар 

жасауда, қару-жарақты, есірткілерді заңсыз сату етек 

алған. Теміржол көлігіндегі ұрлықтан келер зиян күрт 

өсіп кетті.

Қоқан-лоқы  жасап  тонау,  мемлекеттік  шенеунік-

тердің парақорлығы асқынып барады. Олардан, әсіресе, 

кооперативтер, шағын кәсіпорындар, жеке еңбекпен 

шұғылданатындар  мен  өз  бетінше  іскерлік  әрекет 

жасайтындар көбірек зардап шегуде.

Қылмыстық  орта  барған  сайын  ұйымдаса  түсіп, 

кәсіпкерлік пен қаржы-банк қызметінің аясына кірігіп 

алуға,  өздерінің  арам  ниеттерін  жүзеге  асыру  үшін 

мемлекеттік  аппаратты,  құқық  қорғау  органдарын 

пайдалануға тырысады. Турасын айтайық: мемлекеттік 

қызметкерлердің тұрмыс жағдайы мен беделінің күрт 


200

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


төмендеуін ескерген қылмыс әлемінің әрекеті нәтижесіз 

де емес.


Халықтың мемлекетке деген сенімін жоятын, жүзеге 

асырылып жатқан демократиялық өзгерістердің мәнін 

бұрмалайтын  мұндай  жағдайға  біз  бұдан  әрі  төзіп 

тұра  алмаймыз.  Үкімет  бағдарламасының  арнаулы 

тарауында құқықтық шектен шығушылықты тоқтатуға 

тиісті іс-шаралар жүйесі көзделген. Алайда біз сіздердің 

де көмектеріңізге зәруміз. Сондықтан мен халық депу-

таттарын,  барлық  деңгейдегі  атқарушы  органдарды, 

республиканың азаматтарын жемқорлыққа, мафияға, 

экономикалық және жәй қылмысқа қарсы аяусыз күрес 

ашуға шақырамын. Бұл істе құқық қорғау органдары 

заңдық  тұрғыдан,  мемлекет  және  бүкіл  халық  тара-

пынан қолдау табуы қажет.

Біз бүгін қолға алып жатқан бұл шаруаны елімізді 

әлемдік  өркениет  арнасына  алып  шығудағы  тарихи 

әрекет  десек,  онымыз  қыздырмалы  қызыл  сөз  бол-

майды. Ал оның табысты аяқталуы үшін, экономикалық 

және саяси өзгерістер өзара тығыз бірлікте және терең 

ойластырылған сабақтастықпен жүргізілуге тиіс. Бұл 

орайда қазір жобасын республиканың барша азамат-

тары  талқылап  жатқан  тәуелсіз  Қазақстанның  жаңа 

Конституциясын қабылдаудың зор маңызы болмақшы.

Конституциялық комиссияның атына түсіп жатқан 

ұсыныстардың көпшілігі қазақстандықтардың бүгінгі 

проблемаларды және оларды тиімді шешудің жолда-

рын терең түсінетінін көрсетуі мені қанағат сезіміне 

бөлейді.  Мен  экономикалық  өзгерістерді  жүзеге 

асырудың  маңызды  құралы  атқарушы  органдарды 

мейлінше  күшейту  деп  санайтын  адамдармен  бір 

пікірдемін. Адамдар мемлекеттің күшін сезінуі үшін, 



201

бүгінде атқарушы билік барынша қатаң болуға тиіс. 

Әйтпеген жағдайда, біз ешқандай реформаны жүзеге 

асыра алмаймыз.

Сіздердің назарларыңызды аударғым келетін тағы 

бір маңызды мәселе бар. Ол – республика халқының 

ұлтаралық келісімі мен бірлігін сақтау қажеттігі.

Біз  республикадағы  тұрақты  ахуалды  мақтан  ете 

аламыз, солай десек те, әлдебір мазасыздық, әлденеге 

ұдайы  алаңдаушылық  сезімі,  сірә,  әркімнің  басында 

бар  шығар.  Қоғамда  ұлттық-патриоттық  күштердің 

кереғарлануы күшейіп барады, мемлекеттік тіл туралы 

пікірталас соның бір көрінісі болды. Мұндай жағдайда 

мен мәселені сырттан бақылаушы ретінде қарап отыра 

алмаймын.

Бұл  арада  мен  Қазақстанның  жері,  ұлтына  және 

дініне қарамастан, республиканың барлық азаматтары-

ның басты байлығы, ортақ Отаны екенін басшылыққа 

аламын. Бізде өзінен өзі қуыстанып тұратын, балалары-

ның болашағына, отбасының амандығына алаңдаумен 

жүретін «өгей» адамдар болуға тиіс емес. Қазақстанда 

қазақ тілі заң жүзінде мемлекеттік тіл деп танылды. 

Бұл – нақты шындық.

Алайда кез келген тілді тек бір ғана декретпен мем-

лекеттік  тіл  етуге  болмайды.  Мәселенің  мәні  қазақ 

тілінің мемлекеттік тіл ретінде нақты қалыптасуына 

қаржылық, ұйымдастырушылық, ғылыми-әдістемелік 

тұрғыда жан-жақты жәрдемдесуде болып тұр. Әрине, 

бұған жылдар бойғы табанды жұмыс қажет болады. 

Әрі бізге қазақ тілін оқытатын мамандар, тілді бала 

жастан үйретудің тиімді әдістемесі керек, себебі егде  

тартқан  адамдарды  оқытудан  жөнді  нәтиже  шығуы 

екіталай. 


202

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Мынаны  баса  айтқым  келеді:  іс  қағаздарын  қазақ 

тілінде жүргізу жөніндегі төрешіл-атқарушылардың 

иелігіне беріліп қойған ойсыз, шалағай шешімдердің 

зардабы  көп  болды,  белгілі  бір  дәрежеде  қоғамдық 

шиеленіс туғызды. Біз бірлесе отырып, қазақ тілінің 

мемлекеттік  тіл  ретіндегі  мәртебесі  республика 

жұртшылығының  едәуір  бөлігін  белсенді  еңбек  пен 

қоғамдық-саяси өмірден қағажу етпейтіндей оңтайлы 

жол табуға тиіспіз. Қазақстанның жаңа Конституция-

сының жобасында келіп түскен ұсыныстар бойынша: 

мемлекеттік  тілді  білмегендік  белгісі  бойынша  аза-

маттардың құқықтары мен бостандықтарын шектеу- 

ге  тыйым  салынады  деп  жазылған.  Мұны  орынды 

деп  санаймын,  сондай-ақ  біздің  Негізгі  заңымыздың 

алғашқы  жобасының:  «Қазақстан  Республикасының 

азаматтарына  нәсіліне,  ұлтына,  жынысына,  тіліне... 

қарамастан  құқықтар  мен  бостандықтар  теңдігіне  

кепілдік  беріледі.  Азаматтарды  кемсітушіліктің  кез 

келген түріне тыйым салынады» делінген бабына қар-

сылық білдірушілер де табыла қоймас деп ойлаймын. 

Бұл  ереженің  сақталуына  кепілдікті  мемлекет  және 

Президент ретінде мен беремін. 

Қазақстанда  қазақ  тілін  оқытудың  мемлекеттік  

жүйесін орнықтыру қажеттігін елегісі келмейтіндер де 

өз қателігін түсінер деп үміттенемін. Бұрынғы импе-

риялық ойлау жүйесінен қалған бұл сарқыншақ біздің 

егемен жас мемлекетімізде жойылатынына сенемін.

Бүгінде  қоғамдық-саяси  тұрақтылық  республика-

ның әрбір азаматына байланысты. Бұл жай сөз емес 

екеніне  сеніңіздер.  Қазақстанның  өзінде  де,  әсіресе, 

одан тысқары жерлерде де ұлт пен ұлттың арасында 

кездейсоқ тұтана қалған ұшқынның өзін ағайындар ара-



203

сындағы өзара қырқыстың алапат өртіне ұштастырып 

жібергісі келетіндер бар. Олар тіпті кәдімгі қылмыстың 

өзін ұлтаралық қақтығысқа айналдыра қоюдан да та- 

йынбайды.

