Басты сөздер: тіл мәртебесі, жаңаша оқыту, топтық жұмыс, оқушылар
деңгейі, құзырлы мұғалім.
Тәуелсiздiк алғаннан бергi уақытта елiмiзде тiл саясаты мемлекет
басшысы Н.Назарбаевтың тiкелей басшылығымен салиқалы да сындарлы түрде
жүзеге асырылуда. Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында тiл
саясатына, оның iшiнде қоғамдағы мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру
мәселесiне тоқталмай өткен емес. Мемлекет басшысы «Жаңа әлемдегi жаңа
Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: Қазақстан халқы бүкiл
әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Бұлар:
қазақ тiлi - мемлекеттiк тiл, орыс тiлi - ұлт аралық қатынас тiлi және ағылшын
тiлi - жаһандық экономикаға ойдағыдай кiрiгу тiлi» -деген болатын. Сол себепті
ұстаз мақсаты оқушыларды заман талабына сай, келешекке нық қадам баса
алатындай етіп дайындау.
«Қазақ тілі және әдебиет» мемлекеттік тіл ретінде білім беру
бағдарламасындағы аса маңызды пәндердің бірі болып табылады. «Қазақ тілі
және әдебиет» пәнінің ерекшелігі – оқушыларды қазақ тілінде оқуға, жазуға,
тыңдауға, айтуға, тілдесуге, өз ойын еркін, дұрыс жеткізе білуге үйрету.
Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, санау және құжаттармен жұмыс жасай
алу дағдылары, ал функционалдық сауаттылық дегеніміз – адам өзінің оқу және
жазу дағдыларын әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасауда қолдана білу
қабілеті, яғни адамға өзін қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынасқа
түсуге мүмкіндік беретін және сол ортаға барынша тез әрі жайлылықпен
бейімделуіне жағдай туғыза алатын сауаттылық деңгейі. Бұл деңгейде адам
мәтіндерден өзіне қажетті ақпаратты, мәлім іріктеп алуы үшін және сондай
ақпаратты басқаларға жеткізе алуы үшін қажетті болатын қабілеттер
қалыптасады.
Мектепте оқитын оқушылардың алдына стандарт талаптар қойылады,
олар қандай пәндік нәтижеге келу керетігі. Мен қазақ тілі және әдебиет пәнінен
орта мектеп оқушыларымен жұмыс істеймін, сондықтан мен оқытатын
оқушыларым лексикалық жағынан – лексикалық минимум 600 сөзден (5
сынып) 1300 сөзге (11 сынып) дейін меңгеру және оларды қолдану қажет.
223
Синоним, антоним, омоним сөздерді, тұрақты тіркестерді, мақал-мәтелдерін
өмірде пайдалана білу, сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын, айналада
болып жатқан өзгерістерді білдіретін терминдерді ұғу. Сөз құрамы мен
сөзжасам бойынша – сөзжасамның негізгі (сөз тудырушы, сөз түрлендіруші)
қасиетін меңгеріп, тілдік қатынаста қолдануды. Ал грамматикалық жағынан сөз
таптарының
грамматикалық
категориясын,
синтаксистік
қызметін,
сөйлемдердің түрлері мен айырмашылықтарын, сөйлемдегі сөздердің орын
тәртібін, мәтіннің құрылымын білуі тиіс.
Оқушылар бұл талаптарға жету үшін мұғалім оларды жетелейтіні белгілі.
Мұғалімнің өзі әрқашан білімін толықтырып, ізденуде жүреді. Қазіргі
уақытта қазақстандық мұғалімдер біліктілігін арттыру мақсатымен үш айлық
курстар бітіріп жатыр, мен де биыл курстарының үшінші деңгей бағдарламасын
меңгеріп келдім. Осы біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы –
мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр.
Сол бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының
тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру
болып
табылады.
Оқушы
сабақ
барысында
жан-жақты
дамып,
сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін
білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:
• білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар, оқу бағдарламалары); оқыту
нысандары мен әдістері;
• білім алушылардың оқудағы жетістіктерін диагностикалау мен бағалау
жүйесі;
• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;
• мектепті басқару моделі (қоғамдық-мемлекеттік нысан, мектептердің
оқу жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);
• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы
білім беру ортасының болуы;
• ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді
рөлі.
Сонымен айтылған нысандарға жету үшін жоғары айтпақтай жаңаша
оқутудың тәсілдерін қолданамын. «Оқыңыз, үйреніңіз, пайымдаңыз және
бәрінің ішінен ең пайдалысын алыңыз»,- деп Пирогов айтқандай қазіргі күннен
– күнге қарқындап алға басып дамып келе жатқан мына заманда осы әлемдік
деңгейдегі білімге жету мақсатында жаңа әдіс-тәсілдермен келер ұрпақты
дайындауды мақсат етіп, ұстаздар қауымына оқытылып жатқан орта білім
беруде жоғары деңгейге қол жеткізген танымал оқыту әдістерінің арасындағы
сындарлы теорияға негізделген тәсіл-оқытудың сындарлы теориясы . Осы
Қазақстанда енгізіліп жатқан Бағдарлама оқушылардың қалай оқу керектігін
үйретеді, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе
білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған оқушы
қалыптасуын қамтиды. Жаңа Бағдарлама 7 модульде беріледі. Өзімнің бір
сабағымда осы 7 модульдің барлығы қатысады, бірақ-та, үш-төртеуі белсенді
224
түрде қатысса, қалғанының белсендігі шамалы. Табысты оқытуға жету
мақсатымен сабақтарымда топпен жұмыс ұйымдастыруды жоспарлаймын.
Табысты оқыту оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін, өз еңбегін,
сыныптастарының еңбегін бағалау болып табылады және оқушы өзінің оқуы
үшін жауапты болады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де
қатысуын талап етеді. Топпен жұмыста шәкірттерімнің көңілі жоғарынқылы
болады. Карл Роджерс «мен» тұжырымдамасы бойынша білім алу барысында
әр оқушы ортада топ істеп отырған тапсырманы шешу үшін өзінің үлесін
қосып, басқалардан жаңа білім танып орындағанын сезінеді. Олар бір-біріне
немесе мұғалімнің түрткі сұрақтарына жауап беріп, өз бастамасы бойынша
жүзеге асырылады. Оқушы өз-өзін сыйлап, өз-өзіне сеніп отырады. Психолог
А.Бандура айтқандай «олардың қолынан келген нәрсе менің де қолымнан
келеді».
Жыл басынан сабақтарымда шығармашылық деңгейде жұмыс атқарып
жүрмін, себебі қалауым бойынша әр сабақты жаңашыл мазмұнда өткізуге
тырысамын. Оқытудың жаңа технологияларын пайдаланып, оқушылардың
қабілетін, ерекшеліктерін, ынтасын ескере отырып, сабақтың логикалық
құрылымын жүйелі жоспарлаймын. Оқушыларымның пәнге қызығушылығын
арттыруға көп көңіл бөлемін және олардың өздігінен ізденушілік,
шығармашылық, зерттеушілік қасиеттерін, ойлау қабілетін дамытуға
бағытталған жұмыстар жүргізіледі. Оқушының шығармашылық қабілеттерінің
дамуы басты нысана болып алынуымен байланысты, оқулықта берілген
тапсырмалардан басқа өздігінен бақылау жүргізу, қарапайым тәжірибе,
эксперимент қою, мәтінмен, сызбамен, суретпен, диаграммамен жұмыс істеу,
жекеден жалпыны шығару, жалпыны жекелей қолдану сияқты оқушыны
іскерлікке, дербестікке баулитын, ойына түрткі болып, шығармашылыққа
жетелейтін, өздігінен ізденіске салатын, айналадағы дүниемен қарым-
қатынасқа түсіріп, «жаңашыл ашып», оның нәтижесінің «қызығына» бөлейтін
әдіс-тәсілдер мен мазмұндық ойындар, қызықты тапсырмалар тұрақты өткізіліп
отырылуы оқушылардың білім, білік дағдыларының нәтижелі ететінін
нақтылай түседі.
Ұстаз құзырлы болу да міндетті түрде. Оқушы мұндай жауапкершілікті
көбінесе сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп,
қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» деп атаған
қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады. Шульман ілімі
бойынша мұғалімнің көмекшілері:
* Бас - кәсіби түсінік оқыту мен оқу, сондай ақ жеке тұлға ретінде
оқушылар туралы тұғырлы теориялық базаға негізделген, жеткілікті білімнің
болуын талап етеді. Сондай ақ тәжірибені түсіну, дамыту, жетілдіру үшін
дәлелдер, зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді
* Қол - оқытудың тәжірибелік дағдылары бұл ілім көрсету, таныстыру,
түзету және оқытуды бағалау сияқты әртүрлі тәсілдер арқылы идеяларды
түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді
225
талап етеді. Сонымен қатар ынталандыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар
кезеңдерін жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет.
* Жүрек - кәсіби адамгершілік тұтастық мұғалімдер ұстаз мамандығының
этикалық және моральдық құндылықтарын ұсынады. Демек, олар шыншыл,
батыл, төзімді, оқушыларға сенімділік, құрмет көрсете білетін әділ адамдар.
Мұғалімдер өз мамандығын сүйетін, оқуға қатысты тұжырымды пікірлері мен
ұстанымдары қалыптасқан жандар, олардың бұл бағыттағы ойлары бір жерден
шығып жатады.
Сапалы оқыту мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер
арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгеле бір деңгейде тәуелді
жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асады. Сапалы оқыту оқушылардың,
қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде
қарастырылады.
Құзырлы мұғалім болуымен сабақта қолданатын тағы бір тәсіл – түрлі
ойындар өткізу. Ойындар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болады. Биыл
алтыншы мен тоғызыншы сыныптарда жұмыс жасаймын. Ойындар
оқушылардың қызығушылықтарын аятып, сабақ барысында белсенділікке
тартады. Интеллектуалдық ойындар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, ойлау
қабілетін дамытып, байытады. Жиі «Ыстық орындық» (үй тапсырмасын тексеру
кезінде), «Жіпке ілінген тақырыптар», «Кім біледі?» (жаңа сабақтың
тақырыбын анықтау үшін), «Жипто» ойынының алаңын жұмсап, мәтіннің
мазмұнын шолу, қорытындылау кезінде пайдаланамын. «Жедел сұрақ», «Дұрыс
– бұрыс», «Шыбынға шабуыл» (сөздік сөздерін білулерін тексеру) және т.б. Ал
оқушылардың сөз қорын байыту мақсатымен міндетті турде сөздік
жұмыстарын өткіземін, балалар сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастырады,
назарларын қалада орнатылған екі тілде берілген жарнамаларға, мектеп
қабырғаларындағы ақпараттық мәліметтерге көңіл боліп, екі тілде оқып,
салыстыруға тапсырмалар беріп отырамын.
Сабақтарымда АКТ, деңгейлік тапсырмалар, болжау, топтастыру
стратегиялары жүзеге асты.
Әрине сабақтарымда тиімсіз жерлері де бар – кейбір кездерде уақытты
тиімді қолдана алмай, жұмысты аяқтамай да қаламыз.
Алғашқы дәстүрлі сабақтармен салыстырғанда оқушылардың жауап
беруі, топпен жұмыс істеуі, тақырыпты өз беттерімен анықтауы, сабақтың
мақсатын, табыс критерийлерін өздері айтқаны, ой қорытуы, қарсы және
толықтырулар айтуы жоғары үйреніп журген тілге машықтандырады. Бұл менің
және оқушылардың жеткен жетістігі деп білемін.
Бұл жаңа әдіс-тәсілдің бір ерекшелігі бұрынғыдай бала бір орында қатып
отырмайды, топта жұмыс істейді, оқушының ынтасы артады. Барлық оқушы
білуге, үйренуге, айтуға бейімделеді. Оқушының сабаққа деген белсенділігі
артады.
Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және оқушылардың өнерін,
дарынын көрсететін жұмыстың түріне пән апталықтарын өткізу жатады.
Биылғы оқу жылында, ақпан айында бір ашық сабақ пен бір сыныптан тыс
226
шара жоспарладым. Ашық сабағымды тоғызыншы сынып оқушыларымен
өткіздім. Ал сыныптан тыс шара екі алтыншы сынып оқушылары арасында
сайыс ретінде өтті. Сабағым мен шарамда түрлі тәсілдер қолдандым.
Оқушыларым жатқа өлең де оқыды, сұхбаттасты, интеллектуалдық ойындар
ойнады, топпен тапсырмалар орындады, мақал-мәтелдер, жұмбақтар,
сөзжұмбақ шешіп, бір-бірімен қарым-қатынасқа түсті. Оқушыларым сабақтан
кейін рақметтерін айтып келіп жатты. Себебі менің оқушыларыма жаңаша әдіс-
тәсіл бойынша жұмыс өте ұнайды. Сонымен алдымызға қойған мақсаттарға
жеттік деп айтқым келеді.
Бірақ бүгінгі кезде, өкінішке орай, балалар мемлекеттік тілде сөйлемейді,
сондықтан қазақ тілі пәнінің мұғалімдердің басына қиындық түседі. Келешек
ұрпағымыз қоғамдық ортада қазақ тілінде сөйлемейді, мұғалімдер өздерінің көз
қарастарын
өзгертіп,
оқушыларындың
әр
сабақта
тілге
деген
қызығушылықтарын аятып отырса, өз білімі жеткілікті болса, тапқырлығы,
ізденушілігі болса, алдымызға қойылған талаптар орындалады деген ойдамын.
Себебі бұл мәселе бір күнде шешілетін емес. Қазақ елі жетпіс жылда ана тілін
ұмытып, оны қайтадан орнына келтіруге мүмкін тағы да жетпіс жыл керек
шығар.
Библиографиялық сілтемелер
1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық// www.cpm.kz
2. Оқу бағдарламасы
3. Оқыту мен оқу үдерісінде сындарлы оқыту теориясының тиімділігі.
Мақала. Интернет рисурсы.
4. Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
қалыптастыру
(әдістемелік құрал). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы,
Алматы.2013.
Достарыңызбен бөлісу: |