Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет28/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68

 

ҚАНИПА БІТІБАЕВАНЫҢ АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ОҚЫТУ 

ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  оқушылардың  функционалдық 



сауаттылығын 

арттыру 


мәселесі 

қарастырылады. 

Функционалдық 

сауаттылықты  табысты  етудің  тиімді  жолы  ретінде  белгілі  жаңашыл  ұстаз, 

шебер  әдіскер  Қанипа  Бітібаеваның  Абай  шығармашылығын  оқыту 

технологиясы жөнінде сөз болады. 



 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  құзіреттілік,  инновациялық 

технология, әдебиетті оқыту, поэзия, әдіс-тәсілдер. 

 


271 

 

Әлемдік  тәжірибе  негізінде  елімізде  мемлекеттік  білім  стандартын 



жасауға  кірісті.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың 

бастамасымен  өмірге  келген  функционалдық  сауаттылықтың  мақсаты  – 

оқушылардың  білімдерін  өмірде  тиімді  қолдануға  үйрету.  Сонымен  қатар,  ол 

орта  білім  жүйесінің  парадигмасын  түбегейлі  өзгертудің  негізі  болып 

табылады. 

Функционалдық  сауаттылықты  дамытудың  жалпы  бағдары  Қазақстан 

Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған 

мемлекеттік  бағдарламасында  жалпы  білім  беретін  мектептерде  зияткерлік, 

дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  ел  азаматын  қалыптастыру,  оның 

өзгермелі  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз  ететін  білім  алудағы 

қажеттіліктерін қанағаттандыру деп айқын көрсетілген [1]. 

Болашақ  азамат  өз  ұлтының  асыл  мұрасымен  сусындау  арқылы  туған 

халқының  тарихымен,  мәдениетімен  жете  танысып,  білімін  кеңейтеді.  Қазақ 

тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында 

қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалды сауаттылығын көрсете алады. Бұл 

тұлғаның кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауына мүмкіндік береді. Оқушылардың 

бойында  шығармашылық  және  инновациялық  қызметке  деген  қажеттілікті 

қалыптастыруға ықпал етеді. 

Бүгінгі таңда мұғалімнің ең басты міндеті де дайын білімді, дағдыларды 

меңгеріп,  қайталайтын  ғана  емес,  шығармашылық  бағытта  жұмыс  істейтін, 

біртума  ойлау  қабілетімен  ерекшеленетін,  рухани  бай,  жан-жақты  дамыған 

құзіретті тұлғаны қалыптастыру болып отыр.  

Қазақ 

әдебиетін 



оқытудың 

өзекті 


мәселесі 

мектепте 

Абай 

шығармашылығын  оқытуды  тұңғыш  рет  арнайы  жазып,  ақын  мұрасын 



шәкірттерінің  жүрегіне  бойлатып,  рухани  нәрін  санасына  сіңіріп  келе  жатқан 

әйгілі ұстаз Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева өзінің көп жылғы ұстаздық еңбегі 

мен  тәжірибесінде  Абайды  жас  өскіндерге  жеткізу,  сұлулығы  мен  тереңдігіне 

үңілту, қауыштыруды, рухани жан дүниелеріне бойлатуды алдына мақсат етеді. 

Ұстаздың  сөзіне  жүгінсек:  «Абай  поэзиясының  сұлулығынан  бойымызға  нәр 

алып,  жан  дүниемізді  тазартып,  сұлу  жанды  жас  ұрпақ  тәрбиелеу  –  адами  да, 

ұстаздық та борыш», - дейді [2]. 

Абай шығармашылығын оқытуға арналған әдіскер ұстаз Қ.Бітібаеваның 4 

еңбегі  бар.  Белгілі  әдіскер  ғалым  Ә.М.Дайырова  «Мектепте  Абай 

шығармашылығын оқытуды арнайы қарастырған әзірге бізге белгілі бірден-бір 

еңбек  –  Қ.Бітібаеваның  оқу  құралдары.  Қ.Бітібаеваның  бұл  зерттеуі  оқушыны 

Абаймен  қауышу  қуанышына  кенелтіп,  мұғалімге  үлкен  көмекке  келетін 

пайдалы да зәру еңбек екендігі сөзсіз», - деп бағалайды [3]. 

Ары  қарай  ғалым:  «Қ.Бітібаеваның  бұл  зерттеуі  оқушыны  Абаймен 

қауышу қуанышына кенелтіп, мұғалімге үлкен көмекке келетін пайдалы да зәру 

еңбек  екендігі  сөзсіз»,  -  деген  пікір  айтады.  Шынында  да  ұстаз  Абай 

шығармашылығын жаңаша оқытудың жүйесін, үлгісін береді. Ол үшін Кеңестік 

кезеңдегі  ақын  шығармашылығын  оқытудағы  кемшіліктерге  әділ  пікір 

білдіреді.  Саясат  құрсауында  Абайды  тап  күрескері  етіп,  оны  «әлеуметшіл 


272 

 

Абай»  дәрежесінде  ғана  оқытылуын  сөз  ете  отырып,  автор  оның  саяси-



әлеуметтік  лирикасын  ғана  емес,  ұлы  дана  мұрасын  толық,  жан-жақты  оқыту 

проблемасын  қозғайды.  «Абай  поэзиясын  тақырып-тақырыпқа  бөлшектемей, 

тұтастай  қарастыру»  мәселесін  көтереді  [2].  Әсіресе  автордың  Абай 

поэзиясының  алтын  арқауы  –  Адам,  оған  деген  махаббат  екеніне  тоқтала 

отырып, Толық Адам проблемасы айналасында ізденуді алдыға тартады. Ақын 

поэзиясындағы  баға  жетпес  үш  асыл  қазына:  Алланы  сүю,  Алла  махаббатпен 

жаратқан  Адамды  сүю,  хақ  жолы  деп  әділетті  сүю,  яғни  осы  үш  сүю 

айналасында  оқыту  керектігін  зерттеуінің  басты  ұстанымы  етеді.  Сондай-ақ 

автор  Абайдай  әлемдік  алыптың  мұраларын  оқытуда  оқулықтағы  беріліп 

жүрген өлеңдерінің аздық ететінін, оны таныту үшін төменгі сыныптан бастап 

жаңа бағдарлама жасау керектігін ұсынады. 

Ұстаз  5-8  сынып  арасындағы  ақын  шығармашылығын  оқытудың 

бағдарламасын  бере  отырып,  оны  танытудың  тың  технологиясын,  жолдарын 

саралап  көрсетеді.  Еңбектің  сүбелі  бір  маңызы  –  бұрын  оқуға  ұсынылмаған 

ақын  өлеңдеріне  назар  аударуы  әр  сыныпқа  кемінде  6-7  өлең  (қарасөзі  бар) 

шығармаларды  бере  отырып,  оны  оқытудың  тиімді  жолдарын,  поэтикалық 

талдау үлгілерін беруі. Әр өлеңнің негізінде жатқан ең негізгі, түйінді дәндерін 

(даралап,  саралап  оқыту  технологиясы  негізінде)  саралап  ала  отырып,  оны 

меңгертудің  инновациялық  жолдарын  нақты  көрсетеді.  Әр  өлеңге  берілетін 

көмек-нұсқаулар  проблемалық,  дамыта  оқытуға  негізделген  талдау  сұрақтары 

да ғылыми түрде сөз болады. 

Қазіргі  білім  беруде  дарын  тәрбиелеу,  жан-жақты  дамыған  дара  тұлға 

қалыптастыру  басты  мақсат  болса,  осы  мақсаттарға  жетудің  бір  жолы  – 

іздендіру  бағытындағы  шығармашылық  жұмыстар  болып  табылады.  Еңбекте 

шығармашылық жұмыстардың әр түрлі жүйесі берілген. 

1. Танымды іздендіруші, өз беттерімен орындайтын тапсырмалар. 

2.  Ғылыми  материалдармен  іздендіруге  бағытталған  жұмыстар  жүйесі 

(реферат, рецензия т.б.). 

3.  Поэтикалық  талдау  түрлері:  салыстырмалы  жұмыстар,  ақын 

проблематикасы,  кейіпкерлерге  микро-мінездеме,  дәйексөзді  талдау,  топтық, 

жұптық, жұмыстар түрлері, интервью-сұхбат, реплика-диалог, т.б. 

Талдау түрлері тікелей ұстаздың өзіне ғана тән, өз ізденісінің жемісі екені 

түсінікті.  Бір  тақырыптың өзіне  бірнеше  шығармашылық  жұмыстар  жүйесінің 

жасалуы  –  тың  мәселе.  Ал  жазба  жұмыстарының  инновациялық  түрлері  де 

еңбекте  кеңінен  орын  алған.  Мысалы,  шығарма-толғау,  шығарма-сезім,  сыр-

толғау,  жыр-толғау,  жыр-толғау,  ой-толғаулар  -  барлығы  да  шығармашылық 

жұмыстардың тиімді түрлері. 

Еңбекте көркем мәтінді оқудың үш түрі ұсынылады. 

1. Сыныпта оқып талдауға арналған; 

2. Сыныптан тыс оқып, талдауға бағытталған; 

3. Өз беттерімен, өз қалауларымен оқып, талдауға арналған. 

«Абай  шығармашылығын  оқыту»  атты  іргелі  еңбегінде  автор 

«Адамзаттың  бәрін  сүй,  бауырым  деп»  тақырыбымен  5  сыныптан  бастап  8 


273 

 

сыныпқа  дейін  Абай  шығармашылығынан  оқылатын  шығармалардың 



тақырыбын  ұсынады.  Төменгі  сыныптарда  лирикалық  шығармаларды 

оқытудың  өзіндік  күрделілігін  айта  келіп,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  береді. 

Соның ішінде, 5 сыныптағы Абайдың Әбіш туралы өлеңдерін оқытудың кейбір 

тиімді  жақтарын  атайды.  Әбіш  туралы  абайтанушы  ғалымдар  еңбектерінен 

шолу  жасалады,  «Абай  жолы»  эпопеясының  «Қарашығын»,  «Қапада» 

тарауларындағы Әбішке сипаттама беріліп, салыстырылады. Әбіштің бейнесін 

шәкірттерге  үлгі  ете  отырып,    білімділік,  тәрбиелік  жағынан  оның  маңызды 

екенін  түсіндіреді.  Әке  мен  бала  проблемасы  айналасында  оқушыларға  пікір 

талас  ұйымдастырады.  Оқушыларды  Әбішке  дәйектемелі  шағын  мінездеме 

беруге баулиды. Оған талдаудың мынадай үлгісін береді: 

Тақырып (оқушы өзі қойған)  Әбішті бейнелейтін сөздер 

Әбішке шағын мінездеме 

«Жасқа жас, ойға кәрі едің» 

«Тұла бойың ұят, ар» 

Тәуекелге нар 

Ерлікке де нар 

Талапты 

Арлы, намысты, 

талапты, батыл, ер, 

тәуекелшіл, жалтақ емес. 

5-8 сыныптарда Абай шығармаларын оқытудың тиімді әдістемесіне ұстаз 

мынадай мақсатты көздейді. Өтілетін жаңа сабаққа байланысты мәтінді алдын 

ала оқыту арқылы көркем шығарманы қалай қабылдағанын білу, өз беттерімен 

көркем  мәтінді  талдау  дағдыларын  қалыптастыру;  білімді  өз  еңбектері, 

ізденістерімен  алу  машықтарын  жетілдіру  керектігін  айтады.  Осы  мақсатына 

орай  ұстаз  сұрақ-жауап,  мәтінмен  жұмыс,  түсініктемені  оқу  әдістемесін 

ұсынады.  Талдау  кезінде  мұғалім  үнемі  оқушыны  қозғап,  ой  тастап,  өзімен 

бірге  еңбектендіріп,  олардың  пікірлерін  назарға  алып  отырып  қадағалайды. 

Жұптық  жұмыс  пен  шағын  пікір  талас  ұйымдастырылуы  үшін  проблемалық 

сұрақтар береді. 

1)  Ақын  өлеңді  кімдерге  арнап  айтады?  («Бір  естіге»,  «өзіне»,  «бір  әрі 

мың наданға») 

2)  «Неше  түрлі  жан»,  «даладағы  аңдар  кімдер?»  Ақын  неге  оларды 

осындай ауыр сөзбен сынайды? 

Әдіскер  ұстаз  оқушыларды  ойлантып  қана  қоймайды,  оларды  ақын 

сезіміне,  сонымен  бірге  өздерінің  сезімдерін  бақылауға  арналған  практикалық 

жұмыс түрін береді. Мысалы: 

Шумақтар 

Ақын сезімі 

Оқушы сезімі 

І 

Өкініш, қайғы 



Өлімді ойлау, ақынды ойлау, тебіреніс 

ІІ 


Амалсыздық,  ойлы  мұң,  үміт, 

болжам 


Мұң, жан ашу, қобалжу 

ІІІ 


Амалсыздық, 

ашына 


сөйлеу, 

күйіну 


Түсіну, ақын рухымен сырласу, ренжу 

ІҮ 


Өкініш, мұң шағу, үміт 

Ойлы  мұң,  көне  алмау,  керісінше, 

жаны ашу 

Ү 

Өкініш, сыр ашу, сырласу 



Кіналау (қоғамды), күрсініс 

ҮІ 


Күйіну,  аяушылық  күту,  өсиетті 

өкініш, сырласу 

Есіркеу, аяу 

ҮІІ 


Болжау, тоқтау, сенім 

Аяныш, тебіреніс 



274 

 

Бұндай жұмыстар лирикалық шығармаларды сезіммен талдауға үйретеді. 



Оқушыларды адам сезімі мен жанын түсінуге баулиды. 

Үй  тапсырмасы  ретінде  оқушыларға  шығармашылық  жұмыстар  беруді 

ұйғарады.  Яғни ол жұмыстарға ұстаз көмек-карточкалардың «Болашаққа хат», 

«Арыз» атты үлгілерін дайындайды. 

Абайдың  поэмаларын,  қарасөздерін  оқытуда  тиімді  оңтайлы  тәсілдер 

арқылы  оқушылардың  түсінігіне  сай  берілгенін  көруге  болады.  Қарасөздерді 

оқытуда  ұстаз  мәнерлеп  оқу,  түсініктемелі  оқу,  сарамандық  жұмыстарды 

пайдалануды жөн көреді. Ақынның әр қарасөзін оқытуда оқушыларға берілетін 

білім  мазмұнымен  таныстырады,  оған  талдаудың  үлгісін  кестелер  арқылы 

көрсетеді.  Пікірлесу  сұрақтары  мен  оқушылардың  білім-білік  дағдыларын 

жетілдіру бағытындағы жұмыстар мен талаптарға көп көңіл бөледі. 

Сонымен  қорыта  келгенде,  Абай  шығармашылығын  оқушыларға  жан-

жақты  тереңдетіп  оқытуда  бұл  еңбектің  ғылыми  әрі  әдістемелік  жағынан 

маңызы  зор.  Себебі  адамзаттың  Абайдай  ірі  тұлғасының  шығармашылығын 

жасөспірімдерге оқытып меңгертудің жан-жақты жолдарын іздеп, оның түйінді 

дәнін  тауып  оқушылардың  бойына  дарытып,  адамдық  қасиеттерге  баулыған 

инновациялық  технологияның  талаптарына  сай  нағыз  гуманистік  тұрғыдан 

жазылған ғылыми әдістемелік еңбек демекпіз. 

Қанипа  Омарғалиқызының  қай  еңбегі  болсын  ұстаздардың  бағдар 

шамындай. Сол себептен болар, ұстаздың еңбектеріне деген сұраныс та ерекше. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. ҚР Білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы. 

2. Бітібаева Қ. Абай шығармашылығын оқыту–Алматы:Мектеп,2003–232б 

3. Дайырова  Ә.М.  Абай  тағлымы.  Халықаралық  ғылыми-практикалық 

конференция материалдары. – Алматы, 1995. 

4. Бітібаева  Қ.  Мектепте  Абай  шығармашылығын  оқыту.  –  Өскемен: 

Полиграфия, 1994. 

 

 

Елебек Еділұлы Кенжетаев 



«Қызылту орта мектебі» КММ 

СҚО, Ақжар ауданы 

 

ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР 



АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ 

 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруға  талдау 

жасалған. 

Технология 

сабақтарында 

оқушылардың 

функционалдық 

сауаттылығын қалыптастырудың негізгі әдістері мен тәсілдері көрсетілген. 

 

Басты  сөздер:  технология  пәні,  тұлғаны  әлеуметтендіру,  инновация, 

интербелсенді әдіс-тәсілдер, конструктивті оқыту. 



275 

 

 



Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті 

сезініп,  қабылдауға  үйретеміз.  Бұл  сабақта  мұғалімнен  гөрі  оқыту  мен 

тәрбиелеудің  негізгі  үлгісі  –  сабақ.  Ендеше  сабақтың  ұтымды  өтуі  мұғалімнің 

шеберлігіне  байланысты.  Қазіргі  таңда  мұғалім  шеберлігі  инновациялық 

технологиялар мен интербелсенді әдіс-тәсілдерді үйлесімді пайдалана алуынан 

да  тікелей  байланысты  [1].  Бүгінгі  таңда  оқу  мен  оқыту  оқушы  тұлғасының 

дамуына  негізделіп  отыр.  Оқушы  тек  білім  алушы  ғана  емес,  өзін  социум 

ретінде  танытушы  да  болу  керектігін  заман  алға  тартып  отыр.  Осы  тұрғыдан 

алып  қарайтын  болсақ,  технология  пәні    еңбек  етудің  алғышарттарын  үйрету 

арқылы  оқушыны  жеке  тұлға  ретінде  тәрбиелеу  мақсатын  көздейді.  Еңбек 

тәрбиесі  -  барлық  тәрбиенің  негізі.  Еңбек  тәрбиесі  арқылы  киімді  пішу,  тігу 

қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей 

аламыз.  Өйткені,  оқушы  алған  теориялық  білімін  іс  жүзінде  қолдана  отырып, 

оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де, өзгеге 

де пайдалы іс қылады. Сонымен қатар, репродуктивті оқытудың орнын басып 

келе жатқан сындарлы оқытудың мақсаты да оқушыны тек теориялық біліммен 

ғана қаруландырып қоймай, өмірге бейімді, алған білімін қолдана алатын тұлға 

ретінде қалыптастыру. 

Инновация  –  оны  жеке  түсініп,  оқу  үдерісіне  енгізу  -  оқушылардың 

саналы  да  сапалы  білім  алудың  бірден  бір  шарты.  Интербелсенді  әдіс-

тәсілдердің  тиімділігі  сол,  мұғалім  бір  рет  көрсетіп,  түсіндіріп  бергенін 

қабылдай алмай отырған оқушылар өз құрбыларының көмегімен және бірнеше 

рет  қайталап  бір-біріне  баяндау  нәтижесінде  жақсы  меңгеріп,  нәтижеге  өз 

бетімен жетуіне ықпал етеді. 

Жалпы  технология   пәні  география,  бейнелеу  өнері,  тарих,  музыка  және 

әдебиет пәндерімен тығыз байланысты [2]. Сондықтан, сол пәндердің кірігуінде 

оқытқан  да  өте  тиімді.  Ол  үшін  жұптық,  топтық,  топаралық  жұмыстарды 

«Ойлан,  жұптас,  талқыла»  интербелсенді  әдістері  арқылы  жүзеге  асыруға 

болады.  Кез  келген  заттың  істелу  технологиясын  мысалы,  ағаштан  жасалатын 

өнімді  алайық,  оқушының  түсінуіне  лайықты  етіп  мәтін  түрінде  берген  кезде 

оның  алдымен  өзі  оқып    түсінуіне  жағдай  жасалуы  тиіс.  Сосын  барып  ойға 

түйгенін    жұбымен  бөліседі.  Екеуара  талқылаған  соң,  топ  ішінде  пікір 

алмасады,  бір-біріне  көрсетіп,  түсіндіреді.  Басқа  топтармен  пікір  алмасады. 

Нәтижесінде  жасалатын  заттың  технологиясын  оқушы  жетік  меңгереді.  Ал 

тәжірибелік  жұмыс  барысында  меңгере  алмай  жатқан  тетіктерін  тағы  да  бір-

біріне көрсетеді. 

«Үш  қадамды  сұқбат»  интербелсенді  әдісі  арқылы  оқушылардың  бір-

бірінен  кезектесіп  сұқбат  алу  тәсілі  негізінде  тақырыпты  және  не  нәрсенің 

болмасын  технологиясын  меңгертіп  шығуға  болады.  Басты  назар  берілген 

жауапқа аударылады. Ол былай жүзеге асырылады: 3 адамнан тұратын шағын 

топ  ішінде  оқушылар  бір-бірінен  сұқбатты  келесі  кезекпен  алуы  мүмкін:  А 

оқушы  В  оқушыдан  сұқбат  алады,  ал  С  олардың  сұрақ-жауабын  жазып 

отырады;  В  оқушы  С-дан  сұқбат  алады,  ал  А  олардың  сұрақ-жауабын  жазып 


276 

 

отырады; С оқушы А-дан сұқбат алады, ал В олардан алынған сұрақ-жауапты 



жазып отырады. Сосын ортаға салып талқылайды. 

Бұл әдіспен кез келген тақырыпты талқылауға болады. 

Ал  «Қос  шеңбер»  әдісінде  оқушылар  екі  шеңбер  құрып  отыруы  керек: 

ішкі  және  сыртқы.  Мұнда  ішкі  шеңбер  тұрақты  болады  да,  сыртқы  шеңбер 

құрамы мұғалімнің айтуымен ауысып отырады.  Мысалы, әрбір 1-2 минут өткен 

соң  сағат  тілі  бойынша  бір  орынға  ауысуы  тиіс.  Екі  шеңбердегі  де  адам  саны 

тең  болуы  тиіс.  Осы  ретпен  жүріп  отырып,  оқушылар  талқыланатын  мәселе 

бойынша  бірнеше  пікірді  тыңдайды,  басқалардың  көзқарасын  біледі  және  өз 

білгенімен бөліседі. Өз пікіріне басқаларды сендіре де алады [1]. Бұл - диалог 

жүргізудің және тақырыпты, технологияны меңгертудің бір түрі. Екі оқушыны 

тұрғызып  қойып,  бір-біріне  қаратып,  сұрақ  қойғызғаннан  гөрі  әлдеқайда 

қызықтырақ шығады. 

Ал  «Сұрақтар  шеңбері»  әдісінің    мақсаты:  оқушылар  бойында  идея 

білдіру,  тыңдау  дағдыларын  дамытуға  бағытталған,  сондай-ақ,  барлық 

оқушыларды  қатыстыру  арқылы  оқыту  жағдайларын  теңестіруді  көздейді. 

Ұйымдастырылуы: жылжымалы орындықтар болғаны абзал. Жұмыс алгоритмі: 

бұнда оқушылар төрт немес бес адамнан тұратын топ құрайды да кезектесіп сөз 

сөйлейді.  Оқушыларға  тақырып  және  ол  бойынша  ой  жинақтау  үшін  бірнеше 

минут  беріледі.  Содан  кейін  талқылау  басталады,  әр  оқушыға  үздіксіз  сөз 

сөйлеу  үшін  үш  минутке  дейін  (немесе  өзге  уақытты  таңдау)  уақыт  беріледі. 

Бұл уақытта ешкім еш нәрсе айта алмайды. Әрқайсысы бір рет сөз сөйлегеннен 

кейін жалпы әңгіме жүргізу мақсатында шағын топтар шеңберінде сөз беріледі. 

Бұл  кезеңде  оқушылардың  өзінің  жеке  идеяларын  емес,  біреудің  айтқандарын 

негізге  ала  отырып  сөйлеуге  тиіс  екенін  алдын  ала  ескерту    қажет,  сонымен 

қатар  әңгімені  қорытындылау  кезеңінде  олар  жаңа  идеяларды  енгізе 

алмайтындығын еске салу керек. 

Бүгінгі  еңбектің  сипаты,  мазмұны  өзгеріп,  жаңа  талап  пен  міндеттерді 

қажет  еткенімен,  еңбекті  құрмет  тұту  –  халықтар  дәстүрінде  ежелден 

қалыптасқан.  Балаларды  еңбекке  тәрбиелеу  -  осы  технология  сабағынан 

басталады. 

Технология  сабағында  жобалау  әдісін  қолдану  да  өте  тиімді.  Жоба  - 

әртүрлі  бөлімдерден  арнайы  сызбалардан,  суреттерден,  жасалатын  бұйымның 

технологиялық картасынан құралуы мүмкін [2]. Ол бұйымдарды жасаған кезде 

есеп,  экономикалық  немесе  экологиялық  дәлелді  түсінік  хаттар  да 

пайдаланылады. Бұл жерде оқушыны сауаттылықққа да үйретуге, тәрбиелеуге 

болады.  Жобаның  бірнеше  нұсқасы  болуы  мүмкін.  Көбінесе  бұл  сабақта 

әлеуметтік  немесе  шығармашылық  жоба  қорғатқан  тиімді.  Ал  өте  күрделі 

жобаны оқушының өзі ғана орындауы  шарт емес. Сондықтан  жобаның кейбір 

бөлігі  дайын  күйде  берілсе,  кейбір  бөлімін  оқушы  мұғалімнің,  ата-ананың, 

достарының  көмегімен  орындай  алады.  Егер  бір  күрделі  жобаны  бірнеше 

оқушы  бірлесіп  орындаса,  әр  оқушының  үлесі  алдын  ала  анықталуы  қажет. 

Сосын  оқу  жылының  соңында  өзінің  орындаған  шығармашылық  жобасын 

оқушылардың және мұғалімнің алдында қорғайды. Жобаны қорғау барысында 


277 

 

қолданатын  затты  таңдап  алу,  ол  бұйым  қоғамға,  өзіне  достарына  және  ата-



анасына қандай пайда келтіретіні ескерілуі тиіс. Сонда бала өз еңбегін бағалап 

та үйренеді.  

Жобалау әдістемесінің талабы: 

- міндетті 

түрде  шешілетін  мәселенің  зерттемелік,  ақпараттық, 

тәжірибелік болуы шарт

- жобаны орындау іс-әрекетті жобалаудан басталады; 

- әр  жоба  оқушыдан  зерттеушілік-ізденушілік  жұмысты  талап  етеді.   

Жобалау ерекшелігі – ақпаратты іздеу; 

- жобаның шығуының ең соңғы сатысы – нәтиже. 

Технология  пәні  оқушы  тұлғасын  әлеуметтендіре  отырып,  өмірге 

бейімделуіне  ықпал  етеді.  Жалпы,  бұл  сабақта  жасалған  бұйымдар  өз 

тұтынушысын  табатыны  сөзсіз.  Осылай  да  оқушы  бойына  сенімділік  сезімін 

ұялатуға болады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Симбаева С. 12 жылдық мектептегі педагогикалық ғылыми-әдістемелік 

жұмыс негіздері. Әдістемелік құрал.- Өскемен, 2014.- 42 б. 

2. Әбдіғалиева  Ш,  «Мектептегі  технология».  –  Алматы:  «Алматыкітап», 

2010.- 203 б. 

 

 

Толқын Қайдарова Кентпаева 



дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы 

мамандандырылған мектеп- гимназия-интернатының 

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, 

Қазақстан, Өскемен 

 

ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАҒЫ ЖАЗБА ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ  САУАТТЫЛЫҒЫН 

Қ.БІТІБАЕВАНЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 

 

Қазіргі  таңда,  білім-ғылымның,  ақпараттың  дамыған  заманында,  еліміз 

бәсекеге қабілетті мемлекет болуды көздеп, әлемдік кеңістікке қарыштай қанат 

қақты.  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  халқына  Жолдауында:  «Бәсекеге  қабілетті 

дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз  сауаттылығы  жоғары  елге  айналуымыз 

керек»,-дегендей, еліміз бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында болуды көздеп, 

сол жолда игі мақсаттар ұстанды [1]. 

Ел болашағы – білімді, «көкірек көзі ашық» ұрпақтарында екендігі сөзсіз. 

Осы  орайда  Жолдауда  көрсетілгендей,  Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтың: 

«Балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық 

сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз  қазіргі  заманға 

бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды»,-деген сөзі ел болашағының сауатты 



278 

 

ұрпақ  қолында  екендігін  ескерте  отырып,  бүгінгі  білім  ордаларына  аса 



жауапкершіліктер жүктейді [2]. 

«Мектеп – білімнің көзі, адамгершіліктің ордасы, тәрбиенің бесігі»,-деген 

нақылға  сүйенсек,  жан-жақты  дамыған,  қоғамға  бейім  сауатты  да  білімді, 

салауатты,  рухани  дүниесі  бай  тұлғаны  тәрбиелеуде  мектептегі  қай  пәннің 

болмасын  алатын  орны  зор.  Осы  көзделіп  отырған  мақсаттар  мен  міндеттерді 

атқару  үшін  мұғалімдер  қауымы  тың  ізденістер  мен  жаңашылдықтарға 

ұмтылып,  озық  технологияларды  тәжірибеге  енгізіп,  заманға  бейім,  сауатты 

ұрпақты  тәрбиелеуде  еңбек  етуде.  Тұлғаның  адами  болмысын,  рухани  жан-

дүниесін, шығармашылық дарын көзін ашуда әдебиет пәнінің маңызы сөзсіз. 

Осы  орайда  қазақ  педагогикасының  жарық  жұлдызы,  «Қазақтың 

Қанипасы»  атанған  Қанипа  Омарғалиқызы:  «Әдебиет  пәні  де  -  өнер  пәні. 

Әдебиетті  ұлағатты  адамдар  «адамтану  құралы»  десе,  әдебиет  пәнін  «адам 

тәрбиелеу  құралы»  дер  едік.  Ол  жас  өспірімдерге  әдебиеттанудан,  сөз 

маржандарының  қыр-сырын  игеруден  жай  білім  ғана  беріп  қоймайды,  ең 

бастысы, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы – жақсылық пен ізгіліктің ұрығын 

себеді»,-деп  анықтама  бергендей,  әдебиет  пәнінің  ауқымы  өте  жоғары, 

сондықтан  да  оны  оқытудың  күрделілігі  мен  қиындығын  да  ұстаз  өз 

еңбектерінде атап көрсетеді [3]. Осы орайда ғалым ұстаздың тағы бір пікіріне 

жүгінбесек  болмас:  «Ой,  ойлану,  ойланту  барлық  пәндерге  де  керек.  Ойсыз 

өмір  сүру  мүмкін  емес.  Бірақ  бұл  жердегі  ерекше  бір  еске  алатын  мәселе  - 

өзіндік  ойлау,  өзіндік  пікірде  жатыр.  Әдебиетті  оқытуда  мұғалім  оқушыларға 

көркем  туынды  туралы  оқулық  авторы,  не  ғалымдар  пікірін  қайталауда,  не 

соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеуі керек, ең бастысы, сол көркем 

туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа 

пәндерді  оқытудан  өзгешелігі  де,  күрделілігі  де  осында»,  -  деп  оқыту 

барысының  нәтижелі,  жемісті  болуы  мұғалім  әдістемесіне,  шеберлігіне  де 

байланысты екендігін атап көрсетеді [4]. 

Қ.Омарғалиқызының  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясы  жоғарыда 

айтылған осынау талаптарды басшылыққа алған, оқушының білімді өз әрекеті 

арқылы ғылыми ізденіске жетелейтін, құзырлылыққа бағытталған тапсырмалар 

мен «ой салу, ойланту» технологиясы сабақтың өн бойынша оқушының өнімді 

әрекетке жетуіне негіз болып отырады. Ұстаз - «Әдебиетті тереңдетіп оқыту», 

«Мектепте Абайды оқытудың», «Мектепте  М.Әуезовті оқыту» сынды бірнеше 

қомақты ғылыми еңбектер мен ғылыми мақалалардың авторы. 

«Әдебиетті  тереңдетіп  оқыту»  атты  еңбегінде  ғалым  ұстаз:  «Мектептегі 

оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әдебиетті оқытуда сөздік 

әдіс,  көрнекілік  әдіс,  тәжірибелік  әдіс,  түсіндірмелі  –  иллюстриативтік  әдіс 

немесе  репродуктивтік  әдіс,  эвристикалық  әдіс  (ішінара  іздендіруші)  әдіс, 

зерттеу  әдісі,  мәтінді  көркемдеу,  мәнерлеп  оқудың  орны  ерекше»,-деп  оқыту 

әдістерін саралап қана қоймай, оларды  тиімді жүргізудің жолын көрсетеді [5]. 

Соның  ішінде  ұстаз  еңбектерінде  терең  зерттелген,  бүгінгі  заман  талабы 

бойынша  жан-жақты  дамыған  тұлғаны  дамытуда,  тұлғаның  шығармашылық 

қабілетін  оятуда  ғылыми  бағыттағы  жазба  жұмыстарының  да  маңызы  зор. 


279 

 

Ғалым  ұстаз  өзінің  ғылыми  зерттеу,  еңбектерінде  жазба  жұмыстарын 



жазғызудың инновациялық технологиясын, тың жолдарын ұсынды. Соның бірі, 

дәстүрден тыс жазба жұмыстарын жүргізудің ғылымилығы, яғни, оқушыларды 

сабақта ғылыми ізденіске жетелеудің тың  жолдарын көрсетті. 

Мәселен,  ұстаздың  «Әдебиетті  тереңдетіп  оқыту»  еңбегіне  сүйенсек, 

төмендегі кесте арқылы кей әдістерді қай мәнде пайдалану тиімді болады, соған 

тоқталады [6]. 

Сөздік 

әдіс 


Көрнекілік 

әдіс 


Практикалық 

әдіс 


Зерттеу 

әдісі 


Берілетін білім 

ақпараттық сипаттау 

болғанда, білімді 

қалыптастыру, 

соның ішінде 

теориялық білім 

беру, жаңа 

ұғымдарды оқушыға 

жеткізуде бұл әдіс 

өте тиімді. Сөздік 

әдіс, әсіресе, әдебиет 

пәнінің күретамыры 

деуге де болатындай 

Берілетін білім 

мазмұны 

көрнекілікті тілеп 

тұрғанда, уақыт 

үнемдеуде, әсіресе, 

оқушы 

психологиясына 



әсер ету 

мақсаттарында өте 

тиімді болады. 

Сондай-ақ оқушыны 

сабаққа қызықтыру, 

ынталандыру 

мәселелерінде де 

маңызы зор 

Оқушылардың 

теориялық 

білімін 

практикада 

пайдалана білу 

дәрежелерін 

жетілдіреді. Бұл 

әдіс кітаппен 

жұмыс түрлері 

кезінде жазушы 

тілі, сти-лін 

анықтауда өте 

тиімді 

Берілетін білімнің 



ғылымилығын арттыру, 

қосымша 


материалдармен байыту 

оқушыларды іздендіру, 

өз беттерімен проблема 

шештіру мә-селелерінде 

тиімді. Оқушылардың 

өздігінен ойлануы мен 

іскерлігін, өз 

беттерінше қорытынды 

шығару дағдыларын 

жетілдіруде өте 

пайдалы 

 

Қанипа  Омарғалиқызының  пайымдауынша:  «Мектептегі  ең  көп  тараған, 



тәжірибеде  жиі  пайдаланатын  жазба  жұмыстардың  ішінде  күрделісі  де,  ең 

маңыздысы  да  -  шығарма  жұмыстары.  5-6-сыныптарда,  әсіресе,  шағын 

шығарма-суреттеме,  шығарма-сипаттама,  шығарма-кескіндеме,  шығарма-

мүсіндеме,  шығарма-бейнелеме,  т.б.  жаздыруға  болады.  Бұлар  -  көркемөнер 

туындылары  бойынша  жазылатын  шығармашылық  бағыттағы  жұмыстар»,-

деген екен [7]. 

Ғалым-әдіскерлер,  ізденімпаз  мұғалімдер  іс-тәжірибесі  бойынша 

шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады: 

1.  Публицистикалық  шығармалар.  Оған  очерк,  фельетон,  мақалалар, 

пікірлер  жаздыру  жатады.  Мысалы,  «Тіл  тағдыры  -  ел  тағдыры», 

«Жариялылық - бақыттың басы». 

2.

 



Шығармашылық  бағыттағы  шығармаларға  әңгіме  инсценировка, 

өлеңдер жаздыру жатады. (Әдеби жанрларды басшылыққа алады.) 

3.

 

Ғылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған  реферат,  ғылыми 



сипаттағы  мақала,  аннотация,  әдеби  шолулар,  пікірлер  жатады.  Мысалы, 

«Бейімбет әңгімелеріндегі деталь, штрихтың маңызы». 

4.

 

Әдеби  тақырыптарды  қамтыған,  білім  дәрежесін,  тіл  байлығын 



тексеруге арналған шығармалар: 

а) Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сараның сипаты. 

Ғалым  ұстаз  өз  еңбектерінде  ғылыми  бағыттағы  жазба  жұмыстарын 

жүргізудің  тың  жолдарын  ұсынып  қана  қоймай,  сабақ  түрлері  қай  жағдайда 



280 

 

тиімді,  қай  кезде  нәтижелі,  оны  қай  уақыттарда  пайдалану  керектігіне  жан-



жақты тоқталады. Соның ішінде өз іс-тәжірибемізде пайдаланып жүрген ғалым 

ұстаз  ұсынған  оқушыларды  ғылыми  жұмыстарға  жетелейтін  сабақ  түрлеріне 

тоқталсақ:  Семинар  сабақтары,  конференция  сабақтары,  баспасөз  сабағы, 

реферат  қорғау,  пікір  қорғау,  іздендіру  сабақтары,  практикалық  сабақтар  т.б. 

Бұл  сабақ  түрлерінің  қай-қайсысын  алмаңыз,  оқушыларды  зерттеу  әрекетіне 

жұмылдырып, 

ғылыми 

жұмыстармен 



жұмыс 

жасауға 


жетелеуге 

дағдыландырады. 

Төменде  ұстаздың  «Ой  тастау,  ойланту»  технологиясына  негізделген 

оқушыларды іздендіру, зерттеу жұмыстарына жетелейтін бірнеше тапсырмалар 

үлгілерін ұсынып отырмыз. 

Баласағұн хикметтеріндегі даналықтардың мақал-мәтелдермен үндестігін 

табу. 

 

Даналықтар 



Мақал-мәтелдер. 

Сөзіңді бақ, басың кесіп алмасын.  

Тіліңді бақ, тісің сынып қалмасын! 

Басқа пәле тілден. 

 

 

«Бес қашық іс» салыстыру жұмысы. А.Құнанбаевтың өлеңімен үндестік.  



Ж.Баласағұн 

Абай 


 

 

 



Ғұлама ойшылдардың үндестігін тауып, дәлелдеңдер. 

Ж.Баласағұн 

Әл-Фараби 

 

 



 

Балама жазу.  Асты сызылған жолдарды өзіңше жазуға талаптан. 

Өздеріңе ұнаған жолдарды алуларыңа болады.  

Құтты білік 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет