ФОРМИРОВАНИЕ ФУНКЦИОНАЛЬНОЙ ГРАМОТНОСТИ
УЧАЩИХСЯ НА УРОКАХ РУССКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ
В статье поднимается проблема формирования положительной
мотивации в процессе обучения русскому языку. Автор приводит практические
примеры развития и углубления познавательного интереса учащихся в целях
повышения их грамотности.
В
условиях
социально-экономической
модернизации
обществу
необходим человек, функционально грамотный, умеющий работать на
результат, способный к определенным, социально значимым достижениям. Все
данные качества формируются в школе.
В Послании народу Глава государства Н.А. Назарбаев выделил
следующее: «Чтобы стать развитым конкурентоспособным государством, мы
должны стать высокообразованной нацией. В современном мире простой
поголовной грамотности уже явно недостаточно. Наши граждане должны быть
готовы к тому, чтобы постоянно овладевать навыками работы на самом
передовом оборудовании и самом современном производстве. Необходимо
также уделять большое внимание функциональной грамотности наших детей, в
целом всего подрастающего поколения. Это важно, чтобы наши дети были
адаптированы
к современной жизни».
Функциональная грамотность (англ. Functional literacy) – результат
образования, который обеспечивает навыки и знания, необходимые для
развития личности, получения новых знаний и достижений культуры,
249
овладение новой техникой, успешного выполнения профессиональных
обязанностей, организации семейной жизни, в т.ч. воспитания детей, решении
различных жизненных проблем.
В терминологическом словаре современного педагога функциональная
грамотность трактуется как умение человека грамотно, квалифицированно
функционировать во всех сферах человеческой деятельности.
Формирование функциональной грамотности предполагает ряд задач:
формирование универсальных умений - аналитических умений
отличать причину и следствие, общее и частное, главное и второстепенное;
применение полученных знаний на практике: умение анализировать
явления, идентифицировать их с имеющими знаниями;
извлечение необходимой информации из различных видов
источников;
интерпретирование теоретические данные применительно к
конкретным явлениям;
проведение самостоятельное исследование, используя научные
источники, четко выражать мысль, связно строить высказывание;
овладение учащимися универсальными способами учебной
деятельности, обеспечивающими успешность в обществе;
развитие творческих способностей, которые необходимы при
адаптации в нестандартной ситуации [1].
В
процессе
формирования
функциональной
грамотности
предусматривается интеграция актуальных для подросткового возраста видов
деятельности на конкретном предметном материале, обеспечивая при этом
каждому учащемуся возможности самостоятельного выбора: объема
содержания, средств, сроков и темпов обучения. Например, метод дискуссий,
дебатов начинаем вводить в практику работы с учащимися младшего
подросткового возраста. В старшем подростковом возрасте предложенный
метод наиболее интересен подросткам, так как способствует формированию
умений вступать в контакт с любым типом собеседника и поддерживать
контакт в общении, соблюдая нормы и правила, слушать собеседника,
стимулировать собеседника к продолжению общения, изменять при
необходимости речевое поведение. Метод проектов, защита презентаций,
создание и демонстрация компьютерных презентаций помогают преодолеть
трудности, связанные с личностными переживаниями, чувством неловкости,
неуверенности. Интерпретировать, систематизировать, критически оценивать,
анализировать
информацию
с
позиции
решаемой
задачи,
делать
аргументированные выводы помогает индивидуальная форма работы с
применением приемов «Фишбон», «Инсерт» (технология эффективного
чтения), которые можно вводить с первых уроков формирования
функциональной грамотности.
Технология работы со схемой «Фишбон» может варьироваться:
1) Индивидуальный путь. В этом случае, чтение текста и составление
схемы происходит индивидуально. У всех текст одинаковый. На этапе
250
рефлексии возможен обмен мнениями, добавления в составленную
индивидуально схему, суммирование информации в единую схему,
представленную на доске.
2) Парная или групповая работа. Возможно использование разных
текстов по одной проблеме, возможны следующие варианты работы:
а) каждая из групп получает для чтения свой текст; чтение текста
происходит индивидуально, составление схемы – в группах (но на этих схемах
оставляется место для добавления верхних и нижних «отростков»); происходит
обмен информации между группами, в результате чего появляется общая схема
«Фишбон»;
б) каждому участнику внутри группы раздается свой текст; чтение
происходит индивидуально; после чтения в группе участники обмениваются
информацией, на основе которой и составляется общая схема «Фишбон»;
группы рассказывают о проделанной работе, дополняя друг друга.
INSERT (Инсерт) относится к группе приемов, развивающих критическое
мышление учащихся. Прием очень эффективен при работе над формированием
навыков изучающего чтения, на стадии вызова. С помощью приема «Инсерт»
возможно решение обширного спектра лексико-грамматических задач, так как
любой текст богат речевыми образцами и грамматическими структурами. При
чтении текста учащиеся на полях расставляют пометки (желательно
карандашом, если же его нет, можно использовать полоску бумаги, которую
помещают на полях вдоль текста).
Пометки должны быть следующие:
v если то, что вы читаете, соответствует тому, что вы знаете;
– если то, что вы читаете, противоречит тому, что вы уже знали, или
думали, что знали;
+ если то, что вы читаете, является для вас новым;
? если то, что вы читаете, непонятно, или же вы хотели бы получить
более подробные сведения по данному вопросу. После чтения текста с
маркировкой учащиеся заполняют маркировочную таблицу Инсерт, состоящую
из 4-х колонок, где значки станут заголовками граф таблицы. Причём,
заполняется сначала 1-я колонка по всему тексту, затем 2-я и т.д. [2].
В таблицу кратко заносятся сведения из текста. Прочитав один раз,
вернитесь к своим первоначальным предположениям, вспомните, что вы знали
или предполагали по данной теме раньше, возможно, количество значков
увеличится. Этот прием работает и на стадии осмысления. Технологический
прием “Инсерт” и таблица “Инсерт” сделают зримыми процесс накопления
информации, путь от “старого” знания к “новому”. Важным этапом работы
станет обсуждение записей, внесенных в таблицу, или маркировки текста [3].
Обеспечивая целостность организации образовательного процесса, мы
направляем учащихся на практическое применение знаний в сфере
коммуникации посредством практико-ориентированных заданий и упражнений,
стихотворных текстов, памяток - предписаний, алгоритмов действий. Цель
выполнения данной работы заключается в формировании функциональных
251
знаний, умений, готовностей в сфере коммуникации у учащихся, значимых в
личностном, социальном аспекте. Поскольку процесс коммуникации
необходим учащемуся в различных стандартных и нестандартных ситуациях, то
общение учащегося предполагает не только умение вступать в контакт и вести
разговор с собеседником, но и умение внимательно слушать и слышать, влиять
на процесс общения.
Таким образом, обобщая вышесказанное, функциональная грамотность
становится фактором, содействующим участию людей в социальной,
культурной, политической и экономической деятельности, способности
творчески мыслить и находить стандартные решения, умению выбирать
профессиональный
путь,
уметь
использовать
информационно-
коммуникационные технологии в различных сферах жизнедеятельности, а
также обучению на протяжении всей жизни.
Библиографические ссылки
1. Виленский
М.Я.,
Образцов
П.И.,
Уман
А.И.
Технологии
профессионально-ориентированного обучения в высшей школе: Учебное
пособие / Под ред. В.А. Сластенина. -М.: Педагогическое общество, 2004. 192 с.
2. Заир-Бек, С. И. Развитие критического мышления на уроке: пособие
для учителей общеобразоват. учреждений / С. И. Заир-Бек, И. В.
Муштавинская. – 2-е изд., дораб. – М.: Просвещение, 2011. – 223 с.
3. Сафарова С.В. Технология критического мышления как составляющая
ключевых компетенций педагога. Педагогическое образование и наука. - 2008
№ 2 - с.29-31.
Гульназ Ернатовна Калмакбаева
ШҚО Жарма ауданы Қалбатау ауылы
«Маяковский атындағы орта мектебі» КММ
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА СЫНИ ТҰРҒЫСЫНАН
ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ
ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Баяндама қазақ тілі мен әдебиеті сабағында сыни тұрғыдан ойлау
технологиясын қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын
арттыру жолдарын жан-жақты қарастырып, қолданылған әдіс-тәсілдерге
кешенді түрде қарастыруға арналған жұмыс.
Түйін сөздер: функционалдық сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау, сабақ,
әдіс-тәсілдер, шығармашылық жұмыстар.
ХХІ ғасырдың жан-жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды
қалыптастыруда білім беру мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай
252
үйлестіре алу міндеті туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай
ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті,
әлеуметтік рөлін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру.
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына
сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің
алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру
жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге
алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде
әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін құзіреттерді қалыптастыру
үздіксіз білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналатын жалпы білім
беретін орта мектептердегі әрбір пәнді оқытудың да басым бағыттарының бірі
болып табылады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа пәндерді оқытуға
негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл «Қазақ тілі» пәніне де тікелей
қатысты. Өйткені мемлекеттік тіл ретінде оқытылатын қазақ тілі бойынша
оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру Қазақстан
Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты
тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге
асуының басты шарты болып саналады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс
мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың,
мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі
таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі
болып табылатын функционалды сауатты дара тұлғаны қалыптастырумен
тығыз сабақтасып жатыр.
Функционалдық сауаттылық дегеніміз – адамдардың әлеуметтік, мәдени,
саяси және экономикалық қызметтерге белсене араласуы, яғни бүгінгі
жаһандану дәуіріндегі заман ағымына, жасына қарамай ілесіп отыруы, адамның
мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім
беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани
тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік
бейімделуі болып табылады. Яғни, оқушылардың мектепте алған білімдерін
өмірде тиімді қолдануына үйрету. Функционалдық сауаттылық – адамның
сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша
тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз:
шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге
сын көзбен қарау;
күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімге қабылдауға
құштарлық;
үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын,
үйренушінінің сеніміне негізделген құрылым.
Сабақ барысында сыни тұрғыдан ойлаудың әдістерін қолдану
төмендегідей нәтиже береді:
білім алушының белсенділігін артады;
пәнге деген қызығушылығы оянады;
253
өзіндік көзқарасын білдіруге мүмкіндік беріледі;
зерттеуге икемділігі дамиды;
сөйлесім әрекеті белсенділігі артады;
білім алушылар бір-бірімен қарым-қатынас жасай біледі;
басқаларды тыңдауды, кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен
қарауға үйренеді.
Жалпы, сыни тұрғыдан ойлайтын оқушылар белсенді болады, олар
сұрақтар қойып дәлелдерді талдайды.
Ал мұғалім оқушыға:
білім міндеті қоятын талаптарды түсінуге;
жеке ойлау үрдісін және олардың жұмыс қағидаттарын зерттеуге;
міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға:
нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға
көмектеседі.
Оқушының ойлануын сөзден бөлуге болмайды. Сондықтан да
балалардың тілін дамыту әрқашан ой операцияларын орындаумен бірге
қарастырылады. Оқушылардың салыстыра, топтастыра, жүйелей, қорытынды
шығаруы, олардың ауызша және жазбаша сөзінің логикалық дәлдігінен,
бейнелілігінен көрінеді. Оқушылардың сөздік қорын байытумен байланысты
жүргізілген жұмыстарда балалардың жас ерекшеліктері мен жеке бас
ерекшіліктері, олардың зейін, ерік, қиял тағы басқа әрекеттері ескеріледі.
Сондықтан, оқудың алғашқы күнінен бастап – ақ баланы тыңдай білуге, оңай
тапсырмаларды орындауға дағдыландырылады. Олардың зейіндері заттарды
бақылаумен қатар, әріптерден сөз құрау арқылы жетілдіріліп тәрбиеленеді.
Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл
қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң
ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнері, ғылымы бар
жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын
ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден
де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана
қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады,
мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі
көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық,
жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді
сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті,
нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бой күйездікке, жамандыққа аяқ
баспайды.
Әдебиет арқылы оқушы бойында өмір туралы дұрыс талғам, түсінік
қалыптастырамыз. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындылар арқылы қалаған
мамандықты игеріп, өмірден өз орнын табуларына, қалаулы азамат болып
өсулеріне тигізетін әсері мол. Ұрпақ бойында ұлттық ұғымдарды сіңіру үшін,
біз оқушыға өткен тарихымызды танытуымыз тиіс.
Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі
тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты
254
әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сонымен
қатар, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау,
ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс,
проблемалық мәселелерге жауап беру, нақтылы және жалпылама тапсырмалар
беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі
сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып
қорғауы тағы басқа алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Осындай
әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланып мұғалімнің шәкірттері өз
бетімен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже
дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, конспектілері, хронологиялық кестелері
болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс.
Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік
сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа
жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қыса әңгіме, мақала, күнделік, пікір
жазып үйренуіне мүмкіндік туады.
Сұрақ қою қайтадан сұрақ қою – мәтіннің әр бөлігінен кейін оқушыларға
бір-біріне немесе өзгеде оқушыларға белгілі бір жүйемен сұрақ қою
тәсілі.Мәтіннің бірінші бөлігі оқылып жатқанда А оқушы В-ға бірнеше сұрақ
жазбаша дайындайды. Мәтін оқылып біткеннен кейін В оқушы жауап береді.
Екінші бөлімнен кейін керісінше В оқушы А оқушыға сұрақ қояды. Үшінші
бөлімнен кейін екеуі С және Д оқушыларға сұрақ қояды. Жеке тұлғаны анықтау
атты ойынның да тиімді жағы көп. Жүргізуші (мұғалім) ақын-жазушылардың
портреті жапсырылған беттерді таратады. Оқушылар ақын-жазушының
фамилясын, өмірін, шығармаларын еске түсіру керек. Талдау ұзақтығы 5 минут.
Әдебиет сабағында оқушыға ұнаған, әсер еткен шығармамен танысқан
соң, «Автор орындығы» немесе «Егер мен жазушы болсам...» деген ойындарды
жиі қолдану арқылы оқушының тіл байлығын, қиялын, айналаға, қоғамға деген
көзқарасын қалыптастыруға болады.
Көркем шығармадағы басты кейіпкермен танысып болған соң, кейіпкерге
өз атынан хат жазуға болады. Оқушы кейіпкерді өзімен салыстырады және
кейіпкердің өмір сүрген уақыты мен өз уақытын салыстыра отырып отырып
баға береді.
Мәселен, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» атты повесіндегі
Қожаға хат: «Қожа, сіздің жасаған барлық тентектігіңіз келешек ұрпаққа сабақ
олсын деген ойда жазылған ба, деп ойлаймын. Сіз егер адам талпынбаса
бұзбайтын қамалы жоқ, өзгермейтін еш нәрсе жоқ дегенді дәлелдедіңіз....».
Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» романындағы Тұрарға хат: «Тұрар ата, егер
сіздің әкеңіз сіздің оқу бітіргеніңізді көрсе, қуанышы қойнына сыймай қуанар
еді. Шығарманы оқи отырып осы бір сәт есіме оралғанда көзіме жас үйіріліп,
бір ойланып қалдым. Сіз бір ұлттың емес, адамның, адамзаттың ұлы бола
білдіңіз. Қазір бізде сіздердің кезіңіздегідей емес, қанша оқысақ та өз еркімізде.
Өйткені сіз аңсап кеткен еркіндікті біз көріп отырмыз...».
М.Мағауиннің «Бір атаның балалыры» повесіндегі Зигфридке хат:
«Зигфрид,
сен
маған
өзіңнің
момындығыңмен,
зеректігінмен,
255
ұқыптылығыңмен, еңбекқорлығыңмен ұнадың. Сенің бұл соғысқа еш қатысың
жоқ, Дәуренбек сені бекер кіналады. Қазіргі кезде қынжылтатын бір нәрсе, жыл
сайын тастанды балалардың көбейіп бара жатқаны. Сонау соғыс кезінің өзінде
өзге ұлттың баласын асырп алып, өз баласындай ел қатарлы өсірген ғой. Қазіргі
таңда сол бір пәк, ешбір кінәсі жоқ сәбилер жетімсіремей, жәудіремей әрбір
шаңыраққа шатық сыйлап өссе деймін. Бала болсам да, осы бір жай мені
қынжылтпай қоймайды...».
Оқушылардың кейіпкерлерге жазған үздік хаттары республикалық
«Ертіс өңірі», «Ақжолтай» және облыстық «Шығыс шұғыласы» газеттерінде
жарияланды.
Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың сауаттылығын дамыту жолдары:
оқушылардың сөйлеу сауаттылығын арттыру, оқушылардың құзырлығын
арттыру, оқушылардың жазу cауаттылығын арттыру, оқушылардың оқу
сауаттылығын арттыру. Жазу сауаттылығы: жаттығу жұмыстары,шығарма,
жазу, қатемен жұмыс, диктант жазу, мазмұндама жазу.
Оқушылардың білімге ынтасының болуы, олардың сабақтағы
белсенділігінің артуына білім сапасының жоғарлауына, білім алудың пайдасын
түсінудің қалыптасуына мүмкіндік береді. Білім берудің құрылысын, оқушылар
мұғалім берген мақсаттарды түсінетіндей, қабылдайтындай етіп құру керек
және оқушы мұғалім қойған мақсатты белсенді жүзеге асырушысы болуы
тиіс.Оқушылардың білімге ықыласын, қызығушылығын арттырудың ең жақсы
жолының бірі – сабақта ойындарды қолдану. Ойын – әрқашан кішкене білім,
кішкене білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке дайындайды. Ойынды
алданыш және жеңіл көңіл көтеру деп ойлайтындар Физика сабағында мынадай
әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сабаққа ынтасын арттыра
отырып, білім сапасын жетілдіріп, сауатты болуға дағдыландырады.
«БББ» кестесінің алғашқы екі кестесін, яғни «не білемін», «не білгім
келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің
маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады.
Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар
білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4
минут қана, оқушылар өз жұптарымен жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға
жауап береді, тізімдерін толықтырады. Кластерлер (жүзімнің шоқтары деген
мағынада). Идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды
айқындауға арналған жазба кестелер. Негізгі тақырып немесе тірек тақтаның
ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-
жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара
байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы: Ойлан, жұптас, пікірлес –
оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды
тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма
жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт
ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4
минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа
жариялауын сұрануына болады.
256
Алдын-ала берілген атаулар – мұғалім сабақ барысында жаңа тақырып
бойынша тақтаға бірнеше атау, терминдер жазып қойып оқушыларға олардың
мағынасы, мазмұны және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлауын
сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке жұппен немесе шағын топ ішінде
ауызша яки жазбаша орындалуы ықтимал. Содан кейін мұғалімнің бірнеше
оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.
Еркін жазу – оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын қағазға
түсіруді талап ететін тәсіл. Оқушылар берілген уақыт аумағында (5-7 минут)
тоқтамай жазуы керек. Сабақтың негізгі бөлімінде мұғалім оқушыларға білім
алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігінен жаңа мәліметті жан –
жақта қарастырып, зерттеп, игеруіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен,
топпен жаңа ақпаратпен танысып, ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады.
«Джигсо» әдісінің артықшылығы – топта жұмыс істеуге арналған
құрылым ұсынып, сөйлеу және тыңдау дағдыларын дамытуды қамтамасыз
ететіндігі. Мұғалім сыныпты шағын топтарға бөледі. Құрылған әр топқа
дәстүрлі тапсырма беріледі. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде
таратылады. Күрделілігі бойынша оқуға арналған материалдің тиісті күрделілік
деңгейі сақталуы керек. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде
оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді.
Сабақты бекітуге және үй тапсырмасына қолдануға болатын әдістер:
Ыстық орындық - бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып
бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін,
оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.
Оңай және қиын сұрақтар кестесі. Бұл кестені оқушылар қандай да
болмасын мәселе бойынша өз пікірін келтіру үшін немесее жаңа ақпаратпен
танысқанда толтыра алады. Кестенің сол жағына олар түсініктері боцынша
оңай, ал оң жағына қиын сұрақтарды келтіреді. Мысалы, оңай сұрақтар
дегеніміз мәтінде жауабы бар саулдар, ал қиын сұрақтардың жауабы мәтінде
жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады.
Алтын балық - барлық сынып алдында өз пікірін білдіргені болмаса,
қалған жағдайда «ыстық орындық» сияқты. Олар алтын балыққа арналған
аквариумда отырады, басқалары оларға сұрақ қойып, түсініктеме беруді талап
ете алады. Бұлардан өзге сабақтың бұл кезеңінде семантикалық карта, Венн
диаграммасы, сөзжұмбақ, әр түрлі диктант түрлерін тағы басқа әдіс-тәсілдерді
пайдалануға болады.
Өзің тап. «Өзің тап» диктанты әдебиеттен өтіп жатқан көркем
шығармалармен байланыс негізінде жүргізіледі. Диктант мәтінінде мұғалім сын
есімдер орнына зат есім немесе сан есім орнына үстеулер тағы басқаларды
жазады, оқушы дұрысын өздері табады. Диктанттың қай түрі болмасын
сауаттылыққа ерекше көңіл бөлінеді. Бұл диктантта да мәтін алдыда жататын
себепті тапқан сөздердің жазылу емлесі басты назарда болады. Осындай
диктанттар оқушылардың көру, есту қабілеттерінің дамуына да ықпал етеді.
Сабақ тек білім беру қызметін ғана емес, тәрбиелеу қызметін де атқарады.
Мұндай сабақтардың өтілуі нәтижесінде оқушыларда бір-бірімен сөйлесе білу
257
мәдениеті, тәртіптілік, топқа және бір-біріне жауапкершілік сезімнің болуы,
менмендік және жалқаулықтан безу қасиеттері қалыптасады.
Болашақтың бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп адамзат қоғамын
алға апаратын күш тек білімде ғана. Біздің еліміздің негізгі тірегі – зияткерлік
ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да біздің оқушыларымыздың сапалы білім алуы
маңызды. Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда – бүгінгі
заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс жүргізе білудің
маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті
ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары
деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір
айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз
үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы
қарыздың өтелгені.
Библиографиялық сілтемелер
1. Мектеп оқушыларының
функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 — 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары.
Астана. 2012 жылғы 25 маусым.
2. ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұловтың «Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға
арналған ұлттық іс-қимыл жоспарының орындалу барысы туралы» мәселе
бойынша ҚР Үкіметі отырысында сөйлеген сөзі. Астана. 2012 жылғы 11
қыркүйек.
3. Функциональная грамотность выпускников школ // Вершловский С.Г.,
Матюшкина М.Д.
4. Иманбекова Ж. Жаңа технологиялармен оқыту әдістері // Қазақ тілі мен
әдебиеті.-2003 №7.
5. Бітібаева Қ.О. «Әдебиетті оқытудың әдістемесі мен технологиясы»
Алматы, 2010ж.
Сауле Толегеновна Каматаева
старший преподаватель кафедры
инновационных технологий и методики преподавания
естественно-научных (гуманитарных) дисциплин
филиала АО «НЦПК «Өрлеу» ИПК ПР по ВКО
Достарыңызбен бөлісу: |