Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет6/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

6 - сурет. Жұлын сегментінің құрылымы.
1,6 – алдыңғы түбіршік; 2,5 – артқы түбіршік; 3 – сұр зат; 4 – ақ зат; 7 – жұлын түйіні; 8,9 – жұлын нервінің алдыңғы тармағы; 7 – жұлын түйіні; 8,12 – жұлын нервінің артқы тармағы; 10 – алдыңғы орталық саңылау; 11 – симпатикалық діңнің түйіні.

Жұлында: 8 мойындық ( С 1-8), 12 кеуделік (Th1 - Th12 ), 5 белдік (L1- L5), 5 сегізкөздік(S1 - S5 ) және 1 құйымшақтық (Co1), барлығы 31сегмент бар ( 7 – сур.). Жұлынның әрбір сегменті дененің белгілі бір бөлігін (метамерін) нервтендіреді. Метамердің құрамына бір дерматом мен миотомнан дамыған терінің бөлігі және қаңқа бұлшықеттері енеді .



5

4

3

2

1


  1. - сурет. Жұлын сегментерінің топографиясы.

1 - мойындық бөлігі (С1-CVIII) ; 2 – кеуделік бөлігі (ThI-ThXII) ; 3 – белдік бөлігі ( LI-LV ) ; 4 – сегізкөздік бөлігі ( SI – SV ) ; 5 – құйымшақтық бөлігі ( Co1 – CoIII ) .
Жұлын ішкі жағында орналасқан сұр заттан, substantia grisea, және сыртқы жағында орналасқан ақ заттан, substantia alba, түзілген. Сұр зат негізінен нейрондардың денелерінен, ақ зат нерв талшықтарынан (нейрондардың өсінділерінен) түзілген. ( 8 – сурет).

8 - сурет. Жұлынның көлденең кесіндісі.
1 - жұмсақ қабығы; 2 – артқы орталық жүлге; 3 - артқы аралық жүлге; 4 - жұлын нервінің артқы түбіршігі; 5 - артқы латералды жүлге; 6 – шекаралық аймақ; 7 – кеуекті аймақ; 8 – сілікпетәрізді заттек; 9 – артқы мүйіз; 10 – бүйір мүйіз; 11 – тістәрізді байлам; 12 – алдыңғы мүйіз; 13 - жұлын нервінің алдыңғы түбіршігі; 14 – жұлынның алдыңғы артериясы; 15 – алдыңғы орталық саңылау.

Сұр зат, substantia grisea, жұлынның оң және сол жартыларында, бір-бірімен аралық сұр затпен қосылған алдыңғы және артқы бағаналарды, columna anterior et columna posterior, құрайды. Аралық сұр зат VIII мойындық сегменттен II - III белдік сегменттер аралығында бүйірлік дөңесті - латералды бағананы, columna lateralis, түзеді. Жұлынның ортасында орталық өзек, canalis centralis, орналасқан. Өзектің жоғарғы шеті IV қарыншамен қатынасады, ал төменгі шеті милық конус аймағында біраз кеңейіп соңғы қарыншаны, ventriculus terminalis, түзеді. Өзек нерв түтігінің қалдығы болып табылады, оны ми-жұлын сұйықтығы толтырып тұрады. Жұлынның көлденең кесіндісінде сұр заттың пішіні көбелекке немесе «H» әрпіне ұқсас болып келеді. Сұр заттың алдыңғы мүйізін, cornu anterius, және артқы мүйізін, cornu posterius, ажыратады. Олардың арасында аралық орталық және аралық латералды заттар орналасқан. Аралық орталық зат, substantia intermedia centralis, орталық өзекті қоршап жатады. Аралық латералды зат, substantia intermedia lateralis, аралық орталық заттың жалғасы болып табылады да, жұлынның СVIII -LII-III сегменттерінде бүйірлік дөңесті - латералды мүйізді, cornu laterale, құрайды. Латералды мүйізде – вегетативтік нерв жүйесінің симпатикалық бөлігінің орталығы орналасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет