Нәруыздар және олардың тамақтанудағы маңызы



бет7/8
Дата22.04.2023
өлшемі46,53 Kb.
#85634
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8
Карнитин – ол организмде С, В1, В6 витаминдері мен темірдің жеткілікті мөлшері болған жағдайда лизин мен метиониннен түзіледі.
Карнитиннің қандағы үшглицеридтер деңгейін төмендететін қабілеті бар, ол дене салмағын азайтуға ықпал етеді, созылмалы маскүнемдік кезінде бауырдың май басуын баяулатады.
Карнитиннің жүрек ауруларының туындау қаупін азайтатын және жүрек–қан тамырлар ауруларының түрі кезеңдерінде оның жұмысын демеп отыратын әсері бар. Амин қышқылын күнделікті 4 апта бойы 2 г мөлшерінде қабылдау миокард инфарктынан кейінгі асқынуларды екі есеге қысқартуға мүмкіндік берді. Карнитин жүрек ұстамасы немесе тамырлар спазмы нәтижесінде оттегінің түсуі бірден азайғанда, жүрек бұлшық етін зақымданудан қорғайды.
Карнитиннің бұлшық ет тінінің өмірлік тонусы мен күйін қамтамасыз етудегі маңызы туралы мәліметтер бар. Марафоншы–спортшылар күніне 2 г карнитинді қабылдау арқылы жаттығу көрсеткішін 6%-ға жоғарылатқан, бұл жарыс алдындағы кезеңде ең үлкен табыс болып табылады. Карнитин жүйке-бұлшық ет ауруларымен ауыратын науқастарда бұлшық ет күшін күшейтеді. Ауыр дегенеративті ауруларда (обыр, ЖИТС т.с.с.), карнитиннің қорын азайтатын күшті дәрілік препараттарды қолданғанда бұлшық еттің атрофиясын болдыртпауда маңызды рол атқарады.
Карнитиннің қосымша мөлшері қалқанша бездің қызметі төмендеген адамдар үшін қажет. Диабетті, гипертонияны, бауыр ауруларын, иммунды жүйенің бұзылыстарын емдегенде де карнитинді қолданады. Карнитинді рационмен тәуліктік тұтыну мөлшері 30-50 мг құрайды.
Амин қышқылының негізгі және жалғыз көзіне ет, басқа жануар текті өнімдер жатады. Осыған сәйкес вегетариандықтардың денсаулығында аталған нутриенттің созылмалы тапшылығымен сипатталатын, бұзылыстар туындауы мүмкін. Әсіресе бұл вегетариандық аналар үшін қауіпті, себебі ұрықтың құрсақта дамуында және жаңа туған нәрестелерге карнитин алмастырылмайтын амин қышқылы болып есептеледі.
Организмде карнитиннің жеке синтезін қамтамасыз ету үшін тиімді, үйлесімді тамақтанудың негізгі ұстындарын сақтау керек. Одан басқа, организмге қажетті мөлшерде амин қышқылының түзілуі үшін қосымша С, В1, В6 витаминдері мен лизинді, метионинді, темірді қабылдау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет