Маржан Сулейменовна Мурсалимова
«Би Боранбай атындағы орта мектебі» КММ
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Қызыл кесік ауылы
ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУДА
МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ДИАГРАММАЛАРМЕН ЖҰМЫС
ЖАСАУДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Мақалада қазіргі білім беру жағдайында математикалық сауаттылықты
дамыту білім сапасын жоғары деңгейде көрсететіні, математика сабақтарында
оқушы бойында ақпараттық құзыреттіліктің ашылуында әртүрлі тәсілмен
берілген ақпаратты өңдей отырып, АКТ көмегімен ақпаратты графикалық
түрде жеткізу әдісі туралы баяндалады.
379
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, математикалық сауаттылық,
ақпараттық құзыреттілік, ақпарат, ақпараттың графикалық түрде берілуі,
диаграмма.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына енуі үшін білім беру
жүйесінде көптеген тың қадамдар жасалуда. Аталған міндетті орындау
мақсатында «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» бекітілді. Мұнда
фунукционалдық сауаттылық ұғымын енгізе келе, ұлттық жоспардың мақсат,
міндеттері туралы, ағымдағы жағдай мен әлемдік тәжірибиеге көз жүгірте
отырып, оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамытуға бағыт береді.
Функционалдық сауаттылықтың үш саласы: оқудағы сауаттылық,
математикалық сауаттылық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы PISA
шеңберіндегі тестілеу барысында қолданылады.
Математикалық сауаттылықты зерттеуде тапсырмалардың мазмұн
аймағы, деңгейі, құзыреттілігі, жағдаяты қарастырылады. Сонда математиканы
оқытуда бүгінгі күні жаңа талаптар қойылуда. Талаптар оқушылардың алған
білімінің терең болуын, алған білімін өз өмірінде еркін қолдана алуына жол
ашуды көздейді.
Функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және
экономикалық қызметтерге белсене қатысуына, өмір бойы білім алуына ықпал
етеді. Дамыту нәтижесі білімдерін практикалық жағдайларда тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі құзыреттіліктер жүйесін меңгеру болып
табылады. Орта мектепті бітірушіге белгіленген негізгі құзыреттіліктердің
арасында ақпараттық құзыреттілік бар [1].
Ақпараттық құзыреттілік : Ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға,
іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның
ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
көмегімен жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып
табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.
Ақпаратты түрлі категориялар бойынша бөледі. Соның ішінде бейнелеу
тәсілі бойынша ақпарат түрлерін: сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық,
видеоақпарат ретінде қарастырады.
Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Графикалық кескін
әлемді танудағы негізгі құрал болып табылады. Деректер бойынша ақпараттың
81%-ын көру арқылы қабылдайды.
Ал, ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе
ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары
қарай өз қажетіне жаратады [2]. Яғни, математикада алынған ақпаратпен
жұмыс тікелей жүрмейді, онда аргументті тауып, оны модельдеп, берілген
жағдаятты шешуде түрлі әдіс – тәсілдермен өңдейді. Және шешімді жеткізудің
оңтайлы жолы қарастырылады.
380
Графикалық мәдениет кең көлемде «геометриялық, техникалық және
шынайы өмірдегі басқа ақпаратты графикалық әдістермен тану, сақтау,
жеткізудегі адамзаттың жетістіктерінің бірігуі » деп қарауға болады.
Ал, пәндік аймақта қарасақ, графикалық мәдениет сызбалар сызу, график
тұрғызу, диаграммамен жұмыс жасаудағы тұлғаның жетістігі.
Графикалық ақпаратпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу, ұзақ та табанды
жұмысты қажет етеді.
Оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастыру жағынан
қарасақ «графикалық ақпаратпен жұмыс жоғары пәндік білімді, бейнелеудегі
білік пен дағдыны, кәсіби есепті шешудегі ерекшелікті, эстетикалық талғамды»
қажет етеді [3].
Осы талаптарды алға қоя отырып, оқушыларды математика сабақтарында
алынған ақпаратты өңдеп, графикалық түрде кескіндеуге және ақпартты АКТ
көмегімен жеткізу мүмкіндігін көрсетуге болатынын қарастырсақ. Себебі,
жоғарыда атап өткендей,графикалық түрде және өзіндік талдаумен берілген
ақпарат оқушының есінде 30% - 50% сақталады делінген.
Сандық түрде берілген ақпаратты диаграммада көрсетуге болады.
Ақпаратты диаграмма көмегімен беру қазірде барлық дерлік салаларда
қолданып келеді.
Диаграмма, түрлері туралы түсінік математика сабақтарында 5-6
сыныптан бастап қарастырылады.
Кең көлемдегі ақпаратты қысқартып және мәліметтердің арасындағы
әртүрлі қатынастарды көрсетуде, сандық мәліметтерді графикалық кескіндеу
құралы ретінде диаграмма қолданылады.
Диаграммалардың түрлері көп: бағанды, дөңгелек, график, сызықтық,
нүктелік, биржалық, беттік, сақиналы, көпіршікті, т.б.
Әр түрдегі диаграмма уақытты көрсетуге, шамаларды салыстыруға,
уақытқа қарай үзіліссіз өсуді көрсетуге, пайыздық өзгерісті анықтауға, т.с.с.
мақсатта құрылады.
Төменгі сыныптарда диаграмма туралы, оны салу тәсілдері туралы алған
білімдерін MS Excel бағдарламасы негізінде көрсетуге болады.
Диаграмма тұрғызуға арналған есептер мазмұнын сан алуан етіп алуға
болады. Пәнаралық байланыс, әлеуметтік-экономикалық жағдай, саяси жағдай
т.б.
Тапсырма 1. Адам бүкіл өмірінде 2,5 т нәруыз, 1,3 т май, 17,5 т көмірсу және 75
тонна су пайдаланады деп есептелген.
Осы тапсырманы MS Excel арқылы орындау керек. Мұнда 2 түрлі диаграмма
тұрғызуғы болады.
381
1. Пайызға шаға отырып, дөңгелек диаграмма құру
Осындай тапсырмалар арқылы оқушыларға диаграмма түрін таңдауда, оны
эстетикалық талғамға сай құруға үйретіледі.
Тапсырмалар:
1) Адам 60% судан тұрады. Ол біркелкі таралмаған: май ұлпасында су
бар-жоғы 20%, сүйекте 25, бауырда 70%, бұлщықетте 75%, қанда 80% және
мида 85% су жалпы салмақта болады. Осыны диаграммада көрсетіңдер.
2) Сыныпта 28 оқушы бар. 13 оқушы ағылшын тілі, 5 оқушы француз
тілі, 7 оқушы неміс тілі, қалған оқушылар жапон тілі үйірмесіне қатысады. Осы
мәліметтерді бағанды және дөңгелек диаграммады көрсетіп, мағынасын
ажыратыңдар.
3) БАҚ диаграммамен берілген мәліметтерді талдау.
Библиографиялық сілтемелер
1. «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі
2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» Ұлттық
жоспар
2. Е.А.Вьюшкова., Н.В.Параскун., Б.Қ.Әбенов. Информатика 5,6 сынып.
– Алматы: Арман –ПВ, 2013
3. Корчевский В.Е. «Формирование графической культуры учащихся на
уроках математики в контексте функциональной грамотности» ,
Математика Қазақстан мектебінде №1,3
Достарыңызбен бөлісу: |