Непрерывного педагогического образования, рассмотрены вопросы роста


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ



Pdf көрінісі
бет66/68
Дата01.01.2017
өлшемі8,45 Mb.
#944
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ МІНДЕТТЕРІН ІСКЕ 

АСЫРУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ 

 

Мен  2014  жылдың  қаңтар  айында  Ақтау  қаласында  «Қазақстанда 



инклюзивті білім беру»тақырыбында облыстық семинарға және маусым айында  

Алматы  қаласында  "Психикалық  дамуы  тежелген  бастауыш  сынып 

оқушыларын  түзете-дамыта  оқытудың  мазмұны  мен  ұйымдастырылуы" 

тақырыбында 

курсқа 

қатыстым.Курста 



инклюзивті 

білім 


берудің 

638 

 

әдістері,субьектілері,  нормативті-құқықтық  базасы,міндеттерді  іске  асырудың 



технологиялық  мүмкіндіктері,жүзеге  асыру  шарттары  туралы  мол  мағлұмат 

алдым. 


 

Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесінде  даму  мүмкіндігі  шектеулі  балаларға 

айрықша  орын  бөлінген.  Бұл  балаларға  қатысты  біздің  алдымызда  тұрған 

негізгі  міндет  –  олардың  әлеуметтік  ортаға  бейімделуіне,  қоғамдағы 

толыққанды  өмірге  дайындалуына  жағдай  жасау  және  көмек  көрсету. 

Инклюзивті  білім  беруді  қолдау  бағытында  жалпы  білім  беретін  мектептерде 

белгілі  себептермен  ақыл  -  ой  дамуында  ауытқуы  бар  немесе  психикалық 

дамуы  тежелген  оқушылар  білім  алуда.  Әр  оқушының  эмоционалдық  және 

психикалық  таным   процестерінің  дамуы  деңгейі  әртүрлі  болғандықтан  білім 

алуда  өз  ерекшеліктері  бар.Десек  те,   қазіргі  таңда   әр  оқушыға  жеке  тұлға 

ретінде қарап, саналы тәрбие  сапалы білім беру өмір талабы болып табылады. 

Бүгінде еліміздің барлық аймағында мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді 

қолдау  негізінде  жалпы  білім  беретін  мектептерде  түзете-дамыта  оқыту 

сыныптары  біртіндеп   ашылып  жатыр. Бұл  сыныптың  мақсаты:  әр  сыныптағы 

мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды  бір  сыныпқа  топтастырып,  әр  оқушыға 

жекелеп  сыныбы  мен  оқу  бағдарламасына  сай  білім  беру.  Бұл  сынып 

ашылғанымен  өз  алдына  үлкен  қиыншылықтары  бар.  Себебі:  бұл  сыныпқа 

кей   мектептерде  әртүрлі  сыныптан  жиналған  оқушылар  оқиды.Екіншіден, 

олардың  жас  ерекшелігі  әртүрлі  болғандықтан  әр  сыныпқа  өзінің  сыныбына 

сәйкес білім берілу керек. Үшіншіден, білім беру бағдарламасының әртүрлілігі. 

Төртіншіден,  мұндай  сыныпқа  сабақ  беретін  пән  мұғалімдерінің  арнайы 

педагогикалық  білім  көлемінің  аздығы.Осының  нәтижесінде  балаларды 

оқытудың бірінші сатысынан-ақ қиыншылықтарға тап болады. 

Инклюзивті 

білім берудің 

мақсаты: даму 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балаларға қалыпты  балалармен  бірге білім  беру,яғни,сау  балалармен  бірге 

жалпы  білім  беру  мектептерде  немесе  арнайы  құрастырған  топтарда, 

сыныптарда  дамуда  мүмкіндіктері  шектеулі  балаларды  оқыту,адамның 

жынысына,дініне,шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім 

беру  жүйесі  болып  табылады.Инклюзивті  оқыту  мүмкіндігі  шектеулі  баланың 

жалпы  білім  беретін  ортада  әлеуметтенуі  мен  оның  дамуына  және  оқыту 

процесінде  баланың  жетістіктерге  жетуіне  мүмкіндік  туғызады

.

Инклюзивті 



білім  беру-жалпы  білім  беретін  мектепте  мүмкіндігі  шектеулі  оқушыларды 

бірлесіп  (интеграциялы  түрде)  оқуын  ұйымдастыру   боп  табылады.Кемтар 

балалардың ата-аналары көмекші не арнайы мектептерге, арнайы интернаттарға 

немесе  балабақшаға  баласын  бергісі  келмесе  жалпы  балалар  оқитын 

мектептерге  ПМПК-ның  ұсынысы  бойынша  жеңілдетілген  бағдарлама 

бойынша  оқытуға  толық  құқылы.  Жалпы  білім  беретін  мектептер, 

балалабақашалар  ПМПК-ның  қорытындысы  бойынша  көрсетілген  баланың 

деңгейіне қарай жеңіл бағдарламамен білім беруге тәрбиешілермен мұғалімдер 

инклюзивті білім беруге дайын болғаны жөн.  


639 

 

Мемлекетіміз  алғашқы  қадам  жасай  отырып,  Мемлекетік  білім  беруді 



дамытудың  2010-2020  жылдарға  арналған  бағдарламасына  бірінші  рет 

инклюзивті білім беруді дамытуды қосқан болатын.  

Бүгінгі  таңда  іс-тәжірибе  көрсетіп  отырғандай,  елімізге  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  білім  берудің  ұлттық  бағдарламасын  жасау  қажет. 

Қазақстанда 

мүмкіндігі 

шектеулі 

балалар 


арнайы 

мекемелерде 

оқытылатындықтан,  олар  өзге  балалардан  бөлектенген.Бұл  мекемелерде 

көбінесе медициналық әдістемелер қолданылады. Қазақстанда қазір оларда бір 

жағынан  кемістік  болғанымен,  екінші  жағынан  олардың  да  дені  сау  екендігін 

түсіндіріп, оларды дені сау балалармен қатар, жалпы ортаға бейімдеу керек. Тек 

олардың  сырқаты  мен  өзгешеліктерін  ескере  отырып,  жай  мектептің  оқу 

бағдарламасына  кіріктірген  жөн.Ол  үшін  мемлекеттік  деңгейде  стратегиялық 

реформа жүргізу керек. 

Білім  берудің  бұл  түрінде  мүмкіндігі  шектеулі  баланың  өз-өзіне  сенімі 

артады,  ол  маңайындағылар  тарапынан  өзіне  қолдау  бар  екенін  сезінеді,бұл 

баланың  өзін-өзі  бағалай  білуіне,  қоршаған  ортасына  сүйіспеншілікпен 

қарауына,өзін қоғамның толыққанды мүшесі сезуіне жол ашады.Оқытудың бұл 

түрі  арқылы  мүмкіндігі  шектеулі  бала  өз  қабілетіне  сай  ,  ата-  анасынан 

алшақтамай,яғни арнайы мектеп – интернаттарда тұрып оқуға мәжбүр болмай, 

тұрғылықты  жерде  білім  алып,  қоғаммен  біте  қайнасып,  әлеуметтік  жағынан 

бейімделеді.Ата–анасы  да  баласының  дамуы  мен  тәрбиесіне  белсене 

қатысып,жеткіншек алдында жауапкершіліктері артады.  

          Инклюзивті оқыту - мүмкіндігі шектеулі  балаларға мектепке дейінгі оқу 

орындарында,  мектепте  және  мектеп  өміріне  белсене  қатысуға  мүмкіндік 

береді,олардың  оқуда  жетістікке  жетуге  ықпал  етіп,  жақсы  өмір  сүру 

мүмкіншілігін  қалыптастырады,адам  құқығы  туралы  білім  алуға  мүмкіншілік 

алады,өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге үйренеді. 

          Кемтар  балалардың  ата-анасы  көмекші  не  арнайы  мектептер  мен  мектеп 

интернаттарға, 

психологиялық-педагогикалық 

түзеу 

кабинеттері 



мен 

сыныптарға  балаларын  бергісі  келмесе  жалпы  балалар  оқитын  мектептерге 

психологиялық-медициналық-педагогикалық    кеңесінің  ұсынысы  бойынша 

жеңілдетілген бағдарламамен оқытуға  толық  құқылары бар.  Жалпы  мектептер 

мен  балабақшалар  психологиялық-медициналық-педагогикалық    кеңесінің 

қорытындысы 

бойынша 

көрсетілген,яғни,баланың 

деңгейіне 

қарай 


жеңілдетілген  бағдарламамен  кемтар  балаларды  тәрбиелеуге  және  инклюзивті 

оқытуға  дайын  болғандары  жөн.  Бірақ  кейінгі  кезде  жалпы  инклюзивті  білім 

беру  тұрғысында  кейбір  түйткілді  мәселелер  бар  екенін  жасыруға  болмайды. 

Солардың  бірі  –  осы  бағытта  оқытатын  педагогтардың  жетіспеушілігі. 

Екіншіден,  мүгедек  балалардың  барлығын  бірден  партаға  отырғызып,  оқытып 

кетудің  мүмкін  еместігі.  Үшіншіден,  оқытқанның  өзінде  көпшілік  ата-аналар 

тарапынан кеңінен қолдау таппай отырғандығы. Өйткені, «неге менің  дені сау 

балам мүгедек баламен сыныптас болуы керек?» деген теріс көзқарастың да бой 

көрсетіп қалатындығы. Бұл – қате түсінік. Неге десеңіз, ол бала мүгедек болға-

нымен,  бас  еркі  өзіндегі  азамат.  Қайда,  қай  мектепте  оқимын  десе  де  хақы 



640 

 

бар.Оларды  ата-аналары  көмекші  не  арнаулы  мектептер  мен  мектеп 



интернаттарға, 

психологиялық-педагогикалық 

түзеу 

кабинеттері 



мен 

сыныптарға бергісі келмесе, жалпы балалар оқитын мектептерге жеңілдетілген 

бағдарламамен  оқытуға  толық  құқылары  бар.  Сондықтан,  қазір  бұл  жүйе 

мектепке дейінгі мекемелерде де біртіндеп қолға алынуы тиісті. 

        Инклюзивті 

білім 


беру 

саласында 

әлеуметтік 

педагогтың, 

психологтың,дефектолог  маманның    ролі  ерекше.Бұл  саладағы  оқушылар 

ерекше 


назарда 

болады.Даму 

мүмкінділігі 

шектеулі 

балалардың 

кейбіреулерінде  өзіндік  қабілет,ерекшелік  бар.Мысалы:кейбіреулері  би 

билеуге,спортқа,сурет 

салуға 


қызығады,осындай 

қызығушылығы 

мол 

балаларды  әрі  қарай  дамыту  әлеуметтік  педагог  пен  әрбір  мұғалімнің  міндеті.  



Инклюзивті 

оқытуға 


жалпы 

мектептерде 

арнайы(психолог,әлеуметтік 

педагог,олигофренолог,логопед)мұғалімдер 

болмаған 

жағдайда, 

тәрбиешілерді,бастауыш  сыныптың  мұғалімдерін,әртүрлі  пән  мұғалімдерін 

мүмкіндігі шектелген, кемтар,мүгедек балаларды инклюзивті оқыту курстарына 

оқытып алулары керек. 

  

Қазіргі  таңда  Маңғыстау  облысының  Жаңаөзен  қаласындағы  даму 



мүмкінділігі  шектеулі  балаларға  арналған  Аймақтық  психологиялық-

медициналық-педагогикалық    концультация  мемлекеттік  мекемесінің  арнайы 

балабақшасында    мүмкіндігі  шектеулі  әртүрлі    категориядағы    59  бүлдіршін 

тәрбиеленсе,арнайы мектебінде 123 бала білім алуда. Ал қаладағы 21 мектепте 

оқитын  61  даму  мүмкінділігі  шектеулі  балалардың  46-сы  арнайы  сынып 

бағдарламасымен  үйде  оқыса,15-і  дені  сау  балалармен  қатар  мектепте 

оқиды.Біздің  қалада  инклюзивті  оқыту  саласы  әлі  жолға  қойылмаған.Бірақ  

жалпы  білім  беретін  орта  мектепте  оқитын  даму  мүмкінділігі  шектеулі  15 

оқушы  барлық  балалармен  бірдей  тең  дәрежеде  оқып  жүр.Олар  мектепте  тек 

білім  алып  қана  қоймай,  мектеп  өмірінде  болып  жатқан  қоғамдық 

жұмыстарға,түрлі байқаулар мен танымдық сайыстарға қатысуда. 

Даму  мүмкінділігі  шектеулі  балаларға    жалпы  білім  беретін  орта  мектепте 

инклюзивті  білім  беру  үшін  алдымен  төмендегі  жағдайларды  шешіп  алған 

дұрыс деп ойлаймын: 

-  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  өзгелермен  бірдей  білім  алуын  толық 

қамтамасыз 

ету 

үшін 


арнайы 

педагог(психолог,әлеуметтік 

педагог,сурдопедагог,тифлопедагог,логопед) мамандар қажет; 

- сабақтан тыс уақытта мүмкіндігі шектеулі балалармен жеке-дара жұмыс 

жүргізетін бос оқу бөлмелері болса; 

бұл 



топтағы 

балалармен 

сабақ 

барысында 



тренингтер,ойындар,жеке,топтық 

жұмыстар,сергіту 

сәттері 

жиі 


ұйымдастырылса; 

-  бұл  топтағы  балаларды  шығармашылыққа,яғни,сурет  салуға,қолөнер 

бұйымдарын жасауға,ән айтып,би билеуге,ақындық өнерге баулуға және түрлі 

сайыстар мен байқауларға қатыстыруға мамандар тарапынан қолдау көрсету; 

-  дені  сау  балалар  тарапынан  ауру  балаларға  дөрекі  қарым-

қатынас,немқұрайлылық болмауын мұғалімдер қатаң бақылауға алуы тиіс; 



641 

 

-  жай  және  арнайы  мектептерде  оқуға  мүмкіндігі  жоқ  балаларды 



қашықтықтан оқытуға жағдай жасау керек

мектепті  арнайы  қажетті  әдебиеттермен,көрнекілік-әдістемелік 



құралдармен,ақпараттық технологиялық құралдармен қамтамасыз ету қажет; 

- облыстық,қалалық пікір алмасу,тәжірибе бөлісу семинарларын,шеберлік 

сыныптарын жиі өткізіп тұру керек. 

      Мүмкіндіктері  шектеулі  балаларға  білім  мен  тәрбие  берудегі    сапалы 

нәтижеге  қол  жеткізудің  тиімді  жолдары-жаңа  технологияны  игеріп, 

компьютерді,электрондық  оқулықтарды,интерактивті  тақтаны  пайдалану, 

дидактикалық 

ойындарды 

ойнату. 

Компьютерді 

пайдалану 

арқылы 


оқушылардың    дидактикалық  мүмкіндіктерін  дамытуға,  логикалық  ойлау 

жүйесін  қалыптастыруға,  шығармашылық  еңбек  етуіне  жағдай  жасайды. 

Компьютерлік технология  терең және кешенді ауытқуы бар балалар үшін өзара 

іс-қимылды  қабілетті  қамтамасыз  етудің,  қоршаған  ортамен  қатынас 

жасаудың,баланы оқыту қызметін ынталандырудың таптырмас құралы. Оқыту 

құралдары ретінде компьютермен жұмыс істеу тәсілдері әртүрлі: топпен, жеке, 

сыныппен  болғаны  дұрыс.Электрондық  оқулықтарда  теориялық  тақырыптар 

кеңінен беріліп түсіндіріледі. 

          Баланың  даму  ерекшелігін  анықтайтын  тесттер  арқылы  ойының, 

қиялының,  зейінінің  тұрақтылығын  анықтап  алу  керек.  Ол  үшін  «Дөңгелек 

қию»,  «Лабиринт»,  «Танграм»,  «Көру  әдісі»,  «Есту  әдісі»  тәрізді  тесттерді 

қолданып,  баланың  шама-шарқын  анықтап  алады.  Сабақ  барысында  баланың 

тіл  мүкісін,  қолының  буындарының  қимылын,  саусақтарының  моторикасын 

дамыту  үшін қазіргі таңда қолданылатын «Сағат тілі», «Тостақшы», «Барабан» 

сияқты  көптеген  дамыту  жаттығуларын  пайдалануға  болады.  Ең  бастысы 

мүгедек балаларды сәби кезінен бастап анықтап, олардың ортаға бейімделуіне 

жағдай жасауымыз керек.Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын 

қамтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде оқуға мүмкіндігі жоқ балаларды 

қашықтықтан  оқытуға  жағдай  жасау  мемлекеттің  басты  мақсаттарының  бірі 

болып  табылады.  Осыған  орай  мәселелерді  шешу    жолында  әр  мұғалім 

бағдарламаға сай шағын электронды оқулықтар дайындап, үлгерімі төмен және 

мүмкіндігі  шектеулі  оқушылармен  жеке  жұмыс  түрлерін  жүргізгені  жөн.  Әр 

оқушының  үлгермеу  себебін  анықтап,  мүгедек  баланың  диагнозына  қарай 

жұмыс  жүргізсе,  оқушының  білімге  деген  құлшынысы  артып,  өзіндік 

дарындылығы айқындалады деп ойлаймын. 

  

Менің сыныбымда өткен оқу жылында осындай топқа жататын 2 оқушы 



оқыды.  1-сынып  болғандықтан      дидактикалық  ойындар  ойнату  арқылы 

олардың ойлау қабілетін дамытумызға болады. Ойын түрлеріне тоқталсақ: 

Ойын:«Бірдей пішіндерді сана». 

Мақсаты:  Пішіндерді  танып,  топтастыра  білуге  үйрету.  Ойлау  қабілетін,  қол 

қимылын жаттықтыру.  

Көрнекілік: Геометриялық пішінді суреттер. 

Барысы:  Әр  балаға  пішіндер  суреттері  бар,  суреттер  таратылып  беріледі. 

Суреттерден біркелкі пішіндерді санап атау керек. 



642 

 

Ойын: «Бос торларды сәйкес пішіндермен толтыр» 



 Мақсаты:  Геометриялық  пішіндерді  танып,  атай  білуге  үйрету.  Бос  торларды 

сәйкес пішіндермен толтырту.  

Көрнекілік: Әр балаға жеткілікті таратпа суреттер. 

 Барысы:  Балаларға  суреттер  таратылып  беріледі.  Суреттердегі  бос  торларды 

сәйкес пішіндермен толтырады. 

Ойын: «Қандай пішін жетіспейді».  

Мақсаты:  Геометриялық  пішіндерді  атай  білуге  үйрету.  Қай  пішін 

жетіспейтінін тапқызу.  

Көрнекілік: Геометриялық пішіндер (қораптан алу).  

Барысы:  Тақтаға  геометриялық  пішіндер  қойылады.  Балаларға  көздеріңді 

жұмыңдар  деп,  бір  пішінді  алып  қояды.  Балалар  қай  пішін  жетіспейтінін 

табады.         

       Сондай-ақ, инклюзивті білім берудің инновациялық жолдарын оның ішінде 

компютерлік  технология,  интерактивті  тақта  сияқты  білім  беруге  қажетті 

жаңа   ақпараттық  технологиямен  қаматамсыз  етілсе,  келешекте  мүмкіндігі 

шектеулі балаларға білім беру жүйесінде ешқандай кедергілер болмақ емес. 

      Жалпы  білім  беретін    мектептердің  жанынан  инклюзивті  сыныптарды 

ашудың  артықшылығы  -  онда  даму  мүмкінділігі  шектеулі  балалар  өздерін 

басқалардан  кемсінбей,  өзге  дені  сау  балалармен  тең  құқылы  екенін  сезінеді, 

үлкендермен,  достарымен,  ұстаздармен,  жалпы  айналамен  қарым-қатынасы 

жақсарады,  оқу  материалын  меңгерудегі  қиындықтарды  уақытында 

жеңіп,сапалы білімге қол жеткізеді. 

        Мен  курсқа  барып  келген  соң    кері  байланыс  есебінде  мектепте    осы  оқу 

жылында  мұғалімдер арасында «Инклюзивті білім беру міндеттерін іске асыру 

жолдары» тақырыбында  шеберлік сағатын өткізген болатынмын.Мұғалімдерге 

инклюзивті  білім берудің  мақсаттары,принциптері,технологиялары  жөнінде 

бейнероликтер,сызбалар,әдіс-тәсілдер арқылы түсінік бердім. 

                                Шеберлік сыныбы 



Тақырыбы 

 

Инклюзивті білім беру міндеттерін іске асыру жолдары 



Мақсаты  

 

-Мұғалімдерге  инклюзивті  білім беру  міндеттерін  іске  асыру  жөнінде 

 түсінік  беру. Ой  қозғау. 

-Топтық  

жұмыс 

 арқылы 


 мұғалімдер арасында  

ынтымақтастықты арттыру. 

 -Сыни тұрғыдан ойлауды пайдалану . 

Оқу  

нәтижелері 

 

  -   Мұғалімдер инклюзивті білім беру туралы түсінік алады.  

  - Сыни тұрғыдан ойланып, сұрақтарға жауап береді. 

 -   «Алты қалпақ» әдісін  игереді. 

-Топтық  жұмыс  арқылы  мұғалімдердің  ынтымақтастығы  артады. 

 

Түйінді  



идеялар 

Шеберлік  сабағында  инклюзивті  білім беру  міндеттерін  іске  асырудың  

технологиялық  жолдарын қарастыру. 


643 

 

Әдіс-тәсілдер 



 

СТО,  қорытынды  рефлексия,«Балық қаңқасы»стратегиясы. 



Негізгі  

ресурстары 

 

АКТ, карточкалар, маркер, плакаттар, бейнежазба «Инклюзивті 

білім 

беру» 


 

Сабақ  

барысы 

І. Ұйымдастыру   

1. Сыни тұрғыдан ойланып,  берілген карточкалардағы суреттер 

арқылы  топқа бөліну.   

2.Психологиялық тренинг «Жасырын хат.Ойлан,тап!» 

ІІ. Қызығушылығын ояту. Миға шабуыл  

Инклюзивті білім  деген не? 

Мұғалімдерге ойлануға мүмкіндік беру,пікірлерін тыңдау.  

ІІІ.Мағынаны ашу  

1.Фишбоун. «Балық қаңқасы»стратегиясы арқылы  инклюзивті білім беру 

міндеттерін іске асырудың  технологиялық  жолдарын көрсету. 

2.Сергіту сәті. 

3. 

  Эдвард 



 де Бононың «Алты қалпақ»  әдісі бойынша мұғалімдерге  

«Инклюзивті  білім беру  міндеттерін  іске  асырудың  жолдары  » 

тақырыбында тапсырма беру, қорғату.   

ІҮ. Ой толғаныс. 

 « 

Инклюзивті 



білім беру»туралы бейнежазба  

көрсетіп, 

топта ой бөлісу. Әр топтан бір мұғалім ой қорытады. 

V. Кері байланыс  жасау  

1.Жазбаша  рефлексия  алу    

2.Қорытындылау         

 

Дерек 

көздер  

мен  

пайдаланылға

н  

әдебиеттер: 

 

1.«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың  2011-2020 жылға 

арналған  Мемлекеттік бағдарламасы»  Астана, 2010 ж 

2.А.  А.  Байтұрсынова  «Арнайы  педагогика:  проблемалары  мен  даму 

болашағы» Алматы,  2008 ж 

3.Кемтар балаларды  әлеуметтік және медициналық  педагогикалық  түзету 

арқылы қолдау  туралы. ҚР 2002ж  №343 заңы 

4.  Мүмкіндігі  шектеулі  балалармен  жүргізілетін  түзету  және  дамыту 

жаттығулары» әдістемелік құрал.2012ж 

5.Л.В.Артемова.«Дидактикалық ойындар», 1992ж 



 

 

Әсел Жеңісқызы Ықыласова 

«М.Әуезов атындағы орта мектеп» КММ 

ШҚО, Бородулиха ауданы 

 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Мақалада оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары 



сөз етілген. Функционалдық сауаттылықты дамыту бүгінгі заман талабы болса, 

педагогтің  шеберлігі,  яғни  шығармашылық  пен  жауапкершілікті  ұштастырып 

сабақ  өтуі  заман  талабынан  туындап  отырған  мәселе  болып  табылатындығы 

айтылады.  Осы  ретте  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін  дұрыс  жүргізе  білудің 



644 

 

маңызы  зор  екендігі  көрсетіліп,  оқушылардың  оқу  материалының  мән-



мағынасын  терең  түсінуін,  алған  білімін  өмірде  пайдалана  алуын  қамтамасыз 

ететін әдіс-тәсілдер көрсетіледі. 



 

Басты сөздер: функционалдық сауаттылық, интербелсенді әдіс-тәсілдер, 

шығармашыл тұлға. 

 

Функционалдық сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары, 



адамдардың  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман  ағымына,  жасына  қарамай 

ілесіп, білімін, мамандығын әрдайым жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат 

-  оқушылардың  мектепте  алған  білімдерін  өмірде  пайдалана  білуге,  тиімді 

қолдануға үйрету. 



«Неліктен  біз  біздің  оқыту  тәсілдерімізді  өзгертуге  тиіспіз?  Біз  бұны 

қалай істейміз? Содан кейін ғана біз сыныпта не істеуіміз керек?» (Sinek,2009). 

Иә, қазіргі білім беру жүйесіндегі өзгерістер бүгінгі таңда оқушылардың қалай 

оқу  керектігін  үйреніп,  соның  нәтижесінде  еркін,  өзіндік  дәлел­уәждерін 

нанымды  жеткізе  білетін,  ынталы,  сенімді,  сыни  пікір­көзқарастары  жүйелі 

дамыған,  сандық  технологияларда  құзырлылық  танытатын  оқушы  ретінде 

қалыптасуын  қамтиды.  Осы  мақсатты  көздейтін  ұлт  мақтанышы  болған 

ұлағатты  ұстаз  Қ.Бітібаеваның  тәжірибесін  бүкіл  қазақстандық  білім  беру 

жүйесіне тарату жаңа форматтағы мұғалімнің мәртебелі міндеті деп түсінемін, 

өйткені  тәжірибемізде  қатып  қалған  жаттандылық,  жабық  сұрақтар, 

репродуктивтік  әдістер  ұстаз  тәжірибесінде,  еңбегінде  кездеспейді.  Ол  кісі 

оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады. 

Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігін қолдай отырып, білімді оқушы-

ның  өз  еңбегімен  алуына  жағдай  жасайды.  Әдіскер  ұстаздың  әдебиетті  оқыту 

ұстанымы ой салу, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Бұл ретте 

әдеби  айтыс,  пікірлесу,  диологиялық  әңгіме,  проблема  шешу,  іздену  сияқты 

өнімді  әдіс-тәсілдерді  ұсынады.  Қ.Бітібаеваның  жаңа  сабақ  түсіндіру 

технологиясы  пікірлесу,  сұхбат  әдістерімен  қатар,  оқушылардың  өз  бетімен 

ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды 

өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттайды. 

Әр  әдебиет  пәні  мұғалімі  сабақтарында  Қ.Бітібаева  тәжірибесін 

басшылыққа  алып,  түрлендіріп,  дамытып,  оқушыларды  ғылым  негізімен 

таныстыра  отырып,  олардың  адами  қасиеттерін  дұрыс  қалыптастыруды  естен 

шығармастан, жас өспірімдердің жан-жақты дамуына негіз қалауды ойластыру 

қажет. Өйткені қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушының оқырман ретіндегі 

өзіндік  көзқарасы,  жеке  тұлға  ретіндегі  дүниетанымдық  ұстанымдары 

қалыптасуына және олардың адамгершілік, патриоттық, эстетикалық тұрғыдан 

мемлекет  тәуелсіздігін  ардақ  тұтатын  болмысына  лайық  болуын  қамтамасыз 

ету  –  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәні  мұғалімдерінің  басты  міндеті.  Сондықтан 

сабақта оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыратын, ұжымдық іс-

әрекетке тәрбиелейтін, жан-жақты іздендіретін, өз ойын еркін жеткізетін, еркін 

ойлауға мүмкіндік беріп, тіл байлығын молайтатын тапсырмалар беруде оқыту 



645 

 

мен  оқудың  7  модулін  басшылыққа  ала  отырып,  тиімді  әдіс-тәсілдерді  таңдап 



алу  керекпіз.  Ондай  әдіс-тәсілдер  қатарына  ізденіс  әдісін,  интербелсенді 

әдістерді, шығармашылық әдістерді (бейнелі суреттеме әдісі, жанама өлең әдісі, 

модель  жасау,  Бононың  алты  қалпағы  т.б)  жатқызуға  болады.  Бұл  әдістердің, 

яғни  ойлау  мен  талқылаудың  нәтижесінде  алынған  ақпараттардың  сыни 

ойлауға,  бағалауға,  талдауға,  жинақтауға  және  өз  шешімдерін  айтуға  ықпал 

ететіні белгілі. Оқушыларын сыни ойлату үшін, ең алдымен, мұғалімдердің өзі 

сыни  ойлау  керек,  өйткені  сын  тұрғысынан  ойлауға  үйретуде  мұғалім    жақсы 

жұмыс  жасағанда  ғана  баланың  танымдық  белсенділігі  және  өз  бетінше  білім 

алуы мен шығармашылығы артады. Сонымен қатар сабақ құрылымы бастан-аяқ 

жүйелі, сабақтас, бірізді болуы шарт. 

Сабақ  басында  ой  қозғау  үшін  дұрыс  таңдалынып  алынған  әдістер  - 

сабақтың  кейінгі  кезеңдерінің  сәтті  болуының  кепілі.  Оқушылардың  ойын 

қозғау,  қызығушылығын  ояту  мақсатында  түрлі  әдістер  қолдануға  болады. 

Мәселен,  Ы.Алтынсариннің  «Өзен»  өлеңін  өткен  кезде  интербелсенді  тақтаға 

ирек сызықтың суретін салып, ол суреттің қатысушыларға қандай ой салғанын 

сұрауға болады. 

 

 

 



1-оқушы «көз алдыма шеті-шегі жоқ шексіздік елестеді» деп жауап берсе, 

екіншісі толқындаған қара шашқа, енді бірі өмір белесіне, бірі асқар тауға, сыр 

бүккен  төбелерге  теңейді.  Тағы  бір  оқушы  «Толқындаған  өзен  көз  алдыма 

елестеді» деп ұшқырлығын танытады. Осы бір ирек сызықтың өзінен әр оқушы 

өзінше ой түйіп, түрлі қызықты пікірлер айтады. 

Сондай-ақ  «Қараш-Қараш  оқиғасы»  хикаятындағы  Бақтығұл  бейнесін 

өтуде қолдануға болады. Тақтаға шым-шытырық сызықтар сызу керек. «Шым-

шытырық  сызылған  сызықтар  қандай  ой  салды?  Осы  сызықтарды  көргенде 

қандай  ой  туды?»  деген  сауал  тастап,  оқушылардың  ойлануына  мұрсат  беру 

қажет.  Олар  Бақтығұлдың  өмірімен  байланыстырып  тамаша  жауаптар  береді. 

Мәселен,  1  оқушы  «Бұл  сызықтар  маған  Бақтығұлдың  көрген  қорлығын 

елестетті»  деп  жауап  берсе,  екіншісі  «Бақтығұлдың  арпалыспен  өткен  өмірін 

есіме салды» деп жауап қайырады. Енді бірі Бақтығұл өмірінің шым-шытырық 

шиеленісті  оқиғаларға  толғанын,  бірі  азапты  қорлыққа  толы  өмірін 

елестеткенін айтады. 

 

Бұл  әдісті  оқушылардың  сабаққа  қызығушылығын  оятуда  қолдануға 



болатын өте тиімді әдіс деп санаймын.  

646 

 

Оқушының  интеллектуалдық  дамуын,  ойлау  және  сөйлеу,  жазу 



шеберлігін  қалыптастыруда  үлкен  орын  алатын  әдістердің  бірі  -  ізденіс  әдісі. 

Бұл  әдіс  мектеп  оқушысының  жас  болса  да  ғылыми  талдаулар  жасауға 

ұмтылысын  және  оның  жемісін  татуға  қолын  жеткізуі  арқылы  оның  білімге 

деген  құлшынысын  ғана  емес, шабытын  да  оятатын ерекше  күші бар  әдіс деп 

бағаланады. 

Ізденіс  әдісін  қолданудың  бір  үлгісі  ретінде  Ш.Мұртазаның  «Қызыл 

жебе»  романынан  алынған  «Тұтқын  бала»  үзіндісін  оқыту  үдерісін  алуға 

болады. Осы ретте оқушыларға басты кейіпкер Тұрар Рысқұлов  туралы нақты 

тарихи  деректерді  іздестіру  туралы  тапсырма  берген  дұрыс.  Мұғалім  ізденіс 

әдісін  қолданып,  оқушыларға  Тұрар  Рысқұлов  туралы  тарихи  деректер  мен 

жазушы  шығармасындағы  көркем  кейіпкердің  іс-әрекетін,  сөзін  салыстырта 

отырып,  сол  арқылы  оқушылардың  санасында  кейіпкер  жайында  өшпес  із 

қалдырады. 

Интербелсенді әдістер – оқушының әдеби шығармаларды оқып-меңгеруі 

барысындағы  жаңашылдыққа  ұмтылысын  ынталандыратын,  өзгеріске  толы 

заманның ағымында тез бағдар таба алатын, проблеманы көре алатын және оны 

шешуге  қорықпай,  шешім  жолын  іздеп  таба  алатын,  шығармашылыққа  толы 

идеяларды  табуына  ықпалын  тигізетін  әдістер.  Бұндай    әдістерді  қолдану 

арқылы оқушылардың ойлау ұтқырлығын жетілдіруге болады. Ол үшін мұғалім 

көркем  шығарманың  мазмұнындағы  негізгі  және  тарамдала  таралған 

проблемалық  жағдаяттарды  іріктеп,  оқушыларға  ұсына  алу  керек  немесе  бір-

екеуін  көрсетіп,  шығарманың  мазмұнынан  сондай  проблемалық  жағдаяттарды 

оқушылардың өздері табуын тапсыруы қажет. 

Проблемалық  жағдаяттарды  шешу  арқылы  оқушылардың  логикалық 

ойлауы  бірізділікпен  қалыптасады;  оқушыны  өз  бетімен  білім  іздеуге 

ынталандыруға  болады.  Продуктивтік  әдісті  қолданудың  бір  жолын 

М.Өтемісұлының  өлеңдерін  талдау  арқылы  көрсетуге  болады  деп  ойлаймын. 

Мәселен,  оқушыларға  «Махамбет  өлеңдерінің  өміршеңдігі,  құндылығы  неде 

деп  ойлайсың?»  деген  проблемалы  сұрақты  қою  одан  әрі  өз  бетімен 

ізденулеріне,  ойлануларына,  ойларын  дәлелді  жеткізулеріне  түрткі  болады. 

Сондай-ақ  М.Әуезовтің  «Қараш-Қараш  оқиғасы»  хикаятын  өткен  кезде  Венн 

диаграммасы 

арқылы 

Бақтығұл 



өмірін 

«Көксерек» 

шығармасымен 

байланыстырта  отырып,  Көксерек  пен  Бақтығұл  өмірінің  ұқсастығын, 

айырмашылығын  салыстырту  арқылы  оқушы  шығармашылығын,  терең 

ойлауын арттыруға болады. 

Шығармашылық  әдістер  –  әдебиетті  оқыту  барысында  шығармашылық 

тапсырмаларды  орындата  отырып,  оқушылардың  креативтік  қабілеттерін 

дамытуға арналған әдіс түрлері. Шығармашылық тапсырмаларды жүйелілікпен, 

жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында бірізділікпен қолдану арқылы мұғалім 

оқушылардың  танымдық,  қайта  жаңғыртушылық  қабілеттерін  дамытуды 

кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік алады. 

Әдеби  шығармаларды  оқыту  барысында  мұғалім  шығармашылық 

әдістердің  мынадай  түрлерін  қолдануына  болады.  Мәселен,  бейнелі  суреттеме 



647 

 

әдісі.  Бұл  әдісті  қолдану  арқылы  мұғалім  оқушыға  сөздің  суреттеу  құдыретін 



таныту  мүмкіндігі  үлкен.  Мысалы,  Ы.Алтынсариннің  «Дүние  қалай  етсең 

табылады?»  әңгімесін  не  Ш.Мұртазаның  «Бесеудің  хаты»  драмасын  оқытуда 

белгіленген  сөздер  мен  сөйлемдердің  мағынасын  түсініп,  оқушыларға  сурет 

түрінде  салу  тапсырылады.  Бұл  –  оқушылардың  тұйықтан  сәтті  шығу  жолын 

іздеп табуына дағдыландыратын шығармашылық амал. 

 

1-сурет. Бейнелі суреттеме әдіс бойынша жасалынған оқушы жұмыстары 



Өлең  мәтінін  талдаудағы  ұтымды  әдістердің  бірі  -  гиперболизациялау 

немесе  жанама  өлең  әдісі.  Мұғалім  көркем  шығармадан  бір  нысанды  немесе 

кейіпкерді  оқушылармен  біріге  отырып  таңдап  алып,  оның  қасиеттерін,  сын-

сипатын  алдымен  тым  үлкейтуді,  сосын  өте  кішірейтуді  тапсырады.  Мәселен, 

Т.Айбергеновтің «Ана» өлеңін талдау үлгісін келтірейін.  

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, 

Ұмыт қалмау үшін менің шарқ ұрады жүрегім. 

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен шерменде, 

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде

 Көз алдымда жас дөңгелеп булығам да ызадан, 

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан қызарам. 

... 


Қай кеудені жылытады лапылдаған отпенен, 

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. 

Тапсырма.  Асты  сызылған  сөздерді  біресе  мағынасын  аса  кішірейтіп, 

біресе  аса  зорайтып  көрсететін  сөздерді  қолданып,  өлең  мәтініне  эксперимент 

жасаңыз.Өлең  мазмұнының  өзгерісі  туралы  айтып  беріңіз.  Тапсырманың 

орындалу барысын төмендегідей көрсетеміз.  

1)Мағынаны солғындататын сөздермен алмастыру. 

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, 

Ұмыт қалмау үшін менің іздейді жүрегім. 

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен қайғылы

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, 

Көз алдым(д)а жас келіп булығам да ызадан, 

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан ұялам. 

... 


Қай кеудені жылытады жанған отпенен, 

648 

 

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. 



2)Мағынаны күшейтетін сөздермен алмастыру. 

Ал ұмытсам, ұмыт болып қаларымды білемін, 

Ұмыт қалмау үшін менің аласұрады жүрегім. 

Шат жүріп-ақ қас қаққанша боламын мен құсалы, 

Жетім емес кей ананың жетімдігін көргенде, 

Көз алдымда жасты төгіп булығам да ызадан, 

Маған тіпті сөз келмейтін ұяттардан өртенем 

... 


Қай кеудені жылытады лаулаған отпенен, 

Өз кеудесін жылытуға құдіреті жетпеген. 

Тапсырманың  орындалуын  кесте  түрінде  өрнектеген  оқушыға  сөздердің 

мағыналық градациясын (өсіңкілік – А.Байтұрсынұлы термині) анық көру қиын 

емес. 

 

Т.Айбергенов 



қолданысы 

Солғындау 

мағыналы 

сөздермен алмастыру 

 

Мағынасы  аса  қанық  реңкті 



сөздермен алмастыру 

шарқ ұрады 

іздейді 

аласұрады 

шерменде 

қайғылы 


құсалы 

жас дөңгелеп 

жас келіп 

жасты төгіп 

қызарам 

ұялам 


өртенем 

лапылдаған 

жанған 

лаулаған 



1-кесте. Салыстыру кестесі 

 

Жанама  өлең  әдісі  оқушыларға  «лингивстикалық  эксперимент»  әдісін 



қолдануға  мүмкіндік  береді.  Осы  әдіс  арқылы  мұғалім  оқушылардың  «тілдік 

сезімін»  ұштап,  тіл  бірліктерін  салыстыра  отырып,  ой  мен  мағынаның  өзгере 

бастайтынына  көздерін  жеткізеді.  Бұл  әдісті  прозалық,  драмалық 

шығармаларды талдау барысында да қолдануға болады.  

Көркем  шығарманы  талдауда  ақын-жазушының  тіл  шеберлігіне  баса 

назар  аударылады,  өйткені  оқушының  тіл  байлығын,  көркем  ойлауын 

арттырудың  жолы  болып  табылады.  М.Әуезовтің  «Қараш-Қараш  оқиғасы» 

повесінен  үзіндідекесте  арқылы  оқушыларға  жазушының  әр  сөзді  орынды 

қолданғанын,  сөздерді  орнымен  пайдаланатынын,  сол  арқылы  шығарма 

көркемдігін  арттыра  түсетінін  көрсетуге  жіне  салыстырмалы  кестені  өздеріне 

орындатуға да болады. 

 

Енді барлық жоқшы ... күлісіп, бірін-бірі ... 



қағыта  отырып,  піскен  еттің  барлығын 

табаққа  өз  қолдарымен  салды  да,  қоралай 

отырып,  қол-қолға  бір-бір  түйірден  үлесіп 

алып, жақсы піскен жас етті ... жей бастады.  

Енді  барлық  жоқшы  оқырана  күлісіп,  бірін-

бірі қылжақпен қағыта отырып, піскен еттің 

барлығын  табаққа  өз  қолдарымен  салды  да, 

қоралай  отырып,  қол-қолға  бір-бір  түйірден 

үлесіп  алып,  жақсы  піскен  жас  етті    күйсеп 

жей бастады. 

2-кесте. Салыстырмалы кесте 


649 

 

Сондай-ақ  шығармаларды  сыныпта  және  сыныптан  тыс  оқытуда  да 



төмендегідей картотекалар жасатудың пайдасы зор. 

Сөйлеу түрі 

Шығарма аты, беті 

   


   

Үзінді  


 

Қайғыру түрі 

Шығарма аты,  беті  

   


   

Үзінді  


 

3-кесте. Картотекалар үлгісі 

Әдебиет сабағында шығармаларды талдау барысында модель жасау әдісін 

қолдану  ұтымды  болмақ.  Мәселен,  Алпамыс  моделін  жасауда  оқушылардың 

бірі  батырды  көк  бөріге,  бірі  алмас  қылышқа,  бірі  гауһар  тасқа,  ал 

С.Торайғыровтың «Қамар  сұлу» романындағы Қамар бейнесін жаралы аққуға 

теңейді.  Олар  тек  модель  жасап  қана  қоймай,  суреттегі  әр  детальдың  атқарып 

тұрған қызметін айтып, ойын дәлелді, көркем жеткізуге тырысады. 

 

2-сурет. Алпамыс, Қамар модельдері 



 

Ол  жаңа  білім  мен  жаңа  мақсаттарға  бастама  бола  алады.  Мұғалімнің 

қолданған  әдіс-тәсілдерінің  тиімді  не  тиімсіз  болғанына  байланысты  өзіндік 

көзқарасын  білдіріп,  орындалған  әрекеттің  нәтижесін  зерттей  отырып,  алдағы 

жұмыстарда дұрыс мақсат қойып, алға қарай шығармашылықпен жылжуының 

жобасын жасауға мүмкін береді. 

Сабаққа СМАРТ мақсаттар қойылды ма? 

Сынып атмосферасы қандай болды? 

Бүгінгі сабақтан оқушылар не білді?  

Жоспардан қандай ауытқу  болды? Неліктен?  

Уақытты сыйғызып, оны тиімді пайдала-на 

алдым ба? 

 

Жалпы баға 



Нәтижелі болған 2 аспект 

Сабақты жақсартуға қажет болған 2 әдіс 

Осы сабақта келесі сабаққа дайындалуға көмегі 

тиер сынып туралы не жеке оқу-шылар туралы 

 


650 

 

4-кесте. Рефлексиялық кесте 



Алдыға  қойылған  мақсатқа  оқушылар  интербелсенді  әдіс-тәсілдер 

арқылы  жетіп,  ортақ  мақсат  үшін  бірлесіп  іс-әрекет  жасайды.  Өзара  қарым- 

қатынас барысында бір-бірін түсініп, дұрыс шешім қабылдауға, өзіне сеніммен 

қарауға және сыныптастарының іс-әрекетіне баға беруге , сыни тұрғыдан ойлай 

білуге үйренеді. 

Дұрыс  таңдалынған  әдіс-тәсілдер  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын  арттыра  отырып,  білім  алудағы  дербестікті,  ақпарат  пен 

технологияны  пайдалана  білуді,  проблемаларды  шешуді,  іскерлік  пен  сыни 

тұрғыда ойлауды қарастырады. 

 

Библиографиялық сілтемелер 



1. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы: «Рауан», 1997 ж. -288 

б. 


2. Бітібаева  Қ.  Әдебиет  пәнін  оқытудың  тиімді  жолдары.  Алматы: 

«Рауан», 1990 ж. -200 б. 

3. Бітібаева  Қ.,  Құдайбергенова  Г.,  Мұқашева  М.  Әдебиетті  оқытудың 

инновациялық  технологиясы.  Өскемен:  ШҚО  Білім  беру  жүйесі 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  мен  қайта  мамандандыру 

институты, 2002 ж. -117 б. 

4. 12  жылдық  мектеп  оқушыларының  қазақ  тілінен  функционалдық 

сауаттылығын  қалыптастыру  әдістемесі.  Әдістемелік  құрал.  –  Астана: 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 42 б. 

5. Мектеп  оқушыларының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

жөніндегі  2012-2016  жылдарға  арналған  ұлттық  іс-қимыл  жоспары. 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012  жылғы  25  маусымдағы  №832 

қаулысы. Астана: Әділет, 2012. 

6. Мұғалімге арналған нұсқаулық (І – ІІІ деңгей). 

7. Тәуелсіздік 

жылдарындағы  қазақ  әдебиетін  оқыту  әдістемесі. 

Әдістемелік құрал. – Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 

2013. – 65 б. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

не білдім? 



651 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет