Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет76/250
Дата09.05.2022
өлшемі8,45 Mb.
#33743
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   250
Байланысты:
Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы ро

«Функционалдық 

сауаттылық» 

ұғымы 

Алғаш рет 

өткен ғасырдың  

60-жылдары 

ЮНЕСКО 

құжаттарында 

пайда болып, 

кейіннен 

қолданысқа енді. 

Функционалдық 

сауаттылықты 

дамытудың жалпы 

бағдары Қазақстан 

Республикасында 

білім беруді 

дамытудың 2011-2020 

жылдарға арналған 

мемлекеттік 

бағдарламада 

көрсетілсе. 

Осы бағдарламаны 

басшылыққа ала отырып, 

ҚР-сы Үкіметінің 2012ж. 

25 маусымдағы №832 

қаулысымен «Мектеп 

оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын дамыту 

жөніндегі 2012-2016 

жылдарға арналған Ұлттық 

іс-қимыл жоспары» 

бекітілді. 




229 

 

білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және 



бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  жасау.  Бұл  жобаның  тиімді  әдіс-тәсілдерін 

қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, 

талдау  жұмыстарын  жүргізе  білуге  уйренеді.  Оқушылардың  сабаққа 

қызығушылығын  оятқан  әдістер  арқылы  өз  ойларын  топта,  ұжымда  талдай 

бастады.Оқушылардың  функционалдық    сауаттылығын  дамытуға  мынадай 

факторлар әсер етеді: 

 

білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар , оқу бағдарламалары); 



 

оқыту нысандары мен әдістері; 



 

білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен 



бағалау жүйесі; 

 



мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары

 



мектепті басқару моделі; 

 



барлық  мүдделі  тараптармен  әріптестікке  негізделген  достық 

қалыптағы білім беру ортасының болуы

 

ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді 



рөлі. 

Сырттай  бағалау  әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша  білім  алушының  оқу 

жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ , ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне, 

сондай  –  ақ  халықаралық  зерттеулерге  (ТІМSS,  PISA  және  PIRLS)  қатысуы 

арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Білім беру саласындағы ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты 

дамытудың  4  негізгі  механизмін  бөліп  көрсеткен.  Соның  ішінде  бірінші 

механизм  –  оқыту  методологиясы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту  болып 

табылады. 

Ағылшын тілі пәні оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда 

аса  маңызы  қызмет  атқарады.  Пәндік  білімдеріне,  ептіліктеріне  және 

дағдыларына  сүйене  отырып,  оқу  пәндері  арқылы  функционалдық 

сауаттылықты  дамыту  үдерісі  ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  негізінде 

жүзеге  асады.  Ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту  құралдарына 

тапсырма  түрінде  берілген  пәндік  ББД  жатады,  ал  ұйымдастыру  формасына  - 

проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты , ойлау дағдыларының өзі 

ББД  –тердің  құзыреттілікке  көшуінің  құралы  ретінде  қызмет  атқарады,  яғни 

функционалдық сауаттылығы. 

Ағылшын  тілі  пәні  бойынша  оқушының  оқу  мен  жазудағы 

сауаттылығына,  оқушының  адами  құндылықтарды  құрметтеп,  өмір  сүру 

дағдысының қалыптасуына баса назар аударатынымыз айқын. 

Білім  беру  мазмұнындағы  іс-әрекеттік  компоненттер  оқушының  адамзат 

қоғамының  өркендеуі  үшін  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану  аясы  мен  ғылым 

негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, 

жинақтай  және  қолдана  білуін;  таным,  жобалау,  құрастыру,  зерттеу  және 

шығармашылықпен  қолдану  әдістерін  меңгеруін;  заманауи  ақпараттық-

коммуникациялық 

технологияларды 

меңгеруін; 

жоғары 


деңгейдегі 


230 

 

коммуникативтік  қабілеттілігі  мен  көптілді  мәдениеттілігін-оқу  мен  жазу, 



қарым-қатынас жасау сауаттылығын қамтамасыз етеді. 

Ағылшын  тілін  меңгеруде  грамматиканың  орны  ерекше,  өйткені  онсыз 

ойды  жинақтап  сөйлемге  айналдыру,  байланыстырып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Сондықтан  грамматика  толыққанды  тілдесімге  жетудің  құралы  ретінде 

қарастырылады.  Грамматикалық  дағдыны  қалыптастыру  функционалдық 

бағытта  грамматикалық  форма  мен  функцияны  бірлікте  үйрену  арқылы 

грамматикалық  ережелерді  толық  игеру,  жағдаяттық  және  шартты  сөйлесу 

жаттығулары негізінде іске асады. Білім мазмұны қазіргі қоғамдық сұранымға 

сай  болуы  үшін  ол  оқушының  өмірі  мен  қоршаған  ортасына  жақындатылуы 

тиіс. 


Өз  сабағымда  мынадай  әдіс  тәсілдерді  қолдану  арқылы  оқушылардың 

сабаққа  ынтасын  арттыра  отырып,  білім  сапасын  жетілдіріп,  сауатты  болуға 

дағдыландыруға мүмкіндік туады: 

1.«БББ»  кестесінің  алғашқы  екі  кестесін,  яғни  «не  білемін»,  «не  білгім 

келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің 

маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. 

2.Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар 

білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 

минут  қана,  оқушылар  өз  жұптарымен  жазғандарымен  бөліседі,  сұрақтарға 

жауап береді, тізімдерін толықтырады. 

3.Кластерлер.  Идеялар  мен  ақпараттардың  арасындағы  байланыстарды 

айқындауға  арналған  жазба  кестелер.  Негізгі  тақырып  немесе  тірек  тақтаның 

ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-

жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара 

байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы: 

Ойлан,  жұптас,  пікірлес  –  оқушыларға  қандай  да  болмасын  сұрақ, 

тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. 

Тақтада  сұрақ,  тапсырма  жазылғаннан  кейін  әрбір  оқушы  жекеше  өз  ойлары 

мен  пікірін  берілген  уақыт  ішінде  (2-3  минут)  қағазға  түсіреді.  Содан  кейін 

оқушы жұбымен жазғанын 3  – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. 2-3 жұпқа өз 

пікірлерін  бүкіл  сыныпқа  жариялап,  одан  кейін  бірнеше  оқушының  ойы  мен 

пікірін тыңдаймын. 

4.Еркін  жазу  –  оқушылардың  тақырып  бойынша  өз  ойларын  қағазға 

түсіруді  талап  ететін  тәсіл.  Оқушылар  берілген  уақыт  аумағында  (5-7  минут) 

тоқтамай жазуы керек. 

5.Сабақтың  негізгі  бөлімінде  оқушылар  жекелей,  жұппен,  топпен  жаңа 

ақпаратпен  танысып,  ол  туралы  өзіндік  пікір  қалыптастырады.  Осы  бөлімде 

көбінесе белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілін қолданамын. Мәтіннің бірінші 

бөлігі  оқылып  жатқанда  А  оқушы  В-ға  бірнеше  сұрақ  жазбаша  дайындайды. 

Мәтін оқылып біткеннен кейін, В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін 

кері байланыс жүзеге асады. 

6.Сондай-ақ,  ойын  технологиясының  алар  орны  басым.  «Жеке  тұлғаны 

анықтау»  атты  ойынында  мұғалім  ағылшын  ақын-жазушыларының  портреті 



231 

 

жапсырылған  беттерді  таратады.Оқушылар  тегін,өмірін,  жаңалықтарын 



есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау ұзақтығы 5 минут. 

7.«Джигсо»  әдісінің  артықшылығы  –  топта  жұмыс  істеуге  арналған 

құрылым  ұсынып,  сөйлеу,  тыңдау,оқу  дағдыларын  дамытуды  қамтамасыз 

ететіндігі. Мұнда: 

•  Сыныпты  шағын  топтарға  бөлемін.  Яғни,  сыныптың  тепе-теңдігін 

сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі. 

•  Құрылған  әр  топқа  дәстүрлі  тапсырма  беріледі.  Тапсырма  үлестірме 

материалдар  түрінде  таратылады.  Күрделілігі  бойынша  оқуға  арналған 

материалдің  тиісті  күрделілік  деңгейі  сақталады.  Егер  топ  төрт  адамнан 

тұратын  болса,  басты  тапсырманың  ішінде  топтың  әр  мүшесіне  бір  сұрақтан 

төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде 

оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. 

Сабақты  бекітуге  және  үй  тапсырмасына  қолдануға  болатын  әдістерден: 

Ыстық  орындық  -  Бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып  және  тақырып 

бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.  Сұрақты  анағұрлым  мазмұнды  қылу  үшін, 

оқушылар  белгілі  бір  пікір  бойынша  бірлесіп  алға  шығып  сөйлей  алады. 

Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады. 

Оңай  және  қиын  сұрақтар  кестесі.  Бұл  кестені  оқушылар  қандай  да 

болмасын  мәселе  бойынша  өз  пікірін  келтіру  үшін  немесее  жаңа  ақпаратпен 

танысқанда  толтыра  алады.  Кестенің  сол  жағына  олар  түсініктері  бойынша 

оңай,  ал  оң  жағына  қиын  сұрақтарды  келтіреді.  Мысалы,  оңай  сұрақтар 

дегеніміз мәтінде  жауабы  бар сауалдар,  ал  қиын  сұрақтардың жауабы  мәтінде 

жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады. 

Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-

қатынасқа түсе алу  қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен 

қарым-қатынас  жасай  алу  деңгейінің  көрсеткіші.  Олай  болса,  функционалдық 

сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп 

саналатын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын  қамтамасыз  ететін 

білім,  білік,  дағдылардың  жиынтығынан  құралады.  Сондықтан  теория  мен 

практиканың  байланыста  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  әрбір  пән  бойынша 

берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, 

заңдылықтар  мен  ережелердің,  яғни  ұғымдық-ақпараттық  материалдардың 

оқушы  өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық  мәселелерді  шешуге  көмегі 

тиетіндей,  бала  оны  қолдана  алатындай  практикалық  маңызы  ескерілуі  тиіс. 

Сондай-ақ  оқушылардың  оқу  материалын  тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-

мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. «Мектептегі  шет  тілі»  /Республикалық  әдістемелік-педагогикалық 

журнал/ №3,2013 

2. Булекбасова 

Б.  «Инновациялық  технология»,  Оқыту-тәрбиелеу 

технологиясы, 2010 ж, №5, 80 б. 

3. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан,1993ж. 250 б. 




232 

 

4. Мирсейтова С. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. 1998жыл  



5. Мұғалімге  арналған  нұсқаулық/Үшінші  (негізгі)  деңгей  (2012  ж).  – 

www.cpm.kz 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   250




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет