Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


Санасыз проприоцепторлық сезімталдықтың өткізгіш жолдары



бет46/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

2.Санасыз проприоцепторлық сезімталдықтың өткізгіш жолдары.
Санасыз проприоценторлық сезімталдықтың өткізгіш жолдары мишықта аяқталады. Тірек-қимыл мүшелерінен келетін импулстер мишықта талданып, одан кететін төмендеген өткізгіш жолдар, бұлшықеттердің тонусы мен қимылын санасыз түрде реттеп, үйлестіреді де, дененің тепе-теңдігін қамтамасыз етеді. Осы жолдардың ішінде негізгі екеуін: жұлын-мишықтық артқы және алдыңғы жолдарды ажыратады.
Жұлын-мишықтық артқы жол, tractus spinocerebellaris posterior, (Флексиг будасы) екі нейроннан тұрады ( 41 – сурет ). Бірінші (сезімтал) нейрондардың денелері жұлын түйінінде жатады. Олардың шеткі өсінділері (дендриттері) жұлын нервтерінің құрамында өтіп, қол-аяқтың, тұлғаның және мойынның бұлшықеттерінде, сіңірлерінде, буын қапшықтарында, байламдарында және сүйектерінде орналасқан рецепторлары арқылы -олардың орналасу қалпы туралы импулстерді қабылдайды.

41 – сурет. Жұлын-мишықтық артқы жол (Флексиг будасы).
1 – жұлын; 2 – сопақша ми; 3 – мишық қыртысы; 4 – тістік ядро; 5- тығынтәрізді ядро; 6 – мишық құртының қыртысындағы синапс; 7 – мишықтың төменгі аяқшасы; 8 - жұлын-мишықтық артқы жол; 9 – жұлын түйіні.

Орталық өсінділері (аксондары) артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы мүйізіне өтіп, екінші (аралық) нейрондарда (кеуделік ядрода, nucleus thoracicus) аяқталады. Екінші нейронның аксондары, өз жағының бүйір жіпшесіне өтіп, мишық-жұлындық артқы жолды түзеді. Жол жоғары көтеріліп, сопақша мидың дорсалды бөлігі арқылы өтіп, мищықтың төменгі аяқшасының құрамында мишыққа келеді. Ол мишық құрты қыртысының нейрондарында аяқталады. Өзінің жүретін жолында, қарсы жаққа өтпейтіндіктен, бұл жолды мишықтық тік жол деп атайды. Алайда, мишық құртында оның көп бөлігі қарсы жаққа өтіп, қиылысады.


Жұлын-мишықтық алдыңғы жол, tractus spinocerebellaris antertior, (Говерс будасы) екі нейроннан тұрады ( 42 – сурет ). Бірінші (сезімтал) нейрондардың денелері жұлын түйінінде орналасады. Олардың шеткі өсінділері жұлын нервтерінің құрамында жүріп, қол-аяқтың, тұлғаның және мойынның бұлшықеттерінде, сіңірлерінде, буын қапшықтарында, байламдарында және сүйек қабықтарында орналасқан проприоценторларында аяқталады. Ал, орталық өсінділері артқы түбіршік арқылы жұлынның артқы мүйізіне өтіп, екінші (аралық) нейрондарда (медиалды аралық ядрода, nucleus intermediomedialis) аяқталады.


42 – сурет. Жұлын-мишықтық алдыңғы жол (Говерс будасы).
1 – жұлын; 2 - жұлын-мишықтық алдыңғы жол; 3 – сопақша ми; 4 - мишық құртының қыртысындағы синапс; 5 – дөңгеле ядро; 6 – мишық қыртысы; 7 – тістік ядро; 8 – жұлын түйіні.

Екінші нейрондардың басым бөлігінің (90%) аксондары ақ дәнекер, comissura alba, арқылы қарсы жақтың бүйір жіпшесіне, аз бөлігінің (10%) аксондары өз жағының бүйір жіпшесіне өтеді. Олар мишық - жұлындық алдыңғы жолды түзіп жоғары көтеріледі де, сопақша ми мен көпірдің дорсалды бөлігі арқылы өтеді. Көпір мен ортаңғы мидың шекарасында мидың жоғарғы желкені, velum medullare superius, арқылы қарсы жаққа (өз жағына) өтіп, мишықтың жоғарғы аяқшасы арқылы мишық құртының қыртысында аяқталады. Сонымен, жұлын-мишықтық алдыңғы жол, жұлында және жоғарғы ми желкенінде екі рет қиылысады да, нервтік импулсті негізінен өз жағында орналасқан мишық құртына әкеледі.
Саналы және санасыз проприцепторлық өткізгіш жолдар адамның күрделі және дәл қимылдар жасау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет