Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет24/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68

 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық// www.cpm.kz 

2. Оқу бағдарламасы 

3. Оқыту  мен  оқу  үдерісінде  сындарлы  оқыту  теориясының  тиімділігі. 

Мақала. Интернет рисурсы. 

4. Оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыру 

(әдістемелік  құрал).  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігі  Ы. Алтынсарин  атындағы  Ұлттық  білім  академиясы, 

Алматы.2013. 

 

 



Назым Қайратқызы Иманкулова 

«Жетыарал орта мектебі» КММ 

Шығыс Қазақстан облысы 

Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы 

 

КӨП ТІЛДІЛІК ОРТАДА ОҚУ МЕН КОММУНИКАЦИЯНЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

Қытай даналығында: «Адам өміріндегі ең басты құндылық - сауатты өмір 

сүру» - делінген. Еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруі 

үрдісінде  тұлғаның  ең  басты  функциялық  сапалары  арқылы  нәтижеге  жету, 

атап  айтқанда,  әр  жеке  тұлғаның  өмірде  белсенді  болуы,  шығармашылық 

негізде қалыптасуы, өздігінен шешім қабылдай білуі , өз кәсібін дұрыс таңдай 

алу қабілеттілігі , т.б сауатты өмір сүруді қамтиды. Білім беруді жаңарту оқушы 


227 

 

білімін ғана емес, оларды қолдану дағдыларын, атап айтқанда функционалдық 



сауаттылығын  қалыптастырады.  Тілге  қатысты  функционалдық  сауаттылық  – 

оқу  мен  жазудағы,  қарым-қатынас  жасаудағы  іс-әрекет  тәсілдерін  меңгеру 

болып табылады. 

 

Басты сөздер: функционалды сауаттылық, көп тілділік, оқу мен жазу, 

коммуникация, жеке тұлға-оқушы. 



 

Көп  тілді оқыту  –  жас ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін самғауына жол 

ашатын,  әлемдік  ғылым  құпияларына  үңіліп,  өз  қабілетін  танытуына 

мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік. Оқушылардың үш тілде 

еркін  сөйлеу  біліктілігін  дамытуды  жүзеге  асыру  барысында  мынадай 

міндеттерді шешу көзделеді: 

 

Оқушылардың  үш  тілде  еркін  сөйлеу  біліктілігін  дамытуда  оқыту 



технологияларын тиімді пайдалану; 

 



Заманауи  интерактивтік  және  инновациялық  технологияларды 

қолдану; 

 

Үш тілде де қарым-қатынас жасауға, сөйлеуге үйрету; 



 

Әр оқушының тілдік қабілетін толық ашу; 



 

Сөздік  қорын    молайтуда  аударма  және  түсіндірме  сөздіктерін 



пайдалана алу; 

 



Танымдық қызығушылығын қалыптастыру. 

Ұлттың  қабілеті  мен  елдің  өркениеттілігі  оның  білімділік  деңгейімен 

айқындалатынын  ескере  келе,  білім  беру  жүйесін  жаңартуға  Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының 

басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына  Жолдауында  ерекше  атап  өтсе, 

«Қазақстан-2050»  стратегиясы:  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

атты Жолдауында білім беру саласындағы басымдықтарды қадап айтты. Білім 

беруді  жаңарту  оқушы  білімін  ғана  емес,  оларды  қолдану  дағдыларын,  атап 

айтқанда функционалдық сауаттылығын қалыптастырады. 

 


228 

 

 



Бұл  Ұлттық  жоспар  –  білім  сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары. 

Жоспарда төмендегі қажетті ресурстар көрсетіледі: 

1.

 

Мақсат-міндеттер нақты; 



2.

 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 



тетіктері; 

3.

 



Білім  стандарттарын,  оқу  бағдарламалары  мен  жоспарларын,  оқыту 

нысандарын,  әдістері  мен  технологияларын  жаңарту;  Мектеп  оқушыларын 

оқыту нәтижелерін бағалау жүйесін дамыту; 

4.

 



Ата-аналардың қатысуын қамтамасыз ету; 

5.

 



Қосымша білім беруді дамыту; 

6.

 



Күтілетін нәтиже  

Сондай-ақ,  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын 

дамыту үшін төмендегідей кешенді жоспар жасалды. Олар: 

мазмұндық; 

оқу-әдістемелік; 

материалдық-техникалық іс-шаралар кешені. 

Осы ұлттық жоспарды іске асыру арқылы оқушылардың функционалдық 

сауаттылығын  дамыту  бойынша  жалпы  үйлестіруді  қамтамасыз  етуге 

мүмкіндік  береді.  Ол  үшін  баланы  субъект  ретінде  қарап,  оқу  ісіне  өзінше 

қызықтыратын,  оған  қабілетін  арттыратын  жағдай  туғызу  керек.  Оның 

бастысы-оқу  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру,  оқушының  оқудағы  іс-әрекеті 

арқылы  ойлау  дағдыларын  жетілдіру,  өз  бетінше  білім  алу,  әрекет  ету. 

Мақсатқа  жету  оқушының  өзі  арқылы  іске  асады.  Мұғалім  –  бағыт  беруші, 

ұйымдастырушы. Осы тұрғыда «Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлауды 

дамыту»  жобасының  оқушы  құзіреттілігін  дамытуда  маңызы  зор.  Сын 

тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  –  ой  қозғай  отырып,  оқушының  өз  ойымен 

өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген,  білгенін  талдап,  салыстырып,  жүйелеп, 

«Функционалдық 

сауаттылық» 

ұғымы 

Алғаш рет 

өткен ғасырдың  

60-жылдары 

ЮНЕСКО 

құжаттарында 



пайда болып, 

кейіннен 

қолданысқа енді. 

Функционалдық 

сауаттылықты 

дамытудың жалпы 

бағдары Қазақстан 

Республикасында 

білім беруді 

дамытудың 2011-2020 

жылдарға арналған 

мемлекеттік 

бағдарламада 

көрсетілсе. 

Осы бағдарламаны 

басшылыққа ала отырып, 

ҚР-сы Үкіметінің 2012ж. 

25 маусымдағы №832 

қаулысымен «Мектеп 

оқушыларының 

функционалдық 

сауаттылығын дамыту 

жөніндегі 2012-2016 

жылдарға арналған Ұлттық 

іс-қимыл жоспары» 

бекітілді. 



229 

 

білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттау, өз бетімен және 



бірлесіп  шығармашылық  жұмыс  жасау.  Бұл  жобаның  тиімді  әдіс-тәсілдерін 

қолдану арқылы оқушы өз ойын еркін жеткізуге, пәнге қызығушылығы оянып, 

талдау  жұмыстарын  жүргізе  білуге  уйренеді.  Оқушылардың  сабаққа 

қызығушылығын  оятқан  әдістер  арқылы  өз  ойларын  топта,  ұжымда  талдай 

бастады.Оқушылардың  функционалдық    сауаттылығын  дамытуға  мынадай 

факторлар әсер етеді: 

 

білім беру мазмұны (ұлттық стандарттар , оқу бағдарламалары); 



 

оқыту нысандары мен әдістері; 



 

білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен 



бағалау жүйесі; 

 



мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары

 



мектепті басқару моделі; 

 



барлық  мүдделі  тараптармен  әріптестікке  негізделген  достық 

қалыптағы білім беру ортасының болуы; 

 

ата-аналардың балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі белсенді 



рөлі. 

Сырттай  бағалау  әрбір  деңгейді  аяқтау  бойынша  білім  алушының  оқу 

жетістіктерінің мәлімделген нәтижелерге (ҰБТ , ОЖСБ және т.б.) сәйкестігіне, 

сондай  –  ақ  халықаралық  зерттеулерге  (ТІМSS,  PISA  және  PIRLS)  қатысуы 

арқылы жүзеге асырылатын болады. 

Білім беру саласындағы ұлттық жоспарда функционалдық сауаттылықты 

дамытудың  4  негізгі  механизмін  бөліп  көрсеткен.  Соның  ішінде  бірінші 

механизм  –  оқыту  методологиясы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту  болып 

табылады. 

Ағылшын тілі пәні оқушының функционалдық сауаттылығын арттыруда 

аса  маңызы  қызмет  атқарады.  Пәндік  білімдеріне,  ептіліктеріне  және 

дағдыларына  сүйене  отырып,  оқу  пәндері  арқылы  функционалдық 

сауаттылықты  дамыту  үдерісі  ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  негізінде 

жүзеге  асады.  Ойлау  дағдыларын  қалыптастыру  және  дамыту  құралдарына 

тапсырма  түрінде  берілген  пәндік  ББД  жатады,  ал  ұйымдастыру  формасына  - 

проблемалық жағдайлар жатады. Осыған байланысты , ойлау дағдыларының өзі 

ББД  –тердің  құзыреттілікке  көшуінің  құралы  ретінде  қызмет  атқарады,  яғни 

функционалдық сауаттылығы. 

Ағылшын  тілі  пәні  бойынша  оқушының  оқу  мен  жазудағы 

сауаттылығына,  оқушының  адами  құндылықтарды  құрметтеп,  өмір  сүру 

дағдысының қалыптасуына баса назар аударатынымыз айқын. 

Білім  беру  мазмұнындағы  іс-әрекеттік  компоненттер  оқушының  адамзат 

қоғамының  өркендеуі  үшін  ғылыми  жетістіктерді  пайдалану  аясы  мен  ғылым 

негіздері бойынша жүйелі білімді меңгеруін; ғылыми ақпаратты талдай, өңдей, 

жинақтай  және  қолдана  білуін;  таным,  жобалау,  құрастыру,  зерттеу  және 

шығармашылықпен  қолдану  әдістерін  меңгеруін;  заманауи  ақпараттық-

коммуникациялық 

технологияларды 

меңгеруін; 

жоғары 


деңгейдегі 

230 

 

коммуникативтік  қабілеттілігі  мен  көптілді  мәдениеттілігін-оқу  мен  жазу, 



қарым-қатынас жасау сауаттылығын қамтамасыз етеді. 

Ағылшын  тілін  меңгеруде  грамматиканың  орны  ерекше,  өйткені  онсыз 

ойды  жинақтап  сөйлемге  айналдыру,  байланыстырып  жеткізу  мүмкін  емес. 

Сондықтан  грамматика  толыққанды  тілдесімге  жетудің  құралы  ретінде 

қарастырылады.  Грамматикалық  дағдыны  қалыптастыру  функционалдық 

бағытта  грамматикалық  форма  мен  функцияны  бірлікте  үйрену  арқылы 

грамматикалық  ережелерді  толық  игеру,  жағдаяттық  және  шартты  сөйлесу 

жаттығулары негізінде іске асады. Білім мазмұны қазіргі қоғамдық сұранымға 

сай  болуы  үшін  ол  оқушының  өмірі  мен  қоршаған  ортасына  жақындатылуы 

тиіс. 


Өз  сабағымда  мынадай  әдіс  тәсілдерді  қолдану  арқылы  оқушылардың 

сабаққа  ынтасын  арттыра  отырып,  білім  сапасын  жетілдіріп,  сауатты  болуға 

дағдыландыруға мүмкіндік туады: 

1.«БББ»  кестесінің  алғашқы  екі  кестесін,  яғни  «не  білемін»,  «не  білгім 

келедіні» оқушылар жаңа тақырып басталмас бұрын толтырады. Жаңа білімнің 

маған берер пайдасы қандай болмақ деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. 

2.Жұптағы ой қозғау. Оқушылар қандай да болмасын ақпарат туралы бар 

білгендерін жазбаша келтіреді. Бұл тапсырманы орындауға берілген уақыт 2-4 

минут  қана,  оқушылар  өз  жұптарымен  жазғандарымен  бөліседі,  сұрақтарға 

жауап береді, тізімдерін толықтырады. 

3.Кластерлер.  Идеялар  мен  ақпараттардың  арасындағы  байланыстарды 

айқындауға  арналған  жазба  кестелер.  Негізгі  тақырып  немесе  тірек  тақтаның 

ортасындағы шеңберге жазылады да, одан туындаған тақырыпшалар оның жан-

жағына жазылып, шеңберленеді, оқушылар оларды бір-біріне қосады да, өзара 

байланыстыру туралы әңгімелейді. Мысалы: 

Ойлан,  жұптас,  пікірлес  –  оқушыларға  қандай  да  болмасын  сұрақ, 

тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. 

Тақтада  сұрақ,  тапсырма  жазылғаннан  кейін  әрбір  оқушы  жекеше  өз  ойлары 

мен  пікірін  берілген  уақыт  ішінде  (2-3  минут)  қағазға  түсіреді.  Содан  кейін 

оқушы жұбымен жазғанын 3  – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. 2-3 жұпқа өз 

пікірлерін  бүкіл  сыныпқа  жариялап,  одан  кейін  бірнеше  оқушының  ойы  мен 

пікірін тыңдаймын. 

4.Еркін  жазу  –  оқушылардың  тақырып  бойынша  өз  ойларын  қағазға 

түсіруді  талап  ететін  тәсіл.  Оқушылар  берілген  уақыт  аумағында  (5-7  минут) 

тоқтамай жазуы керек. 

5.Сабақтың  негізгі  бөлімінде  оқушылар  жекелей,  жұппен,  топпен  жаңа 

ақпаратпен  танысып,  ол  туралы  өзіндік  пікір  қалыптастырады.  Осы  бөлімде 

көбінесе белгілі бір жүйемен сұрақ қою тәсілін қолданамын. Мәтіннің бірінші 

бөлігі  оқылып  жатқанда  А  оқушы  В-ға  бірнеше  сұрақ  жазбаша  дайындайды. 

Мәтін оқылып біткеннен кейін, В оқушы жауап береді. Екінші бөлімнен кейін 

кері байланыс жүзеге асады. 

6.Сондай-ақ,  ойын  технологиясының  алар  орны  басым.  «Жеке  тұлғаны 

анықтау»  атты  ойынында  мұғалім  ағылшын  ақын-жазушыларының  портреті 


231 

 

жапсырылған  беттерді  таратады.Оқушылар  тегін,өмірін,  жаңалықтарын 



есімімен байланысты оқиғалар т.б еске түсіру керек.Талдау ұзақтығы 5 минут. 

7.«Джигсо»  әдісінің  артықшылығы  –  топта  жұмыс  істеуге  арналған 

құрылым  ұсынып,  сөйлеу,  тыңдау,оқу  дағдыларын  дамытуды  қамтамасыз 

ететіндігі. Мұнда: 

•  Сыныпты  шағын  топтарға  бөлемін.  Яғни,  сыныптың  тепе-теңдігін 

сақтай отырып, жынысына, қабілетіне, қарым-қатынастарына қарап бөледі. 

•  Құрылған  әр  топқа  дәстүрлі  тапсырма  беріледі.  Тапсырма  үлестірме 

материалдар  түрінде  таратылады.  Күрделілігі  бойынша  оқуға  арналған 

материалдің  тиісті  күрделілік  деңгейі  сақталады.  Егер  топ  төрт  адамнан 

тұратын  болса,  басты  тапсырманың  ішінде  топтың  әр  мүшесіне  бір  сұрақтан 

төрт сұрақ немесе тапсырма болады. Сұрақтар немесе тапсырмалар топ ішінде 

оқушылардың өзара келісуі арқылы бөлінеді. 

Сабақты  бекітуге  және  үй  тапсырмасына  қолдануға  болатын  әдістерден: 

Ыстық  орындық  -  Бір  оқушы  алға  шығып  өз  пікірін  айтып  және  тақырып 

бойынша  сұрақтарға  жауап  береді.  Сұрақты  анағұрлым  мазмұнды  қылу  үшін, 

оқушылар  белгілі  бір  пікір  бойынша  бірлесіп  алға  шығып  сөйлей  алады. 

Мысалы, оқушылар белгілі бір рөлді немесе адамды сомдай алады. 

Оңай  және  қиын  сұрақтар  кестесі.  Бұл  кестені  оқушылар  қандай  да 

болмасын  мәселе  бойынша  өз  пікірін  келтіру  үшін  немесее  жаңа  ақпаратпен 

танысқанда  толтыра  алады.  Кестенің  сол  жағына  олар  түсініктері  бойынша 

оңай,  ал  оң  жағына  қиын  сұрақтарды  келтіреді.  Мысалы,  оңай  сұрақтар 

дегеніміз мәтінде  жауабы  бар сауалдар,  ал  қиын  сұрақтардың жауабы  мәтінде 

жоқ, оларға тек өзіндік тұрғыдан ғана жауап беруге болады. 

Сонымен функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-

қатынасқа түсе алу  қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен 

қарым-қатынас  жасай  алу  деңгейінің  көрсеткіші.  Олай  болса,  функционалдық 

сауаттылық  тұлғаның  белгілі  бір  мәдени  ортада  өмір  сүруі  үшін  қажетті  деп 

саналатын  және  оның  әлеуметтік  қарым-қатынас  жасауын  қамтамасыз  ететін 

білім,  білік,  дағдылардың  жиынтығынан  құралады.  Сондықтан  теория  мен 

практиканың  байланыста  болуын  қамтамасыз  ету  үшін  әрбір  пән  бойынша 

берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, 

заңдылықтар  мен  ережелердің,  яғни  ұғымдық-ақпараттық  материалдардың 

оқушы  өмірінде  кездесетін  түрлі  проблемалық  мәселелерді  шешуге  көмегі 

тиетіндей,  бала  оны  қолдана  алатындай  практикалық  маңызы  ескерілуі  тиіс. 

Сондай-ақ  оқушылардың  оқу  материалын  тек  жаттап  қана  алмай,  оның  мән-

мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті болып саналады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. «Мектептегі  шет  тілі»  /Республикалық  әдістемелік-педагогикалық 

журнал/ №3,2013 

2. Булекбасова 

Б.  «Инновациялық  технология»,  Оқыту-тәрбиелеу 

технологиясы, 2010 ж, №5, 80 б. 

3. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы, Рауан,1993ж. 250 б. 



232 

 

4. Мирсейтова С. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясы. 1998жыл  



5. Мұғалімге  арналған  нұсқаулық/Үшінші  (негізгі)  деңгей  (2012  ж).  – 

www.cpm.kz 

 

 

Джанна Кайсановна Исаканова 



Рыков атындағы орта мектебі  

Катонқарағай ауылы 

Катонқарағай ауданы  

 

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 

ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА МАТЕМАТИКАЛЫҚ 

САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АКТ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕРІ 

 

Қазіргі  таңда  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі  –  

шығармашылық  қабілетті    жеке  тұлға  қалыптастыру.  Ғылымдар  негізі-

математиканы  меңгерту жолында  оқушылардың оқу әрекетін ұтымды, тиімді 

ұйымдастыру  және  басқарудағы    АКТ  технологияларының  мүмкіндіктері, 

артықшылығы  туралы  айтылады.  Автор  бастауыш  сынып  балаларының 

ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамытудағы    математикалық  сауаттылық  пен 

АКТ  технологияларын  қолданудағы  өз  іс  тәжірибесінен  мысалдар  келтіре 

отырып баяндайды. 

 

Басты сөздер: математика, бастауыш сынып, электрондық оқулық. 



 

Бастауыш  мектеп–оқушыны  тұлға  ретінде  қалыптастырудың  алғашқы 

баспалдағы. Болашақ  ұрпақтың білімділігі мен оның рухани байлығы- әлемдік 

өркениетке жетер бағыттағы Қазақстан Республикасының  гүлденуіне кепілдік 

болар бірден- бір жол. Бала-біздің болашағымыз. 

Егеменді  еліміздің  өсіп  келе  жатқан  ұрпағын  ойлы  да  іскер,  жігерлі  де 

батыл,  өзіне-  өзі  сенімді,  интеллектуалдық  деңгейі  биік,  дүниетанымы  дұрыс 

қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу- біздің міндетіміз. Мектеп өмірі балаға жаңа 

әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады. Жеке 

тұлғаның алғашқы қалыптасуы,  дамуы, білімге деген сенімінің нығаюы, оқуға 

деген  қызығушылығының  оянып,  ынтасының  артуы    бастауыш  мектепте 

қаланады.  Ал  баланың  тұлға  болып    қалыптасып.  дамуында      мектептегі 

математика    пәнінің  алатын  орны  ерекше.  Бала  жаны  жаңалыққа  құмар, 

білмегенін  білгісі  келіп,    белгісіз  нәрсені  ашуға  тырысып  тұратын    баланың 

талпынысын  дамыту  менің  міндетім  деп  есептеймін.  Сондықтан  да  мен  осы 

күнге дейінгі  тәжірибемде осы міндет үдесінен шыға білуге еңбек етіп келемін.  

Жаңа ақпараттық- коммуникациялық технологияларын  меңгеру– қазіргі заман 

талабы.  АКТ-ны  қолдану  ол  ақпаратты  алу,  сақтау,  өндіру,  ұсыну,  алмасу 

сияқты  жұмыстарға қатысуға кеңінен көмек береді. Сабақтарымда АКТ  жиірек 

қолдануға  тырысамын.  Оқушыларға  компьютерге  теріп  жазу,  тапсырмаларды 



233 

 

орындау, интерактивтік тақтаны қолдану  өте ұнайды. Оқытудың компьютерлік 



технологиясы – оқытудың бағдарламалық идеяларын дамытады.  

«Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын 

меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани 

азаматтық  және  басқа    да  көптеген  келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін 

тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу  -тәрбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына 

көмектеседі » С.В. Селевко.  

АКТ  оқушыларға  ғылыми  ұғымдарды  түсіндіруді  және  олардың 

қабылдауын,  түсінуін  жеңілдетуге  мүмкіндік  беріп,  мұғалімге  сабақ  беруде 

көмектесетін маңызды құрал. (Мұғалімге арналған нұсқаулық 61 бет) 

Жыл  сайынғы  Қазақстан  халқына  жасайтын  Жолдауында    Елбасымыз 

Н.Ә.Назарбаев  былай  деп  атап  өткен:  «Компьютерлік  техниканы,  интернет, 

телекоммуникациялық  желі,  электрондық  және  телекоммуникациялық 

құралдарды,  мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді 

пайдалану  арқылы  білім  сапасын  көтеру  керек».Елбасы  атап  өткендей,  АКТ,  

жаңа  ақпараттық-  коммуникациялық    технологияны  меңгеру  –  қазіргі  заман 

талабы  және  оны  пайдалану    тиімді  болып  отыр,  себебі,  біріншіден,  қажетті 

ақпаратты 

күшті 

әсерлілікпен 



жеткізеді; 

екіншіден, 

оқушының 

бақылаушылығы    мен  талдау  дағдыларын  жетілдіреді;  үшіншіден,  сабақта  

оқушыны  өз  пікірін,  ойын  тұжырымдап  айтуға  үйретеді,  оқушылардың  өздері 

ақпараттар  жинап,  жаңалық  ашуға  ұмтылып,  ізденіп,    жауабын  тауып,  өзінің 

қөзқарасын 

логикалық 

түрде 

дәлелдейді. 



Дана  халқымыздың  дара  ұлдарының  бірі  Ж.Аймауытов  «Сабақ    беру-

үйреншікті    жай    шеберлік    емес,  ол-үнемі    жаңадан    жаңаны    табатын  

өнер»- деп  айтқан.Үйренген   жаңалығымызды  қолдана  білу –ол  әр  ұстаздың 

өз  еншісінде.  

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің  бұйрығымен 

бекітілген    Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-4  сыныптарына  арналған 

«Математика» оқу бағдарламасында  бұл пәнді: 

Оқыту  мақсаты  –ұлттық  және  жалпы  азаматтық  құндылықтар  негізінде 

тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  қажетті  деңгейін  қамтамасыз  етуге 

бағытталған  математиканың  базистік  негізін  сапалы  игеруді  қамтамасыз  ету; 

көрнекі-бейнелі,  логикалық  және  абстрактты  ойлауды  қалыптастыру,  негізгі 

орта  білім  деңгейінде  алгебра  мен  геометрияны  игеруге  практикалық  негіз 

жасау. 

Оқытудың міндеттеріне: 



1)

 

тұлғаның  зейін, қабылдау, есте сақтау, ойлау, ауызша және жазбаша, 



сонымен  қатар  математика  тілінде  сөйлеу,  психомоторика  тәрізді 

функционалдық қасиеттерін дамыту; көрнекі-бейнелі және логикалық ойлауын 

дамыту; 

2)

 



бастауыш сынып оқушыларының оқу-танымдық қызметін (жоспарлау, 

жоспар  бойынша  әртүрлі  іс-әрекеттер  жасау,  оның  ішінде  ойлау  қызметін 

(талдау, зерттеу, жалпылау, модельдеу және т.б.), өзін-өзі бақылау және өзін-өзі 

бағалауды жүргізу біліктігін қалыптастыру;  



234 

 

3)



 

оқытуды  білімнің  келесі  деңгейлерінде  жалғастыру  үшін  оқушыға 

қажетті  математикалық  білім  мен  білікті,  есептеу,  өлшеу  және  графиктік 

дағдыны қалыптастыру; алгебра мен геометрияны игеруге алдын-ала мақсатты 

дайындықты жүргізу; 

4)

 



оқуға  деген  ынтасын,  математикаға  деген  оң  көзқарасы  мен 

қызығушылығын,  танымдық  қызығушылығын,  өздігінен  жұмыс  атқару 

дағдысын қалыптастыру; 

5)

 



стандартты  емес  және  қызықтылық  сипаттағы  тапсырмалар  негізінде 

жобалау қызметі және өмірлік жағдайлардағы (құзыреттілік) мәселелерді шешу 

арқылы математикалық және шығармашылық қабілеттерін ашу және дамыту;  

6)

 



баланың  тұлғалық  қасиеттерін,  яғни  жауапкершілік,  белсенділік, 

мақсатқа талпынушылық, жауапкершілік тәрізді қасиеттерін тәрбиелеу

7)

 

қарым-қатынас  мәдениетін,  үлкендерге  құрмет  көрсету  мен 



кішілерге  қамқор  болуды,  қоршаған  ортаны  қорғауда  өзінің  белсенділігін 

көрсетуді,  патриоттық  сезімді  тәрбиелеу,  қазақ  халқы  мен  елімізде  өмір  сүріп 

жатқан  этностардың  тарихына,  мәдениетіне,  әдет-ғұрпына  және  басқа 

байлықтарына  құрмет  көрсетуді,  математика  ғылымының  дамуы  барысында 

жинақталған  құндылықтарға  қатыстыру  кіреді  деп  нақты  көрсетілген.  Осыған 

байланысты  бастауыш  сынып  оқушыларының  математикалық  сауаттылығын 

қалыптастыруда  ең  алдымен  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыру 

жолында  ақпараттандыру  әдістері  арқылы  заман  талабына  сай  сабақ  берудің 

тиімділігін арттырып, күнделікті сабаққа видео, аудио 

қондырғылар    мен  теледидарды,  компьютерді, 

интерактивтік 

тақта 


мен 

мультимедиалық 

проекторларды пайдалану үлкен нәтижелер беретініне  

көзім  жетіп отыр. 

Бастауыш  сынып  сабақтарында  ақпараттық   –

коммуникациялық    әдіс-тәсілдерді    пайдаланудың    тиімді    жолдары:  оқушы 

дербес компьютер, аудио, видео құрылғылардың  көмегімен  мәтінді тыңдайды, 

бейнесюжеттерді  көре  алады;  оқушы  аз  уақытта  жедел  түрде  қажетті  көп 

ақпаратты  алып,  уақытты  үнемдейді;  қашықтықтан  білім  алу  мүмкіндігін 

пайдаланады; электрондық  оқулықтың тапсырмаларын  орындау  арқылы  есте 

сақтау  қабілеті,  пәнге    деген  қызығушылығы    артады;    CD  дискке  қажетті 

материалдарын көшіріп жазып алады. 

АКТ-мен  оқытудың  осындай  тамаша  мүмкіндіктері  мен  артықшылықтарына 

көзім жете келе мен оны математика  ссабақтарында үнемі қолданамын. Онда 

тақырып  туралы  түсініктерін  қалыптастыру  үшін  арнайы    таныстырылым 

дайындап  көрсетемін,  электрондық  оқулық  пен  интертақта  мүмкіндіктерін 

пайдаланамын. Кері байланыс кезінде интерактивті тақтада сәйкестендіріп қос 

деген  тапсырма  беріледі.  Сонда  оқушылар  тапсырмалар    мен  жауаптарын 

дұрыс  сәйкестендіреді.  Немесе        топқа  кестені  толтыру  тапсырмасы  беріледі. 

Топ мүшелері бір-бірімен ақылдасып, талқылап, интерактивті тақтадағы кестені 

толтырады.  Олар  тапсырманы  қызыға  орындайды,  бір-біріне      үйретіп 

түсіндіреді, оқушылар ізденеді. 



235 

 

Тест  шешу тапсырмаларын орындауда АКТ-ның пайдасы зор. Әр топқа  



әр  нұсқадағы  тестік  тапсырмалар беріледі.Тапсырманы  орындап  болғаннан  

кейін    жұптық    тексеру    жүргізіледі.  Топ  мүшелері    жіберілген  қателіктерді  

ортаға  салып,  талқылайды.  Аяқтағаннан  кейін  интерактивті  тақтаны 

пайдаланып,  кілті    бойынша    қорытындылап,  бағалайды.  Бұл  тапсырманы  да 

балалар  қызығушылықпен,  белсенділікпен  орындайды,  әрі  аз  уақытта  сынып  

жұмысын  түгел  тексеріп  бағалауға  мүмкіндік  туады,  мұғалім  жұмысы 

жеңілдейді. 

Электрондық  оқулықтың  тапсырмаларын  және  интерактивті  тақтаның 

мүмкіндіктерін  пайдаланып  тапсырмаларды  орындауға  оқушылар  аса  

белсенділік-  пен  қатысып,  жоғары  қызығушылықпен  орындайды.  «Ауызша 

қосу  және  азайту  тәсілдері»,  «Сандар  және  шамалар»    деген    тарауларды 

қайталау  кезінде  интерактивті  тақтаға  алдын  ала  тапсырмалар    жазып  

дайындап  қойған  флипчарттарды  пайдаламын.  Онда  қосу  және  азайту 

тәсілдеріне  берілген  көптеген  тапсырмаларды    (бояу,  сызу,  сызықпен 

байланыстыру,  т.с.с.)  орындау  оқушылардың    білім,    білік,  дағдыларын  

жетілдірумен  бірге    оқуға    ынтасын    арттырады(1-сурет).  Мысалы,  бірінші 

бағанға  азайту  мен  қосуға  бірнеше  мысалдар  жазылады  да,  екінші  бағанға  

олардың  жауаптары  жазылады,  бірақ  та  орындары  ауыстырылып  тұрады. 

Оқушылар  өзі  таңдаған  мысалды  шығарады  да,  жауабын  берілген  өрнекке 

қосып  сызады.  Немесе,  «Жоқ  санды  тап»,  «Бос  орынды  толтыр»  деген 

логикаға берілген тапсырмаларды да көп қиналмай орындайды. 

Сонымен    қатар,  мұндай    тапсырмаларды    орындау    кезінде    пәнаралық  

байланыс  та  жүзеге  асып  жатады.  Мысалы,  «Сандықты    боя»  деген  

тапсырмада  сандықтың суреті  беріліп, оның  әр  бөлігіне  есептеуге  мысалдар  

жазылады, оқушы  оны  есептеп,  шыққан  жауабына  сәйкес  көрсетілген  түсті  

таңдап,  сол  бөлікті  бояйды(2-сурет).  Бұл  жерде  баланың  есептеу  дағдысымен 

қоса бейнелеу өнері  пәнімен  байланыстырыла эстетикалық талғамы дамиды. 

Ұлттық    құндылығымыз  –  сандық    туралы  түсінігі    артады.  Осындай 

тапсырмаларды    орындату    кезінде  тағы    бір    байқағаным,  күнделікті  сабақта 

енжар    отыратын,    аса  белсенділік    таныта  қоймайтын,  үлгерімі  төмен 

оқушылардың  да  белсенділігі мен  ынтасы  артып, қызығушылығы  оянады.        

Бүгінгі  танда  сабақта    және  сыныптан    тыс  жұмыстарда  ғаламтор  қорын 

(интернетті)  пайдалануға  қолымыз  жетті  және  ол  өте    тиімді  екенін  көрсетіп 

отыр.    Интернет  желісін  пайдалану    арқылы  қосымша    материалдар      алуға 

болады.  

Сабақтарда  электрондық  оқулықты  пайдалану 

арқылы  өз  жұмысымызды  жеңілдетіп  отырмыз  десе 

болады. Ондағы тапсырмаларды 

орындау  күнделікті    кітап  пен 

қағазда 


жазылған 

тапсырмаларды  орындаудағы  бірсарындылық  пен  

жалықтырушылықтан    құтқарып,  балалардың    пәнге  

деген    ынтасын    арттырады(3-сурет).    Сонымен  қатар  



236 

 

сабақта  электрондық оқулықтарды  пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған 



білімдерін  кеңейтіп,  өз  бетімен  шығармашылық  тапсырмалар  орындайды. 

Әрбір  оқушы  таңдалған  тақырып  бойынша  тапсырмалар  мен  тарау  бойынша 

тест  жұмыстарын  орындап,  анимациялық  практика  тапсырмаларымен  жұмыс 

жасауға  дағдыланады.  Электрондық    оқулық  арқылы  түрлі  суреттер, 

видеокөріністер,  дыбыс  және  музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Бұл, 

әрине   мұғалімнің  тақтаға  жазып  түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  әсерлі. 

Меңгерілуі  қиын  материалдарды    компьютердің  көмегімен  оқушыларға 

ұғындырса,  жаңа  тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады.  Ол  бір  

жағынан пәндік білім алса, екіншіден компьютерлік сауаттылығы артады. 

Сонымен, 

оқу- 

тәрбие 


үрдісінде 

оқытудың 

ақпараттық 

– 

коммуникациялық  әдістерін  тиімді  пайдалану   және  қолдану  айтарлықтай  оң  



нәтиже  беріп  отыр.  Атап  айтқанда,  оқушылардың  өз  бетімен  ізденісі,  пәнге 

деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің 

мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруда өте маңызды. 

Күнделікті  сабаққа    дайындық    барысындағы  сабаққа  қажет  көрнекіліктерді 

дайындау,  тапсырмаларды   түрлендіру,  уақытты  ұтымды  әрі  тиімді пайдалану 

сияқты мәселелерді  шешуде  көп рөл атқарады. 

Бастауыш  сыныптағы  сабақтарда  оқушылардың  жас  ерекшелігіне  

байланысты қойылатын гигиеналық талаптардың бірі  - сабақ  үстіндегі  сергіту  

сәттері. Ол біріншіден, кіші жастағы  балалардың  шаршауына  жол  бермейтін 

болса,  екіншіден  олардың  ынтасын  арттырып,  зейінін    шоғырландырады. 

Бұрын    сергіту  жаттығуларын  ауызша  жүргізетін  болсақ,  қазір  компьютердің 

көмегімен  жасалған жаттығуларға еріп орындау балалар үшін өте қызықты, әрі 

әсерлі(4-сурет). 

Мұғалім алдындағы оқушы  білімін  жан – жақты  қалыптастыру,   пәнге  

деген    қызығушылығын    арттыру  ,ақпараттық  мәдениетін    дамыту  ,  уақытты  

үнемдеу,оқушылардың орындаған  жұмыстарының  қателерін  бірден  көруіне  

қол жеткізу сияқты міндеттерді шешуде  АКТ таптырмас  құрал болып отыр. 

Бастауыш  сыныптан  оқушыларды  ақпаратты  беру,  түрлендіру  және  оны 

қолдану  білімдерімен  қаруландыру,  олардың  компьютерлік  технологияны  өз 

қызметтеріне  еркін,  тиімді  пайдалана  алу  қабілеттерін  қалыптастыру    арқылы  

ақпараттық  құзіреттілікті  қалыптастырудың  басты  мақсатын  жүзеге  асыруға 

болады  деп  есептеймін.  Ақпараттық  құзіреттілігі  қалыптасқан  бала   

сын  тұрғысынан  ұсынылған  ақпараттар  негізінде  саналы  шешім  қабылдай 

білетін,  өз  бетінше  мақсат  қойып,  оны  негіздеуге,  мақсатқа  жету  үшін 

танымдық қызметті  жоспарлауға  және жүзеге  асыруға  талпынатын,  ақпаратты 

өз  бетімен  табуға,  талдауға,  іріктеу  жасауға,  қайта  қарауға  сақтауға, 

түрлендіруге  және  тасмалдауға,  оның  ішінде  қазіргі 

заманғы 


ақпараттық- 

коммуникациялық 

технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйренген,  

логикалық 

операцияларды 

(талдау, 

жинақтау, 

құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, моделдеу, 



237 

 

ойша зерттеу, материалды жүйелеу) қолдана отырып, ақпаратты өңдей білетін 



тұлға болып қалыптасады.  

Осындай  пайдалы  жақтарын  қолдана  отырып,  таяқтың  екінші  ұшындай, 

АКТ-ның  бала  денсаулығына  тигізер  зиян  жағын  да  естен  шығармау  керек. 

Себебі, қазіргі кезде үнемі компьютердің алдында отыру баланың көзіне, дене 

бітімінің  өсіп  жетілуіне,  тіл  байлығына,  сөздік  қорының  жетілмей  қалуына 

әкеліп  соғуы  да  мүмкін  екендігі  айтылып  жүр.  Сондықтан,  баланы  кіші 

жасынан отбасында да, мектепте де  компьютермен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік 

ережелерін  сақтауға  үйрету,  ғаламторды  пайдалану  кезінде  жеке  ақпаратты 

сақтауды үйретудің маңызы зор. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Мұғалімге арналған Нұсқаулық. 

2. Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-4  сыныптарына  арналған 

«Математика» оқу бағдарламасы 

3. Ғаламтор қорынан. 

«ИФМ»әдістемелік журналы. 

 

 



Гүлназ Маликовна Исаханова 

дарынды балаларға арналған облыстық Жамбыл атындағы 

мектеп-гимназия-интернатының 

қазақ тілі, әдебиет пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Өскемен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет