Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Кәрі жілік нервінің беткей тармағы



бет77/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104
Кәрі жілік нервінің беткей тармағы, ramus superficialis n.radialis, төмен жүріп,білектегі кәрі жілік жүлгесінде, кәрі жілік артериясының латералды жағында орналасады. Білектің төменгі үштен бір бөлігінде, ол иық – кәрі жілік бұлшықеті мен кәрі жілік аралығы арқылы, білектің сыртқы бетіне өтеді де, бес – саусақтардың артқы нервтеріне, nn.digitales dorsales, бөлінеді. Олар қол басының артқы бетінің кәрі жіліктік бөлігін және екі жарым саусақты нервтендіреді. Атап айтқанда бас бармақтың екі жағы мен артқы бетін нервтендіреді. Сұқ саусақтың проксималды бунағының екі жағы мен артқы бетін; атаусыз саусақтың проксималды бунағының артқы бетінің кәрі жіліктік бөлігін нервтендіреді.
Кәрі жілік нервінің терең тармағы, r. profundus n.radialis, супинациялық бұлшықет арқылы өтеді де кәрі жілік мойнын латералды жағынан айналып, білектің артқы бетіне шығады. Нерв білектің артқы бетіндегі барлық бұлшықеттерді нервтендіреді. Атап айтқанда: білезікті жазатын кәрі жіліктік қысқа бұлшықетті, m.extensor carpi radialis brevis, саусақтарды жазатын бұлшықетті, m.extensor digitorum, шынашақты жазатын бұлшықетті,m.extensor digiti minimi, білезікті жазатын шынтақ жіліктік бұлшықетті, m.extensor carpi ulnaris, супинациялық бұлшықетті, m.supinatorius, бас бармақты әкететін ұзын бұлшықетті, m.abductor pollicis longus, бас бармақты жазатын қысқа бұлшықетті, m.extensor policis brevis, бас бармақты жазатын ұзын бұлшықетті, m.extensor pollicis longus, және сұқ саусақты жазатын бұлшықетті, m.extensor indicis, нервтендіреді. Сонымен, n.radialis иық пен білектің барлық артқы бұлшықеттерін және иық-кәрі жілік бұлшықетін, m.brachioradialis, нервтендіреді. Терең тармақтың жалғасы артқы сүйекаралық нерв, n.interosseus posterior, артқы сүйекаралық артерияның қасында орналасып, білектің артқы бетінің терең бұлшықеттерін және білезік, білезік-алақан сүйектері буындарын, бунақаралық буындарды нервтендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет