Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет79/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Бел – сегізкөз өрімі
Белдік, сегізкөздік және құйымшақтық жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтары өзара қосылып, бел – сегізкөз өрімін, plexus lumbosasacralis, құрайды. Сондықтан оның құрамында бел, сегізкөз және құйымшақ өрімдері ажыратылады.

Бел өрімі
Бел өрімі, plexus lumbalis, кеуделік XII жұлын (қабырғаастылық) нервінің алдыңғы тармағының бір бөлігінен, жоғарғы үш белдік жұлын нервтерінің алдыңғы тармақтарынан және белдік IV жұлын нервінің алдыңғы тармағының бір бөлігінен құралған. Белдік IV жұлын нервінің төменгі бөлігі төмен түсіп, белдік V нервтің алдыңғы тармағымен қосылып, бел – сегізкөз діңін, truncus lumbosacralis, құрайды. Бел өрімі бел омыртқаларының көлденең өсінділері мен белдің шаршы бұлшықетінің алдыңғы бетінде және белдік үлкен бұлшықеттің ішінде орналасады. Бел өрімінен кететін нервтер белдік үлкен бұлшықеттің латералды жиегінің астынан шығады немесе осы бұлшықетті тесіп өтеді (59-срет).
Бел өрімінің тармақтары: 1. бұлшықеттік тармақтары , rr. musculares: белдің шаршы бұлшықетін, m. quadratus lumborum, белдік үлкен және кіші бұлшықеттерді, mm. psoas major et minor, және белдің көлденеңаралық бұлшықеттерін, m. intertransversarii lumborum, нервтендіреді.
2.Мықын-құрсақасты нерві, n. iliohypogastricus ( - ), белдік үлкен бұлшықеттің астынан шығып, белдің шаршы бұлшықетінің алдыңғы бетінде, қабырғаастылық нервке параллелді бағытта орналасады. Бұл нерв іштің көлденең бұлшықетін мықын қырының үстінде тесіп өтеді де, осы бұлшықет пен ішкі қиғаш бұлшықетінің, содан кейін іштің ішкі және сыртқы қиғаш бұлшықеттерінің арасымен жүріп, іштің тік бұлшықетіне келеді. Нерв іштің көлденең бұлшықетін, m. transversus abdominis, іштің ішкі және сыртқы қиғаш бұлшықеттерін, mm. obliqui abdominis internus et externus, және іштің тік бұлшықетін, m. rectus abdominis, нервтендіреді. Нервтің терілік тармақтары бөксенің жоғарғы бөлігінің және іштің алдыңғы қабырғасының қасаға үстіндегі терісін нервтендіреді.
3.Мықын-шап нерві, n.ilioinguinalis, ( - ), белдік үлкен бұлшықеттің латералды жиегінің астынан шығып, мықын-құрсақты нервісінің астында, оған паралледі бағытты өтеді. Ол іштің көлденең және ішкі қиғаш бұлшықеттерінің аралығымен жүріп, шап өзегіне өтеді де, шәует баудың (шылбырының) алдында, ал әйелдерде жатырдың дөңгелек байламының алдында орналасады. Мықын-шап нерві шап өзегінің беткей сақинасынан шығып, қасаға аймағының терісін, еркектерде ұмалық алдыңғы нервтер, nn. scrotalis anteriores, түрінде ұма терісінің алдыңғы бөлігін, ал әйелдерде ернеулік алдыңғы нервтер, nn.labials anteriore, түрінде үлкен ернеудің алдыңғы бөлігін нервтендіреді. Мықын-шап нерві іштің - көлденең, ішкі және сыртқы қиғаш бұлшықеттерін нервтендіреді.
4. Сан-жыныс нерві, n.genitofemoralis, ( - ), белдік үлкен бұлшықеттің ішінде немесе оны тесіп шыққаннан кейін, жыныстық тармаққа, r. genitalis, және сандық тармаққа, r. femoralis, бөлінеді. Жыныстық тармақ шап өзегіне кіреді, бұл жерде ол шәует баудың немесе әйелдерде жатырдың дөңгелек байламының артында жатады. Бұл тармақ атабезді көтеретін бұлшықетті, ұманың терісі мен етті қабығын, санның медиалды бетінің жоғарғы бөлігінің терісін нервтендіреді. Әйелдерде, жатырдың дөңгелек байламын, үлкен жыныстық ернеу терісін және санның медиалды бетінің жоғарғы бөлігінде тарамдалады.
Сандық тармақ, санға тамырлық тесік, lacuna vasorum, арқылы өтеді де санның жалпақ шандырының тері астындағы саңылауды жауып жататын торлы (тесіктелген) шандырын тесіп өтіп, сан үшбұрышы аймағының терісін нервтендіреді.

5. Санның латералды терілік нерві, n. cutaneus femoris lateralis, ( - ), белдік үлкен бұлшықеттің латералды жиегінің астынан шығады, кейде оны тесіп өтіп, мықын бұлшықетінің алдыңғы бетінде – шандырдың астында орналасып төмен жүреді де, шап байламының астына келеді.Ол бұлшықеттік тесіктің, lacuna musculorum, латералды бөлігі арқылы санға шығады да,санның латералды бетінің терісін тізе буынына дейін нервтендіреді .



59 – сурет. Бел және сегізкөз өрімдерінің нервтері.
1 – қабырғаастылық нерв; 2 – мықын - құрсақасты нерві; 3 – мықын - шап нерві; 4 – сан – жыныс нерві; 5 – сан – жыныс нервінің жыныстық тармағы; 6 –– сан – жыныс нервінің сандық тармағы; 7 – санның терілік латералды нерві; 8 – сан нерві; 9 –жапқыш нерв; 10 – шонданай нерві.

6. Жапқыш нерв, n.obturatorius (LII-LIV), белдік үлкен бұлшықеттің медиалды жиегін бойлай төмен түсіп, кіші жамбас қуысының бүйір қабырғасында – жапқыш артерия мен венаның үстінде орналасады. Нерв олармен бірге жапқыш өзегі арқылы санға өтеді (60-сурет). Ол санның медиалды бұлшықеттерін - әкелетін бұлшықеттерді: жіңішке бұлшықетті, m.gracilis, қырлы бұлшықетті, m.pectineus, әкелетін ұзын бұлшықетті, m.adductor longus, әкелетін қысқа бұлшықетті, m.adductor brevis, әкелетін үлкен бұлшықетті, m.adductor magnus, және ұршық буынының қапшығын нервтендіреді. Сонымен қатар, жапқыш нервтің терілік тармағы, r.cutaneus, санның медиалды бетінің терісін нервтендіреді .
60 – сурет. Санның алдыңғы және медиалды беттерінің нервтері мен тамырлары.
1 – сан нерві; 2 – сан нервінің алдыңғы терілік тармақтары; 3 – жапқыш нерв; 4 – сан артериясы; 5 – теріастылық нерв; 6 – теріастылық үлкен вена; 7 – сан нервінің бұлшықеттік тармақтары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет