Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет78/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Қабырғааралық нервтер
Он екі жұп кеуделік жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары, rr.anteriores nn.pectorales, өздерінің сегменттік құрылымын сақтаған. Жоғарғы он бір кеуделік нервтердің алдыңғы тармақтары қабырғааралық кеңістіктерде орналасып, қабырғааралық нервтер, nn.intercostales, деп аталса, он екінші нерв XII қабырға астында жатып, қабырғаастылық нерв, n.subcostalis, деп аталады (58-сурет). Бірінші қабырғааралық нервтің бір бөлігі иық өрімін түзуге, қабырғаастылық нервтің бөлігі бел өрімін түзуге қатысады. Иық өрімін сипаттағанда айтылғандай, екінші ( ) және үшінші ( ) қабырғааралық нервтердің бір бөлігі иыққа өтіп қабырғааралық – иық нервтерін, nn.intercostabrachiales, түзеді. Қабырғааралық нерв бастапқы бөлігінде қабырғаның төменгі жиегінде орналасқан қабырға жүлгесі, sulcus costae, арқылы аттас артерия және венамен бірге жүріп, олардан төмен орналасады. Қолтықтық алдыңғы сызық, linea axillaris anterior, деңгейінде қабырғааралық нерв төмен түсіп, қабырғааралықтың ортасында орналасады. Қабырғааралық нервтер сыртқы және ішкі қабырғааралық бұлшықеттердің аралығында өтеді. Жоғарғы алты қабырғааралық нервтер төс сүйекке дейін жетеді, олардың соңғы тармақтары, кеуденің терілік алдыңғы тармақтары, rr. cutanei anteriores pectorales, түрінде кеуденің алдыңғы бетіндегі терісінде аяқталады. Төменгі бес қабырғааралық нервтер мен қабырғаастылық нерв қабырғалардың шеміршектеріне деңгейінде, іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттерінің арасына өтіп, іштің тік бұлшықетінің қынабына келеді де іштің терілік алдыңғы тармақтары, rr. cutanei anteriores abdominales, түрінде іштің алдыңғы қабырғасының терісін нервтендіреді. Қабырғааралық нервтер қолтықтық ортаңғы сызық деңгейінде кеуде мен іштің терілік латералды тармақтарын, rr.cutanei laterales pectoraels et abdominales, береді.

5 8 – сурет. Қабырғааралық нервтер.


1 – қабырғааралық нервтер; 2 – қабырғааралық нервтердің терілік алдыңғы тармақтары; 3 – іштің көлденең бұлшықеті; 4 – мықын – шап нерві; 5 – мықын – құрсақасты нерві; 6 – қабырғаастылық нерв; 7 – XII қабырға; 8 – қабырға аралық нервтің терілік латералды тармағы; 9 – І қабырға.

Әйелдерде IY,Y,YI қабырғааралық нервтердің латералды тармақтарынан сүт безінің латералды тармақтары, rr. mammarii lateralеs, кетеді. Ал, II, III және IY қабырғааралық нервтердің алдыңғы тармақтарынан сүт безінің медиалды тармақтары, rr. mammarii mediales, бөлініп сүт безін нервтендіреді. Қабырғааралық және қабырғаастылық нервтер кеудедегі: қабырғааралық сыртқы және ішкі бұлшықеттерді, mm. intercostales externi et interni, кеуденің көлденең бұлшықетін, m. transversus thoracis, қабырғаастылық бұлшықеттерді, mm. subcostales, қабырғаларды көтеретін бұлшықеттерді, mm. levatores costarum, тістік артқы жоғарғы және төменгі бұлшықеттерді, mm.serrati posteriores superiores et inferiores, іштегі: іштің көлденең бұлшықетін, m. transversus abdominis, іштің ішкі және сыртқы бұлшықеттерін, mm. abliqui abdominis interni et externi, іштің тік бұлшықетін, m.rectus abdominis, пирамидалық бұлшықетті, m.pyramidalis және белдің шаршы бұлшықетін, m.quadratus lumborum, нервтендіреді. Қабырғааралық нервтер өкпеқапқа және іштің алдыңғы қабырғасын жауып жатқан ішастарға тармақтар береді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет