Н. Ә. Назарбаев т аңдамалы сөздер



Pdf көрінісі
бет13/38
Дата12.01.2017
өлшемі3,07 Mb.
#1750
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38

Құрметті депутаттар! 

Бұдан жарты жыл бұрын бәріміз бастаған істі – жаңа 

Конституцияны  қабылдауды  табыспен  аяқтаудың 


234

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қажеттігіне осы залда отырғандардың ешқайсысының 

да күмән келтірмейтініне мен шын жүректен сенемін. 

Ол бізге ауадай қажет деп айтсам, мен қателеспес едім 

және оған себеп те жеткілікті.

Біріншіден,  мұның  алдындағы  Конституция  КСР 

Одағының  құрамындағы  республиканың  Конститу-

циясы  болатын.  Ал  жаңа  тәуелсіз  мемлекет  өзін  өзі 

орнықтыруға, соның ішінде бұрынғы құқықтық жүйені 

өзгерту жолымен де орнықтыруға тырысулы. Әрі бұл, 

бірінші  кезекте,  нығайып  келе  жатқан  мемлекеттің 

барлық заңнамалық базасының өзегі – Конституцияға 

қатысты.


Екіншіден, қоғамда болып жатқан өзгерістер серпіні 

бұрынғы  Конституцияның  аясына  сыймайды.  Оның 

тұжырымдамасы  мен  құрылымы  уақыт  талабынан 

кейін қалғаны сонша, бұл қайшылықты ешқандай да 

түзетулермен жоюға болмайды.

Үшіншіден,  билік  өкілеттіктерін  шындап  бөлу 

негізінде мемлекеттік билік жүйесінде тепе-теңдік пен 

тұрақтылықты қамтамасыз ететін жоғары заң шығару 

актісі  қажет.  Бұл  ретте  тепе-теңдік  пен  тежемелік  

жүйесі қаланады.

Нақ осы Конституция деңгейіндегі құжатта көпұлтты 

мемлекет ретіндегі Қазақстанның ерекшелігін толық 

бейнелеуге  болады,  ал  оның  жағдайында,  сондай-ақ 

қазақ  ұлтын  қайта  түлетудің  барлық  алғышарттары 

жасалуда. Сонымен бірге, өкілдері Қазақстанда тұрып 

жатқан ұлттардың ұлттық және азаматтық теңдігіне, 

тілдері мен өзіндік мәдениеттерінің дамуына кепілдік 

беріледі.

Нарыққа,  еркін  кәсіпкерлікке  қарай  ілгерілеудің 

құқықтық  кепілдіктері  де  күшейтілуін  талап  етеді. 



235

Жаңа Конституция нақ осыған бағытталған. Дегенмен 

мұнда да тепе-теңдік қажет, өйткені халықтың тұрмысы 

төмен жіктері үшін мемлекет тарапынан әлеуметтік 

кепілдіктерсіз, экономика негіздерін шынайы құқықтық 

реттеу  болмайынша,  біздің  жағдайымызда  нарыққа 

көшу жүзеге аспайды.

Сыртқы саяси сипаттың да маңызы айтарлықтай. 

Конституция бүкіл әлемге біздің жаңа мемлекетіміз, 

біздің еліміз әлемдік өркениеттің құрамдас бір бөлігі 

екендігін, Қазақстан халықаралық қоғамдастыққа тек 

негізі  жалпыадамзаттық  құндылықтар  болып  табы-

латын  тату  көршілік  пен  шынайы  ынтымақтастық 

ниетімен кіретінін танытқанда ғана, Қазақстан Респу-

бликасы әлемдік қоғамдастықтың лайықты және тең 

құқықты мүшесі бола алады.

Сөзімді аяқтай келе, біздің алдымызда тәуелсіз мем-

лекет  –  Қазақстан  Республикасының  тұңғыш  Негізгі 

заңын қабылдау міндеті тұрғанын тағы да атап өткім 

келеді. Біздің бұл іске қаншалықты сарабдалдықпен, 

ақылмен және жауапкершілікпен келуімізге көп нәрсе 

байланысты болмақ.

Бүгін  ғасырларға  есептелген  Конституция  жасау- 

ға  ұмтылудың  қажеті  жоқ.  Міндет  онда  емес.  Жаңа 

Конституция қиын және қысылтаяң өтпелі кезеңдегі 

жағдайда  біздің  алға  жылжуымыздың  берік  негізі, 

шынайы егеменді, тұрақты және берекелі Қазақстанды 

дәйектілікпен құру жолында сенімді бағдар болуға тиіс.

Құрметті халық депутаттары, бұл жобаны талқы-

лағанда  және  ол  бойынша  дауыс  бергенде,  нақ  осы 

тұрғыдан келулеріңізді тағы да сұраймын. Сіздердің 

риясыздықтарыңызға, әділдіктеріңізге және кемелдік-

теріңізге сенемін. 


236

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан халықтары  

форумында

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 14 желтоқсан

Құрметті форумға қатысушылар!

Осы залға Қазақстанда жүргізіліп жатқан өзгеріс- 

тердің қажеттілігі мен қайтымсыздығын толық мағына-

сында сезінетін пікірлестердің жиналғанына сенімдімін. 

Республика Президенті, мен үшін бұл өте маңызды. 

Өйткені біздің баршамыз қай ұлттан болсақ та, ортақ 

мұратпен біріккенбіз, алдымызға шын мәнінде орасан 

зор мақсат – әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы 

мүшесі болып табылатын, жоғары халықаралық өлшем-

дерге сай тәуелсіз демократиялық мемлекет құру мақ-

сатын қойып отырмыз.


237

Біз  жекеменшікті  антагонистік  тұрғыдан  қабыл 

алмаудан көпукладты шаруашылыққа көшіп жатыр-

мыз. Тоталитарлық мемлекеттен жеке адамның бостан-

дығына  көшудеміз.  Бірпартиялықтың  үстемдігінен 

саяси  пікір  алуандығы  мен  ашық  қоғамға  өтудеміз. 

Тарихи дамуда шұғыл бетбұрыс жасаудың ауыр және 

сонымен бірге құрметті міндеті біздің үлесімізге тиіп 

отыр, мұны көптеген халықтар мен мемлекеттер баста-

рынан өткізе қойған жоқ. Бұл үшін азаматтық ерлік пен 

ерік-жігер, біріккен әрі ұйымдасқан іс-қимыл, саяси 

тұрақтылық, жалпыұлттық келісім қажет.

Біз егемендік жариялаған кезден бері екі жылдан 

астам уақыт өтті. Міне, бір жыл бойы тәуелсіз мемлекет 

жағдайында  өмір  сүріп  келеміз.  Бұл  –  ақиқат  шын-

дық және өмір ағысын кері бұру мүмкін емес. Бірақ 

біз,  әрине,  белгіленген  нәрсенің  бәріне  қол  жеткізе 

алдық деп айта алмаймыз. Республика экономикасы, 

оның әлеуметтік саласы бастан кешіріп жатқан қиын-

шылықтарды сіздер жақсы білесіздер.

Біздің  басты  игілігіміз  –  халықтар  достығын 

қазақстандықтардың бірнеше ұрпақтары құрды. Сон-

дықтан бүгін, тарихымыздағы көп нәрсені ой елегінен 

қайтадан өткізе отырып, біздің осы байлықты талан- 

таражға салуға, интернационализмнің ізгі дәстүрлерін 

аяқасты етуге қақымыз жоқ. Олар тек соңғы онжыл-

дықтарда ғана және партияның нұсқауымен құрылған 

жоқ.


Тарихтың жазуы бойынша қазақтардың ежелгі жері 

әртүрлі  жағдайлармен  –  тарихи,  саяси,  әлеуметтік 

себептермен  осында  келген  көптеген  халықтардың 

өкілдерін  ежелден-ақ  қабылдай  бастаған  болатын. 



238

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Бұл халықтар әр кезде өз еркімен жер ауған емес. Әрі 

мұнда  олардың  кінәсі де жоқ. Сонау  Қаһарлы  Иван 

мен  Петр  І  заманынан-ақ  біздің  өлкемізде  қашқын 

адамдар пайда болды. Кейінірек мұнда Ресейдің бар-

лық түкпір-түкпірінен жер бөлісудің құрбандықтарына 

айналған шаруалар, империя шекараларын қорғауға 

шақырылған казактар қоныстана бастады. Өткен ғасыр- 

да ұйғырлар мен дүнгендердің ірі қоныс аударуы болды. 

Столыпин реформалары орыс, украин, белорус, поляк 

қоныс аударушыларының едәуір толқынын туғызды. 

Дала әрқашан да саяси жер аударудың мекені болды, ал 

халықтарды жаппай күштеп көшірудің сталиндік зама-

нында ол бұрын-соңды болмаған қасіретті шегіне жетті. 

Өз еріктерінен тыс және оның үстіне қазақ халқының 

пікірін ескерместен, республикаға корейлер, Еділ бойы 

немістері, шешендер, ингуштар, месхеттік түріктер, өзге 

де ұлт өкілдері қоныс аударылды. Және, ақыр соңында, 

«ұлы  екпінді  құрылыстар»  мен  тың  жерлерді  игеру 

кезеңінде Қазақстанға орасан зор көші-қон тасқыны лап 

қойды. Халықтың табиғи көші-қоны қазірде де жүріп 

жатыр.

Бұрынғы одақтас республикалардың ешқайсысы да 



осындай жойқын қоныс аудару үдерісін бастан өткерме-

ген болар. Бұған, әрине, тарихи оқиғалар да, Қазақстан-

ның геосаяси жағдайы да себепші болды. Қазақ ұлты, 

оның ақжарқындығы, қонақжайлылығы мен тату көр-

шілігінің  сан  ғасырлық  дәстүрлері  біздің  жеріміздің 

сан мыңдаған адамдарды жатсынбай, қайта туған үйіне 

айналуында елеулі, тіпті басты рөл атқарған да болар. 

Бірлескен  еңбекте,  аға  ұрпақтар  өкілдерінің  үлесіне 

артығымен тиген ауыртпалық пен жоқшылықты жеңу 

жолында, күнделікті тыныс-тіршілік пен мерекелерде 



239

республика халықтарының бірегей көп ұлтты қауымдас- 

тығы қалыптасып, оның қазіргі бейнесі жасалды.

Мен біздің ұлтаралық қатынастарымыздың өткені 

мен бүгінін тіпті де дәріптеп көрсету ниетінде емеспін. 

Олардың дамуында өзінің ішкі психологиялық қиын-

шылықтары да, Ресей империясының отарлық кеудем-

соқтығы, «ұлттардың қосылып кетуі» туралы атышулы 

сталиндік теория, «аға ұлттың» бейнесін зорлап тықпа-

лау және т. б. сияқты ұлт саясатының бұрмалануы да 

болды. Мұның бәрі із-түзсіз өтіп кете қойған жоқ. Сон-

дықтан республикаға келіп жатқандардың жергілікті 

әдет-ғұрыптармен, дәстүрлермен, рухани өмірмен санас- 

паған  тоталитарлық  жүйенің  «тетіктеріне»  айналуы 

олардың кінәсі емес, қайта қасіреті еді. Ол кезде, ақын 

айтпақшы, «бәрі түсінікті, бәрі орыс тілінде» болатын.

Қазақ  халқы  үшін,  оның  мәдениеті  мен  тілі  үшін 

бұл нағыз қасірет болып шықты. Көптеген адамдарда 

өзін өзі кем санаушылық, құсалық сезімі пайда болды. 

Айтпақшы,  мұндай  жайлар  басқа  республикаларда 

да болып жатты. Әрине, мұның ұзаққа созылуы мүм-

кін емес еді. Меніңше, Кеңес Одағы ыдырауының бір 

себебі, сірә, осында жатқан болуы керек. Жүйенің тек 

саяси және экономикалық дәрменсіздігінен ғана емес, 

сонымен бірге, халықтар өздерінің күш-жігеріне сеніп, 

ұлттық мәдени және рухани игіліктерін, өздерінің ана 

тілдерін қайта түлету қажеттігін сезінгендіктен де, оның 

шаңырағы ортасына түссе керек.

Мұндай ұмтылыстан басқалардың құқықтарына ұлт-

тық шабуыл жасауды көру үлкен қателік болар еді. Бұл 

– қалыпты адами жағдайға қайтып оралу. Сондықтан да 

мен республика халықтары қазақ халқының санасында 

болып жатқан өзгерістерге түсіністікпен қарап, оған 


240

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


рухани және зияткерлік тұрғыдан қолдау көрсетеді деп 

шын көңілмен сенемін. Екінші жағынан, жаңа жағдай-

ларда республиканың өзге халықтары да қалыптасудың 

күрделі  үдерістерін  бастарынан  өткеріп  жатқанын 

ескеру қажет. Мұның өзі қазақ ұлты тарапынан да дәл 

осындай түсіністік пен қатынасты талап етеді. Өзгелерді 

өзектен теуіп, өзіңді, ұлттық игіліктеріңді құрметтеуге 

басқаны мәжбүр ете алмайсың. 

Біздің  бәріміз  қарапайым  нәрсені:  ендігі  жерде 

ұлттардың үлкені де, кішісі де жоқ екенін түсінуіміз 

қажет. Бүгінде баспасөзден оқып, митингілерден естуге 

болатын  агрессивті  пікірлермен  және  үзілді-кесілді 

талаптармен тіпті ең игі істі де жүзеге асыра алмайсың, 

оның үстіне қарсыласыңның көзін жеткізе алмайсың. Ал 

егер, бір жағынан, бізді ығыстырып жатыр деп күдік-

күмән танытып, екінші жағынан, дағуа қойып, енді есесі 

қайтпайтын есеп ұсынып, бірлесіп сүрген өмірімізден 

тек келеңсіз жайларды ғана көретін болсақ, онда сөз-

сіз тұйыққа тірелеміз. Өткен қиыншылықтарға қабақ 

шыта қарайтын кез келмеске кетті. Жасампаздықтың, 

өз мемлекетімізді құрудың кезеңі туды. 

Біз  бәріміз  –  жай  ғана  тұрғындар  емеспіз,  біз 

Қазақстан  Республикасының  азаматтарымыз!  Сон-

дықтан адамға лайық өмір жолын таңдаған, ұрпақтар 

алдында  жауапкершілікті  мойнына  алған  өз  мемле-

кетімізді  мақтаныш  етіп,  біртұтас  отбасы  сезіміне 

бөленіп, республикамыздың қазір бүкіл дүние таныған 

туын,  елтаңбасын,  әнұранын  киелі  заттай  қастерлей 

білуге тиіспіз. Нақ қазақстандық мемлекеттік патрио-

тизм республиканың, оны мекендейтін барлық ұлттар 

мен ұлыстардың қайта түлеуінің басты тірегіне айнала 

алады. 


241

Өз тарапымнан мынаны мәлімдеуім керек: респу-

блика  басшылығы  ұлттық  келісім  саясатын  бекем 

және ақырына дейін жүргізетініне, заңды негізде берік 

тұрып, қандай да болсын себептермен пайда болатын 

дұшпандық өртін тұтандыруға мүмкіндік бермейтініне 

Қазақстан халқы сенімді бола алады. 

Жақында  мен  республика  бойынша  біраз  сапар 

жасап, еңбек ұжымдарында болдым, жастармен, әске-

рилермен, шығармашылық және ғылыми интеллиген-

циямен кездестім. Теледидар арқылы халықтың әртүрлі 

жіктері  өкілдерінің  сұрақтарына  жауап  қайтардым. 

Бұл кездесулер жаңа ғана өзім айтып өткен проблема-

лардың адамдарды шынында да алаңдатып отырғаны 

жөнінде қорытынды жасауыма негіз береді. Қоғамдық 

өмір  тынысы  ұлтаралық  қатынастардың  жай-күйіне 

әрқашан да сергек үн қатады. Ал егер халықтың басым 

көпшілігінің пікірін жинақтасақ, онда ол бір нәрсеге: 

біздің бұра тартып, бөліп алар ештеңеміздің жоқ екенді-

гіне, сондықтан бірден-бір ықтимал жол – қызбалықтың 

өршуіне жол бермеу, татулық пен келісімді сақтау үшін 

барлық мүмкіндікті жасау екендігіне келіп саяды. 

Қазақстандықтармен болған кездесулер мен әңгіме-

лер мені қатты қуантты. Бүгін адамдарды тұрмыстың 

ауыртпалығынан  гөрі  реформаларды  жеделдету 

проблемалары,  шынайы  нарықтық  қатынастардың 

қалыптасу, үкімет билігін нығайту мәселелері көбірек 

толғандыратыны назар аудартады. Бұл – көңіл күйде 

бетбұрыс жасалып, болып жатқан нәрселердің мәнін 

ұғынудың және нақты істерге белсенді араласуға деген 

құлшыныстың арта түсіп отырғанының тағы бір айғағы. 

Осыған байланысты республикада қоғамдық топтас- 

тыру ұстанымында берік тұрған өзгерістерді жақтау- 


242

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


шылардың  әлеуеті  артып,  нығайып  келе  жатқаны 

мені  шынайы  қанағат  сезіміне  бөлейді.  Қазақстан 

бүгінде  ТМД  елдері  үшін  айтарлықтай  сирек  кезде-

сетін артықшылыққа – саяси тұрақтылықтың біршама 

жоғары  деңгейіне  ие  болып  отыр.  Дегенмен,  біздің 

тоқмейілсуге қақымыз жоқ. Егер қол қусырып қарап 

отырсақ, онда бұл артықшылықтан айрылып қалуы-

мыз да мүмкін. Біз адамның үнін, әрбір халықтың және 

әрбір ұлттың үнін күн сайын ести аламыз ба? Өкінішке 

қарай, әрқашан ести бермейміз. Сондықтан да мұндай 

форум тұрақты негізде жұмыс істей алады әрі істеуі 

тиіс. Ол біздің Отанымыздың ұлттары мен ұлыстары 

арасындағы татулық пен келісімді сақтау мен нығайту 

үшін көп істі тындыра алар еді.

Бүгінгі талқылаудың нәтижесінде біз жаңа қоғам-

дық институт – Қазақстан халықтарының Келісім және 

бірлесу ассамблеясын құра алар едік деп ойлаймын. 

Ол Қазақстандағы ұлтаралық келісімді бүкілхалықтық 

нығайту міндетін шешетін саяси да емес, үкіметтік те 

емес ұйым болар еді.

Мен  бүгін  адамдардың  бастан  кешіріп  отырған 

сезімдерін  әбден  түсінемін  және  оған  ортақтаспын. 

Мәселе мынада: халық саяси сөзуарлық пен мылжың-

дықтан,  саясаткерлердің  арасындағы  қатынастарды 

анықтаудан,  «отбасы»,  «ата-ана»,  «нан»,  «жер»  деп 

аталатын қарапайым да түсінікті шындықтарға біздің 

сүлесоқтығымыздан әлдеқашан-ақ мезі болды. Қазір 

әркім өзінің көпұлтты мемлекеттегі жаңа жағдайына, 

өзінің орнына үйрену мен байыптау үдерісін бастан 

өткізуде. Әркім өзінің, балаларының болашағы туралы 

ойланады, оқиғаның дамуына деген өз көзқарасы бар. 

Сондықтан осындай Ассамблея Қазақстанның барлық 



243

халықтары мұң-мұқтаждарының күллі шоғырын бей-

нелейтін саясаттан тыс орган болар еді.

Осы  ұсынысты  енгізе  отырып,  оның  түсіністікпен 

қолдау табатынына және ұзақ сонарға салынбай нақты 

жүзеге асатынына сенемін.

Бүгінгі әңгімемізді осындай көтеріңкі сарында аяқта-

сам деймін. Қазақстан халқы жұмыла отырып, мемле-

кеттің дамуындағы қиын да жауапты кезеңді ойдағыдай 

өткеретініне еш күмәнім жоқ. Біздің бірлігіміз – осы 

жұмыста табысқа жетуіміздің негізгі шарты. 


244

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің  

1 жылдығына арналған салтанатты жиналыста 

«Қазақстанның өз жолы, өз болашағы бар» атты 

СӨЙЛЕГЕН СӨЗІ

Алматы қаласы, 

1992 жылғы 15 желтоқсан

Қымбатты отандастар!

Бүгін біз бұдан 2 жылдан астам уақыт бұрын өзінің 

егемендігі туралы мәлімдеген мемлекетіміз – Қазақстан 

Республикасы тәуелсіздігінің 1 жылдығын атап өтудеміз. 

Артқа  көз  тастап,  өткен  уақытты  ойымда  жаңғырт- 

қанымда мен күрделі сезім құшағына бөленемін. Ол 

біздің  есімізде,  балаларымыз  бен  немерелеріміздің 

есінде сөзсіз сақталып қалатын оқиғаларға толы болды. 

Ол біздің мемлекеттілігіміздің негізі, ең маңызды ірге-

тасы қаланған, жаңарған Қазақстанның елтаңбасы, туы 



245

мен  әнұраны  дүниеге  келген,  планетаның  көптеген 

елдері біздің тәуелсіздігімізді танып, өздерінің дүние- 

жүзілік  отбасына  қабылдаған  күндер  болатын.  Бұл 

– кез келген халық үшін бақытты, ерекше қуанышты 

оқиғалар. 

Біз өз тарихымызды, мәдениетімізді шындап қайта 

түлетуге кірістік, өзіміздің ішкі және сыртқы саясаты-

мызды  дербес  жүргізе  бастадық,  өзіміз  бұрын  өмір 

сүргендегіден түбірінен өзгеше, біз үшін мүлдем жаңа 

қоғамның тұңғыш заңнамалық негіздерін құрдық.

Осындай қуатты әлеуметтік, саяси, экономикалық 

жаңғыру бір мезгілде қандай тарихи кезеңдерде болып 

көрген! Халықтың ғасырлар бойғы жадында мұндай 

ештеңе болған жоқ қой деп ойлаймын. Осынау қысқа 

уақыт  аралығында  біздің  үлесімізге  тиген  шұғыл 

бетбұрыспен  байланысты  маңызды  оқиғалар  тығыз 

араласып кетті. Бірақ біз, барлық қиыншылықтарды 

жеңе отырып, бұрын беймәлім, күрделі жолдардың 

алғашқы  ізашарлары  болғанымыз  үшін,  қалай  да 

тағдырға  ризашылығымызды  білдіретінімізге  мен 

сенемін.


Осы уақыт ішінде біз Қазақстан өзінің лайықты, тере-

зесі тең және құрметті орнын алғысы келетін әлемдік 

экономикалық  жүйеге  интеграциялану  үдерісі  қан-

шалықты қиын екенін ұғындық. Біз өзіміз ерікті түрде 

мойнымызға алған жауапкершілік жүгінің қаншалықты 

зор  екенін  сезіндік.  Қоғам  бұрынғысынша  әлеумет-

тік-экономикалық үдерістердің стихиялы дамуының 

қыспағында қалып отыр, ал нарықтық экономиканы 

қалыптастырудың қазіргі кезеңінде оны ауыздықтау да 

қиын. Қанат жайған инфляция және онымен байланыс- 



246

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


ты бағаның шарықтауы, табыстың бірқалыпты бөлін-

беуі мен қылмыстың өсуі, ақыр соңында, кең ауқымды 

реформалар жүргізудегі көңіл құлазытарлық, бірақ, 

өкінішке қарай, болмай қоймайтын қателіктер – осы-

ның бәрі қоғамның көңіл-күйіне мейлінше теріс әсер 

етіп, жұмысшы немесе ауыл еңбеккері болсын, интел-

лигенция өкілі, зейнеткер, тіпті бала болсын – барлық 

қазақстандықтарға зіл батпан салмағын түсіріп отыр.

Өз  бойымыздан  қайта  жаңғыру  жолына  түсуге 

күш-жігер  таба  білгендіктен,  біз  енді  бір  орынды 

шиырлай бермей, таңдап алған бағытта дәйекті түрде 

батыл қадамдар жасауымыз керек. Мен қанша күш-жі-

гер жұмсауды қажет етсе де, әлеуметтік бағдарланған 

нарықтық экономика құру туралы айтып тұрмын.

Әрине, өзінің әлеуметтік-саяси, ұлттық, экономика-

лық және басқа ерекшеліктерінен тұратын Қазақстан-

ның өзгешелігі нарықтық қатынастар құрудың өзіндік 

тәсілін іздеуді қажет ететіні сөзсіз. Алайда кез келген 

ұлттық ерекшелік нарықтың басты, түпкілікті мәнін 

құрайтын негізгі қағидаттарын әркімнің өз қалауынша 

өзгерте беруіне әсте де жол бермейді.

Әрине,  ескі  құрылымдар  қиратылып  жатқанда, 

өтпелі кезеңнің кемшіліктері болмай қоймайды. Эконо-

микалық құлдырау көз алдымызда болып жатыр. Бірақ 

оның неліктен болғанын қарап көрейікші. 

Біздің  экономикамыздың  тәуелді  сипаты,  тегінде, 

бұрынғы шаруашылық байланыстардың үзілуіне төтеп 

бере алмады. ТМД елдерінен қажетті көлемдегі жет-

кізілімдер тоқтатылысымен-ақ өндіріс дереу құлдырай 

бастады.


Басқа себеп біздің ортақ рубль аймағына байлаулы 

болуымызға байланысты. Әрі біз оны сақтап қалуға шын 



247

ниетімізбен ұмтыламыз, өйткені ол, негізінен, бәріміз 

үшін де тиімді. Дегенмен қолма-қол ақшаның жетіспеуі, 

Қазақстан берген өнімдер үшін оған 200 млрд сомнан 

астам қарыздар болып отырған ТМД елдері тарапынан 

төлемсіздіктің өсе түсуі, таяу арада бұл проблеманы 

шешудің нақты болашағының жоқтығы – осының бәрі 

бізді өз валютамызды енгізуге мәжбүр етуі мүмкін.

Осының барлығы, тұтастай алғанда, объективті қиын-

дықтарды туғызып отыр. Бірақ жағдайдан шығу халық 

шаруашылығын басқарудың келмеске кеткен әміршіл 

тәсілін жандандырып, кейін шегінуде емес, қайта дә- 

йекті әрі бұлжымас реформаторлық іс-қимылда жатыр.

Бүгінде түбегейлі экономикалық реформаның басты 

міндеті – мемлекеттік меншікті жекешелендіру. Әрі біз 

оны кешеуілдетуге ешқандай да жол бермейміз.

1992 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, республи-

када 4,5 мыңнан астам әртүрлі республикалық және 

коммуналдық  меншік  объектілері  қайта  құрылды. 

Олардың  бағаланған  құны  –  21  млрд  сомнан  асты. 

Өнеркәсіптегі орта және ірі кәсіпорындарды акциялан-

дыру үдерісі жеделдеді. Аграрлық секторда 447 кеңшар 

жекешелендірілді. Жекешелендіру ауқымы ай сайын 

өрістеуде, демек, біз өте маңызды іске – халықты психо-

логиялық жағынан нарықтық экономиканың пайдасына 

икемдеуге қол жеткіздік. Сондықтан да жекешелендіру 

мәселесі саяси сипат алып, біздің қызметіміздің маңыз- 

ды бағытына айналып келеді.

Үкімет  таяудағы  үш  жылға  жекешелендірудің 

мұқият талданған бағдарламасын жасады. Бұл жұмысқа 

Дүниежүзілік банктің, Еуропа қайта құру және даму 

банкінің сарапшылары мен Халықаралық даму жөнін-

дегі агенттік қатысты. Қазір бағдарлама талқыланып 


248

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


жатыр,  соңынан  мен  оны  бекітемін.  Ал  оның  негізгі 

ерекшеліктері қандай?

Өтіп бара жатқан жылдың есебіне жекешелендіру-

дегі айқын ілгерілеумен және оның тұжырымдамасы-

ның дәлденуімен қатар, меншіктің жеке, акционерлік 

және  басқа  формаларына  рұқсат  ету,  кәсіпкерлікті 

қорғауға бағытталған заң актілері, кәсіпкерлікке қолдау 

көрсетуді көздейтін құрылымдар құру, ақыр соңында, 

салық, қаржы-несие және банк жүйелерін реформалау 

сияқты  нарықтық  қатынастарды  нығайту  жөніндегі 

қадамдарды  жатқызуға  болады.  Осы  іс-әрекеттердің 

бәрі ниет білдірген әрбір адамның қажетті кәсіпкерлік 

еркіндігін қамтамасыз етуге, қабілеті мол, еңбексүйгіш 

және іскер адамның өз мүмкіншілігін толығымен көр-

сете білуіне бағытталған.

Биылғы  ауыл  шаруашылығы  жылының  қорытын-

дылары бізге мемлекеттік экономикалық құрылыстың 

сан-салалы  міндеттерін  шешуде  орасан  зор  демеу 

болды.  Біздің  диқандарымыз  дәнді  дақылдардан 

рекордты өнімге қол жеткізгені мәлім. Халықтың кар- 

топқа,  көкөніске,  жеміске  деген  қажеті  қамтамасыз 

етілді. Жемшөптің жеткілікті қоры дайындалды. Майлы 

және техникалық дақылдар өндірісі екі есе дерлік өсті.

Егер егін орағына өткен жылдармен салыстырғанда 

механизаторлардың аз қатысқанын, комбайндар мен 

автокөлік  құралдары  санының  едәуір  қысқарғанын 

ескерсек,  оның  үстіне  бұған  отынмен  және  басқа  да 

материалдық-техникалық  ресурстармен  қамтамасыз 

етудегі  бұрын-соңды  кездеспеген  қиыншылықтарды 

қосатын болсақ, біздің ауыл еңбеккерлеріміз іс жүзінде 

мүмкін  емес  нәрселерді  жасады  деп  айтуға  толық 

қақымыз бар. Бүгінде еңбектегі ерлік пен қаһармандық 



249

туралы марапат сөздер айту қалған тәрізді, бірақ мен 

республикамыздың егінжайында атқарылған жұмысты 

нақ осы сөздермен сипаттаймын. Осынау салтанатты 

күні Қазақстан диқандарына орасан зор рахмет айтуға 

рұқсат етіңіздер.

Егер біз өзіміздің агроөнеркәсіптік кешеннің көпте-

ген мұқтаждарын қаржыландырсақ, өте дұрыс істеген 

болар едік деп ойлаймын. Өткен кезеңдерде Қазақстан-

ның әрбір миллиард пұт астығына байланысты «бүкіл-

халықтық мерекелер» дейтіннің қандай дабыра-даңғаза-

мен ұйымдастырылып келгені естеріңізде болар. Диқан-

дардың құрметіне көпірме мадақтау сөздер айтылып, 

наградалар жаңбырдай жауатын. Бірақ осы насихаттық 

дабыраның бәрі ауыл еңбеккерлерін шімірікпей тонау- 

дың бүркемесі ғана еді. Өйткені Қазақстанның кеңшар-

лары мен ұжымшарларынан тіпті тұқымдық қор да 

сыпырып әкетілетін.

Бүгінгі таңда біз түскен валюта мен шетелдік неси-

елердің барынша көп мөлшерін нысаналы түрде ауыл 

шаруашылығы  өндірісін  жаңа  технологиялармен 

жарақтандыруға жұмсау қамында жүрміз.

Қазір бірлескен кәсіпорындар негізінде жоғары тех-

нологиялы машиналар шығаруды ұйымдастыру үшін 

ірі шетел инвестицияларын тарту жұмысы жүргізілуде.

Егер біз республикалық немесе жергілікті деңгей-

дегі  шенеуніктер  өз  пайдаларына  уәж  келтіргеніне 

қарамастан,  тапқан  қаржыға  олар  емес,  тек  өнім 

өндірушілердің өздері иелік ететіндей жағдай жасама-

сақ, бізді ешқандай күрделі қаржы құтқара алмайты-

нына сенімдімін.

Осыған байланысты біз ауылдағы меншік алуандығын 

орнықтыруға, дербестікке деген құштарлығын сақтап 


250

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


қалған,  шаруа  еңбегінің  де,  маңдай  терінің  де  шын 

қадірін білетін жұмыскерлерді кіріптарлықтан босатуға 

барынша тырысудамыз. Парламент пен үкіметтің жер 

реформасы, жекешелендіру, меншік, шаруа (фермер) 

қожалықтары, еркін баға, мемлекеттік тапсырыс және 

т. б. туралы қабылдаған заңнамалық актілер топтамасы 

нақ осы мақсатқа жетуге бағытталған. 

Экономикамызды реформалаудағы кейбір ілгерілеу- 

шіліктер мен қазіргі проблемалар туралы әңгімелей 

отырып, тауар өндіру әлеуетін көтеру қажеттігі туралы 

да айта кету керек. Нарықтық қатынастардың дамуына 

бөгет  жасамай,  сонымен  бірге,  экономиканы  қайта 

жаңғыртуға басқарылу сипатын беретін белсенді, ныса-

налы саясат жүргізу қажет. Басқаша айтқанда, әңгіме 

мемлекеттік реттеу туралы болып отыр, ал ол біздің 

нарыққа қарай қадамымыздың барлық кезеңінде бұдан 

былай да белсенді түрде қолданылатын болады.

Меніңше,  көп  кешіктірмей  тауар  өндірушілерді 

қолдауға бағытталған қаржы-экономикалық сипаттағы 

бірқатар  маңызды  акциялар  жүргізу  керек.  Әңгіме 

несие  саясатындағы  өзгерістер,  өнеркәсіп  пен  ауыл 

шаруашылығы өндірісін реттеу жүйесін өзгерту, салық 

саясатын жетілдіру, тікелей шетелдік инвестицияларды 

тарту үшін қолайлы жағдай жасау туралы болып отыр.

Экономикада  болып  жатқан  күрделі  үдерістер, 

өндіріс қайтарымының онша жоғары болмауы әлеумет-

тік сала деп дәстүрлі аталатын салалардың жай-күйіне 

ерекше ауыр әсер етуде. Биыл біз, елеулі қаржы қиын-

дықтарына қарамастан, білім берудің мемлекеттік меке-

мелері жүйесін сақтап қалдық. Нарықтық экономика 

мамандарын даярлау жөніндегі факультеттер ашылды, 

жаңа жоғары оқу орындары, техникумдар, колледждер 



251

ұйымдастырылды.  Жоғары  оқу  орындарына,  білім 

берудің мемлекеттік емес мекемелеріне айтарлықтай 

бостандық  беретін  «Білім  беру  туралы»  Заң  қабыл-

данды. Дәстүрлі емес тұрпаттағы оқу орындары шын-

дыққа айналды. Қазақ мектептері, балалар бақшалары 

мен  мектептен  тыс  мекемелер  жүйесі  айтарлықтай 

кеңіді. Өзбек, тәжік, ұйғыр, неміс мектептері жұмыс 

істей бастады.

Халықаралық ынтымақтастық шеңберінде шет мем-

лекеттердің 25 білім беру министрліктерімен байланыс 

орнатылды және 15 ірі келісім жасалды. Бірнеше мың 

жігіт пен қыз басқа елдердің университеттерінде оқуда, 

халық шаруашылығының мамандары АҚШ-та, Түрки-

яда, Оңтүстік Кореяда, Францияда, ГФР-да тағылымда-

мадан өтуде. Қазақ-түрік және Қазақ-мысыр универси-

теттерін құру туралы келісімге қол жетті, ал Павлодар 

технологиялық университетінің негізінде Қазақ-неміс 

академиясы құрылды.

Дегенмен бұл саладағы жағдай өте күрделі қалпында 

қалып  отыр.  Өз  еңбектерінің  ұйымдастырылуына, 

материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз 

етілуінің жетілмегендігіне қанағаттанбаған білім беру 

мен ғылым қызметкерлері жұмыс орындарын тастап 

кетуде. Кез келген қоғам үшін бұл күйреу қаупін туғы-

зады. Бұл үдерісті тоқтату үшін, біз білім берудің жал-

пымемлекеттік жүйесін құрудың негізгі қағидаттарын 

шұғыл түрде анықтауымыз қажет.

Олар базалық деңгейде тегін білім беру кепілдігін, 

білім  берудің  мемлекеттік  емес  мекемелерін  дамы-

туды, білім беруді қаржыландырудың жаңа үлгілеріне 

көшуді, оқытушылар мен үлгерімі жақсы студенттерді 

әлеуметтік қорғау мен ынталандыруды қамтуы тиіс.


252

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Нарыққа көшу жағдайында айрықша назар объек-

тісі денсаулық сақтау мен халықты әлеуметтік қорғау 

салалары болып табылады. Іс жүзінде бір жыл ішінде 

денсаулық  сақтау  реформасының  жаңа  заңдылық 

негізі құрылды. Медициналық құралдар, аспаптар мен 

жабдықтар шығарудың республикалық бағдарламасы 

бекітілді және Қазақстанның өнеркәсіп орындарында, 

соның ішінде қорғаныс кешенінің кәсіпорындарында 

медициналық техника шығару басталды.

Балалы отбасыларын қолдау мақсатында бірқатар 

заңдар мен нормативтік актілер қабылданды. Үстіміз-

дегі жылғы 1 қазаннан бастап 3 жасқа дейінгі балалар 

үшін жылына – 7400 сом, 3-тен 18 жасқа дейінгілер үшін 

5500 сом бірмезгілдік жәрдем белгіленді. Көп балалы 

аналарды әлеуметтік қорғау туралы Президент Жар-

лығы қабылданды.

Республикада, бүкіл дүние жүзіндегі сияқты, қарт 

адамдар саны көбеюде. Бүгінде 3 млн-дай зейнеткер 

мемлекеттік көмек алады. Қазір зейнетақының орташа 

мөлшері 2100 сом болды. Биылғы жылы зейнетақы мен 

жәрдемақылар  бойынша  барлық  төлемдер  76  млрд 

сомға жетті.

1992–1995 жылдарға арналған мүгедектерді әлеумет-

тік қорғау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге 

асыру басталды. Онда олар үшін қажетті әлеуметтік- 

экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдай 

жасауға айрықша назар аударылып отыр.

Сонымен бірге, әлеуметтік қорғау тетіктері мен меди-

циналық  қызмет  көрсету  жүйесін  түбегейлі  өзгерту 

қажет.  Бұл  саладағы  реформаның  басты  бағыттары 

мыналарға саяды.


253

Біріншіден, халық медициналық көмектің кепілдікті 

минимумын  алатын,  ал  оның  шеңберінен  шығатын 

қызметтердің ақысы азаматтардың өздерінің медици-

налық сақтандыру есебінен төленетін бюджеттік-қам-

сыздандыру медицинасына көшуге. Бұл дүние жүзінде 

жалпы қабылданған жүйе және оның неғұрлым тиімді 

екені сөзсіз.

Екіншіден,  адамның  еңбек  үлесіне  баға  берудегі 

жә  не,  соның  салдары  ретінде,  оны  зейнетақымен 

қамтама  сыз етудегі теңгермешілік қағидатын жоюға.

Үшіншіден,  болашақ  зейнеткерлердің  ерікті 

қам сыз дандырылуына  негізделген  жаңа  зейнетақы 

жүйесін  құруға.  Жаңа  экономикалық  бағдарламада 

тұрмысы  төмен  азаматтарға  атаулы  қолдау  көрсету 

көзделуде.

Қоғамдық-саяси,  әлеуметтік  және  экономикалық 

өмірдегі күрделі үдерістер туғызған проблемалар мен 

қиыншылықтар біздің әлі де болса жетіліп болмаған 

қоғамымыздағы көптеген мерездің бетін ашты. Оған ең 

алдымен қылмыстың өсуі жатады. Биыл талай ондаған 

жылдардан бері тұңғыш рет республикада тіркелген 

қылмыстар саны 150 мыңнан асып түсті. Ұрлық, тонау, 

қарақшылық  саны  өсуде.  Қылмыстың  ұйымдасқан 

түрлері, әсіресе, экономика мен қаржы-несие жүйесі 

саласында ерекше белең алуда. 

Министрліктердің,  ведомстволардың,  кәсіпорын-

дардың, мекемелер мен ұйымдардың жекелеген бас-

шылары, жергілікті әкімдіктердің басшылары осы бір 

маңызды істен бойларын аулақ салып, онымен тек ішкі 

істер мен ұлттық қауіпсіздік органдары айналысуға тиіс 

деп есептеуде.



254

II  ТОМ.  1991–––––

1995 


Нақ осыған байланысты мен лауазымды адамдар-

дың республикадағы тәртіптің, қоғамдық тәртіп пен 

қауіпсіздіктің жай-күйі үшін жауапкершілігін арттыру 

мәселелеріне  арналған  арнайы  қаулы  қабылдадым. 

Құқық қорғау органдары, қаржы бақылау органдары 

жергілікті жерлердегі атқарушылық тәртіпті мұқият 

тексеруде,  заңдардың  және  басқа  да  нормативтік 

актілердің бұзылуына ықпал ететін себептер анықта-

луда. Мемлекет қаржысы мен ресурстарын талан-та-

ражға  салушы,  өздерінің  қара  басының  қамы  үшін 

қызмет бабын теріс пайдаланушы басшыларға ең қатаң 

шаралар қолданылатын болады.

Біз, ақыр соңында, көшелерде және қоғамдық орын-

дарда тәртіп орнату үшін, ең батыл іс-әрекеттерді қол-

данамыз. Біздің қатаң әдістер қолдануымызға азаматтар 

түсіністікпен  қарайды  деп  ойлаймын,  өйткені  қыл- 

мыстың адуын толқыны алдында бұдан былай шегінер-

лік жер жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет