Организмдегі аминқышқылдарының ролі
Нәруыз молекулаларының негiзгi құрамдық, құрылымдық компоненттерi амин қышқылдарынан тұрады. Нәруыздың тағамдық құндылығы құрамындағы кейбiр амин қышқылдарының сандық және сапалық қатынасына байланысты.
80-ге жуық амин қышқылдарының iшiнде тағамтану ғылымында организмде түзiле алатын алмастырылатын амин қышқылдарының саны-12, адам бойында түзiлмейтiн алмастырылмайтын амин қышқылдары -8: валин, метионин, триптофан, треонин, фенилаланин, лизин, лицин, изолейцин, ал жас балалар үшiн гистидин мен цистеин қосылады. Академик Уголев А.М. айтуынша алмастырылмайтын амин қышқылдары витамин мен басқа биологиялық белсендi заттар тәрiздi организмдегi алмасу үрдістерін реттеушi, ас қорыту жолындағы кей микрофлорамен аз мөлшерде түзiледi екен. Барлық амин қышқылдары қандай да бiр биологиялық белсендi заттардың iзашары, олар заттек алмасуға қажеттi гормондар мен ферменттердiң құрамына кiредi. Егер азық құрамында 8 алмастырылмайтын аминқышқылы толығымен түгел кездессе, азық нәруызы құнды нәруызға жатады. Ал 1-2 амин қышқылдары жетiспесе құнсыз нәруызға қатарына қосылады. Жануар тектi азықтар iшiнде құнды нәруызға- сүт, жұмыртқа, балық, ет, соя нәруызы жатса, құнсыз нәруыз көздерi көбiнесе өсiмдiк тектi азықтар - жүгерi, қара бидай, сары бидай өнiмдерi бола алады, өйткенi оларда 1-2 алмастырылмайтын амин қышқылдары жетпейдi.
Алмастырылмайтын амин қышқылдарының iшiнде триптофан, лизин, метиониннiң алар орны ерекше. Триптофанның жоғары мөлшерi-сүт, дәндi дақылдар, етте, ал лизин - ет, балық, сүзбе, жұмыртқада; метионин- ет, сүзбе, бұршақ тұқымдастарда, сояда көп кездеседi. Тағам құрамында лизиннің, гистидиннің жетіспеушілігі қан түзілудің бұзылыстарына, эритроциттер санының төмендеуі мен гемоглобин мөлшерінің азаюына әкеледі. Метионин май алмасуына қатысып, атеросклероз алдын алуда маңызды роль атқарады.
Лизин – алмастырылмайтын амин қышқылы, оның қызметі келесі бағыттармен анықталады:
кальцийдің сіңірілуіне ықпал етеді, сондықтан сүйек тінінің дұрыс қалыптасуына, әсіресе бала организмінің өсуі мен қартайған шақтағы өзгерістер кезінде қажет;
коллагеннің түзілуі мен тіндердің қайта қалпына келуін қамтамасыз ете отырып, азоттың қалыпты алмасуына көмектеседі;
антиденелердің, гормондардың, ферменттердің биосинтезіне қатысады, организмде карнитин амин қышқылының өндірілуінде негізгі көз болып табылады, иммунитетті күшейтеді.
Лизинді және оның препараттарын вирусқа қарсы зат ретінде, негізінен герпес пен жіті респираторлық аурулар кезінде қолданады. Лизиннің бұл бағыттағы тиімділігі, оны аскорбин қышқылы мен биофлавоноидтармен бірге қолданғанда, арта түседі.
Лизиннің иммунды жүйені белсендіретін қабілетін ескере отырып, оны операциядан, жарақаттар мен жұқпалардан кейін қалпына келу кезеңінде ұсынады. Амин қышқылдарды бірігіп қолдану иммунитетті сипаттайтын, қанның көп мөлшердегі ақ жасушаларының – нейтрофилдердің саны мен тіршілікке қабілеттілігін арттырады.
Лизинді балаларда мешелдің, ал ересектерде остеопороздың алдын алуда қолдануда. Постклимактериялық жастағы әйелдерге 500 мг кем емес амин қышқылын тұтынуды ұсынады.
Вегетариандықты немесе аз нәруызды емдәмді жақтайтындар үшін лизин аурудың алдын алу мен емдеуде маңызды екенін атап айтқан жөн.
Тиімді, үйлесімді тамақтанатын ересек адамның организмі қосымша лизинді тұтынуды қажет етпейді.
8 г дейінгі мөлшерде лизин препараты ешқандай жанама әсер көрсетпейді.
Достарыңызбен бөлісу: |