Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет8/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Артқы жіпше, артқы аралық жүлге арқылы, медиалды орналасқан жіңішке буда, fasciculus gracilis, (Голл будасы) мен латералды орналасқан сынатәрізді будаға, fasciculus cuneatus, (Бурдах будасы) бөлінген. Аталған екі буда арқылы саналы проприоцептивтік сезімнің өткізгіш жолы және жанасу, қысым сезімі өткізгіш жолының бір бөлігі өтеді.
Бүйір жіпшеде орналасқан жоғарылаған өткізгіш жолдар:

  1. Жұлын – мишықтық алдыңғы жол, tractus spinocerebellaris anterior, (Говерс жолы);

  2. Жұлын – мишықтық артқы жол, tractus spinocerebellaris posterior, (Флексиг жолы), аталған екі жол мишыққа санасыз проприоцептивтік импулстарды жеткізеді.

  3. Жұлын – таламустық латералды жол, tractus spinothalamicus lateralis, ауырсыну және температура сезімталдығын өткізеді.

Бүйір жіпшенің төмендеген өткізкіш жолдары :

  1. Қыртыс – жұлындық латералды жол, tractus corticospinalis lateralis, саналы қозғалтқыш импулстарды ми қыртысынан ( орталықалды қатпарынан ) жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға жеткізеді.

  2. Қызыл ядро – жұлындық жол, tractus rubrospinalis, ортаңғы мидың қызыл ядросынан басталып, қарама – қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарда аяқталады.Бұл жол экстрапирамидалық жүйеге жатады, яғни қаңқалық бұлшықеттердің тонусын және жиырылу реттілігін санасыз түрде қамтамасыз етіп отырады (қимыл – қозғалыстарды «автоматты» басқарады ).


Алдыңғы жіпшенің негізгі өткізгіш жолдары :

  1. Қыртыс – жұлындық алдыңғы жол, tractus corticospinalis anterior, мидың орталықалды қатпарының пирамидалық жасушаларынан басталып, жұлында ақ дәнекер арқылы қарама - қарсы жаққа өтіп, жұлынның алдыңғы мүйізінде орналасқан қозғалтқыш нейрондарға саналы импулстарды жеткізеді.



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет