Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет70/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

ЖҰЛЫН НЕРВТЕРІ

Жұлынның сегменттік құрылымына сәйкес, одан 31 жұп жұлын нервтері, nn. spinales, шығады . Олар: 8 жұп мойындық, 12 жұп кеуделік, 5 жұп белдік, 5 жұп сегізкөздік және 1 жұп құйымшақтық жұлын нервтері – деп бөлінеді.


Жұлын нерві – жұлынның сезімтал артқы түбіршігі, radix dorsalis, пен қозғалтқыш алдыңғы түбіршігінің, radix ventralis, қосылуынан түзіледі. Артқы түбіршікте сезімтал нейрондардан түзілген жұлын түйіні, ganglion spinale, орналасады. Бұл нейрондардың орталық өсімділері ( аксондары) жұлынға барады. Ал, шеткі өсінділері ( дендриттері) жұлын нервтерінінң құрамында өтіп, бұлшықеттер мен басқа ағзаларда орналасқан рецепторларда аяқталады.
Алдыңғы түбіршікті жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондардың аксондарынан түзілген қозғалтқыш талшықтар құрайды.
Жұлын нерві омыртқа бағанасының өзегінен, canalis vertebralis, омыртқааралық тесік арқылы шығып 3 немесе 4 тармаққа бөлінеді. Олар: алдыңғы тармақ , r.ventralis , артқы тармақ , r. dorsalis, қабықтық (менингеалдық) тармақ , r. мeningeus, және ақ дәнекер тармақ, r.communicans albus .
Ақ дәнекер тармақ жұлындағы симпатикалықтың орталықтың орналасу деңгейіне сәйкес, VIII-ші мойындық, барлық кеуделік және II-III-ші белдік жұлын нервтерінің құрамында өтеді. Бұл тармақты түйінгедейінгі симпатикалық талшықтар құрайды. Олардың бір бөлігі симпатикалық діңнің (сабаудың) түйіндерінде немесе басқа симпатикалық түйіндерде аяқталады.
Басқа сегменттерден кететін жұлын нервтерінен үш тармақ кетеді. Қабықтық тармақ, r.meningeus, омыртқааралық тесік арқылы кері өтіп, жұлынның қабықтарын нервтендіреді. Барлық жұлын нервтеріне сұр дәнекер тармақтар, rr.communicantes grisei, келіп қосылады. Олар симпатикалық діңнің түйіндерінен шығатын, миелиндік қабығы жоқ - түйінненкейінгі талшықтардан құралған. Симпатикалық талшықтар жұлынның алдыңғы, артқы және қабықтық тармақтарының құрамында тамырларды, бездерді, шашты көтеретін бұлшықеттерді және зат алмасуын қамтамасыз ету үшін көлденең жолақты бұлшықеттерді нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет