Нәруыздар және олардың тамақтанудағы маңызы



бет6/8
Дата22.04.2023
өлшемі46,53 Kb.
#85634
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
№4

Глутамин қышқылы – өзінің негізгі қызметін орталық жүйке жүйесі мен көмірсу алмасуында атқаратын, алмастырылатын қышқыл.
Мидың жасушалары энергия материалы ретінде қолданады. Нерв импульстерін беретін нейромедиатордың ролін атқарады.
Көмірсу алмасуындағы өзінің ролін гематоэнцефалды тосқауыл арқылы кальцийдің өтуін қамтамасыз етумен айқындайды.
Глутамин қышқылы балаларда сана мен қимыл–әрекет дамуының бұзылыстарын түзету кезінде кеңінен сынақтан өтті. Эпилепсияны, бұлшық етті дистрофияны, жараларды, гиполейкемиялық жағдайларды, қант диабетін инсулинді терапияның бұзылыстарын емдеу кезінде оң әсер етеді.
Глутамин – глутамин қышқылынан азоттың бір атомын қосып алу арқылы түзілетін, алмастырылатын амин қышқылы.

  • Спортшылардың тамақ рационына глутаминді қосу бұлшық ет массасының өсуін, гликоген (бұлшық ет тінін энергиялық мақсатта ыдырауынан үнемдейді) мөлшерінің көбеюін қамтамасыз етеді. Глутамин одан басқа, бұлшық еттің өсуін тездететін, өсу гормонының бөлінуіне жағдай жасайды; бұл кезде тұтынылатын глутаминнің мөлшері тәулігіне 5 г құрайды;

  • Глутаминнің мидың аса белсенді жасушаларын тыныштандыратын табиғи транквилизатор- гамма-аминмай қышқылының (ГАМҚ) мөлшерін көбейте алатын қабілеті бар. Осындай жан-жақты әрекеті табиғат пен адамға орталық жүйке жүйесі жұмысындағы тұрақтылық пен тепе-теңдікті саналы басқаруға мүмкіндік береді;

  • глутамин иммунды жүйе үшін энергия көзі болып табылады, сондықтан күйзелісте, түрлі жарақаттар мен аурулар кезінде оған деген мұқтаждық арта түседі.

  • тәуліктік рационға 12 г глутаминді қосқанда, зерттелушілердің 75% ішімдікке құмарлықпен күресуге көмектесетіні туралы мәліметтер бар. 1-2 г аминқышқылын қабылдағанда, тәттіге құмарлықтың төмендеуіне әкелетіні туралы ақпарат қызықтыра түсуде;

  • глутаминнің әрекеті екі бағытта жүзеге асуы мүмкін: майдың жағылуына жағдай жасайтын майсыз тіндерді қорғау және май метаболизмінің нәтижесінде түзілген қалдықтардан босату.

Салмақты азайту бағдарламасымен қарастырылатын, рационның калориялығын азайту кезінде амин қышқылы май тіндерінің қажеттілігі үшін энергияның көмірсусыз, қолжетімді көзі бола алады.
Глутамин бауырдың май басуын тежейді және цирроз дамуының ерте кезеңінде емдеуге көмектеседі.
Аминқышқылын артриттерді, аутоиммунды ауруларды, фиброзды, асқазан-ішек жолдарының, дәнекер тіннің ауруларын, созылмалы маскүнемдікті, эпилепсияны, созылмалы шаршағыштық синдромын, импотенцияны, шизофрения мен сенилді деменцияны емдеу кезінде қосымша фактор ретінде пайдаланады.
Тирозин – адам организмінде фенилаланиннен түзілетін, алмастырылатын амин қышқылы. Негізгі қызметінің бірі – депрессияға қарсы әсері, өйткені тирозин норэпинефрин мен допамин нейромедиаторларының ізашары болып табылады.
Тирозиннің заттек алмасуына қатысудағы басқа бағыттарына: тәбетті төмендету, майдың жиналуын азайту, мелатонинді өндіру, бүйрек үсті бездердің қызметін жақсарту, фенилаланин, гипофиз, қалқанша без метаболизміне қатысу жатады. Соңғысы тирозин мен йодтан тиреоидты гормондардың биосинтез факторымен түсіндіріледі.
Фенилаланин жағдайындағы сияқты тирозинді қолдануда белгілі бір шектеулер қойылады. Оларға артериалды қысымның жоғарылауы мен тамыр соғысының жиілеуі жатады.
Глицин - тері мен дәнекер тінінде көбірек кездесетін, алмастырылатын қышқыл. Негізгі қызметтері:

  • РНҚ мен ДНҚ биосинтезінде қолданылатын кератиннің түзілуіне қатысады, бұлшық ет тінінің дегенерациясын тежейді;

  • тежеуіш нейромедиатордың қызметін атқарады;

  • нуклеин қышқылдарының, алмастырылатын амин қышқылы – сериннің биосинтезіне қажет.

Эпилептикалық құрысуларды, маниакалды-депрессивті психозды, гипербелсенділікті емдеуде қолданады.
Зақымдалған тіндерді, жүйке жүйесін және қуықасты безді қайта қалпына келтіру үшін қажет. Асқазанның ауруларын емдеуде қолданылатын антацидтік препараттардың құрамына кіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет