Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы


) Мұрындық артқы жоғарғы медиалды және латералды тармақтар



бет101/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104
1) Мұрындық артқы жоғарғы медиалды және латералды тармақтар, rr. nasales posteriores superiores mediales et laterales, сына-таңдай тесігі арқылы мұрын қуысының шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.
2) Мұрын-таңдай нерві, n. nasopalatinus, сына-таңдайлық тесік арқылы мұрын қалқасының шырышты қабығына өтеді, әрі қарай күректістік өзек арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығына енеді.
3) Таңдайлық үлкен және кіші нервтер, n. palatinus major et nn. palatini minores, аттас өзектер арқылы қатты және жұмсақ таңдайлардың шырышты қабығын және бездерін нервтендіреді.
4) Мұрындық артқы төменгі тармақтар, rami nasales posteriores inferiores, таңдайлық үлкен өзек арқылы мұрын қуысы түбінің шырышты қабығын нервтендіреді.
5) Жұтқыншақтық тармақ, r.pharyngeus, жұтқыншақтың шырышты қабығын және бездерін – есту түтігінің жұтқыншақтық тесігі аймағында нервтендіреді.
Дабыл ішегі, chorda tympani, дәм сезу және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв.
Дабыл ішегі беттік өзектің төмендеген бөлігінде бет нервінен бөлініп, дабыл қуысына енеді де, одан тастық-дабыл саңылауы, fissurа petrotympanica, арқылы шығады. Дабыл ішегі төмен жүреді де тіл нервімен қосылады (төменгі жақсүйек нервісінің тармағы), дабыл ішегінің құрамындағы дәм сезу талшықтары тілдің алдыңғы үштен екі бөлігінен дәм сезімталдығын өткізеді. Дабыл ішегінің құрамындағы парасимпатикалық түйінгедейінгі тармақтары тіл нервінің түйіндік тармақтарының, rami ganglionares, құрамында төменгі жақсүйекасты және тұрақсыз тіласты түйіндеріне барады. Бұл түйіндерде орналасқан екінші парасимпатикалық нейрондардың түйінненкейінгі,бездік тармақтары, rr.glandulares, төменгі жақсүйекасты және тіласты бездерін нервтендіреді. Сонымен қатар бездік тармақтар тіл нервіне қосылып тілдің майда бездерін нервтендіреді.
3. Тіл-жұтқыншақ нервінің, n.glossopharyngeus (IX жұп), парасимпатикалық төменгі сілекей бөлетін ядросы, nucleus salivatorius inferior, сопақша мидың артқы бөлігінде (ромбтәрізді шұңқырда) орналасады. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар тіл-жұтқыншақ нервісінің құрамында жүріп, оның тармағы – дабыл нервіне өтеді.
Дабыл нерві, n.tympanicus, сезімтал және парасимпатикалық талшықтардан тұратын аралас нерв, ол тілжұтқыншақ нервінің төменгі түйінінен басталып, самай сүйектің дабыл өзекшесі арқылы дабыл қуысына кіріп, шырышты қабықта дабыл өрімін, plexus tympanicus,түзеді. Бұл өрімге ішкі ұйқы өрімінен симпатикалық ұйқыдабыл нервтері, nn.caroticotympanici, қосылады. Құрамында парасимпатикалық талшықтары бар, дабыл өрімінің тармағы тастық кіші нерв, n.petrosus minor, дабыл қуысынан аттас саңылау арқылы шығып, самай сүйек пирамидасының алдыңғы бетіндегі аттас жүлгемен жүреді. Содан кейін, тастық кіші нерв сына-тастық саңылау, fissura sphenopetrosa, арқылы бассүйек негізінің сыртқы бетіне шығып, екінші парасимпатикалық нейрондардан түзілген құлақтық түйінде, ganglion oticum, аяқталады. Бұл түйін төменгі жақсүйек нервінің медиалды жағында орналасқан. Түйіннен кететін түйінненкейінгі тармақтар құлақ-самай нервінің, n.auriculotemporalis, құрамында өтіп, шықшыт безін нервтендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет