Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Білектің медиалды терілік нерві



бет76/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104
Білектің медиалды терілік нерві, n.cutaneus antebrachii medialis, иық өрімінің медиалды будасынан басталып ( - ), иық артериясының жанында орналасады. Иықта осы артерия және ортаңғы нервпен бірге төмен түседі де, v. basilica-ның иық шандырын тесіп, иыққа өтетін жерінде, шандыр астынан шығып, білектің алдыңғы медиалды бетінің терісін нервтендіреді.
Кәрі жілік нерві, n.radialis, иық өрімінің ( - ) артқы будасынан басталып, қолтық артериясының артында орналасады. Қолтықта кәрі жілік нервінен иықтың артқы терілік нерві, n.cutaneus brachii posterior, кетеді. Ол артқа жүріп, делтатәрізді бұлшықеттің сіңірі деңгейінде иық шандырын тесіп өтеді де, иықтың артқы латералды бетінің терісін нервтендіреді. Кәрі жілік нерві иықтың терең артериясымен бірге тоқпан жіліктің артқы жағында орналасқан кәрі жілік нервінің өзегі арқылы өтіп, иықтың төменгі бөлігінің латералды жағында аталған өзектен а.collateralis radialis - пен бірге шығады. Нерв алдыға жүріп - латералды бұлшықетаралық қалқаны тесіп өтіп - иық және иық-кәрі жілік бұлшықеттерінің аралығынан шығады. Шынтақ буынның деңгейінде кәрі жілік нерві беткей және терең тармақтарға бөлінеді. Кәрі жілік нерві иықтың артқы бетіндегі бұлшықеттерді: иықтың үш басты бұлшықетін, m.triceps brahii, мен шынтақ бұлшықетін, m.anconeus, және иық буынын нервтендіреді. Сонымен қатар осы жерден білектің иық-кәрі жілік бұлшықетін, m.brachioradialis, және білезікті жазатын кәрі жіліктік ұзын бұлшықетті, m.exstensor carpi radialis longus, нервтендіретін rr.muscularеs, кетеді. Иықтың кәрі жілік нерві өзегінде, кәрі жілік нервінен білектің терілік артқы нерві, n. cutaneus antebrachii posterior, кетеді. Ол иық – кәрі жілік бұлшықетінің, m.brachioradialis, латералды жиегінде иық шандырын тесіп өтеді де, білектің артқы бетінің терісін нервтендіреді. Осы аймақта кәрі жілік нервінен кететін иықтың терілік латералды төменгі нерві, n.cutaneus brachii lateralis inferior, иықтың төменгі бөлігінің латералды бетін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет