Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет71/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

Жанат Кабылбековна Идришева 

«Өрлеу»БАҰО» АҚ филиалы 

ШҚО бойынша ПҚ БАИ 

Қазақстан, Өскемен 

 

КЕЙС ӘДІСІНІҢ МАҢЫЗЫ МЕН ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 

 

Мақалада  мектептегі  білім  беру  сапасының  жоғары  болуына,  білім  беру 



кезінде алдыға қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді жүзеге 

асыру  үшін  қолданылатын  педагогикалық  технологиялардың  бірі-Кейс-стади 

технологиясының маңызы мен ерекшеліктері қарастырылған. 

 

Басты  сөздер:  педагогика,  Кейс-стади  әдісі,  функионалдық  сауаттылық, 

мәселені шешу, ойын әдісі, педагогикалық технология. 

 

«Еліміздің  ертеңі  бүгінгі  жас  ұрпақтың  қолында,  ал  жас  ұрпақтың 



тағдыры  ұстаздың  қолында»  -  деп  Елбасымыз  Н.  Ә.  Назарбаев  атап 

көрсеткендей,  мектептегі  білім  беруде  ұстаздың  алдында  тұрған  міндеттердің 

зор  екенін    айқындайды.  Ал  білім  сапасы  көп  жағдайдағы  білім  беру  кезінде 

алдыға қойған мақсаттарға жету мен педагогикалық міндеттерді  жүзеге асыру 

үшін қолданылатын педагогикалық технологияларға байланысты болып келеді. 

Оның  өзі  уақыт  талабына  байланысты  туындауда.  Осындай  қазіргі  уақыт 

талаптарына  сай  келетін,  педагогикалық  технологиялардың  біріне  Кейс-стади 

әдісін жатқызуға болады. 

Кейс-стади әдісі - педагогикалық үрдісте кездесетін жағдаяттарды немесе 

туындаған мәселелерді  шешудің тиімді  технологиясы болып табылады. 

Кейс-стади  әдісінің  білім  беру  саласында  пайда  болуы  мен  тарихына 

тоқталсақ,  алғашқы  көріністері  өткен  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарынан 

бастау алады. Бірақ бұл әдістің өмірде қолданылуы әріректен басталады. Кейс-

стади  әдісінің  белгілі  бір  балама  түрін  Сократтың  оқушыларымен  әңгімесін 

айтуға  болады...  Осы  әңгімедегі  барлық  мәтіндер  өмірден  алынған  нақты 

жағдайларды қолдана отырып, құрастырылған. 

Кейс-әдісінің  заманауи,  толықтырылған  түрі,  өз  инновациялық 

әдістерімен  әлемге  танымал,  Гарвард  бизнес-мектебінде  басқарушылық 

пәндерді  оқыту  кезінде  бірінші  рет  қолданған.  Жиырмасыншы  ғасырдың 



219 

 

басында  Гарвард  оқытушылары  дәрістерге  қосымша  ретінде  студенттік 



талқылау  жұмыстарын  ұйымдастырып  отырған.  Оқытушы  «мәселені 

таныстыру»  жұмысын  жүргізе  отырып,  студенттердің  алдына  осы  мәселе 

бойынша  міндеттер  қоя  отырып,  оны  шешудің  бірнеше,  әртүрлі  нұсқалары 

қарастырылды.    Жағдаятты  тапсырмалары  бар  бірінші  оқулық  1921  жылы 

Коупленд  пен  Гарвард  бизнес-мектебінің  деканы  Волас  Донамның  қатысында 

жарияланды. 

Жалпы әлемде бұл әдістің таралуы 70-80 жылдарында бастау ала отырып, 

сол  жылдары  ССРО  да  әйгілі  бола  бастады.  Жағдаяттарға  талдау  жасау 

басқаруды  оқыту  кезінде,  әсіресе  ЖОО  экономикалық  мамандықтарында, 

шешімдерді  қабылдауды  оқыту  әдісі  ретінде  қарастырылды.  Сонымен  бірге 

жағдаяттарды  талдау  әдісін  қолдану  арқылы  оқытудың  ойын  және  пікірталас  

әдістерінің кеңінен таралуына жол ашты. 

Кейс-стади әдісінің мәні мынада:  

оқушыларға неліктен осы шешім қабылданды



осы шешімді тәжірибеде қалай жүзеге асыруға болады; 

қандай  нәтижелер  болды  деген    мағұлматтарды  оқып-үйрену  үшін 



шешім  шығаруға  бағытталған  әдістің  бірі.  Сонымен  бірге  оқытудың  бұл  әдісі 

нақты  тәжірибелік  мысалдарды  қарастыруға  негізделген.  «Кейс»  тәжірибелік 

міндеттерді  шешуде  теориялық  білімді  қолдануға  мүмкіндік  беретін  құрал 

қарастырылады.  Теорияны  тәжірибемен  ұштастыра  отырып,  Кейс-стади  әдісі 

шектелген  уақыт  жағдайында  шешімдерді  қабылдауға  негізделген  қабілетті 

тиімді дамытады. 

Сондай-ақ,  Кейс-стади  әдісі,  талап  етілген  деңгейде  мазмұнды  игерумен 

дағдыны  қалыптастыру,  оқушының  тұлғалық  дамуы,  топта  жұмыс  істеу 

икемдігі  мен  аналитикалық  дағдысын  дамыту,  өзгені  тыңдау  мен  баламалы 

көзқарасты  түсіну  қабілеті,  таңдамалы  баламаны  есепке  ала  отырып, 

жалпылама шешімді шығару шеберлігі, өзінің әрекетін жоспарлау мен олардан 

шығатын  салдарлардың  алдын-алу  сияқты  оқытудың  жалпы  мақсаттарын 

ұстанады. 

Кейс-стади  әдісінің  маңызды  ерекшелігі,  ол  оқытудың  әртүрлі 

әдістерімен тиімді үйлесуінде болып табылады. 

Төменде  1-кестеде  кейспен  жұмысты  ұйымдастыру  кезінде  әртүрлі 

әдістермен кіріктірілу мүмкіндігі берілген. 

Кесте  1  -  Кейс  -  стади  әдісі  арқылы  жұмысты  ұйымдастыру  мен  басқа  әдістермен 

кіріктірілуі 

Кейс-стади әдісімен кіріктірілген әдіс  Кіріктірілген әдістегі кейс әдісі рөлінің сипаттамасы 

үлгілеу 

жағдаяттың моделін құру 

жүйелік талдау 

жағдаятты талдау және жүйелік көрінісі 

ойша эксперимент 

білімді  ойлау  арқылы  түрлендіре  отырып,  жағдаят 

туралы білім алу тәсілі  

сипаттау әдісі 

жағдаятты сипаттау арқылы жасау  

мәселелік әдіс 

жағдаят негізін құрайтын мәселені ұсыну 

жіктеу әдісі 

жағдаятты  құрайтын  реттелген  қасиеттердің  тізімін 

құру 



220 

 

ойын әдісі 



жағдаят кейіпкерлерінің мінез-құлықтарының 

нұсқаларын ұсыну 

«миға шабуыл» 

жағдаятқа қатысты ой-пікірлерді тудыру 

пікірталас 

белгілі  бір  мәселе  бойынша  көзқарастармен  алмасу 

және оларды шешу жолдары 

Кестеден  көрініп  тұрғандай,  білім  беру  үрдісінде  қолданылатын  әртүрлі 

тәсілдер кейс-әдіспен кіріктіре алады. 

Сонымен бірге,    Кейс-стади  әдісінің негізгі ерекшеліктеріне  тәжірибелік 

жағдайларды  зерттеу;  болған  жағдайларды  баяндау;  оқушылардың  мәселемен 

танысып, оны шешудің жолдарын іздеу жатады. 

Кейс-стади әдісінің идеяларына жатады: 

бұл  әдісте  білім  алатын  пәндер  бойынша  қойылатын  сұрақтардың 



бірнеше жауаптары болуы мүмкін; 

оқушылардың 



шығармашылықпен 

айналысу 

шеберліктерін 

қалыптастыруға негізделеді

әдісті  қолдану  барысында  алған  білімдері  мен    жұмыс  жасау 



барысында қалыптасқан дағдылары, әдістің нәтижесі болып есептеленеді. 

Кейс  мұғалімнің  әрекетінің  айнасы  іспеттес  болып  табылады.  Оның 

зияткерлік  өнім  ретінде  көздері  болады.  Кейстің  бірінші  бұлағы  -  өмір  болып 

табылады, яғни өзінің көптүрлілігімен қоғамдық өмір сюжеттің, мәселенің және 

кейстің деректі базасы ретінде қатысады. 

Екінші  бұлағы  білім  болып  табылады.  Ол  кейс-әдістің  білім  беру  мен 

тәрбиедегі басқа әдістермен кіріктірілген әдіс болып қарастырылады және білім 

беру мен тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін айқындайды. 

Ғылым-кейстің үшінші бұлағы болып табылады. Ол екі түйінді әдістемені 

қарастырады,  яғни  аналитикалық  әрекет  пен  жүйелік  тәсілмен  анықталады. 

Сонымен бірге көптеген басқа да ғылыми әдістермен кіріктірілген. 

Кейсті  құрау  кезінде  осы  жоғарыда  айтылып  кеткен,  үш  негізгі 

бұлақтардың  қатынасы  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Нақты  тәжірибеде  кейстерді 

құрастырған  кезде  бір  көздің  басым  болуы  байқалады.  Сондықтан  мұндай 

кейстердің негізіне негізгі көздердің әсер ету дәрежесіне байланысты жіктелуі 

байқалады.  Сондай  кейстерге  тәжірибелік  кейсті  жатқызуға  болады. 

тәжірибелік кейстер нақты өмірлік жағдаяттардан құрастырылады. Ал үйретуші 

кейстердің  негізін  білім  беру  міндеттері  құраса,  ғылыми-зерттеу  кейстері 

зерттеу  әрекетін  жүзеге  асыруға  бағытталған.  Кейстерге  арналған  барлық 

ақпарат көздері адамның іс-әрекетінің өнімі болып табылады. 

Кейстер үш бағытта уақытша, сюжеттік және түсіндірме құрылымындағы 

кейстер түрінде құрылуы мүмкін. Кейс әдісін қолдану барысында мұғалімнің іс 

- әрекеті екі кезеңнен тұрады. 

Бірінші кезең – кейс (жағдаят) таңдап алу және сұрақтар құрауға арналған 

шығармашылық жұмыс мынандай әрекеттерден тұрады: 

- жағдаяттарды тақырыпқа сәйкес таңдап алу; 

- мақсат пен міндетті анықтау; 

- жағдаяттарды құрастыру және суреттеу. 




221 

 

Екінші  кезеңде-мұғалімнің  аудиториядағы  іс-әрекеті  қарастырылады. 



Аудиторияда кейс әдісін қолдану кезеңі төмендегі әрекеттерден тұрады: 

- кейске кіріспе; 

- жағдайдың талдануы (шағын топтарда); 

- пікірталас; 

- қорытынды шығару. 

Қазіргі  білім  беру  саласында  оқытудың  озық  технологияларына  мән 

беріп, оны меңгермегенше сауатты, жан-жақты оқушы дайындау мүмкін емес. 

Сонымен, мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда 

кейс-стади амал-тәсілін қолдану-қазіргі білім беру талабына оқушының сабаққа 

деген  қызығушылығын  туғызатын  жеке  педагогиканың  жаңа  инновациялық 

жүйесі болып табылады. 

Кейс стади әдісі интерактивті әдістің  бір түрі ретінде оқушылар үшін өте 

тиімді  әдіс  болып  саналады.  Бұл  әдістің  көмегімен  оқушылар  өз  беттерінше 

теорияны меңгере отырып, тәжірибелік дағдыларға да үйренеді, сонымен қатар 

өз  ойын  жүзеге  асыру  мүмкіндігіне  де  ие  болады.  Оқушы  ситуацияға  талдау 

жасау  арқылы  болашақ  маман  ретінде  қалыптасып,  сабақты  қызығып  оқуға 

тырысады. 

Кейс  стади  әдісі-оқытушының  креативті  ойлауын  дамытып,  сабақтың 

мазмұнын  ерекше  құруға  шығармашылық  мүмкіндігін  кеңейтуге  жағдай 

жасайды. 

Аталған  әдістер  арқылы  өскелең  ұрпақта  келесі  өмірлік  дағдыларды: 

креативтілік,  белсенділік,  әлеуметтілік  жауапкершілік,  ой-өрісінің  кендігі, 

жоғары  кәсіби  деңгейлі  сауаттылык,  танымдық  әрекетке  қызығушылығының 

басымдығын қалыптастыруға болады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. М.  Буравой  Углубленное  сase  study:  между  позитивизмом  и 

постмодернизмом // Рубеж, № 10 – 11, 1997. 

2. Изменения  в  образовательных  учреждениях:  опыт  исследования 

методом кейс – стадии. \ под ред Г.Н. Прозументовой Томск 2003. 

3. Козина  И.  Case  study:  некоторые  методические  проблемы  //  Рубеж. 

1997. № 10-11. С. 177-189. 

4. Михайлова Е. И. Кейс и кейс-метод: общие понятия. / Маркетинг, №1, 

1999г. 


5. Переход  к  Открытому  образовательному  пространству.  Часть  1. 

Феноменология  образовательных  инноваций.  Коллективная  монография.  Под 

ред Г.Н. Прозументовой. Томск. Изд-во Том. Ун-та 2005 г. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет