Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ



Pdf көрінісі
бет51/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68

ТІЛ ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТА 

ОТЫРЫП, ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ 

 

Мақалада  қазіргі  білім  беру  жүйесіндегі  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылықты  арттыру  мәселесіне  сипаттама  беріліп,  оның  маңызы 

қарастырылады.  Тіл  дамыту  жұмыстары  арқылы  оқушылардың  ақпараттық- 

коммуникативтік 

құзыреттілігін 

дамыта 

отырып, 


функционалдық 

сауаттылығын арттыру жолдары көрсетіледі. 



 

Басты  сөздер:  функционалдық  сауаттылық,  пәнаралық  байланыс, 

құзіреттілік, инновациялық технология, шығармашылық жұмыстар.  

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту 



-  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  халыққа  жолдауында  мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  бойынша  бес  жылдық 

ұлттық  жоспарды  қабылдау  жөнінде  нақты  міндет  қойған.  Еліміздің  бәсекеге 

қабілетті 50 елдің қатарына кіруі үрдісінде бұл жоспардың орны ерекше. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын    дамыту  жоспарының 

мақсаты - Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларының сауаттылығын 

дамыту  үшін  жағдай  жасау  болса,  негізгі  міндеттерінің  бірі  -  отандық  және 

халықаралық практикасын зерделеу. 

Функционалдық  сауаттылық  –  адамның  сыртқы  ортамен  қарым-

қатынасқа түсе алу  қабілеті және сол ортаға барынша  тез бейімделе алуы мен 

қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. 

Ол  -  адамның  жасына  қарамастан  үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы.  Сол  

білімі  арқылы  кез  келген  жағдаяттарда  қарым-қатынасқа  түсе  алуы  мен 

шешімін өмірлік мәселелерге байланысты шеше білуі. 

Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  -  бүгінгі  заман 

талабынан  туындаған  мәселе.  Бүгінгі  заманға  сай,  белсенді,  шығармашылық 



493 

 

тұрғыда ойлайтын, ойын жүйелі, нақты, өмірмен байланыстыра жеткізе алатын 



тұлға қай қызметте болсын қажет. 

Сондай  тұлғаны  оқытып  -  тәрбиелеуде  әрбір  пәннің  маңызы  ерекше. 

Соның  ішінде  қазақ  тілі  мен  әдебиетінің  рөлі  өте  зор.  Оқушының  дүниеге 

көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда, тілін дамытып, сөздік 

қорын молайтуда, теориялық білімін практикада қолдана алуда, жүйелі, шешен 

сөйлеуде,  тіліміздің  өзіндік  қалыптасқан  нормаларын,  жалпы  айтқанда 

грамматикасын үйретуде – тіл дамыту жұмыстарын көбірек жүргізу өте тиімді 

болмақ. 


Тіл  дамыту  -  сөзбен  жұмыс.  Әр  оқушы  сөздің  мәнін  түсініп,  орынды 

пайдалана алса, сөздік қоры молаяды. 

«Қазақ  әдебиетін  тереңдетіп  оқытудың  инновациялық  әдістемесі  мен 

технологиясы»  атты  әдістемелік  құралында  Қ.О.Бітібаева  оқушыларды  тіл 

мәдениетіне,  ауызша  және  жазбаша  тіл  шеберлігіне  баулу,  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыру жолдарын нақты көрсетеді. 

Ал,  пәнаралық  байланысты  оқушының  сөздік  қорын  молайтудың  бір 

жолы  ретінде  А.К.Жанәбілова  өзінің  «Технология  талаптары  тіл  дамыту 

үрдісінде»  атты  әдістемелік  құралында  дәлелдейді.  Пәнаралақ  байланысқа 

негізделген шығармашылық жұмыстардың  тиімділігін  саралап береді. Мұндай 

жұмыстардың  оқушы  дарынын,  қабілетін,  шығармашылық  ізденістерін  де 

дамытуға ықпал ететінін назарға алады. Шығарма түрлері арқылы тіл дамыту, 

пікір  жаздыру  арқылы  тіл  дамыту,  пікір  -  толғау  жаздыру  технологиялары 

арқылы тіл дамытудың мақсатын, орындалатын жұмыс түрлерін атап айтады. 

Интерактивті  әдістер  арқылы  тіл  дамыту  жұмыстары  оның  ішінде  өнер 

жарысы,  рөльдік  ойындардың  маңыздылығын,  білімді  жинақтау,  пысықтау, 

қорытындылауға  байланысты  орындалатын  тапсырмалар  жүйесін  жүйелі 

береді.  Осы  әдістемелік  құралды  негізге  ала  отырып,  пән  мұғалімі  оқушының 

тілін  дамыту  үшін  айтқан  ойды  мысалдармен  дәлелдету,  сөздікпен  жұмыс, 

проблемалық  мәселелерге  жауап  бергізу,  шағын  шығармашылық  жұмыстарды 

орындату,  оқушының  бірін-бірі  сынауы,  өзіндік  пікір  білдіруі,  баяндама 

жасауы,  ғылыми  зерттеу  жазып  қорғауы  сияқты  алуан  түрін  жұмыс  түрлерін  

жүйелі жүргізуі керек. 

Қазақстан  Республикасындағы  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру 

Тұжырымдамасында:  «12  жылдық  білім  берудің  басты  мақсаты  -  өзінің  және 

қоғамның  мүддесінде  өзін-өзі  белсенді  етуге  дайын,  өзгермелі  даму  үстіндегі 

ортада  өмір  сүруге  бейім,  бәсекеге  қабілетті  және  құзыретті,  шығармашыл, 

білімді  тұлғаны  дамыту  және  қалыптастыру»  деп  көрсетілген.  Бұл 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттырудың  мақсатымен 

мазмұндас  келеді.  Оқушының  жеке  даралық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 

шығармашылық 

жұмыстарға 

жетелеу 

мұғалімнің 



функционалдық 

сауаттылықты арттырудағы негізгі міндеті деп қарастыруға болады. 

Шығармашылық  жұмыстар  арқылы  оқушының  тілін  дамытып, 

коммуникативтік  құзыреттілігін  арттыру-  тілі  дамыған,  өзіндік  ізденісі  бар, 

ойын еркін жеткізе алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру деген сөз. 


494 

 

Оқушының ақпараттарды сыни тұрғыда талдап, өз мүмкіндігінше өңдеп, 



жүзеге  асыра  алуы  -  ақпараттық  құзыреттілігінің  дамуы  болса,  ауызша, 

жазбаша  тілде  сөзді  орынды  қолдана  алып,  пікірін  нақты  білдірсе,  сөйлеу 

нормаларын  сақтаса,  сөз  дұрыстығын  ескере  алса,  коммуникативтік 

құзыреттілігінің  қалыптасқандығын  көрсетеді.  Осындай  нәтижеге  жетудің 

басты  мақсаты  -  оқушының  ақпараттық  -  коммуникативтік  құзыреттілігін 

қалыптастыру. 

Оқушы құзыреттілігін  қалай қалыптастыруға болады? 

-оқушылардың білімді өзі алуына жағдай жасау; 

-әдіс-тәсілдер мен тапсырмалардың тиімді түрлерін қолдану; 

-пәнаралық байланысты нығайту; 

-қосымша  материалдар  табуға,  өңдеуге,  жүйелеуге,  қолдануға  нұсқау 

беру; 


-сабақта ауызша және жазбаша жұмыстарды орындауына көңіл бөлу; 

-топтық, жұптық жұмыс түрлерін қолдану; 

- ақпараттық , интерактивтік технологияларды пайдалану

-оқу мазмұнын өмірмен байланыстыра алуына көңіл бөлу; 

- оқушыны зерттеумен, жоба қорғау жұмысымен айналыстыру

-қосымша  ақпараттар  қоржынын,  қосымша  материалдар  қоржынын, 

портфолио дайындату; 

-қоғамдық , сыныптан тыс жұмыстарға қатыстыру; 

-ата-анамен үздіксіз байланыс жасап отыру; 

- оқушының жасаған жұмысына өзіндік бағасын бергізіп отыру;  

-  кез  келген  сабақта  оқушының    өзінің  айтар  ойын,  ойлы  да,  көркем 

жеткізе алуына дағдыландыру қажет. 

Профессор М.Балақаев: «Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, 

ширау,  даму  дәрежесі»  -  деген  түсінік  береді.  Сондай-ақ:  “Тіл  дамыту  ой 

дамытумен  тығыз  байланысты  болады.  Оқушылардың  ауызекі  тілін  дамыту 

үшін  ең  алдымен  олардың  сөздік  қорын  байыту  керек,  екіншіден,  әдеби 

сөйлеудің  нормасын,  сөйлемдерді  дұрыс  құрауды  үйрету  қажет.  Үшіншіден, 

ойларын  байланыстырып  айтып  беру  дағдылары  мен  шеберлігіне  назар 

аударған жөн” дегенді айтады. 

Әдіскер-ғалымдар  С.Рахметова,  С.Тілешова,  Ә.Жүнісбековтер  тіл 

дамытудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынады. 

Ұстаздық  еткен  тәжірибемде  оқушылардың  жан-жақтан  жиналуы,  әр 

түрлі  ортада  білім  алуы,  сөздік  қорының  аздығы,  интернат  жағдайында 

уақыттың  жеткіліксіздігінен  туындаған  мәселелерді  шешуде  тіл  дамыту 

жұмысының  орны  ерекше  екенін  білдім.  Тіл  дамыту  жұмысы  арқылы 

оқушылардың  ақпараттық-коммуниктивтік  құзіреттілігін  қалыптастыруды 

мақсат  етіп  алдым.  Пәнаралық  байланысқа  негізделген  шығармашылық 

тапсырмалар  жүйесін  жасауда  мынадай  мәселелерге  ерекше  көңіл  бөлу 

керектігін назарға алдым: 

- оқушылардың танымдық қызығушылығын туғызуға түрткі жасау 

- мониторинг жүйесіне жүгіну 


495 

 

- диагностика мен болжауға сүйену 



- даралап, деңгейлеп, саралап оқытуды басшылыққа алу 

- оқушы мүмкіндігін ескеру 

Әр  сөздің  сырына  үңілу  арқылы  оқушы  оны  түсіне  алады,  талдайды, 

қолданады,  жинақтайды,  яғни,  өзінше  жаңалық  ашады,  жүйелілікке, 

жинақылыққа талпынады. 

Бүгінгі таңда оқушылардың сөйлеу тілінің жұтаңдап бара жатқаны үлкен 

мәселеге  айналып  отыр.  Сол  мәселені  шешудің  тиімді  бір  жолы  болып 

табылатын тіл дамыту жұмысын күнделікті  әр сабақта жүргізудің маңызы зор. 

Қазақ  тілін  тарих,  география,  биология  пәндерімен    байланыстырып 

отыру  да  тіл  дамытудың  тиімділігін  арттырады.  Осы  жағдайда  оқушы  білімі 

тереңдеп,  сөздің  мағынасын  дұрыс  түсініп,  сөйлеу  тілінің  байитыны  сөзсіз. 

Қазақ тілі оқулығындағы түсінуге қиындық туғызатын, әсіресе, диалект, кәсіби, 

көнерген,  термин  сөздерді  сол  сөзге  лайықты    пәнмен  байланыстыра  отырып 

түсіндіру немесе сол сөздің мағынасын сөздіктен қарауды, ақпараттық құралдар 

көмегімен  анықтап  келуді  өздеріне  тапсырған  дұрыс.  Омонимін,  синонимін, 

антонимін  тапқызу  да  орынды.  Сөзден  сөз  тіркесін  жасатып,  сөйлем  құратып, 

өлең  жазғызып,  сөзжұмбақ  жасатып  т.б.  шығармашылық  жұмысқа  жетелесе, 

көркем  әдебиеттен  баламасын  тапқызса,  баланың  тілінің  дамуымен  қатар 

көркем шығарманы оқуға да ықыласы артады. Мысалы, «Осы сөздің тіліміздегі 

мәні  қандай?»  деп  ойын  сұрасаңыз,  қазақ  тілінің  тілдік  мәселелеріне  де  шолу 

жасайды. 

Тіл  дамыту  жұмыстарында  оқушылардың  сөздің  мағынасын  дұрыс 

түсінуі  үшін  орфографиялық,  синонимдік,  антонимдік,  этимологиялық, 

түсіндірмелі сөздіктерді пайдаланудың жолдарын үйреткен дұрыс. 

Оқушының  сөйлеу  тілін  жетілдіруде,өз  ойын  дұрыс  жеткізуіне,  өзіндік 

пікірін  білдіруіне,  өз  көзқарасын  дәлелдеуіне  ықпал  ету  үшін  жаңа 

технологиямен оқытудың тиімді жолдарын да қарастырған жөн. 

Қорыта келгенде, Ұлы Абай айтқандай: «Мақсатым  - тіл ұстартып, өнер 

шашпақ».  Тіл  дамыту  -  білімнің  де,  өнердің  де  қайнар  көзі,  шамшырағы.  Тіл 

дамыту  арқылы  коммуникативтік  -  ақпараттық  құзыреттілігі  қалыптасқан 

оқушы: 

-ақпаратты өздігінен табады, өңдейді 



-дәйектеме жасап, негіздейді, қолданады 

-кез келген ортада ауызша, жазбаша қарым-қатынасқа түсе алады 

-көпшілік алдында шешен сөйлейтін болады. 

-функционалдық сауаттылығы артады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Балақаев М. «Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту». 

2. Жанәбілова А.К. «Технология талаптары тіл дамыту үрдісінде». 

3. «Қазақстан  Республикасындағы  12  жылдық  жалпы  орта  білім  беру 

Тұжырымдамасы» Астана. 



496 

 

4. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-



2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жопарын бекіту туралы қаулы, 

Астана, 2012 жылығы 25 маусым. 

5. Қ.О.Бітібаева  «Қазақ  әдебиетін  тереңдетіп  оқытудың  инновациялық 

әдістемесі мен технологиясы», «Дәуір-Кітап», а-ты, 2012. 

6. Н.А.Назарбаев.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 

дамуының басты бағыты. // Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж. 

7. Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

 

 



Мадина Онгаровна Садибекова 

«Өрлеу» БАҰО» АҚ Жамбыл облысы бойынша  

педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 

«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш оқыту»  

кафедрасының аға оқытушысы 

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН 



ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ОҚУ 

ҮРДІСІНДЕГІ МАҢЫЗЫ 

 

Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Болашақ-білімді  ұрпақтың  қолында» 

демекші,  еліміздегі  білім  беруді  дамыту  саласында  жалпы  орта  білім  берудің 

жаңа  сапасына  қол  жеткізуде  мектептегі  оқытудың  мақсатын  және  білім 

берудің  жоспарланған  нәтижелерін  қайта  қарауды  талап  етеді.  Бүгінгі  күні 

инновациялық  әдістермен  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  қолдану 

арқылыоқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ақпараттық  технологиялар 

негізінде  ізденушілігін  дамытып,  құзіреттіілігін  қалыптастыру,  тарихи 

шындықты ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау ең 

негізгі  мақсат  болып  айқындалады.Қазіргі  таңда  педагог  мамандар  қазіргі 

заманғы  озық  педагогикалық  технологяларды  меңгеріп,  оны  оқу-тәрбие 

үрдісінде тиімді қолданып, алдындағы шәкірттерін білімді, әрі жан-дақты тұлға 

етіп  дамыту  үшін  қандай  педагогикалық  технологияны  пайдалануы  керек 

екенін  анықтап  алуы  тиіс.Бұл  технологиялар  өз  кезегінде  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  арттыруды оқыту  процесін барынша  тиімді  әрі 

қонымды етіп ұйымдастыруды көзделеді. Яғни оқушыларға білімді жеңіл әдіс-

тәсілдермен меңгерте білу деген сөз.Сондай технологиялардың бірі - деңгейлеп 

оқыту  технологиясы.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясы  бойынша  оқушылардың 

білімді  өздігінен  саналы  түрде  меңгеруіне  ерекше  мән  берілген.  Оқу  іс-

әрекетінің  негізгі  түрі  оқушылардың  өздігінен  орындайтын  жұмысы  болып 

табылады. 

Өзіндік  жұмыс-оқушылар  білімін  жетілдірудің  қайнар  көзі,  олардың 

рухани бай жеке тұлға болып қалыптасуының негізгі бір шарты.Өзіндік жұмыс 

барысында  оқушылардың  сауаттылығы  барынша  айқындалады.Ал,  деңгейлеп 



497 

 

оқыту  технологиясын  жаңаша  өзгерген  мақсатпен  оқушылардың  өздігінен 



танып,  іздену  іс-әрекеттерін  меңгертуді  талап  ететіні  сөзсіз.  Осы  технология 

бойынша  бірінші  орында  оқушы  тұрады  және  өз  бетімен  білім  алудағы 

белсенділігіне оның назарын аударады. 

Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: 

-әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне 

-оқытуды әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау. 

Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше 

жұмыс жасай алатындығында, сонымен бірге қазіргі жаңа технологиямен оқыту 

барысында  компьютерлер  меноларды  басқарушы  алгоритмдер  біздің 

қоғамымыздың  маңызды  бөлігіне  айналды.  Себебі,  бүгінгі  тандаңғы  жаңадан 

шығып жатқан электронды оқулықтар оқушыларды жаңаша оқытуды, жаңа оқу 

әдістерін жаңа мазмұнды қажет етеді. 

Оқытудың  жаңа  технологияларының  бірі  мектептерде  қазақ  тілі  мен 

математика пәндерінде деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту болып табылады. 

Деңгейлеп  оқыту  технологиясы  негізінде  құрылған  сабақта  оқушы  өз 

бетімен  ойлана  жұмыс  істейді,  ал  мұғалім  ізденіс-таным  процесін 

ұйымдастырушы рөлін атқарады. 

Оқушыларды денгейге бөліп оқытуға болама, оның қандай тиімділігі бар, 

деңгейге  бөліп  оқытудың  өзіндік  ерекшелігі  қандай,  жеке  тұлға  тәрбиелеуде 

қандай  көмегі  бар  деген  сұрақтарға  тоқталсақ,  деңгейге  бөліп    оқыту  кезінде 

оқушылардың тәжірибелік теориялық дайындығын, оқуға деген ынтасын, дара 

қасиетін,  әлеуметтік  психологиялық  танымын,  сұранымын  ескеру  талап 

етіледі.Оқушылардың шығармашылығын арттыруда деңгейлік тапсырмалардың 

маңызы бар. 

Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар өтілген 

ережелер  бойынша  қайталау,  пысықтау,  бекіту  жұмыстарына  арналған  тілдік, 

грамматикалық  жұмыстар  жүйесі.  Деңгейлік  тапсырмалар  құрамына  мәтіндер, 

сөзжұмбақ,  қызықты  грамматика,  тестік  сұрақтар,  іскерлік  ойындар  мен 

тренингтер  жүйесі  қамтылады.  Бұлар  оқытудың  деңгейіне  сәйкес  оқушыны 

саралап  оқытуға  ыңғайлы,  әрі  оқу  бағдарламасы  бойынша  оқушының  жас 

ерекшелігі  мен  білім  деңгейіне  сай  құрылып,  оқулыққа  қосымша 

пайдалануғаберіледі. 

Оқушыны  деңгейге  бөліп  оқыту  үшін  сабақ  жаңаша  жоспарланады. 

Оқушыларға  деңгейлік  тапсырма  беру  арқылы  сан  түрлі  жұмыс  жүргізіледі. 

Оқушының  алған  білімін  жүзеге  асыра  алатындығы  тексеріледі.  Өз  бетімен 

жұмысты  орындауға  бейімділігі  бақылауға  алынады.  Қорытындысында 

деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  жұмыс  жасаудың  тиімділігі  байқалады. 

Оқушының  белсенділігі  мен  іскерлігі  артып,  шығармашыллыққа  ұмтылады. 

Деңгейлеп оқыту барысында біліктілікке жетеді. 

Деңгейлік тапсырмалар: 



Бірінші деңгей білімнің минималдық шегі. Мемлекеттік талабына сәйкес 

бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. 

Сынып  бағдарламасына  сәйкес  лексикалық  тақырыптар  мен  грамматикалық 


498 

 

тапсырмалар, тілдік ережелер, жазба жұмыстарын орныдайды.Мәтінмен жұмыс 



жасайды. 

Екінші  деңгей  тапсырмаларды  түрленіп,  күрделене  түседі,  сынып 

бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы 

өз  бетімен  керегінше  қызмет  етеді.  Оқу  мотивтері  қанағаттанарлық  дәрежеде. 

Ықыласы  жоғары.  Оқушының  қабылдауы,  жазба  жұмыстарын  орныдау 

көрсеткіштекрі міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады. 

Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын 

көрінуімен, логикалық ойлау дәрежесіннің жоғары болуымен , өз жеке басының 

белсенділігімен,  ісіне  талдау  жасай  білуімен,  білімді  жаңа  жағдайға 

пайдаланумен  сиппатталавды.  Оқушы  талдау,  салыстыру  жұмыстарын 

жүргізеді.  Танымдық-іздену(эвристикалық)  түрдегі  жұмыстарды  ізденіп  өз 

бетімен орындайды. 



Төртінші  деңгей дарынды, іздемпаз,  қабілеті жоғары,  талапты  балаларға 

арналады.  Ондай  оқушыларға  мұғалім  тек  тақырыбын  ғана  береді,  оқушының 

өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді. Нәтижесіне жетеді, жазба жұмыстарын өз 

бетіәнше орындайды. 

Бұл  технолдогиядан  біріншіден, дамыта  оқыту  идеясынг  жүзеге  асыруға 

мүмкіндік береді, өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен еске  сақтауын, 

ынтасын,  белсенділігін,  білім  сапасының  дамуына  көмектеседі.  Әр  оқушының 

кемінде мемлекеттік деңгей алуына кепілдік береді. 

Денгейлеп оқытудың тиімді жақтары: 

-әр оқушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады

-оқушының жеке қабілеті айқындалады; 

-іштей бір-бірінен қалмауға тырысады; 

-тапсырманың  күрделену  деңгейіне  сәйкес  оқушының  ойлау    қабілеті 

артады; 


-әр бала өз деңгейіне, қабілетіне қарай бағаланады

-әр оқушының функционалдық қабілеттерін ашуға мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясы сынып ішіндегі дарынды 

оқушыларды  анықтауға  көмектеседі.Оқушының  өз  бетінше  деңгейлік 

тапсырмаларды орындауына қарай сынып білімінің қаншалықты төмен немесе 

жоғары  екендігін  білуге  болады.деңгейлеп  оқыту  технологиясы  оқушылардың 

өз  білімін  жаңа  әдіспен    бағалауға  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  білім  мен 

ғылымға  деген  құштарлығы  артады.  Яғни,  деңгейлеп  оқытьу  технологиясы 

нәтижесінде  оқушылар  оқу  жұмысындағы  жеткен  жетістіктерімен  жіберген 

кемшіліктері туралы біліп, өз еңбектеріне талдау жасайды. 

Денгейлеп  оқыту  технологиясының  тәрбиелік  мәні  зор.  Деңгейлік 

тапсырмалар орныдау барысында оқушылардың ақыл - ой, еңбек, адамгершілік, 

ұйымшылдық,  эстетикалық  тәрбиесі  қалыптасып  отырады.  Мұндағы 

тапсырмалардың құрылысымен қатар оның мағынасы да әр оқушыға әсер етеді. 

Оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңа  педагогикалық  технологияларды  пайдалану 

сөзсіз.  Білім  сапасының  артуына  алып  келеді,  сондықтан  жаңа  технологияны 

әрбір ұстаздың сабақта қолдануы өмір талабы. 


499 

 

Деңгейлеп  оқыту  технологиясындағы  тапсырмалар  негізінен  жеңілден 



күрделіге  қарай  құрылады.  Тапсырмалар  мазмұны  күрделінген  сайын 

оқушылардың 

қызығушылықтары 

артып, 


еңбектене 

түседі. 


Сондай 

еңбектенудің  арқасында  оқушылар  өз  білімдерін  шыңдай  түседі  және  тиісті 

бағалармен бағаланады [1,6-7 Б.]. 

Сонымен  қатар,  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы 

мектептегі  сабақтарды  жаңаша  ұйымдастыру,  мұғалімнің  рөлі  мен  қызметінің 

артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми педагогикалық және психологиялық 

зерттеулерге  сүйене  отырып,  оқушылардың    құзіреттілігін  қалыптастыру, 

ақпараттық  технологиялар    мен  инновациялық  оқыту  әдістері  арқылы 

оқушыларды 

ізгілікке, 

елжандылыққа, 

саналыққа, 

адамгершілікке, 

имандылыққа,  еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.  Әбу-Насыр  Әл  Фараби  ғұлама 

бабамыз:  «Адамға  білімнен  бұрын  тәрбие  керек,  тәрбиесіз  берілген  білім 

адамзаттың  қас  жауы»,-  дейді.    «Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»,  -  деген, 

бүгінгі  тәуелсіз  мемлекетіміздің  ертеңі  біз  тәрбиелеп  отырған  жас  ұрпақтың 

меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. 

Жастардың  бойындағы  ынта  мен  ерік,  жігерді  ары  қарай  ұштай  білу  әр 

ұстаздың  алдында  тұрған  үлкен  міндеті,  оны  атқару  барысында  ұстаздың 

алдында  тұрған  үлкен  міндеті,  оны  атқару  барысында  ұстаз  балалардың 

танымдық 

оқу 

іс-әрекетін 



инновациялық 

әдістерді, 

ақпараттық 

технологияларды  қолдану  арқылы  сауатты  ұйымдастыра,  басқара  білуі  тиіс. 

Оқушылардың  танымдық  көзқарасын  байыту,  ақыл-ой  қабілетін  жетілдіру, 

өзіндік  ойлау  және  өмірлік  ұстанымын  қалыптастыру  мұғалімнің  шеберлігіне, 

шығармашылық қабілетіне байланысты. 

Бүгінгі  күні  республикамызда  білім  беру  жүйесінің  түбегейлі  өзгеріске  

ұшырауы  анықталғаны  баршамызға  аян.  Оның  негізгі  факторы  жаһандану 

үрдісіндегі білім беру саласында жаңа модельдердің дүниеге келуі, білім беру 

үрдісінің  ақпараттандыруы  болып  табылады.  Прогрессивті  концепциялардың 

пайда  болуы,  білім  беру  үрдісінде  алға  кеткен  мемлекеттердің  тәжірибесімен 

танысу  және  соның  нәтижесінде ұлттық  білім беру  моделін  құрастыру  бүгінгі 

күні өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген 

мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды [2,13-14 б.]. 

Қоғамның  білім  беруге  қоятын  талабы  мен  соған  байланысты  берілетін 

білім  сапасының  мәніне  тәуелсіз  бақылау  мен  бағалау  барлық  уақытта  өзекті 

болып  келеді.  Осыған  орай,  білім  беру  нәтижелерінің  сапасын  өлшеу  ретіне 

қатысты  зерттеу  жұмыстары  да  аз  емес.  Зерттеу  жұмысы  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  ашуда  маңызы  зор.  Мысалы,  И.  Фрумен  өз 

еңбегінде білім сапасын бағалау мәселесін егжейлі-тегжейлі қарастыра отырып 

білім  жүйесі  жұмыстары  нәтижесінің  сапасын  өлшеудің  мақсатын,  формасын 

және  ретін  ашып көрсетеді.  Оның  «білім  сапасын бағалау  үшін оқушылардың 

оқу  жетістіктерін  бағалау  мен  олардың  белгіленген  стандартқа  сәйкестілігі 

қолданылады»  деген  маңызды  пікірі  бар.  Шындығында,  білім  сапасы 

оқушылардың  оқу  жетістіктерін  бағалау  арқылы  белгіленеді.  «Оқушы 

жетістіктері»  ұғымы  білімнің  құндылығы  мен  мақсатына  және  оның 


500 

 

мазмұнымен өзара байланысты. Сондықтан нәтижеге  бағдарланған білім беру 



жаағдайында берілетін орта, жалпы білімнің мақсаты базалық компетенциялар 

түрінде, білім салаларының жалпы мақсаты түйінді компетенттіліктер түрінде, 

ал  әрбір  пәнді  оқыту  мақсаты  пәндік  компетенттіліктер  түрінде 

тұжырымдалады. Мұндағы компетенция  – субъектінің өмірде кездесетін түрлі 

мәселелік жағдаятта қандай әрекетті қолдану керектігін анықтай алуы және оны 

іске асыру жолында меңгерген білімі мен білігін ұштастыра алу қабілеті. Олай 

болса,  компетенттілік  баланың  өзінің  түрлі  өмір  жағдайларында  алған  білімін 

ұтымды 


қолдануының 

нәтижесі 

болып 

саналады. 



Әрекеттен 

тыс 


компетенцияның  қалыптасуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  мектепте  білім  беруде 

күтілетін  нәтижелер  ретіндегі  оқушылардың  оқу  жетістіктерін  анықтауда 

балалардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін  іс-әрекеттер  таңдап  алынуы 

тиіс [3.2 б.]. 

Еліміздің  болашағы  бүгінгі  мектеп  қабырғасындағы  білімді  ұрпақтың 

қолында  екендігі  сөзсіз.  Қорыта  келе,  Елбасының  «Әлеуметтік-экономикалық 

жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Жолдауындағы 

оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында құрылған бес 

жылдық  Ұлттық  жоспардың  дер  кезінде  көтерілгендігін  құптаумен  қатар,  бұл 

функционалдық  сауаттылық  мәселесінің  алаш  арыстарының  да  ой-

тұжырымдарынан  қағыс  қалмағандығын  жұртшылық  назарына  ұсыну  болды. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  оқушының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

мұғалімнің шеберлігінде. 

Сондықтан  да  функционалдық  сауаттылыққа  байланысты  жүргізілетін 

жұмыстар  ұлт  болашағы,  оның  сауатты,  білімді,  рухани  дүниесі  бай,  бәсекеге 

қабілетті  тұлға  тәрбиелеудегі  педагогикалық  көзқарастары  үнемі  басшылыққа 

алуынуы қажет.

 

 



Библиографиялық сілтемелер 

1. Нұртазаева  Н.  Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  оқушылардың  дара 

қасиетін  дамытудағы  педагогикалық  ерекшеліктері//Бастауыш  мектеп-№4, 

2010ж. 


2. Педагогикалық мәселелер №4 2010. 

3. Фрумин  И.  Образовательная  политика  как  новое  поле  исследований  и 

дискуссий. 

4. Сб. Образовательная политика: практика анализа. М., 2002. 

5. Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары. 

6. Н.А.Назарбаев.  Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан 

дамуының басты бағыты.//Ана тілі газеті. № 5, 2-8 ақпан, 2012 ж. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет