Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет10/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104
Жұлынның жұмсақ қабығы, pia mater spinalis, жұлынға тығыз жанасып, оны тікелей жауып жатады және қан тамырларымен бай жабдықталған. Жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығында едәуір көлемді торлы қабықастылық қуыс, cavitas subarachnoidalis, орналасқан, оның ішін ми – жұлын сұйықтығымен, liquor cerebrospinalis, алып жатады. Бұл кеңістік мидың аттас қуысына жалғасады. Жұмсақ қабықтың латералды бетінен, фронталды жазықтықта орналасқан үшбұрышты 19-23 тісшетәрізді байламдар, ligamentum denticulata, шығады, олар торлы қабықпен жабылып, көршілес екі жұлын нервтерінің аралығындағы қатты қабықтың ішкі бетінде аяқталады. Жұлынды тісшетәрізді байламдардан басқа, жұмсақ қабық пен торлы қабықтың аралығындағы көптеген дәнекер тіндік жіпшелер де бекітіп тұрады.
Жұлынның скелетотопиясына байланысты ми – жұлын сұйықтығын тексеруге алу үшін инені III - IV бел омыртқаларының аралығы арқылы өткізеді.

Миға жалпы шолу .

Миды, encephalon, сыртынан қарағанда оның үш бөлігін: үлкен миды, cerebrum, мишықты,cerebellum және ми діңін, truncus encephalicus, ажыратады.


Үлкен миды (cerebrum) екі терең саңылау бөліп жатады: бойлық жүлге, fissura longitudinalis cerebralis, үлкен миды оң және сол ми сыңарларына, hemispheriae cerebrals, бөледі, ал көлденең жүлге, fissura transversa cerebralis, - үлкен ми сыңарларын мишықтан бөліп тұрады. Әр ми сыңарының маңдайлық, шүйделік, самайлық шеттерін және жоғарғы-латералды, медиалды, төменгі беттерін ажыратады. Ми сыңарларының бетінде көптеген жүлгелер, sulci cerebrales, және қатпарлар, gyri cerebrales,орналасады.
Үлкен мидың әр сыңарының жоғарғы - латералды беті бассүйек төбесінің бедеріне сәйкес дөңес, ал мидың медиалды беті жалпақ болып келеді. Үлкен ми сыңарларының медиалды беттерін бөліп тұратын бойлық жүлгенің тереңінде комиссуралық талшықтардан түзілген – сүйелді дене, corpus callosum, жатады.
Мидың төменгі беті бассүйек негізінің ішкі бедерін қайталайтындықтан, тегіс емес. Оның артқы бөлігі - ми діңінің, алдыңғысы – маңдайлық үлестердің, ал бүйір жақтары - самайлық үлестердің төменгі беттері болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет