Қ.С.Сағиева
дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл
атындағы мамандандырылған
мектеп- гимназия- интернатының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақстан, Өскемен
ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТА
ОТЫРЫП, ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ
Мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі оқушылардың функционалдық
сауаттылықты арттыру мәселесіне сипаттама беріліп, оның маңызы
қарастырылады. Тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушылардың ақпараттық-
коммуникативтік
құзыреттілігін
дамыта
отырып,
функционалдық
сауаттылығын арттыру жолдары көрсетіледі.
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, пәнаралық байланыс,
құзіреттілік, инновациялық технология, шығармашылық жұмыстар.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту
- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты халыққа жолдауында мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық
ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойған. Еліміздің бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үрдісінде бұл жоспардың орны ерекше.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жоспарының
мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының сауаттылығын
дамыту үшін жағдай жасау болса, негізгі міндеттерінің бірі - отандық және
халықаралық практикасын зерделеу.
Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-
қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен
қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Ол - адамның жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Сол
білімі арқылы кез келген жағдаяттарда қарым-қатынасқа түсе алуы мен
шешімін өмірлік мәселелерге байланысты шеше білуі.
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - бүгінгі заман
талабынан туындаған мәселе. Бүгінгі заманға сай, белсенді, шығармашылық
493
тұрғыда ойлайтын, ойын жүйелі, нақты, өмірмен байланыстыра жеткізе алатын
тұлға қай қызметте болсын қажет.
Сондай тұлғаны оқытып - тәрбиелеуде әрбір пәннің маңызы ерекше.
Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің рөлі өте зор. Оқушының дүниеге
көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тілін дамытып, сөздік
қорын молайтуда, теориялық білімін практикада қолдана алуда, жүйелі, шешен
сөйлеуде, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда
грамматикасын үйретуде – тіл дамыту жұмыстарын көбірек жүргізу өте тиімді
болмақ.
Тіл дамыту - сөзбен жұмыс. Әр оқушы сөздің мәнін түсініп, орынды
пайдалана алса, сөздік қоры молаяды.
«Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық әдістемесі мен
технологиясы» атты әдістемелік құралында Қ.О.Бітібаева оқушыларды тіл
мәдениетіне, ауызша және жазбаша тіл шеберлігіне баулу, сөйлеу мәдениетін
қалыптастыру жолдарын нақты көрсетеді.
Ал, пәнаралық байланысты оқушының сөздік қорын молайтудың бір
жолы ретінде А.К.Жанәбілова өзінің «Технология талаптары тіл дамыту
үрдісінде» атты әдістемелік құралында дәлелдейді. Пәнаралақ байланысқа
негізделген шығармашылық жұмыстардың тиімділігін саралап береді. Мұндай
жұмыстардың оқушы дарынын, қабілетін, шығармашылық ізденістерін де
дамытуға ықпал ететінін назарға алады. Шығарма түрлері арқылы тіл дамыту,
пікір жаздыру арқылы тіл дамыту, пікір - толғау жаздыру технологиялары
арқылы тіл дамытудың мақсатын, орындалатын жұмыс түрлерін атап айтады.
Интерактивті әдістер арқылы тіл дамыту жұмыстары оның ішінде өнер
жарысы, рөльдік ойындардың маңыздылығын, білімді жинақтау, пысықтау,
қорытындылауға байланысты орындалатын тапсырмалар жүйесін жүйелі
береді. Осы әдістемелік құралды негізге ала отырып, пән мұғалімі оқушының
тілін дамыту үшін айтқан ойды мысалдармен дәлелдету, сөздікпен жұмыс,
проблемалық мәселелерге жауап бергізу, шағын шығармашылық жұмыстарды
орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама
жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы сияқты алуан түрін жұмыс түрлерін
жүйелі жүргізуі керек.
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасында: «12 жылдық білім берудің басты мақсаты - өзінің және
қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі
ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл,
білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру» деп көрсетілген. Бұл
оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың мақсатымен
мазмұндас келеді. Оқушының жеке даралық ерекшеліктерін ескере отырып,
шығармашылық
жұмыстарға
жетелеу
-
мұғалімнің
функционалдық
сауаттылықты арттырудағы негізгі міндеті деп қарастыруға болады.
Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының тілін дамытып,
коммуникативтік құзыреттілігін арттыру- тілі дамыған, өзіндік ізденісі бар,
ойын еркін жеткізе алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру деген сөз.
494
Оқушының ақпараттарды сыни тұрғыда талдап, өз мүмкіндігінше өңдеп,
жүзеге асыра алуы - ақпараттық құзыреттілігінің дамуы болса, ауызша,
жазбаша тілде сөзді орынды қолдана алып, пікірін нақты білдірсе, сөйлеу
нормаларын сақтаса, сөз дұрыстығын ескере алса, коммуникативтік
құзыреттілігінің қалыптасқандығын көрсетеді. Осындай нәтижеге жетудің
басты мақсаты - оқушының ақпараттық - коммуникативтік құзыреттілігін
қалыптастыру.
Оқушы құзыреттілігін қалай қалыптастыруға болады?
-оқушылардың білімді өзі алуына жағдай жасау;
-әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың тиімді түрлерін қолдану;
-пәнаралық байланысты нығайту;
-қосымша материалдар табуға, өңдеуге, жүйелеуге, қолдануға нұсқау
беру;
-сабақта ауызша және жазбаша жұмыстарды орындауына көңіл бөлу;
-топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолдану;
- ақпараттық , интерактивтік технологияларды пайдалану;
-оқу мазмұнын өмірмен байланыстыра алуына көңіл бөлу;
- оқушыны зерттеумен, жоба қорғау жұмысымен айналыстыру;
-қосымша ақпараттар қоржынын, қосымша материалдар қоржынын,
портфолио дайындату;
-қоғамдық , сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру;
-ата-анамен үздіксіз байланыс жасап отыру;
- оқушының жасаған жұмысына өзіндік бағасын бергізіп отыру;
- кез келген сабақта оқушының өзінің айтар ойын, ойлы да, көркем
жеткізе алуына дағдыландыру қажет.
Профессор М.Балақаев: «Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу,
ширау, даму дәрежесі» - деген түсінік береді. Сондай-ақ: “Тіл дамыту ой
дамытумен тығыз байланысты болады. Оқушылардың ауызекі тілін дамыту
үшін ең алдымен олардың сөздік қорын байыту керек, екіншіден, әдеби
сөйлеудің нормасын, сөйлемдерді дұрыс құрауды үйрету қажет. Үшіншіден,
ойларын байланыстырып айтып беру дағдылары мен шеберлігіне назар
аударған жөн” дегенді айтады.
Әдіскер-ғалымдар С.Рахметова, С.Тілешова, Ә.Жүнісбековтер тіл
дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Ұстаздық еткен тәжірибемде оқушылардың жан-жақтан жиналуы, әр
түрлі ортада білім алуы, сөздік қорының аздығы, интернат жағдайында
уақыттың жеткіліксіздігінен туындаған мәселелерді шешуде тіл дамыту
жұмысының орны ерекше екенін білдім. Тіл дамыту жұмысы арқылы
оқушылардың ақпараттық-коммуниктивтік құзіреттілігін қалыптастыруды
мақсат етіп алдым. Пәнаралық байланысқа негізделген шығармашылық
тапсырмалар жүйесін жасауда мынадай мәселелерге ерекше көңіл бөлу
керектігін назарға алдым:
- оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызуға түрткі жасау
- мониторинг жүйесіне жүгіну
495
- диагностика мен болжауға сүйену
- даралап, деңгейлеп, саралап оқытуды басшылыққа алу
- оқушы мүмкіндігін ескеру
Әр сөздің сырына үңілу арқылы оқушы оны түсіне алады, талдайды,
қолданады, жинақтайды, яғни, өзінше жаңалық ашады, жүйелілікке,
жинақылыққа талпынады.
Бүгінгі таңда оқушылардың сөйлеу тілінің жұтаңдап бара жатқаны үлкен
мәселеге айналып отыр. Сол мәселені шешудің тиімді бір жолы болып
табылатын тіл дамыту жұмысын күнделікті әр сабақта жүргізудің маңызы зор.
Қазақ тілін тарих, география, биология пәндерімен байланыстырып
отыру да тіл дамытудың тиімділігін арттырады. Осы жағдайда оқушы білімі
тереңдеп, сөздің мағынасын дұрыс түсініп, сөйлеу тілінің байитыны сөзсіз.
Қазақ тілі оқулығындағы түсінуге қиындық туғызатын, әсіресе, диалект, кәсіби,
көнерген, термин сөздерді сол сөзге лайықты пәнмен байланыстыра отырып
түсіндіру немесе сол сөздің мағынасын сөздіктен қарауды, ақпараттық құралдар
көмегімен анықтап келуді өздеріне тапсырған дұрыс. Омонимін, синонимін,
антонимін тапқызу да орынды. Сөзден сөз тіркесін жасатып, сөйлем құратып,
өлең жазғызып, сөзжұмбақ жасатып т.б. шығармашылық жұмысқа жетелесе,
көркем әдебиеттен баламасын тапқызса, баланың тілінің дамуымен қатар
көркем шығарманы оқуға да ықыласы артады. Мысалы, «Осы сөздің тіліміздегі
мәні қандай?» деп ойын сұрасаңыз, қазақ тілінің тілдік мәселелеріне де шолу
жасайды.
Тіл дамыту жұмыстарында оқушылардың сөздің мағынасын дұрыс
түсінуі үшін орфографиялық, синонимдік, антонимдік, этимологиялық,
түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйреткен дұрыс.
Оқушының сөйлеу тілін жетілдіруде,өз ойын дұрыс жеткізуіне, өзіндік
пікірін білдіруіне, өз көзқарасын дәлелдеуіне ықпал ету үшін жаңа
технологиямен оқытудың тиімді жолдарын да қарастырған жөн.
Қорыта келгенде, Ұлы Абай айтқандай: «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер
шашпақ». Тіл дамыту - білімнің де, өнердің де қайнар көзі, шамшырағы. Тіл
дамыту арқылы коммуникативтік - ақпараттық құзыреттілігі қалыптасқан
оқушы:
-ақпаратты өздігінен табады, өңдейді
-дәйектеме жасап, негіздейді, қолданады
-кез келген ортада ауызша, жазбаша қарым-қатынасқа түсе алады
-көпшілік алдында шешен сөйлейтін болады.
-функционалдық сауаттылығы артады.
Библиографиялық сілтемелер
1. Балақаев М. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту».
2. Жанәбілова А.К. «Технология талаптары тіл дамыту үрдісінде».
3. «Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру
Тұжырымдамасы» Астана.
496
4. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-
2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жопарын бекіту туралы қаулы,
Астана, 2012 жылығы 25 маусым.
5. Қ.О.Бітібаева «Қазақ әдебиетін тереңдетіп оқытудың инновациялық
әдістемесі мен технологиясы», «Дәуір-Кітап», а-ты, 2012.
6. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж.
7. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
Достарыңызбен бөлісу: |