Әрине, біз жүргізіп жатқан реформалар жұрттың 

бәрінің көңілінен шыға қоймайды. Сондықтан да мен 

сіздерді азаматтық белсенділік танытуға, қандай әлеу-

меттік мәртебесі болса да өзгерістерге қарсылық біл-

дірушілерге ымырасыз болуға шақырамын.

Біздің сөреден аттанардағы жағдайымыз алдымызда 

тұрған нарықтық экономикаға барар жолды өзімізден 

бұрын жүріп өткен көптеген елдерге қарағанда анағұр-

лым  тәуір.  Олармен  салыстырғанда,  Қазақстанның 

табиғи байлығы да орасан артық, білікті адам ресур-

стары да көп. Бізде ғасырлар бойы қалыптасқан рухани 

және мәдени дәстүрлер бар. Әрі, ең бастысы, алға қой-

ған мақсатқа қол жеткізуге, өркениетті әлемдік қоғамда-

стықта  лайықты  орынға  ие  болуға  деген  ынтызарлы 

құлшыныс бар. Осыларға сүйене отырып, біз Шығыс 

пен  Батыстың  арасын  жалғаушы  буын  бола  алатын 

тарихи мүмкіндігімізді пайдаланып қалуымыз керек, 

біз үшін аясы тар мақсат емес, адамдардың әл-ауқатын 

арттырудың тиімді жолы болып табылатын нарыққа 

өтудің мерзімін неғұрлым қысқартуға тиіспіз.

Біздің болашағымызды мен тиімді нарықтық эко-

номикасы бар, достас көршілері мен әлемдік қоғамда-

стықтың барлық мүшелерінің құрметіне бөленген еркін 

демократиялық мемлекетті құрудан көремін. Республи-

каның әрбір азаматының біздің мемлекеттігімізді, еге-

мендігімізді нығайту қажеттігін сезінуі баршамыздың 

ортақ парызымыз екеніне мейлінше сенемін. Егемен-

діктің иесі – адамдардың жеке тобы емес, дара тұлға да 


204

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


емес, бүкіл халық. Қазақстан халқының еркін орындай 

отырып, мен біздің республикамыздың кемелді мем-

лекет болуы үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын. Мен 

өз халқымның даналығына сенемін, өркендеу жолына 

тезірек шығуға деген құлшыныс менімен бірге милли-

ондаған қазақстандықтарға да тән деп сенемін, олардың 

қолдауына шын ниетпен үміт артамын.

Егер  бәріміз  Отанның  бірыңғайлығы,  мақсаттың 

ортақтығы сезіміне бойлай білсек, ойға алғандарымыз- 

ды жүзеге асыратынымызға кәміл сенімдімін.



205

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 

он екінші шақырылымының IX сессиясында 

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 

жобасы туралы»

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 9 желтоқсан

Құрметті халық депутаттары!

Жаңа  ғана  ашылған  Жоғарғы  Кеңестің  кезекті 

сессиясының,  асырып  айтпағанның  өзінде,  тарихи 

сипаты  бар.  Оның  қарауына  Қазақстан  Республи-

касы тұңғыш Конституциясының – Негізгі заңының 

жобасы  енгізіліп  отыр.  Біздің  барлығымыз  –  қара-

пайым  еңбеккерден  бастап  жоғары  билікке  ие 

адамдарға  дейін  сол  бойынша  өмір  сүріп,  жұмыс 

істейтін,  өзіміздің  тәуелсіз  демократиялық  егемен 

мемлекетімізді  құратын  боламыз.  Біз  бастаған 



206

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


өзгеріс тердің  табысты  болуы,  бүкіл  сыртқы  және 

ішкі саясат, барша Қазақстан қоғамының жақын және 

алыс перспективадағы әл-ауқаты мен тұрақтылығы 

біздің  Конституцияның  бүгінгі  күнді  қаншалықты 

нақты бейнелеп, оның ережелері мен қағидаттары 

ертеңгі  күннің  талаптарын  қандай  дәрежеде  еске-

ретініне байланысты болмақ.

Біздің әрқайсымыз осы негіз қалайтын құжат 1977 

жылғы үлгідегі «кемелденген социализмнің» театрлан-

дырылған инабатты жағдайда туып отырмағанын жақсы 

түсінуіміз керек, ал сол кезде көзжұмбай үлгі бойынша 

одақтас  республикалардың  соңғы  конституциялары 

қабылданғанын білеміз. Бүгінде біз мүлдем жаңа тарихи 

және геосаяси шындық жағдайында өмір сүріп отыр-

мыз және соны өзіміз айқын сезінуіміз керек. Бұрынғы 

біртұтас Одақ жоқ және біз соның қираған жұртында 

жаңа мемлекет орнатуға тиіспіз.

ТМД-ның қазіргі қалпындағы болашағы да көңілде 

зор оптимизм тудырмайтыны құпия емес. Орталықтан 

ауытқу  үрдістері  бұрынғы  Одақ  аумағында  тұратын 

халықтардың  өзара  қарым-қатынасының  мемлекет- 

аралық, этносаралық, әлеуметтік-экономикалық және 

басқа да формаларының барлық бағыттары бойынша 

қанат жайып барады. Ресейдегі қазіргі жағдай қатты 

алаңдаушылық туғызып отыр, онда билік жолындағы 

күрес  аясында  тұрақсыздану  үдерісі  жүріп  жатыр, 

біртұтас Ресей мемлекетін шын мәнінде бөлшектеуге 

шақырған  үндеулер  айтылуда.  Бізді  Тәжікстандағы, 

Әзірбайжандағы,  Армениядағы,  Грузиядағы  және 

басқа мемлекеттердегі істің жағдайы алаңдатпай қоя 

алмайды. Онда болып жатқан оқиғалар, әрине, тұтастай 


207

саяси ахуалға және, жекелей алғанда, Қазақстандағы 

жағдайға ықпал етеді.

Сондықтан өзге елдердің ішкі ісіне араласпау қағи-

датын қатаң ұстана отырып, біз болып жатқан оқиға-

ларды  мұқият  талдап,  дипломатиялық  жолдармен, 

халықаралық құқық пен қалыптасқан уағдаластықтарға 

сүйеніп,  қақтығыстар  мен  алауыздықтарды  реттеуге 

жан-жақты жәрдемдесуге тырысамыз, экономикалық 

және  гуманитарлық  көмекті  қоса,  бітімгерлік  және 

топтастырушылық іс-қимылдарды дамытып келеміз. 

Бұл біздің де ұлттық қауіпсіздігіміздің мүддесіне сай.

Біле  білсеңіздер,  мен  кейбір  мемлекеттердің  бас-

шылығында  қалыптасқан  ТМД-ға  тек  өркениетті 

«ажырасу» тетігі ретінде қарайтын көңіл-күйді жақта-

маймын. Сондықтан да сіздердің бұлжымас қолдаула-

рыңызбен мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық 

бағыттары бойынша интеграциялық саясатты жүргізіп 

келемін. Бұл үшін ТМД Мемлекет пен Үкімет басшы-

ларының кеңестерін, Парламентаралық ассамблеясын, 

Министрлер кеңесін, Үйлестіру-консультациялық эко-

номикалық кеңесті, Банк одағы мен Мемлекетаралық 

банкті, Шаруашылық сотын құру жөніндегі бастамалар 

біздің тараптан жасалғанын еске алсақ та жеткілікті. 

Минскідегі кезекті кездесуге Мемлекетаралық сот құру 

туралы  ұсыныс  әзірлеп  жатырмыз,  ол  пайда  болған 

мемлекетаралық және ұлтаралық даулы мәселелерді 

сыпайы  түрде,  құқықтық  тұрғыдан  қарар  еді.  Біз 

сондай-ақ  Достастықтың  ортақ  қорғаныс  мүдделері 

аясында да бастамалар жасадық. Жер-жердің бәрінде – 

Солтүстік Америкада, Батыс Еуропада, Оңтүстік-Шығыс 

Азияда  өңірлік-экономикалық  қоғамдастықтар  мен 

әскери-саяси  одақтарда  күштерді  қайта  топтастыру 


208

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жүріп жатқан қазіргі уақытта осының барлығы ерекше 

маңызды. 

Мұның бәрі бүгін қаралып отырған мәселемен де 

тікелей байланысты: тек берік конституциялық іргетас, 

нақты заң кепілдіктері мен өкілдіктері болғанда ғана, 

мемлекеттік саясатты  неғұрлым  табысты  әрі  сенімді 

жүргізуге болады.

Таңдап алынған бағытпен барынша салыстырылған 

Конституция қазір біздің өзімізге де ішкі проблема-

ларымызды шешу үшін бұрынғыдан да аса қажет. Ал 

олар көптеп шоғырланып қалды. Өкінішке қарай, әзірге 

біз экономикалық үдерістерді дамытудағы стихияны 

ауыздықтай  алған  жоқпыз.  Әлеуметтік-саяси  ахуал 

жеткілікті дәрежеде тұрақты емес. Экономикалық құл-

дырауды тоқтата алмадық: негізгі макроэкономикалық 

көрсеткіштердің  серпіні  бұрынғысынша  нашарлай 

түсіп, өнеркәсіп өндірісі төмендеуде, әл-ауқат деңгейі 

құлдырап,  төлем  балансы  қиын  жағдайда  қалуда. 

Инфляция  мен  баға  өсуінің  бізге  сырттан  таңылған 

қатерлі қарқыны, көптеген тауарлардың, ақша және 

валюта  қаржыларының  жетіспеуі,  реформаларды 

жүзеге  асырудағы  қателіктер  –  осының  бәрі  мұндай 

жағдайда болмай қоймайтын әлеуметтік кеселдердің 

қылмыс,  имандылықтан  айрылу,  масылдық  сияқты 

көріністерімен үстемелене келгенде қоғамдық көңіл-

күйге жақсы әсер ете қоймайды. Ащы да болса мынаны 

айтқым келеді: егер біз осы келеңсіз үдерістерді тоқта-

тып, дұрыс арнаға түсе алмайтын болсақ, кез келген 

биліктің, мейлі ол заң шығарушы, атқарушы немесе 

сот билігі болсын, көк тиындық құны жоқ.

Сонымен  бірге,  жағдайға  объективті  баға  беру 

үшін, таңдап алған жолымызда біздің көптеген істерді 



209

тындыра алғанымызды атап өтуге міндеттімін. Респу-

бликада  да,  сондай-ақ  одан  тыс  жерлерде  де  жетіп 

артылатын  күмәншілдер  мен  мысық  тілеулілердің 

болжамдарына қарамастан, реформалар бізде, ТМД-

ның рубль аймағын тұтастай алғандағыға қарағанда, 

едәуір мақсатты әрі нәтижелі түрде жүзеге асырылды. 

Нарықтық реттегіштердің жаңа өскіндері айқын бола 

түсті.

Жекешелендіруді алып қарайықшы. Бүгінгі таңда 



Қазақстандағы  республикалық  және  коммуналдық 

меншіктің 4,5 мыңнан астам әртүрлі объектілері қайта 

құрылды. Олардың бағалану құны – 21 млрд сомнан 

астам.  Өнеркәсіпте  орта  және  ірі  кәсіпорындарды 

акционерлеу  қанат  жайды.  Аграрлық  секторда  447 

кеңшар  жекешелендірілді,  шамамен  9  мың  шаруа 

қожалығы 3,5 млн гектар жердің иесі болды. 294 мың 

қазақстандық отбасылары жалпы көлемі 29 мың гектар 

саяжай  телімдерін  алса,  1  млн-нан  астам  қала  және 

ауыл еңбеккерлерінің бау-бақшалық жері бар. Сиыр-

дың жалпы санының тең жартысы, қойдың бестен бір 

бөлігі, жылқының үштен бірі мен шошқаның төрттен 

бірі жеке шаруашылықтарға шоғырланған. Бүкіл мал 

шаруашылығы  өнімділігінің  тұрақты  өсу  үрдісі  нақ 

соларда қалыптасуда. Біз зәру азық-түлік тағамдарын, 

мысалы, қант, өсімдік майын, кондитер, спирт-арақ, 

алкогольсіз ішімдік және темекі бұйымдарын өндірудің 

құлдырауын тоқтатып қана қоймай, бірқатар жағдай-

ларда арттыра да алдық.

Біздің ауыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегінің арқа-

сында қамбаға 33 млн тоннадан астам астық құйылды. 

Халықтың картопқа, көкөніске, жеміске деген сұранысы 

қамтамасыз етілді. Қажетті мөлшерде жемшөп дай-


210

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ындалды. Май және техникалық дақылдарды өндіру 

шамамен екі есе өсті.

Бюджет  қаржысын  тарту  және  едәуір  дәрежеде 

теңгермелеп бөлу халықты әлеуметтік қорғау жөнін-

дегі бірқатар елеулі шараларды жүзеге асыруға мүм-

кіндік  берді.  Мысалы,  бағаның  ырықтандырылуы 

мен өсуіне байланысты ең аз жалақы мен зейнетақы  

өсіру  жағына  қарай  қайта  қаралды,  күнкөріс  мини-

мумының өзгеруіне байланысты оларды қайта есеп-

теу  тәртібі  белгіленді.  Еңбекшілердің  өз  еңбегінің  

нәтижесіне  ынтасын  арттыру  мақсатында  жалақыға 

қойылған  барлық  шектеулер  алынды.  Мемлекеттік 

кәсіпорындарға басшылық жүргізу демократияланды-

рылып, оларға экономикалық қызметте кең дербестік 

берілді.

Өткен кезең біз үшін халықаралық қатынастарды 

құру тұрғысынан да айрықша мәнді болды. Қытайға, 

АҚШ-қа, ГФР-ға, Францияға, Ұлыбританияға, Иранға, 

Түркияға, Монғолияға, Пәкстанға, Үндістанға жоғары 

деңгейдегі сапарлар жасалды. Олар үкіметтік, парла-

менттік, саяси байланыстарды нығайтып, өзара тиімді 

ынтымақтастықтың  іргетасын  қалауға  көмектесті. 

Республикаға  несие  беруді,  инвестицияларды  өзара 

ынталандыру мен қорғауды, бізге кадрлар даярлауды, 

бірлескен қызметті көздейтін ірі ауқымдағы шарттар 

мен келісімдерге қол қойылды.

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына, Халықаралық 

қайта құру және даму банкіне, Халықаралық валюта 

қорына, Еуропа қайта құру және даму банкіне кірді, 

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің 

жұмысына қатысуда, басқа да халықаралық ұйымдар-

мен іскерлік қатынастар орнатты.



211

Мен  осының  барлығы  жөнінде  әдейі  жинақтап  

айтуды  ұйғардым.  Егер  біз  бүгінгі  таңда  қалыпта-

сқан  қолайлы  жағдайларды  –  республикамыздағы 

сақталған тұрақтылықты, адамдардың өзімізге деген  

қалтқысыз  сенімін,  әлемдік  қоғамдастықтың  бізге  

деген құрметін пайдалана алмасақ, онда біз тарихтың, 

келер  ұрпақтардың,  өзімізге  билік  тізгінін  ұстатқан 

халқымыздың  алдында,  сайып  келгенде,  өзіміздің 

ар-ожданымыздың  алдында  кінәлі  болатынымызды 

айрықша атап көрсеткім келеді. Тарих алдымызға тар-

тып отырған мүмкіндіктерді іске асырып, оны туған 

республикамыздың игілігі жолындағы үдерісті жедел-

дету үшін толық пайдалану – біздің парызымыз.

Сондықтан  біздің  әрқайсымыз  өзіміз  қабылдаған 

жауапкершілік деңгейін айқын сезінуге тиістіміз. Сес-

сияда  біздің  Негізгі  заңымыздың  жобасын  талқылау 

бір сәттік саяси немесе өзге де мүдделерді діттемей, 

қайта сындарлы сипатқа ие болып, ең алдымен өзімізді 

сайлаған халық пен мемлекеттің мүдделерін білдіреді 

деп  шын  пейілмен  үміттенемін.  Мен  нақ  осындай 

көзқарасқа  сенемін  және  сіздерді  ынтымақтастыққа, 

ақылдылық пен байыптылыққа шақырамын. Осы сес-

сия ізгі дәстүрлердің бастауы болсыншы. Қазір мұның 

тек Қазақстан үшін, оның болашағы үшін ғана емес, 

сонымен бірге, бүкіл Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы 

мен барша дүние жүзі үшін бұрынғы қай кездегіден де 

зор маңызы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет