Гульмира Нуршайыққызы Зейнолдина
Өскемен қаласы әкімдігінің
«№29 орта мектебі» КММ
Қазақстан, Өскемен
ТАҚЫРЫП: ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ
Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман
талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің маңызы
зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті
ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары
деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір
айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз
үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы
қарыздың өтелгені.
Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, Блум таксономиясы,
жаһандану дәуірі, заман ағымы, оқу сауаттылығы.
Өмір бойы үздіксіз білім алу –әрбір
қазақстандықтың кредосына айналуы тиіс.
Н. Назарбаев
«Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты» атты Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2012 жылғы 27
қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында бес жылдық ұлттық
жоспарды қабылдау міндеті қойылды [1].
209
Осы міндетті жүзеге асыру барысында оқушыларының функционалдық
сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық
жоспардың мақсат, міндеті нақтыланып жасалды.
Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын
дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: мазмұндық, оқу-
әдістемелік, материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. Бұл кешен Қазақстан
Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп
оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту барысында жасалатын
іс-шаралардың мақсаттылығын, біртұтастығын және жүйелілігін негізге ала
отырып дайындалған.
Аталған Ұлттық жоспардың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы
мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай
жасау. Ол үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытудың
отандық және халықаралық практикасын зерделеу;
Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту
бойынша шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау;
Білім мазмұнын жаңғыртуды қамтамасыз ету: стандарттар, оқу
жоспарлары мен бағдарламалар;
Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірлеу;
Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг
жүргізу жүйесін дамыту;
Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының
материалдық-техникалық базасын нығайту.
Жалпы функционалдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ,
адамдардың (жеке тұлғаның) әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық
қызметтерге белсене араласуы және өмір бойы білім алуына ықпал ететін
базалық факторы. Яғни бүгінгі жаһандану дәуіріндегі заман ағымына қарай
ілесіп отыруы. Сонымен, функционалдық сауаттылық адамның мамандығына,
жасына қарамастан үнемі білімін жетілдіріп отыруы. Мұндағы басшылыққа
алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда
ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б.
Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының
зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру,
оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін
білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.
Функционалдық сауаттылықтың деңгейі:
Өз бетінше ойлау, сараптауды үйрену және өз гипотезасын ұсыну;
Өзінің білімін жаңа ақпарат алуға қолдану;
Алған білім, дағдыларын қарапайым, оқудан тыс жағдайларда қолдану
(жағдаят);
Тапсырманы сәтті орындауға төменгі қарапайым білім [2].
210
Оқушылардың
функционалдық
сауаттылығын
дамытуда
оқу
бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен
әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, бұл пәндердің ескеретіні –
«Оқу сауаттылығы», яғни, оқушылардың жазбаша мәтінді ой елегінен
өткізуі және оған рефлексия жасауы, сол арқылы өз мақсатына жетуі, білімін
дамытуы және қоғам өміріне белсене араласуы қарастырылады. Сауатты оқу –
бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін
мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету жұмыс жасау.
Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерді, тар жол, тайғақ кешулерді
бастан өткерген қазақ тілінің мәселесі қашан да өткір әрі өзекті болмақ [3].
Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы әркімде де толғандыруы
тиіс.
Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің
тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе
жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам
баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі
де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен
толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам
ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады.
Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін
қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің
оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды
дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген
технологиялар ұсынылуда. Жаңа технологияның басты мақсатының бірі –
баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше
шешім қабылдауға дағдыландыру.
Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере
отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық.
Білім саласындағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер ұстаздан үлкен
жауапкершілікті талап етеді. Өздігінен білім алатын, жан-жақты ізденетін,
талпынатын, алдағы өмір жолын өзі болжай алатын тұлға тәрбиелеу – ұстаздың
қолында. Ал қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі
жаңашылдықты талап етеді.
Қазіргі жастарға тек білім беріп қана қоймай,сонымен бірге әлеуметтік
бейімделу үдерісінде алған білімдерін пайдалана білуге үйретіп келемін. Бұл
мақсаттарды жүзеге асыру үшін сабағымда белсенді оқыту, диалогтік оқыту,
сыни тұрғыдан ойлау стратегиясы, Блум таксономиясы, сатылай кешенді
талдау, мән беріп оқыту технологиясын қолданып келемін.
Белсенді оқытуда қысқа әңгіме, ойын түрлері, сөздік ойыны т.б. атауға
болады. Өзім сабақ беретін 3,6,10-сыныптарда мән беріп оқыту технологиясы
бойынша оқушылардың оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым, сөйлесім
дағдыларын дамытудамын. Көбінесе топтық жұмыс жасап, достық қарым-
қатынасты нығайта отырып, ұлттық бірліктің жарасымына жол ашамын.
211
Осы орайда, «Деңгейлік бағдарламаның» алар орны ерекше, – деп
ойлаймын. Мен өзім осы бағдарлама бойынша ІІІ деңгейлі сертификатталған
мұғалім болғандықтан, өмірлік қолданыста маңызды рөл атқаратын Блум
жүйесін қолданып келемін. Блумның анализ, синтез, бағалау тараулары арқылы
кез-келген тақырыпта сұрыптау жасап, пайдалы-пайдасыз жақтарын анықтап,
баға бере алатын, жеке көзқарастарын еркін айта алатын жеке тұлғаны
дайындау үстіндемін. Себебі, Блум таксономиясының мақсаттық жүйесіне
негізделген сабақ жоспарының функционалдық сауаттылықты дамытуда
маңызы зор деп есептеймін [4].
Блум таксономиясы бойынша мәтінмен жұмыстың оқушыларға тигізер
әсері:
1 – сурет Блум таксономиясы бойынша мәтінмен жұмыстың
оқушыларға тигізер әсері
Мұғалімнің
шығармашылығын
жүзеге
асыра
алуының
тірек
қабілеттерінің төмендегі жүйелерін дамытады.
Шығармашылық әрекет;
Проблеманы көре білу;
Болжай білу;
Жаңашылдықты ендіру;
Өз жұмысының бағдарламасын жасау;
Рефлексиялай алу;
Шығармашылық ойды іске асыру үшін идеяларды тудыра алу [5].
Ізденудің нәтижесінде бүгінгі заман талабына сай сауатты, білімді де,
білікті оқушыларды тәрбиелеуге болады. Ол үшін ең бастысы мұғалім үнемі
ізденіс үстінде болуы керек деп деп ойлаймын.
Библиографиялық сілтемелер
Көзқарасын білдіріп, дәлелдеулерге үйренеді
Жаңа білім алу үшін қолданады
Өмірлік жағдаяттарда шешуде қолдана алады
Автордың ойына қорытынды жасау
Синонимдік форматта бейнеленген
мәліметтерді іздестіру
Негізгі элементтерін анықтау
Қажетті мәліметтерді таба білу
Қажетті мәліметтерді таба білу
212
1. Н.А.Назарбаев. Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан
дамуының басты бағыты. Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012.
2. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
3. Ж.Аймауытов. Бес томдық шығармалар жинағы. ІV том. Алматы.:
Ғылым, 1998. – 437 б.
4. Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін
арттыру курстарының бағдарламасы, үшінші басылым. «НЗМ» ДББҰ, 2012.
5. ОрақоваА.Ш., Жартынова Ж.А., Қойлық Н.О. Интерактивті оқыту
әдісін қолданып сабақты жоспарлау және басқару. Алматы.: ҚР ББЖ ҚБАРИ,
2014.
Достарыңызбен бөлісу: |