Метионин – күкіртқұрамдас алмастырылмайтын амин қышқылы. Кең спектрлі биохимиялық ауысуларға қажетті күкірт пен метил топтарының негізгі доноры болып табылады. Күкірт бос радикалдарды белсенсіздіретін қабілеті бар, осымен метиониннің антиоксиданттық қасиеті түсіндіріледі.
Метионин таурин мен цистеиннің, нуклеин қышқылдарының, коллагеннің, көптеген басқа нәруыздардың синтезі үшін қажет. Бауыр мен артерия қабырғасында майдың жиналуын болдыртпай, майдың қайта өңделуіне қатысады. Радиация мен түрлі ксенобиотиктердің әсерінен қорғайды, астың қорытылуына ықпал етеді.
Метионин өзінің сан алуан қызметін жекелей ғана емес, сонымен бірге өзінің белсенді метаболиттері, әсіресе S-аденозилметионин (SAM) түрінде айқындайды. Қалыпты жағдайда SAM бауырда метиониннен күніне шамамен 8 г түзіледі. Сыртқы ортаның қолайсыз факторларының, патологиялардың әсерінен SAM өндірілуі төмендейді, сондықтан аталған аурулар кезінде оны тағамға қосу арқылы түзету енгізуге болады.
Метаболизм үрдісінде метионин цистеинге ауыса алады, ал ол өз кезегінде, глютатионның ізашары болып табылады. Уытты зиянсыздандыру және бауырды қорғау кезінде глютатионға деген аса мұқтаждықта метионинқұрамдас препараттарды қолданудың маңызын куәландырады.
Метионинді депрессияның, ревматоидты артриттің, жүктілік токсикозының, Жильбер синдромының, бауыр қызметінің бұзылыстарының кешенді терапиясында, шизофрения кезінде гистаминнің мөлшері болғанда, сонымен бірге оральды гормонды контрацептивті қолданатын әйелдерге қолдану тәжірибесі қалыптасқан.
Триптофан – алмастырылмайтын амин қышқылы. Адам организміндегі биохимиялық фабрика триптофанды екі аса маңызды бағытта қолданады. Олар:
оны серотонинге ауыстырады. Ол босаңсу мен эмоционалды жайлылық сезімін шақыратын мидың әрекетіне белсенді әсер ететін нейромедиатор;
оның қатысуымен ниациннің (РР витамині) биосинтезін қамтамасыз етеді.
Серотонин мен ниациннің жан-жақты және көптеген қызметтері триптофанды соған сәйкес қолдануын сипаттайды: менструация алды қорқыныш пен депрессияда; маусымды аффективті бұзылыстармен байланысты эмоционалды өзгерістерде [49]; алкоголды тәуелділікте; Даун ауруының агрессиялық синдромында; гипербелсенділік синдромында, шизофренияда; созылмалы шаршағыштықта; ұйқысыздықта және т.б.
Тәбетті төмендету және дене салмағын қадағалау үшін жүрек ауруларында қолданады, өсу гормонының бөлінуін күшейтеді, мигренді ұстамаларда көмектеседі, никотиннің зиянды әсерін азайтуға ықпал етеді.