Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ -



Pdf көрінісі
бет45/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68

БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ -

ОҚУШЫНЫҢ БӘСЕКЕЛЕСЕ БІЛІМ АЛУЫНА ЫҚПАЛЫ 

 

Мақалада  критериалды  бағалау  жүйесі  бастауыш  сыныптарда  қалай 



жүзеге  асырылу  керектігі  туралы  айтылған.  Теорияны  негізге  ала  отырып, 

практикада  қалай  жүзеге  асырылып  жатқаны  жайлы  мұғалім  бөліседі.  Басқа 

мұғалімдерге нұсқаулық ретінде қолдануға болады. 


433 

 

 



Түйін сөздер: Критериалды бағалау жүйесі, функционалдық сауаттылық, 

Ұлттық жоспар. 

 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 



жөніндегі  2012  -  2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары    мектеп 

оқушыларының функциялық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық, оқу-

әдістемелік,  материалдық-техникалық  қамтамасыз  ету  жөніндегі  іс-шаралар 

кешенін  қамтиды.  Ұлттық  жоспар  Қазақстан  Республикасындағы  білім 

сапасын  жетілдірудің  негізгі  бағдары  ретінде  мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының  мақсаттылығын, 

біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге арналған. 

Мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  процесі 

оқу  қызметінің  барлық  түрлерінің  нәтижелілігін  оқу  материалын  меңгерудің 

процесуалды  жағын  және  жеке  тұлғалық  қасиеттердің  пайда  болуын  есепке 

алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды [1]. 

Бүгінгі  мұғалімдердің  басты  міндеттердің  бірі  –  білім  беру  жүйесін 

жаңарту болып саналады. Бастауыш сынып оқушылары үшін ең беделді адам-

ол  өзінің  ұстазы.  Оқушылар  әр  пәннен  алатын  білімдерін  мұғалім  арқылы 

қабылдайды.  Бастауыш  мектепте  оқыту  мазмұнын  жаңарту  жұмыстары 

бағдарламаға сай жүргізіліп, оқыту, тәрбиелеу, дамытудың жаңа мүмкіндіктері 

ашылды.  Білім  саласындағы  түбегейлі  өзгерістер  ұстаздардан  үлкен 

жауапкершілікті  талап  етеді.  Қоғамның  дамуы  келешек  ұрпаққа  білім  беруші 

мұғалімнің біліктілігіне тікелей байланысты.. Қазақстанда білім берудің деңгейі 

мен  сапасына  жаңа  талаптар  қойылып  отыр.  Соңғы  жылдары  білім  беру 

саласындағы  жүргізіліп  жатқан  реформалар  еліміздегі  білім  беру  сапасының 

әлемдік деңгейге сәйкес келуін қамтамасыз ету, сол арқылы әлемдік сұранысқа 

жауап  бере  алатын  мамандарды  даярлау  және  бәсекеге  қабілетті  білім  беру 

болып табылады [2]. Қоғамдағы жаңа өзгерістер ұстаздардың кәсіби біліміндегі 

жаңашылдықты талап етеді. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің 

біліктілігін  арттыру  курстарының  бағдарламасының  негізгі  міндеті  –  отандық 

мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу 

болып  табылады.  Үш  айлық  курс  бағдарламасында  мұғалімдерге  қазіргі 

заманғы  оқыту  әдістері  мен  тәсілдері  оқыту  мен  оқуда  негізгі  деп  танылатын 

жеті  модуль  арқылы  ұсынылады.  Атап  айтқанда,  «Оқыту  мен  оқудағы  жаңа 

тәсілдер», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқыту үшін бағалау және оқуды 

бағалау»,  «Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

(АКТ) 

пайдалану»,  «Талантты 



және  дарынды  балаларды  оқыту», 

«Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту  және  оқу»,  «Оқытуды 

басқару және көшбасшылық». Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді 

терең  түсіну  қабілетін  дамыту,  алған  білімдерін  сыныптан  тыс  жерде,  кез 

келген  жағдайда  тиімді  пайдалана  білуін  қамтамасыз  ету.  Оқыту  туралы 

сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнің  өз 

сабақтарын  оқушының  идеясы  мен  білім-біліктілігін  дамытуға  ықпал  ететін 


434 

 

міндеттерге  сай  ұйымдастыруын  талап  етеді.  Бұндай  міндеттер  оқушылардың 



оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір болжамдар 

бойынша  күмәнді  ойларын    білдіре  алатындай,  пікір көзқарастарын нақтылап, 

жаңа ұғым-түсініктерін өрістете алатындай етіп орайластырылып құрылады [3]. 

Осыған  байланысты  оқушылар  арасында  өзара  түсіністік  және  ұжымдық 

қарым-қатынасты 

орнатып, 

оқушылардың 

сенімсіздіктерін 

жойып, 

мүмкіндіктерін  арттыруға  жол  ашатын критериалды бағалау  болып  табылады. 



Кез-келген  мұғалім  критериалдық  бағалауды  қолданбас  бұрын  оның  өзіне  тән 

терминологиясын  толық  меңгерген жөн.  Сондықтан біз  критерий  деген  сөздің 

мағынасын өзіміз түсінуіміз қажет. 

Критериалды бағалау оқушының оқу нәтижелерін білім беру мақсаттары 

мен  мазмұнына  сәйкес  келетін,  білім  беру  үдерісіне  қатысушылардың 

(оқушылар, мектеп әкімшілігі, ата-аналар, заңды тұлғалар және т.б.) барлығына 

алдын ала таныс, ұжым талқысынан өткен, нақтыанықталған өлшемдер арқылы 

оқушылардың  оқу  жетістіктерін  салыстыруға  негізделген  үдеріс  [4].  Біз  бұл 

бағалау  жолын  сын  тұрғысынан  ойлау  технологиясы  арқылы  жүзеге  асыра 

аламыз. Сын тұрғысынан ойлау - өз алдына сұрақтарға жауап іздеп, жан-жақты 

пікірлесіп, талдау жасап отыру. Бала санасын тақырыпқа сай ой шақыру, ойын 

тұжырымдау,  қасындағы  балалармен  пікірлесу,  топтасу  арқылы  білімдері 

молаяды.  Сын  тұрғысынан  ойлау  –  сынау  емес,  ойлау,  алдыға  жетелеу.  Жас 

балалардың  да  бұл  жұмысы  дұрыс  ұйымдастырылған  жағдайда  өз  даму 

деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Сабақ 

барысында  алынған  білім  сын  тұрғысынан  талданып,  меңгерілген  біліммен 

салыстырылып,  өзіндік  түсінік  пайда  болады.  Негізінен,  ОүБ  балалар  оқыту 

үдерісінің  қандай  кезеңі  нде  екенін,  әсіресе  олардың  мықты  және  әлсіз 

жақтарының  сипаты  мен  себептері  қандай  екендігі  туралы  алынған 

мәліметтерге басты назар аудартады [5]. Бұл жерде мұғалім жалғыз бағалаушы 

тұлға  емес.  Оқушылар  өздерінің  сыныптастарын  және  өздерін  бағалауға 

тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске 

оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім 

алушылар  өз  білімін  арттыру  үшін  бағалауды  үйренуі  қажет,  сондықтан 

оқушыларға  өзінің  оқуын  жақсарту  үшін  кері  байланыс  арқылы  алынған 

ақпаратқа  сәйкес  жұмыс  істеу  қажет.  Бұл  олардан  түсінушілікті, 

қызығушылықты  және  ықыласпен  әрекет  етуді  қажет  етеді.  Критерийлер  - 

оқытудың  міндеттерін  жүзеге  асыратын  өлшемдер,  атап  айтқанда,  оқушылар 

жұмыс  барысында  орындайтын  іс-әрекеттер  тізбесі.  Егер  балаға  оның  белгілі 

бір деңгейге жеткендігін айтса, онда бұл оған үздік нәтижеге жету үшін не істеу 

керектігін  түсінуге  көмектеспейді;  бұл  ретте  егер  баламен  бірге  оның 

жұмысында  мұндай  бағалауға  не  әкелгенін  және  бағалау  өлшемдерін 

түсіндіруге  талдау  жасаса,  онда  бұл  балаға  өзінің  нәтижесін  жақсарту  үшін 

кейін  не  істеу  керектігін  түсінуге  мүмкіндік  береді  [6].  Бұрын  оқытуда 

оқушылар  тек  қана  тыңдаушы,  орындаушы  болып  келген,  ал  қазіргі  оқушы 

өздігінен  білім  іздейтін  жеке  тұлға  екендігіне  ерекше  мән  беруіміз  керек. 

Бастауыш сыныптардың негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, білімге және 


435 

 

оқуға  деген  сенімін  нығайту,  іскерлік  пен  дүниетанымын  қалыптастыр,  оқуға 



деген  қызығушылығын  оятып,  ынтасын  арттыру  болып  табылады. 

Критериалды  бағалау  әдісі  арқылы  бізде  оқушының  ең  алдымен 

қызығушылығын оята аламыз, белсенділігін арттырамыз, өз ойын ашық айтуға 

үйретеміз, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырамыз, соңғысы жинаған түрлі 

бағалау  жинаған  ұпай  арқылы  өзін-өзі  бағалайды.  Мұндағы  жетістіктің 

артықшылығы сынып оқушыларын түгел бағалай аламыз. 2013 жылдың сәуір-

мамыр  айында  осы  үдерісті  тәжірибемде  бастады.  Оқушыларды  бағалау  үшін 

критерийлердің жеңіл түрлерін ала аладым. Оларға өздері түсінетіндей, өзін-өзі 

бағалай  алатындай  етіп,  істеген  жұмыстарын  оңай    талдай  алатындай 

дескрипторларды құрамыз.Мысалы, 1-сыныпта критериалды бағалауды фишка 

арқылы ұйымдастыруға  болады.  Н.  Қазыбековтың "Жайлау"  мәтінін  оқығанда 

оқушылардың оқуын және өткенді қайталауды критериалды бағалау жүйесімен 

ұйымдастырдым. 

Қолданылатын 

әдістер 

сұрақ-жауап, әңгімелеу. 

Қолданылатын 

стратегиялар 

"БІЛЕМІН.БІЛГІМ КЕЛЕДІ. ҮЙРЕНДІМ" стратегиясы, критерийлік  

бағалау 


Технология 

Дамыта оқыту және мәселелік оқыту 

Ресурстар  

Оқулық, оқыту әдістемесі, слайд, телевизор, ноутбук, таратпа 

материалдар 

Сабақтың барысы 

Мұғалімнің іс-әрекеті 

Оқушының іс-әрекеті 

 Ұйымдастыру 

-оқушылармен амандасу.  

-психологиялық дайындық жасау 

-сабақтың мақсатымен таныстыру 

-тақтаға бүгінгі күн мен сынып 

жұмысын жазу. 

-жұмыс орындарын реттейді 

-көңілдерін сабаққа бөледі 

-мақсатпен танысады 

-дәптерлерін ашып бүгінгі 

күнді жазады. 

 

1.Білу деңгейі 



өткенді қайталау 

Қызығушылығын 

ояту кезеңі 

-Көркем жазу минуты 



Жж 

жжж 

1."Білемін" бөлімі бойынша жұмыс.  

ЕРЕЖЕ Сөйлемнің бірінші сөзі бас 

әріптен басталып жазылады. 

 Сөйлемнің соңына нүкте (.) мысал 

келтіру 


 сұрақ белгісі (?) мысал келтіру 

 леп   белгісі (!) қойылады. мысал 

келтіру 

2.Слайд арқылы жұмыс. Хабарлы, 

сұраулы, лепті сөйлемді  теріп жазу. 

-дәптерлерін ашып көркем 

жазады. 

 Ережені еске түсіріп, 

мысал келтіреді. Бір-бірін 

тыңдай білу әрекетін 

жасайды. 

3-қатар өз тапсырмаларын 

орындайды. 

Тексеру: слайд арқылы 



 

2. Түсіну деңгейі 

Мағынаны тану 

кезеңі 


3.Талдау 

 

200-жаттығу 



Сұрақ: Қандай ережені білеміз? 

 

201-жаттығу 



Айтып отырып жазу. 

Тексеру: слайд арқылы 

3 сөйлемді тақтаға жазады, 

байланысын көрсетеді. 

3. "Білгім келеді"бөлімі бойынша 

жұмыс.Оқулықпен жұмыс.  

Н. Қазыбековтың "Жайлау" мәтіні  

-Жылдың неше мезгілі бар? 

-Халық жыл мезгіліне қарай қонысын 

"Не білгілері келетінін" 

хабарлап айтады. 

 

Тізбектеп оқу. 



 

436 

 

Төменде сабаққа жасалынған дескриптор берілді. Бастауыш сыныптың 1-



сыныбы  болған  соң,  оқушылар  жұмысы  фишкамен  бағаланды.  Ұпай  саны 

жинаған  фишкаларына  сай  болып,  бағалау  парағынан  өз  ұпайларына 

байланысты өз бағаларын қояды. 

Бағалау парағы  



 

Дескриптор 

Фишка саны 

ұпай 


 

 

А 

Тақырып  бойынша  ештеңе  айта  алмайды.  Естігені  мен 

көргенін айта алмайды. 

Көркем жазу  



Сөйлем  сөзден  құралады  деген  ереже  біледі  және  мысал 

келтіре алады. 

Сөйлемнің  тыныс  белгісі  туралы  ережені    біледі,  Сызба 



арқылы мысал келтіре алады. 

Слайд арқылы жұмыс. Хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемді  



теріп жазу 

 





 

 

В 

Ежіктеп, қате оқиды. Е. Қазыбековтың "Жайлау" мәтіні 

Саналы, дұрыс, буындап оқи алады.  



Сұрақтарға жауап бере алады.  

200-жаттығу.  



Сұрақ: Қандай ережені білеміз? 

Ереже қайталау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. 

 

6 



 

 

С 

Өз бетімен мүлдем жұмыс істей алмайды. 

Сөздің мағынасын ажырата алады. Сұрақ қоя біледі. 



Тапсырманы орындау . 201-жаттығу қате, қатесіз 

Ереже қайталау. Сөйлемдегі сөздердің байланысы. Мысал 



келтіру, ауызша 

Тест . 



 

 

20 

18-20  ұпай  "5";  14-17  ұпай-  "4";  10-13  ұпай-"3";  0-9  ұпай  -"2"  (немесе 

қайта іздену керек) 

Критериалды бағалау-оқушы бойындағы үрейленуді басады және оқушы 

бойында өзін өзі  бағалау,  өз  іс-әрекетіне баға  беру,  жауапкершілік  қабілетінің 

дамуына  ықпал  етеді.  Мұндай  бағалау  кезінде  оқушы  өзін  басқа  оқушымен 

салыстырмай  өз  мүмкіндігін  бағалап,  жетістікке  жету  жолдарын  іздейді  және 

жетістікке  жету  жолын  табуға  әректтенеді.  Бағалау  парағы  арқылы  ата-

қалай атаған? 

-Жайлау дегенді қалай түсінесің? 

-Жайлаудан мал қалай келеді? 

4. Жүйелеу, 

жинақтау 

 

"Үйрендім" бөлімімен жұмыс 



 

Тест жұмысы. 

Не біліп, үйренгендерін 

айтады.  

Тест тапсырмасын 

орындайды. 

5. Бағалау 

Үйге тапсырма 

Критерий бойынша бағаланады. 

 

202-жаттығу. Өлеңді жаттау 



Оқушы ұпайларын санап, 

бағаларын айтады. 

Күнделікке жазып алады. 


437 

 

аналармен байланыс орнатылады. Бұл жерде ата-ана да баласының жетістіктері 



мен олқылықтарын көріп. оны жоюға жұмыс жүргізеді. Бағалау критерилерімен 

танысып, хабардар болады. Оқушыны сабаққа белсене қатыстыру үшін әр сабақ 

барысын  жеке  формада,  жаңа  әдісте  жүргізу  шарт.  Оқудың  әдіс-тәсілдері, 

формалары  талаптарға  лайық  болуы,  жастардың  бойында  ақпараттық 

мәдениетті  қалыптастыру  үшін,  ұстаз  ақпараттық  технологияны  өз  іс-

әрекетінде тиімді, сауатты ұйымдастыруы қажет. 

Критериалды бағалауды не үшін енгізуге болады? Оны енгізудің мақсаты 

қандай? деген сұраққа жауап іздеп көрелік: біріншіден, бастауыш сыныптарда 

оқыту  сапасын  арттыруға    болады;  екіншіден,  оқушыларды  ір  түрлі  тапсырма 

беру  арқылы  шығармашылыққа  баулуға  ойлау  қабілеттерін  дамытуды 

жетілдіреді;  үшіншіден,  алдыға  мақсат  қоя  білуге  және  бала  бойында 

сенімділікті  ұялатуды  көздейді.  Ал  критериалды  бағалау  төмендегі 



міндеттерді айқындауға мүмкіндік береді: 

 



Сабақтың  әр  бөліктеріндегі  әр  оқушының  дайындық  деңгейін 

анықтауға; 

 

Өтілген материалды еске түсірге; 



 

Оқушының даму жетістігін бақылауға; 



 

Оқушының  білім  алу  барысындағы  қателіктері  мен  олқылықтарын 



жоюға; 

 



Сабақ барысында алған бағасының әділдігіне көзін жеткізуге; 

 



Кері байланыс арқылы оқушының білімі мен ойын білуге;.  

Білім  сапасын  көтеру  мақсатында  түрлі  жаңалықтарды  мектеп  өміріне 

енгізіп  жүрміз.  Білімнің  сапасын  көтерудің  қазіргі  таңда  жолдары  көп.  Ең 

бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың 

шәкіртімен  бірлесе  еңбек  етуі  талап  етіледі.  Критериалды  бағалаудың 

маңыздылығына тоқталсақ. 

 

бағалау критерийлері нақты оқыту мақсаттарын айқындайды; 



 

 баға оқып- зерделенген материал бойынша ғана қойылады; 



 

өзінің оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау үшін және ата- аналарға 



оқушының бағалау парағы ұсынылады; 

 



оқушының оқуға және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады

Мұғалімдерге  критериалды  бағалауды  қолдануға  әр  пәннен  нұсқаулық 

дайындап,  бағалау  А,В,С,Д  критерийлері  арқылы  жүргізуге  болады.  Әрбір 

критерий тапсырмаларды жүйелі бағалауға арналған. Бұл критерийлер арқылы 

бағалау  үшін  әрбір  оқушыны  жеке  және  топтық  жұмыстарын  бағалауға 

арналған тиімді дескрипторлер құрылады. Әрбір дескрипторлер арқылы бала өз 

жұмысын  бағалай  алады.  Бастауыш  сыныптарды  бұлардың  ішінде  айтылған 

А,В,С  критерилерімен  бағалауға  болады.  Мұндай  бағалау  бастауыш  сынып 

оқушыларының өз деңгейлеріне сай келеді. 

Критерий 

Түсінігі 

Мазмұны 


Қолданатын әдіс тәсілдер 

А 

Түсіну 



Тақырыпты түсінуге 

арналған 

Сұрақ - жауап, ой қозғау, 

мағынаны тану,  

В 

Қолдану 


Түсінгенін сабақта 

Білу, талдау, тапсырмалар 



438 

 

қолдану 



орындау 

С 

Іздену 



Өз бетінше жұмыс және 

шығармашылық тапсырма 

орындау  

Өзіндік жұмыстар, 

шығармашылық  ізденіс 

жұмыстары 

   

Бастауыш сынып оқушылары өз беттерінше А,В,С критерийлері арқылы 



өз  кемшіліктерін  таба  алады,  дұрыстығына  назар  аударады.  Бастауыш  сынып 

оқушыларының  білімін  мұндай  бағалау  бастапқы  кезде  аздап  қиындық 

туғызады.  Бірақ  келе-келе  баланы  қалыптастыруға  болады.  Бастауыш  сынып 

оқушыларын  критериалды  бағалау  жүйесінің  жеңіл  түрі  алынады.    Мұндай 

бағалау  жүйесінде  біз  балаларды  оқытуда  жеке  жұмыс,  топтық  жұмыс,  ой 

қозғау, ББҮ кестесі (INSERT), топтастыру, рефлексия сияқты бірнеше әдістерді 

қолдана аламыз. Осындай әдістерді пайдаланған кездерде кейде мүлдем сабаққа 

қатыспайтын балаларымыз өздігінен қол көтеріп, аз да болса өз ойын айтып, аз 

да  болса  нақты  екі  үш  сөйлем  жазып,  жеке  жұмыс  жүргізуге  талпынады. 

Критериалды бағалау жүйесін әрбір сабақта тиімді пайдалануға болады. Әрбір 

жаңа  сабақты  оқытуда  тек  бір  «A»  критериін  алуға  да  болады.  Өткен 

сабақтарды 

қайталауда 

«B» 


критериін 

алуға 


болады. 

Сабақты 


қорытындылағанда  «C»  критериімен  бағалау  тиімді.  Бастауыш  сыныптардағы 

оқытудың мазмұнында оқытылатын пәндер ерекше орын алады. Мұнда пәннің 

алдына қоятын ең негізгі мақсат,  міндеттерінің бірі: оқушының оқу-танымдық 

әрекетін  қалыптастыруды  оқытудың  жаңа  технологияларын  оқу  үдерісіне 

еңгізудің  маңызы  ерекше.  Бүгінгі  білім  беруде  оқушыны  білімділік,  іскерлік, 

шығармашылық  әдістерге  баулудың  жолдарын  іздестіре  отырып,  мұғалім-

шәкірт арасында рухани және сезім бірлестігін айқындайды. 

Бағалау парағы 

 

Оқушының 

аты-жөні 

Үй тапсырмасы 

Жаңа сабақты меңгергені 

Мәнерлеп оқуы 

Шығармашылық 

тапсырма  

Қорытынды  

 

Өлеңді 



жатқа  

мәнерлеп 

айту 

Өлең 


жолдарын 

қателесіп 

айту 

Қосымша 


сұрақтарға 

жауап беру 

Үлестірмелі 

карточкамен 

жұмыс 

Қосымша 


сұрақтарға 

жауап беру 

дұрыс 

қатемен  Мақал-мәтелдер 



айту 

Ұпай   Баға  

 









 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



14-15  ұпай  "5";  11-13  ұпай-  "4";  8-10  ұпай-"3";  0-7  ұпай  -"2"  (немесе  қайта 

іздену керек) 

Критериалды бағалау – бұл оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға 

негізделіп,  нақты  белгіленген,  ұжымдық  жасалған,  процесстің  барлық 

қатысушыларына  алдын  ала  белгілі  білім  мазмұны  мен  мақсатына  сәйкес 

критерийлері  бар  процесс.  Критериалды  бағалау  жүйесін  құру  үшін 

қалыптастырып, белгілейтін бағалау жүйесін дайындау қажет. 

Қазіргі жаңашыл ұстаз жаңа технологияларды өмірге енгізуге дайын, оқу-

тәрбие  ісіне  жанашырлық  танытатын,  қоғамның  ең  озық  бөлігінің  бірі.  Оқу-

тәрбие  үдерісінің  мазмұнына  және  ұйымдастырылуына  комплексті  тұрғыда 

қарайтын,  зерттеушілік  ыңғайға  бейім,  теория  мен  практика  іс-әрекетін 

біріктіре  білетін,  өмірлік  құндылық  қағидалары  адамгершілік,  ізгілік, 

еңбекқорлық,  парасатты  мінез  -  құлық  қасиеттерді  бойына  сіңірген  ұстаз. 


439 

 

Бүгінгі  заман  талабы  -  жан-жақты  дамыған,  өзіндік  «мені»  қалыптасқан  тұлға 



тәрбиелеу.  Оқушы  тұлға  болып  қалыптасуы  үшін  оның  бойында  түрлі 

жағдаяттағы  проблеманы  анықтауға,  өзіндік  тұжырым  жасай  білуге,  өзіндік 

бағалауға,  сыни  ақпараттарды  өз  бетімен  табуға,  талдауға,  алған  білімдерін 

өмірде  қолдануға  бейімдеу  болып  табылады.  Қорыта  айтқанда,  бүгінгі 

оқушының  білім  сапасын  критериалды  бағалау  жүйесі  арқылы  жетілдіруге 

болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан  көз жеткізуге болады. 

Критериалды  бағалау  жүйесі  оқушының  белсенділігін  арттыруды,  оқу 

үдерісінде  жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізеді. Заманауи тәсілдің ең 

негізгі  ерекшелігі  оқушылардың  алған  білімдерін  жай  ғана  иеленіп  қоймай, 

оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал 

ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012 

- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

2. http://www.google.kz 

К.Құдайбергенова. 

Құзырлылық 

– 

тұлға 



дамуының  сапалық  критериі//«Білім  сапасын  бағалаудың  мәселелері: 

әдіснамалық  негізі  және  практикалық  нәтижесі»  атты  халықаралық 

ғылыми–практикалық конференцияның материалдары. 2008. 

3. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей 10-бет. 

4. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей 84- бет. 

5. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей 25-бет. 

6. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. І деңгей.107- бет. 

7. http://moodle.nis.edu.kz 

 

Бибіажар Зейдешқызы Нурымова 

Түркістан аумақтық мүгедек балаларды оңалту орталығы 

ОҚО, Түркістан қ. 

 

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯ САБАҒЫ 

БАРЫСЫНДАҒЫ ЭМОЦИЯЛЫҚ КҮЙІ 

 

Эмоция – бұл  зерттелмеген  обьект,  мұны  сезім  деп  көрсетуге  болады,  



бір    минуттық    құбылыс.    Осы    күнде    психология    эмоция    айналасында  

ауқымды    зерттеулер    басталуда,    өйткені    бұл    келешекте    болатын    сезім.  

Мұнда    адам    өміріндегі    әртүрлі    жағдайға    эмоционалды    реакциясы    тілге  

тиек   етілуде.    Біз   кейде   қуандық,    қорықтық,    ренжідік   деп    айтамыз,    бұл  

істер    жанымыздың    күйін    көрсетеді.   Алғашында    біз    эмоция  арқылы    әсер  

аламыз,    сосын    барып    сезім    туындайды.    Міне    сондықтан    мақалада 

адамдардың    эмоциялы    жағдайын    түсіндіру  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі 

балалардың өміріндегі әрекеттеріндегі эмоциялық ерекшеліктері сипатталады.  

  


440 

 

Басты  сөздер:  мүмкіндігі  шектеулі  балалар,  эмоция,  сезім,  технология 

сабағы, ынта, қызығушылық, белсенділік. 

 

Ададамдар  бір  бірінен  ақыл  ой  даму  деңгейі  бойынша,  тәндік  даму 



деңгейі  бойынша,  еңбек  нәтижесі  бойынша  жоғары  немесе  төмен,  жақсы 

немесе  жаман,  сапалы  немесе  сапасыз  деп  өзгешеленіп  жатады.  Ал  олардың 

эмоциялық  ерекшеліктеріне  келсек,  барлық  адам,  дені  сау  болсын,  мүмкіндігі 

шектеулі  болсын  сыртқы  орта  әсері  негізінде  белгілі  бір  күйді  басынан 

өткереді.  Адамға  біреу  жылы  сөйлесе,  илтипаттық  көрсетсе,  мейірімділік 

танытса,  бұл  жағдай  кез  келген  адамға  жағымды  күй  тудырады.  Ал  егер 

керісінше,  адамдарға  қаталдық  танытып,  ұрсып  жекісе,  онда  барлық  адамда 

реніш,  қайғы  күйі  байқалады.  Олай  болса,  эмоциялық  күй  мүмкідігі  шектеулі 

балаларда ерекше орынға ие.  

Эмоция  адамның  барлық  жағдайында  және  істің  әр  түрінде  кездесуді  

менің    алдыма    осы    жағдайды    анықтап    оған    қоса    балалармен    жұмыста  

қолдану  мақсаты  тұр.  Алдыңғы  қатарлы  ғалым  психиатр  А.  Е.  Личко  кіші 

мектеп  жасындағы  балалардағы  эмоциялык  көріністерді  ерекше  атай  келе, 

эмоция арқылы балаларға тез әрі әсерлі қатынас құра алатыымызды көрсетеді. 

Мұмкіндігі  шектеулі  балалардың  өз  өмірінде  көптеген  нәрселерден 

кешеуілдеуіне  қоса,  оларға  теріс  эмоциялы  қатынас  құру  ең  ауыр  жаза  болып 

табылады.  Сондықтан  қандай  іс  әрекетте  болмасын  олардың  эмоциялық 

ерекшеліктеріне  көңіл  бөле  отырып,  оқу  тәрбие  процесін  жүзеге  асырып 

отырсақ, соғұрлым педагогикалық іс нәтижелі бола түсер еді. 

Мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  технология  сабағында  өздерінің  қол 

жеткізген  кішкентай  болса  да,  табыстары  мен  жетістіктері  олардың  жан 

дүниесіне терең әсер етіп, жағымды эмоциялық күй кешеді.  

Мүмкіндігі  шектеулі  балаларды  оңалтудың  түрлері  және  оның  негізгі 

қағидаларын түрлі нұсқаларда қарастыруға болады : 

- үрдіс ретінде; 

- соңғы нәтиже ретінде; 

- қызмет ретінде; 

        Әлеуметтік  оңалту  үрдіс  ретінде  динамикалық  жүйені  құрайды,  оның 

барысында  стратегиялық  мақсатқа  жету  –  баланың  әлеуметтік  статусын 

қалпына  келтіру,  травмалық  жағдайларға  тұрақты  тұлғаны  қалыптастыру, 

қоғамға  сәтті  ене  алатын  тұлғаны  қалыптастыру  жолындағы  тактикалық 

міндеттерді баламен өзара байланыста шешу  жүзеге асады. Әлеуметтік оңалту 

үрдісі  осы  саладағы  маман  басшылығымен,  арнайы  ұйымдастырылған 

жағдайларда,  балаға  әсер  етудің  түрлі  формаларды,  әдістерді  және  арнайы      

құралдарды пайдалануды қамтиды. 

         Әлеуметтік оңалту соңғы нәтиже ретінде – бұл оның соңғы мақсаттарына 

жету,  мұнда  денсаулығының  шектеулі  мүмкіндігі  бар  адам  қажетті  оңалту 

мекемелерінде  кешенді  оңалтудан  өткен  соң  қоғамның  әлеуметтік  – 

экономикалық өміріне енеді және өзінің кемістігін сезінбейді. 

       Әлеуметтік  оңалту  қызмет  ретінде  оны  ұйымдастыратын  маман  тұлғасы 



441 

 

мен  қызмет  пен  қарым-қатынас  субъекті  болып  табылатын,  әлеуметтік  оңалту 



үрдісіне енген бала тұлғасына теңдей дәрежеде байланысты болады. 

Шетел  ғалымдарының  салыстырмалы  зеттеулері,  балаға  ата-аналары  түзету 

және  педагогикалық  процеске  тартылған жанұя  жағдайларындағы  жүйелі  ерте 

педагогикалық  көмек  бала  дамуының  процесінің  өзін  жаңа  сапалы  деңгейге 

алып шығуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге айтарлықтай шамада  

ерекше  қажеттілігімен  адамды  оның  тең  құқылы  мүшесі  ретінде  қоғамға 

интегралдау процесін анықтайды. Мұндай процестің салдарының бірі мүгедек 

баланың  басым  көпшілігінің  қол  өнермен  айналысу,  өзіне  қызмет  етудің 

күрделі  формаларындағы  еңбек  жұмыстар,  тамақ,  жеңіл  өнеркәсіптік 

қарапайым іс әрекеттерді жүзеге асыруы деп көрсетіледі.   

 Л.С.Выготскийдің   идеясын   дамыта  отырып,  Д.Б.Эльконин  бала  іс - 

әрекетінің    түрін  2    типке      бөлді.    Бірінші    типте    көбінесе    тұлғалық    іс  - 

әрекеттің  мотивациялық  қажеттілік  сферасын  дамытады (коммуникативтік іс 

- әрекет, сюжеттік-рольдік ойындар). Бұл қарым қатынас арқылы жүзеге асады. 

Ал екінші типте дамытушы  операциональдытехникалық мүмкіндіктер (заттық 

–  манипуляциялық,  заттық  –  құралдық,    оқу    іс  -әрекеті)  басымырақ.  Бұл 

технология  сабағындағы  іс  әрекеттер  арқылы  жүзеге  асады.      Осы    іс-әрекет  

типтерінің      ауысуынан    бала    психикасы    детерминацияналанады.  

Д.Б.Эльконин  іс - әрекет  типтерінің  алмасу   заңдылығын   ашты.   Өзара  екі  

тип      бағдарларының    арасында    қарама  –  қайшылықтар      бала      дамуының   

себепкері  болып   отырады. 

Сондықтан да мұғалім оқу – тәрбие үдерісін сабақ түрінде де және жаңа 

технологияларды  пайдалана  отырып  басқаша  да  ұйымдастыра  алады.  Ең 

бастысы  сабақ  өмір  шындығына  жақындау  болып,  еркін  түрде  өту  керек. 

Технология  сабақтарын  сабақ  кестесіне  жиі  кіргізіп,  күннің  бірінші 

жартысында немесе сабақ кестесіне кіргізбей күннің екінші жартысында да кез 

келген  уақытта  өткізуге  болады.  Бірінші  сабақта  алған  теориялық  

мағұлматтарды,  екінші  сабақта  тәжірибе  жүзінде  қайталау    жолымен  бекіту 

үшін екі сабақты  біріктіріп өткізуге де болады.  

Егер  балаларды  ынталандыратын,  қызықтыратын  белсенділіктің  жаңа 

түрі, яғни олардың эмоциялық күйін жайдарлы етіп, көңілдендіріп, қуанышты 

тудыратындай әсерлі етіп ұйымдастырылса, мүмкіндігі шектеулі балалар үшін, 

бұл  бір  байлық,  жан  азығы  болар  еді.  Өз  тәжірибемнен  байқағанымдай, 

мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  ең  алдымен  эмоциялық  күйлеріне  көңіл  бөлу 

арқылы  оқытсақ,  көп  нәрсеге  қол  жеткізуге  болады.  Әсіресе,  технология 

сабағында өз қолдарымен жасаған жұмыстарының нәтижесіне қанағаттану бала 

өмірін нұрландыра түседі.   

Сонымен  қорыта  айтқанда,  арнайы  білім  алу  қажеттіліктердің  дамып 

жетілуі  жағынан  кешеуілдеп  қалған  тұлғаларға  іс  жүзінде  көмек  көрсетудің 

қажеттілігі  айқын  көріне  түсуде.  Арнайы  білім  алудың  оның  тәрбиелік  және 

білім  беру  компоненттерінің  құрамы  тек  дамудағы  ерекше  ауытқуларға  ғана 

емес, 


сондай-ақ 

мүмкіндігі 

шектеулі 

өсуші 


адамның 

эмоциялық 

ерекшеліктеріне де тәуелді.  


442 

 

 



 

Библиографиялық сілтемелер 

1. Бондаренко  Г.И.  Социально-эстетическая  реабилитация  аномальных 

детей  //Дефектология. 1998. №3. 

2.«Социальная 

работа 


с 

семьей 


ребенка 

с 

ограниченными 



возможностями» Н. Ф. Дементьева, Г. Н. Багаева, Т. А. Исаева, Институт 

социальной работы, М., 1996 г.  

3. Р. С. Немов "Психология" Книга 1. М., 1998 год. 

4. Кішкенбаева Ү. “Тірек - қимыл  аппараты  бұзылған  мектеп  жасына  

дейінгі    балалармен    жүргізілетін    тәрбиелік    түзету    жұмыстары” 

Дефектология, 1 (13) 2010,22-бет  (қаңтар-ақпан). 

5.

 

Саймағамбетова  К.  “Тірек  -қимыл    аппараты    бұзылған    балалардың  



өзіне  -  өзі    қызмет    етуіндегі    алғашқы    дағдыларын    дамыту.” 

Дефектология,           2(14)  2010, 23-бет 

 

 

Маржан Муратовна Омарова 



Школа-лицей № 101, город Караганда 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет