Нәруыздар және олардың тамақтанудағы маңызы



бет4/8
Дата22.04.2023
өлшемі46,53 Kb.
#85634
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Валин, лейцин, изолейцин – алмастырылмайтын амин қышқылдары. Тармақталған тізбектері бар амин қышқылдарының (ТТАҚ) тобын құрайды. Осы амин қышқылы біздің күнделікті нәруызды норманың жартысын құрайды.
Олар бірлесе әрекет жасай отырып, организм тіндерін (сүйек және май тіндерінен басқасын) регенерациялайды, оларды табиғи тұрақты ыдыраудан қорғайды.
Тармақталған амин қышқылдарын бірге қолданудың ең оңтайлы ара қатынасы – 1 мг изолейцин: 2 мг лейцин: 2 мг валин.
ТТАҚ тобындағы әрбір амин қышқылының жекелеген қызметі бар: лейцин өсу гормонының түзілуін ынталандырады, қандағы қанттың мөлшерін төмендетуге ықпал етеді. Изолейцин де қанттың деңгейін реттейді, энергиямен қамтамасыз ету үрдістерін бақылайды, көптеген психикалық ауруларда өте қажет. Валин, ең бастысы, азоттың қалыпты алмасуын және амин қышқылдарының айқын тапшылығының түзетілуін қамтамасыз етеді, энергия көзі ретінде бұлшық еттермен қолданылады.
ТТАҚ бар препараттарды шамадан тыс тұтыну жақсы емес. Лейцинді артық тұтынса, организмдегі аммиак мөлшерінің көбеюіне әкеледі, ал валин – парестезия симптомын (теріде тітіркену сезімі), жекелеген жағдайларда галлюцинацияны шақырады.
Фенилаланин – организмде үш түрлі: DL; D; L.L формада кездесетін, алмастырылмайтын амин қышқылы.
Фенилаланин допамин және норэпинеффин нейромедиаторларының биосинтезіне қолданылатын басқа амин қышқылы – тирозинге ауысады. Осымен фенилаланиннің көңіл–күйге, есте сақтауды және оқуға қабілеттілікті жақсартуға қатысты арнайы әсері түсіндіріледі.
Амин қышқылы ауру сезімін азайтуға, тәбетті тежеуге ықпал етеді.
Фенилаланин препараттары депрессия, артрит, бастың «сақинасы», семіздік, Паркинсон ауруы, шизофрения сияқты аурулардың алдын алу мен емдеуде кеңінен қолданылады.
Фенилаланині бар препараттарды фенилкетонуриямен ауыратын науқастарға беруге болмайды, себебі оларда амин қышқылын ыдырату қабілеті жоқ. Сақтық шаралар жүкті әйелдерге, қант диабетімен, жоғары артериалды қысыммен, пигментті меланомамен (тері обыры), тарвидті дискинезиямен ауыратындарға да қатысты.
Треонин – алмастырылмайтын амин қышқылы. Негізгі қызметі – оңтайлы нәруыз алмасуын, коллаген мен эластиннің түзілуін қамтамасыз ету. Аспарагин қышқылы және метионинмен бірігіп, май алмасуына қатысады, бауырдың май басуын болдыртпайды.
Антиденелердің өндірілуіне ықпал ете отырып, организмнің иммунды жүйесін ынталандырады. Треониннің негізгі көзі - жануар текті өнімдер, сондықтан вегетариандықтарда осы амин қышқылы тапшылығының даму қаупі жоғары.
Гистидин – балалар үшін алмастырылмайтын амин қышқылы. Ересектердің организмі гистидиннің мұқтаждығын өтей алатын мөлшерін синтездей алады.
Организмнің өсуіне және тіндердің қайта қалпына келуіне жағдай жасайды. Көптеген иммунологиялық реакциялардың маңызды құрамдас бөлігі – гистаминнің синтезі үшін қажет.
Жүйке жасушаларын қорғайтын миелинді қабықшалардың құрамына кіреді, қанның ақ және қызыл түйіршіктерінің түзілуіне керек.
Гистидиннің қорғаныс қызметі сәулеленудің әрекетін болдырмау, организмнен ауыр металдарды шығару, ЖИТС емін жақсарту қабілетімен түсіндіріледі. Соңғысы, әрине, оның иммунитетке оң әсерімен байланысты.
Гистаминнің жыныс қызметіне, әсіресе жыныстық қозудың туындауына қатысты тиімділігі аса назар аудартады.
Гистаминнің асқазан сөлінің бөлінуін ынталандыратын оң әсері бар. Осы қасиетін диетолог мамандар қышқылдылығы төмендеумен байланысты асқорыту бұзылыстарында қолданады.
Организмдегі гистидиннің деңгейі бірқатар эндогенді және экзогенді факторларға тәуелді. Метиониннің жоғары мөлшерінде гистидиннің мөлшері азаятыны анықталған.
Әрине, гистидиннің препараттарын тек қана оның тапшылығы шынайы анықталғаннан кейінгі ғана қолдануға болады.
Организмде амин қышқылының жоғары деңгейі кейбір кездерде қан қысымының жоғарылауына, аллергияның, күйзелістің, қозудың туындауына, психикалық бұзылыстардың дамуына әкеледі.
Гистидинді маниакалды-депрессивті психоздан зардап шегетіндерге қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет