Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста



Pdf көрінісі
бет43/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68

 

 

Айжан Кеңесқызы Найманова 

Жетыарал орта мектебі КММ 

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Жетіарал ауылы 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУДА 

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ПЕН АКТ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ 

ДАМЫТУ ӘДІСТЕРІ 

 

Баяндамада  функционалдық  сауаттылық  ,  бастауыш  сыныптарда  қазіргі 



заман  талабына  сай  оқушылардың  ақпараттық  құзыреттіліктерін  дамытудағы 

сауаттылық  пен  ақпараттық  технологияларды  сабақ  үрдісінде  дамыту  жайы 

айтылады.  

 

Түйінді  сөздер:  Ақпараттық  құзыреттілік,  функционалдық  сауаттылық, 

математикалық сауаттылық, ақпараттық технология. 

 

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтарындағы  «Әлеуметтік 



экономикалық  жаңғырту-Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан 

халқына кезекті Жолдауында білім беру ұйымдары жастарға жалаң білім беріп 

алған  білімдерін  өмірдің  түрлі  жағдайларында  пайдалананып  қана  қоймай  , 

алуды  үйрету  керек  екендігін  баса  айтып,  үкіметке  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамытудың  бес  жылға  арналған  Ұлттық 

шаралар жоспарын дайындау жөнінде нақты тапсырма берген болатын. 



416 

 

Осы  тапсырманың  негізінде  маусым  айында  Үкіметтің  қаулысымен 



бекітілген  «Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөнінде 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс қимыл жоспары қабылданды. 

Ұлттық 

жоспардың 



мақсаты-Қазақстан 

Республикасындағы 

мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  жағдай  жасау 



болып белгіленген. 

Қазіргі  әлемдік  білім  кеңістігіндегі  халықаралық  стандарт  талаптарына 

сай  оқыту  үдерісінің  орталық  тұлғасы  білім  алушы  субъект  ,  ал  субъектінің 

алған  білімінің  түпкі  нәтижесі  құзыреттіліктер  болып  белгіленуі  білім  беру 

жүйесінде  «функционалдық  сауаттылықты»  қалыптастыру  мәселесін  негізге 

алудың  өзектілігін  арттырып  отыр.  Қазіргі  таңда  функционалдық  сауаттылық 

ұғымы  білім  кеңістігіндегі  білімді  құзыреттілікке  бағыттау  пирадигмасына 

байланысты туындап отыр. Мектептік білім беру жүйесін жаңа уақыт талабына 

орай  жетілдіру  білім  беру  негізге  алынған  ұстанымдарға  сай  құруды  қажет 

етеді. Осыған орай мектептегі берілетін білімді шынайы өмірмен ұштастырып 

бастауыш  мектепті  бітіруші  түлектерді  үлкен  өмірге  дайындау  қажеттігі 

туындайды.Сондықтан  бастауыш  мектеп  оқушыларының  меңгеруі  тиіс  білім, 

білік дағдыларының жиынтығы ретінде, яғни оқытудың түпкі нәтижесі ретінде 

оқушылардың бойында қалыптасқан құзыреттіліктер алынады. 

Білім берудің нәтижесі ретінде құзыреттілікті ғалымдар белгілі бір пәнге 

қатысты  оқушының  игерген  іс-әрекет  тәсілдерінің  жиынтығы  ретінде 

анықтады.Сондықтан  қазіргі  кезеңде  Қазақстандағы  білім  беруде  жаңа 

нәтижеге  жетудің  басым  бағыттарының  бірі  ретінде  білімділік  бағыттан 

оқушының  бойында  құзыреттерді  қалыптастыру  бағытына  өту  мәселесі 

қарастырылуда.  Құзыреттілік  бағыт-  межелеген  мақсаттарға  жету  үшін 

оқушының  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды  тиімді  ұйымдастырудағы 

дайындығының қалыптасуын көздейді.  

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы  заңында  «Білім  беру 

жүйесінің  басты  міндеті  ұлттық  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен 

практика  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби 

шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау....  оқытудың 

жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру»  деп  білім  беру 

жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. 

«Оқыту технологиясы»- деген түсінік- ол ақпаратты өңдеудің, ұсынудың 

өзгертудің  әдістері  мен  тәсілдерінің  жиынтығы,  ал  екінші  жағынан  оқыту 

үрдісінде  оқытушының  қажетті  техникалық,  ақпараттық  тәсілдерді  қолдана 

отырып, оқушыға әсер ету құралдары жайлы ғылым.  

Оқыту технологиясы жүйелі ұғым.Оның құрылымына мыналар кіреді 

- Педагогикалық өзара қатнас құралдары 

- Оқу үрдісін ұйымдастыру. 

- Оқушы мұғалім. 

- Іс қимыл нәтижесі. 

Педагогикалық  технология  педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін 

қолданылатын  барлық  жеке  тұлғалық  құралдық,  әдістемелік  тәсілдерінің 


417 

 

жүйелі  жиынтығы  ретінде  жұмыс  істеу.  Бастауыш  сынып  оқушыларының 



математикалық 

сауаттылығы.Оқушыда 

функционалдық 

математикалық 

сауаттылық  қалыптастыру  үшін  ең  алдымен  пәндік  сауаттылық  қалыптасуы 

тиіс.  Бастауыш  сыныпта  математиканы  оқытуда  келесі  пәндік  және 

функционалдық сауаттылық қалыптасуы тиіс. 

1.Бастауыш сынып оқушыларының компьютерлік сауаттылығы 

А )Ақпараттық мәдениет негіздерін игеру 

Б ) Пән барысында техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау  

Бүгінгі білім беруді жаңарту жағдайында осы ақпараттандыру басымдық 

мәнге  ие  болып  отыр.  Әлемнің  барлық  елдерінің  өркениет  дамуының  қазіргі 

кезеңі  ақпараттық  қоғамды  қалыптастырумен  байланысты  болып  табылады. 

Қазіргі  таңда  республикамызда  білім  беруді  ақпараттандырудың    негізгі 

мақсаты-  бұл  қазіргі  ақпараттық  технологияларды  қолдану  негізінде  біртұтас 

біліми  ақпараттық  орта  құру  арқылы  қазақстандық  білім  беруді  әлемдік  білім 

беру кеңістігіне енгізуді көздейді. 

Ақпараттық  технология-  білім  беру  ісінде  ақпараттарды  даярлау,  оны 

білім алушыға беру үрдісі. Ақпараттық технологияны оқу үрдісінде пайдалану 

педагогикалық мүмкіндіктерді жүзеге асыруға жағдай жасайды. 

 Ақпараттық  технологияларды  қолдану  білім  берудің  төмендегідей  жаңа 

түрлерін кеңінен пайдалануға мүмкіншіліктер тудырады. 

-

 

 Нақты объектілерді басқару; 



-

 

Экранда 



көрініс 

тапқан 


түрлі 

объектілердің, 

құбылыстың 

процестердің үлгілерін басқару; 

-

 

Оқу  үдерісінің  нәтижелеріне  автоматтық  бақылыу  өзіндік  бақылау 



жасау және бақылаудың нәтижелері бойынша, тестілеу, түзетулер енгізу. 

Бастауыш  мектепте  ақпараттық  технологияны нәтижеге  жету  бағытында 

пайдаланудың  басты  мақсаты-  әрбір  оқушыға  ақпараттану  негіздерінен 

алғашқы  түпкілікті  білім  бере  отырып,  дамыту  және  осы  алған  білімдерін 

мектепте  оқылатын  кез  келген    пәндерді  меңгеруге  пайдалана  білуге  үйрету 

болып табылады. 

Копьютерлік 

технологияны 

қолданудың 

жеке 


тұлғаны 

қалыптастырудағы, оның шығармашылық мүмкіндіктерін арттырудағы атқарар 

ролін  қазіргі  заман  талаптары  өзі  анықтап  отыр.  Компьютер  адам  қызметінің 

барліқ  саласында  еңбек  өнімділігін  арттыру  құралына  айналды.  Оқытудың 

ақпараттық  технологиясы  шеңберінде  компьютер  негізгі  үш  мақсатта 

пайдаланылады: 

-

 

Есептеу  жұмыстарын  орындауға  мүмкіндік  беретін  дербес  құрал 



ретінде; 

-

 



 Білімдерін  бекітуге  арналған  автоматтандырылған  оқыту  кешені 

немесе жаттықтырушы ретінде; 

-

 

 Проблемалы 



салаларда  зерттеулер  мен  жобалауға  арналған 

құралдармен толықтырылған, автоматтандырылған жұмыс орны ретінде. 

-

 

Ақпараттық  технологияны  пайдалану  кезінде  оқу  практикасында 



қажеттілерінің  негізгілері:  мультимедия  технология    жаңа  материалды 

418 

 

түсіндірудегі  иллюстрациялық  құрал,  интерактивті  тақта,  электрондық 



оқулықтар. 

Мысалы:  «Көп  таңбалы  сандарды  жазбаша  қосу  және  азайту»  тақырыбын 

өткенен  кейін  электронды  оқулықтағы  жаттығуларды,  тестерді  орындау  өте 

тиімді. 


Мысалы: Жауабын жаз: 

1. 8799+1=   

  56 308-1=  

  3120-1 =  

Осы арқылы оқушы тақырыпты қалай меңгергендігін білуге болады. 

«Тік бұрышты параллелепипед» «Шамалар және оларды өлшеу» «Көпжақтар» 

тақырыптарын  өткен  кезде  слайдтарды  пайдаландым.  Біріншіден  уақыт 

үнемделеді,  тақтаға  сызып  жатпайсың,  екіншіден,  сабаққа  керекті  ақпараттық 

қорларды дамыта отырып, пайдаланасың. 

Ақпараттық  технологиялар  оқу  материалдарын  иллюстрация  жасау  кезінде 

қолданылады.  Компьютердің  көмегімен  дыбыстық  және  бейне  фрагменттерді 

де демонстрация жасауға болады. 

Мысалы бірінші сыныпта «Қарапайым түсініктерді өткен кезде 

1 слайд «Бірдей , әр түрлі» ұғымдарының мағынасын түсіну үшін; бір- бірінен 

айырмашылығын  көре  білу  үшін  заттарды  санау  дағдыларын  қалыптастыру 

үшін қолдануға болады. 

1.Неше құс ұшып бара жатыр? 

2.Олардың бәрі бірдей ме?  

3.Бірдей 2 құсты тап? 

 Ақпараттық технология көмегімен оқушылардың оқу таным үрдісінің таңдауы 

да,  өзіндік  баға  беруі  де  өзін-өзі  бағдарлауы  да  дами  түседі.  Үлгі  ойлау  мен 

дәлелдеудің  алгоритмі  болғандықтан,  оқушы  компьютердің  көмегімен 

мұғалімнің берген сұрақтарына қиналмай тез жауап беруге тырысады. 

Мысалы бірінші сыныпта «10 көлеміндегі сандарды қосу азайту» тақырыбында 

мына тапсырмаларды беруге болады. 

Тапсырма: Бос торкөзге тиісті санды жаз    

 

 +   -   +   -   = 



   

-алдымен тапсырманың мағынасын түсінеді . 

-қосу, азайту кестесін еске түсіреді. 

Оқушы 


мұғалімнің 

берген 


сұрақтарына 

қиналмай 

жауап 

беруге 


тырысады.Мұндай  оқыту  кезінде  ең  нашар  оқушының  өзі  ешбір  қиналмастан 

жауап береді. 

Бірінші сыныпта ноутбукты пайдалапып  есептерді тыңдау арқылы шығарады. 

Мысалы:  

1. Аспанға айға қарадым

Жұлдыздарды санадым. 

Екеуі жарқырайды   





419 

 

Үшеуі жымыңдайды 



Неше жұлдыз айта ғой?  ( 4 ) 

2. Қорада 5 үйрек, 

Аулада 4 үйрек. 

Біреуі тығылды 

Біреуі жығылды 

Ойлан, тап Қалады нешеуі? (7 ) 

3. Сергіту жаттығуын тыңдау арқылы орындату 

Екі қанат қазда бар, 

Қаз іздесең сазға бар. 

Екі қанат құста бар 

Шапшаң болсаң ұстап ал. 

Қазіргі  уақытта  өмірдің  жаңа  сатыларына  сапалы  жетістіктермен  жету  үшін 

оқыту әдістерін үздіксіз  түрлендіру қажеттігін адамзат тарихы көрсетіп отыр. 

Ал басты информация білім беру арқылы жүзеге асырылады. 

Педагогикалық технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену 

арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу- әрбір ұстаздың 

басты міндеті. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1.

 

Мұғалімге арналған нұсқаулық . ІІІ деңгей . Астана . 2012 



2.

 

 Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей . Астана. 2013 



3.

 

Бастауыш мектеп, №7, 2013 



 

 

Р.С.Найманова 

Қаракөл орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Құлынды ауданы Алтай өлкесі Ресей федерциясы 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

 

Оқушыларының 



функционалдық 

сауаттылығын 

дамытуда 

оқу 


бағдарламасындағы  әрбір  пәннің  рөлі  зор.  Соның  ішінде  қазақ  тілі  мен 

әдебиетінің  алатын  орны  ерекше.  Осы  ретте,  оқушыға  халықтың  қоғамдық 

өмірін,  арман-мүддесін  танытуда,  оларға  идеялық-саяси,  рухани-адамгершілік, 

этикалық-эстетикалықт.б.  тәрбиеберуде,  дүниегекөзқарасын,  мінезін,  жалпы 

мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиеттіқ уатты құралдардың бірі ретінде 

пайдалану–әдебиет  пәнінің  басты  мақсаты  болып  есептелсе,  тіліміздің  өзіндік 



қалыптасқан  нормаларын,  жалпы  айтқанда  грамматикасын  үйрету  –  қазақ 

тілінің басты міндеті болып танылады. 



 

Түйін  сөз:  Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамытуда–

бүгінгі  заман  талабы.  Осы  ретте,  қазақ  тілі  мен  әдебиет  іпәнін  дұрыс  жүргізе 



420 

 

білудің  маңызы  зор.  Педагог  тың  шеберлігі,  яғни  шығармашылық  пен 



жауапкершілікті ұштастырып сабақ өтуі, бұл заман талабынан туындап отырған 

мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы–

өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл 

ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы 

қарыздың өтелгені. 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛЬДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 



ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Ұлттық жоспарда мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын 



дамыту  үшін  төмендегідей  кешенді  жоспар  жасалды.  Олар:  мазмұндық,  оқу-

әдістемелік,  материалдық-техникалықіс-шаралар  кешені.  Бұл  кешен  білім 

сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  барысында  жасалатын  іс-шаралардың 

мақсаттылығын,  біртұтастығын  және  жүйелілігін  негізге  ала  отырып 

дайындалған. 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін 

жағдай жасауғатөмендегідей міндеттер қойылды: 

Мектеп  о  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамытудың 

отандық және халықаралық практикасын зерделеу; 

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша 

шаралар жүйесін іске асырудың тетіктерін анықтау

Білім 

мазмұнын 



жаңғыртуды 

қамтамасыз 

ету: 

стандарттар, 



оқужоспарлары мен бағдарламалар; 

Білім беру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз етуді әзірле;. 

Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және мониторинг жүргізу 

жүйесін дамыту; 

Мектептің және қосымша білім беру жүйесі ұйымдарының материалдық-

техникалық базасын нығайту; 

Жалпы функциональдық сауаттылық деген ұғымды таратып айтар болсақ, 

адамдардың  (жеке  тұлғаның)  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және  экономикалық 

қызметтерге  белсене  араласуы  және  өмір  бойы  білім  алуына  ықпал  ететін 

базалық  факторы.  Яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына  қарай 

ілесіп отыруы. Сонымен, функциональдық сауаттылық адамның мамандығына, 

жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Мұндағы  басшылыққа 

алынатын  функциональдық  сапалар:  белсенділік,  шығармашылық  тұрғыда 

ойлау,  шешім  қабылдай  алу,  өз  кәсібін  дұрыс  таңдай  алуға  қабілеттілік,  т.б. 

Яғни,  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын 

қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін 

қамтамасыз  ететін  білім  алудағы  қажеттіліктерін  қанағаттандыруболып 

табылады. 

Осыған  орай  Ұлттық  жоспарда  функционалдық  сауаттылықтың 

төмендегідей  негізг  імеханизімдерін  бөліп  көрсетеді.  Ұлттық  жоспардың 



421 

 

жоғарыда  аталған  мақсат,  міндеттерін  жүзеге  асыруда  төмендегідей  тетіктері 



(механизмдері) 

нақтыланып, 

мектеп 

оқушыларының 



функционалдық 

сауаттылығын дамыту үшін білім беру жүйесінде басшылыққа алынады. Олар: 

• білім беру мазмұны (ұлттықстандарттар, оқубағдарламалары); 

• оқыту нысандары мен әдістері; 

• білім  алушылардың  оқудағы  жетістіктерін  диагностикалаумен  бағалау 

жүйесі; 


•мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары; 

• мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің 

оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі); 

• барлық  мүдделі  тараптар  мен  әріптестікке  негізделген  достық 

қалыптағы білім беру ортасының болуы

• ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндег  ібелсенді 

рөлі. 

Оның  алғашқысы  –  оқыту  методологиясы  мен  мазмұнын  түбегейлі 



жаңарту.  Яғни  мектеп  оқушыларының  функциональдық  сауаттылығын 

дамыту  жалпы  білім  беретін  орта  мектептің  Мемлекеттік  жалпыға  міндетт 

ібілім  беру  стандартын  жаңартудан  басталуға  тиіс.  Ол  үшін  мұғалім  білім 

алушының бойына алған білімін практикалық жағдайда тиімді және әлеуметтік 

бейімделу  үдерісінде  пайдалана  алатындай  негізгі  құзыреттіліктерді  сіңіруі 

керек.  Олар:  басқарушылық  (проблеманы  шешу  қабілеті);  ақпараттық  (өз 

бетінше  ақпараттар  көздері  арқылы  үнемі  білімін  көтеріп  отыруы,  солар 

қылытанымдық  қабілетін  ұштау);  коммуникативтік  (үш  тілде:  қазақ,  орыс, 

ағылшын  (шет)  ауызша,  жазбаша  қарым-қатынас  жасау);  әлеуметтік  (қоғамда, 

өзі өмір сүрген ортада іс-әрекет жасай алу қабілеті); тұлғалық( өзін жеке тұлға 

ретінде  қалыптастыруға  қажетті  білім,  білік,  дағдыларды  игеру,  болашақ  өзі 

таңдаған  кәсібін  өзі  анықтау,  оның  қиыншылығымен  күрделілігіне  төзімді 

болу);  азаматтық  (қазақ  халқының  салт-дәстүрі,  тарихы,  мәдениеті,  ділі,  тілін 

терең  меңгеріп,  Отанымыздың  өсіп-өркендеуі  жолындағы  азаматтық  парызын 

түсінуі);  технологиялық  (әр  азамат  өз  мамандығына  қарай  ақпараттық 

технологияларды,  сандық  технологияны,  білім  беру  технологияларын  сауатты 

пайдалануы). Білім алушы осы аталған негізгі құзыреттіліктермен қатар пәндк 

құзыреттіліктерді (әр пәннің мазмұны арқылы) меңгеруі тиіс. 

Жалпы  оқулық  жазу  мәселесі  күн  тәртібінен  түспеген,  өзекті 

мәселелердің  бастысы  екендігі  алаш  арыстарының  ой-пікірлерінен  анық 

аңғарылады.  Атап  айтар  болсақ,  Ж.Аймауытов:  «...Тегінде  оқу  кітаптары 

кеңседе отырып одан-бұдан құрастырылып ойдан шығарылып, долбармен жазу 

керек  емес,  мектептердің  программасына  жанастырылып,  сондағы  оқыту 

тәсілдеріне  сүйеніп  жазылу  керек.  Бұлай  болмағандықтан  кітаптардың  көбі 

мектептерде  қолдануға  жарамсыз  болып  қалады.  Кітап  жазушылар  ауылдағы 

мұғалімдер  арасынан  шықпай,  немесе  кітап  жазам  деген  кісі,  сол  бастауыш 

мектепте  бала  оқытып  көрмей  тұрып,  мектептердің  мүддесіне,  мақсатына  тап 

ете түскендей кітап шығуы қиын». «...Мектептердің пән сөздерін кеңседе жасау 

дұрыс емес. Пән сөзін пән маманы, кітап жазушы шығару керек. Ешбір ғалым 


422 

 

пән  сөздерін  кеңседе  шешкізіп,  жасамайды.  Кітап  жазушы  өзі  табады.  Бір 



ғалымның  шығарған  кітабында  кейбір  сөздер  қолайсыз  болса,  екінші  жазушы 

ол сөздерін түзеп, өзгертіп, жаңа сөз кіргізеді. Сөзді  пән иесі ғана шығармаса, 

бөгде  кісілердің  шығаруы  мүмкі  емес.  Өйткені,  әр  пәнге  жетік  адамдар  білім 

кеңесінде  болмайды.  Яғни,  жоғарыдағы  пікірлерде  айтылғандай  ,  оқулықтың 

мақсаты,  міндеті,  мазмұны,  құрылымы  функциональдық  сауаттылықтың 

құзыреттіліктеріне  сай  жазылуы  тиіс.  Оқулықты  жаңа  мазмұнда  жазу 

барысында оның негізін салған авторлар ұмыт қалмауға тиіс. Себебі кез келген 

оқулықтың  негізін  қалаған  сол  алғашқы  авторлар.  Олардың  атын  оқулықта 

сақтап  қалу  біздің  азаматтық  борышымыз  болуымен  қатар,  болашақ  ұрпаққа 

берер тәлім-тәрбие болмақ. 

Функционалдық 

сауаттылықты 

жүзегеасырудың 

екінші 

тетігі 

(механизмі)  –  оқыту  нысандары  мен  әдістері.  Тәуелсіз  қазақ  елінің 

оқулықтарының  мазмұны  ұлттық  құндылықтарды  басшылыққа  ала  отырып 

жазылып,  оны  оқытумен  жүзеге  асырудың  жаңа  әдістері,  яғни  интербелсенді 

әдістер  арқылы  жүзеге  асуы  тиіс.  Осы  негізде  білім  алған  мектеп  оқушылары 

теориялық  білімдерін  практикалық  тұрғыда  қолданумен  қатар  анна  тілінің 

келешегіне үлкен жауапкершілікпен қарауға тәрбиеленеді. 

Ұлттық  жоспарда  көрсетілген  функциональдық  сауаттылықтың  үшінші 

тетігі  (механизімі)  –  оқу  нәтижелерінің  бағалау  жүйесін  өзгерту.  Яғни 

бағалау  жүйесі  функциональдық  сауаттылықта  сырттай  бағалау  және  іштей 

бағалау  болып  бөлінеді.  Іштей  бағалау–оқу  пәні  бойынша  оқыту  сапасын 

диагностикалау  және  мемлекеттік  жалпыға  білім  беру  стандарты  өлшеміне 

сәйкес  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Ал  сырттай  бағалау–әрбір  деңгейд  іаяқтау 

бойынша  білім  алу  шының  оқу  жетістіктерінің  нәтижелеріне  сәйкес  (ҰБТ, 

ОЖСБ  жәнет.б.),  сондай-ақ  халқаралық  зерттеулерге  (ТIMSS,  PISA  және 

PIRLS)  қатысуы  арқылы  жүзеге  асырылады.  Нақтырақ  айтар  болсақ,  сыртқы 

бағалау  белгілі  бір  мамандық  иелеріне  қатысты  болса,  іштей  бағалау  көбіне 

білім  алушыларға  қатысты.  Сонымен  қатар  білім  алушылардың  өзін-өзі 

бағалауы,  ұйымдастыруы,  жетілдіруі  және  жеке  жетістіктерін  бағалау  арқылы 

жүзеге асырылады. Біздің тәжірибемізде, осы аталған білім алушының бағалау 

жүйесі  ұлттық  төлтехнологиямыз«Сатылай  кешенді  талдауда»  қолданылып 

келеді. Бұл жоғарыдағы аталған басқарушылық, ақпараттық, коммуникативтік, 

әлеуметтік, тұлғалық, азаматтық, пәндік құзыреттіліктерді білім алушы бойына 

дарытады. Оның дәлелі«Сатылай кешенді талдау» технологиясымен білім алып 

отырған  оқушылармен  оларға  білім  беруші  мектеп  мұғалімдерінің  жыл 

сайынғы жетіп отырған жетістіктері, бастауыш сыныптан бастап, орта, жоғары 

буын  сыныптарынан  оқушылардың  олимпиядаларға  қатысып,  жүлделі 

орындарға ие болуы. 

Ал функциональдық сауаттылықтың төртінші тетігіне (механизіміне) 

тоқталар болсақ, оған қосымша біліммен және мектептен тыс сабақтармен 

қамтуды жатқызады. Шынтуайтына келгенде, бұл мәселе бізде толық жүзеге 

асып отырмағандығы белгілі. Себебі, әлі күнге дейін стандарт пен оқулықтарға 

айтылған  сын  түзелмей  отырған  кезеңде  мұндай  қосымша  білім 


423 

 

функциональдық  сауаттылық  өз  деңгейінде  жүзеге  асып  отыр  дегенді  айта 



алмаймыз. Бұл тұрғыда да біз, алаш арыстарының бірі Ж.Аймауытовтың мына 

бір  қағидасын  басшылыққа  алсақ,  функциональдық  сауаттылықтың  төртінші 

механизмі  жүзеге  асқан  болар  еді.  Ағартушы:  «Балаға  ең  қымбат,  ең  жылы, 

жақын  нәрсе–туған  жері,  туған  жерінің  құбылыстарын  білу  балаға  өте  қызық. 

Мұндай оқыту жүйесі жергілікті өмірге, табиғатқа терең мазмұн беріп, оларды 

баланың  санасында  жандандырып,  оларға  баланың  махаббатын  арттырады, 

бала  әлеумет  тұрмысына,  төңіректегі  әлемге  терең  көзбен  қарап  үйреніп, 

жолығатын  қиын  мәселелерді  оңай  шешетін  болады,  бұрынғыдай  мектептен 

шыққан  соң,  бала  үйренген  білімін  ұмытып  қалмайды,  қайта  білгенімен  өмір 

жүзінде пайдаланатын болады. 

...  Балаларға  туған  жердің  табиғатын,  туған  елдің  әдет-ғұрпын,  мінезін 

үйреніп,  хәкімшілік,  әлеумет  мекемелерімен,  олардың  қызметтерімен,  сауда 

кәсібімен, 

қатынасу 

жолдарымен 

таныстырып, 

жергілікті 

тарихи 


ескерткіштердің  қатынасын  түсіндіріп,  балаларды  бұрын  білмейтін,  жат 

нәрсемен яғни әлеумет ғылымымен таныс қыламыз»,–деп бүгінгі заманда білім 

беру талабына сай функциональдық сауаттылық мәселесіне, дәл осы терминмен 

айтпаса  да,  терең  талдау  жасап,  нанымды  тұжырым  айтқан.  Егер  де  біз 

қосымша  білім  беру  және  мектептен  тыс  сабақтарда  осы  қағидаларды 

басшылыққ  ала  отырып,  бағдарламалар  түзіп,  қосымша  әдебиеттер  ұсынатын 

болсақ,  онда  функциональдық  сауаттылықтың  төртінші  механизімі  өз 

дәрежесінде жүзеге асады. 



Ұлттық  жоспарды  жүзеге  асырудың  бесінші  тетігі  (механизмі)  –

мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің  оқу 

жоспарын  реттеудегі  дербестігінің  жоғары  деңгейі).  Бүгінгі  білім  беру 

жүйесінде  жалпы  білім  беретін  орта  мектеп,  гимназия,  лицей,  дарынды 

балаларға  арналған  мектептер  бар.  Осы  мектептердің  басқару  жүйесі,  оқу 

бағдарламалары,  оларда  оқытылатын  пәндердің  оқулықтары,  онда  оқитын 

оқушылардың  білім  сайыстары  бір-бірінен  ерекшеленіп,  бүгінгі  қоғам  талап 

етіп отырған үрдістен шығуы тиіс. 



Алтыншы  тетігі  (механизмі)  –  барлық  мүдделі  тараптармен 

әріптестікке негізделген достық қалыптағы білім беру ортасының болуы.Бұл 

мәселедегі жүзеге асырылатын жұмыс–мектеп пен жоғары оқу орындары, түрл 

іғылыми  зерттеу орталықтары мақсатты түрде келісім шартқа отырып, мектеп 

оқушыларының  мамандық  таңдауда,  ғылыми  жұмыстар,  жобалар  жасауда 

әріптестік қарым-қатынас орнатып отыру екі жаққа да тиімді болмақ. Жоғары 

оқу  орындары  білім  сапасын  арттыруда  өзі  дайындайтын  маманның  деңгейін, 

қабілетін,  дарынын  алдын-ала  анықтап,  болашақта  жүргізілетін  жұмыстарын 

жоспарлап,  білім  алушыларға  кредиттік  жүйенің  ерекшеліктерін,  мақсат-

міндеттерін  алдын-ала  түсіндіру  жұмыстарын  жүргізіп,  мектеп  оқушыларына 

мамандық таңдауда дұрыс бағыт беру. 

Функциональдық  сауаттылықтың  жетінші  механизімі  –  ата-аналардың 

балаларды оқыту мен  тәрбиелеуге белсенді  қатысуын қамтамасыз  ету.  Ата-

ана  бала  бойына  жас  кезінен  адами  құндылықтарын  дарытып,  саналы  өмір 



424 

 

сүруге  баулуға  борышты.  Ата-ананың  бала  тәрбиелеуде  функциональдық 



сауаттылығын көтеру мектеп мұғалімдері мен олардың тығыз байланыс жасап, 

екі  жақты  әріптестік  әрекетінің  негізінде  қалыптасады.  Яғни  ата-ананың 

баласының  ерекше  қасиетін  тануы,  оны  түрлі  жағдаятта  түсініп,  қол  ұшын 

беруі,  олардың  қабілетін  дамытуға,  бойына  рухани  құндылықтарды 

қалыптастыруға,  жағымсыз  мінез-құлық,  әдеттерден  арылтуға  көмек  беретін 

функциональдық сауаттылықа та -ана бойында да болуға тиіс. Бұл жағынан біз, 

қытай  халқының  балатәрбиесіндегі  өнегесін  алуымыз  керек.  Олар  баланың 

біліміне, тәрбиесіне мектепті емес ата-ананың өзін жауапты етеді. Егер баласы 

үй  тапсырмасын  мезгілінде  және  дұрыс  орындамаса,  оған  тікелей  ата-ана 

жауапты.  Осы  мәселе  шектен  шығатын  болса,  мектеп  басшысы  баланы  ол 

мектепке  қабылдамауға  толық  құқылы.  Сондай-ақ  ата-ана  өзі  қызмет  ететін 

орында  бала  тәрбиесіне  тікелей  жауап  беруге  мәжбүр  болады.  Бұдан 

байқалатын нәрсе, білім мен тәрбиенің екіжақты мәселе екендігін көрсетеді. 

Қорыта  келе,  оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

мақсатында құрылған жоспардың дер кезінде көтерілгендігін құптаумен қатар, 

бұл  функционалдық  сауаттылық  мәселесінің  алаш  арыстарының  да  ой-

тұжырымдарынан  қағыс  қалмағандығын  жұртшылық  назарына  ұсыну  болды. 

Сондықтан да функционалдық сауаттылыққа байланысты атқарылар іс-шаралар 

да  алаш  арыстарының  ұлт  болашағы,  оның  сауатты,  білімді,  рухани  дүниесі 

бай,  ұлтжанды  азамат  тәрбиелеудегі  педагогикалық  көзқарастары  үнем 

ібасшылыққа алуынуы қажет. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

2. Ж.Аймауытов.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  ІҮ  том.  Алматы, 

Ғылым, 1998ж – 437 бет. 

3. Ж.Аймауытов.  Бес  томдық  шығармалар  жинағы.  Ү  том.  Алматы, 

Ғылым, 1999ж – 301 бет.

 

 



 

Жасулан Алибекович Нуриманов 

информатика пәнінің мұғалімі 

Қазақстан, Күршім ауылы 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет