Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет80/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

С ан нерв, n.femoralis, (LІ-LІV ), белдік үлкен бұлшықеттің латералды жиегінің астынан шығатын, бел өрімі нервтерінің ішіндегі ең ірісі. Сан нерві белдік үлкен және мықын бұлшықеттерінің аралығымен төмен жүріп, бұлшықеттік тесік, lacuna muscularum, арқылы санның алдынғы бетіне өтеді. Нерв, сан үшбұрышында – сан артериясының латералды жағында орналасып – бұлшықеттік тармақтарға, алдыңғы терілік тармақтарға және теріастылық нервке бөлінеді. Сан нервінің бұлшықеттік тармақтары, rr.musculares, сан бұлшықеттерінің алдыңғы тобын: тігінші бұлшықетін, m.sartoius, төртбасты бұлшықетті, m.quadriceps femoris, және медиалды топқа жататын қырлы бұлшықетті, m.pectineus, нервтендіреді . Алдынғы терілік тармақтары, rami cutanei anteriores, санның жалпақ шандырын тесіп өтіп, санның алдынғы бетінің терісін нервтендіреді (61-сурет).
61 – сурет. Аяқтың алдыңғы бетінің терілік нервтері.
1 – сан нервінің алдыңғы терілік тармақтары; 2 – тізе тобығыастылық тармақ; 3 – теріастылық нерв; 4 – кіші жіліктік беткей нерв; 5 – санның латералды терілік нерві;


Теріастылық нерв, n.saphenus, сан үшбұрышында , сан артериясының латералды жағында орналасып, төмен жүреді де, сан артериясы және венасымен бірге әкелетін өзекке, canalis adductorius, енеді. Бұл жерде нерв артерияның алдыңғы – латералды жағында жатады. Өзектен оның алдыңғы тесігі арқылы - тізелік төмендеген артериямен бірге шығып - тігінші бұлшықет сіңірінің астында орналасады. Одан кейін теріастылық нерв, теріастылық үлкен венаны, v.saphena magna, бойлай төмен түседі. Ол тізе буыны деңгейінде тізе тобығыастылық тармағын, r.infrapatellaris, береді. Бұл тармақ латералды бағытта жүріп тізе буыны мен тізе тобығының медиалды бетінің және сирақтың жоғарғы бөлігінің терісін нервтендіреді. Сирақта теріастылық нервтен, сирақтың алдыңғы – медиалды бетінің терісін нервтендіретін – сирақтын медиалды терілік нервтері, rr.cutanei cruries mediales, кетеді. Теріастылық нерв төменгі жағында - аяқ басының медиалды жиегінің терісін үлкен бақайға дейін нервтендіреді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет