Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет97/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104
Несепағар өрімі, plexus uretericus, бүйрек өрімінің несепағардағы жалғасы болып табылады.

  • Атабез өрімі, plexus testicularis, әйелдерде – анабез өрімі, plexus ovaricus, шажырқайаралық өрімнен шығып, атабезді немесе анабезді нервтендіреді.

  • Шажырқайлық төменгі өрім, plexus mesentericus inferior, шажырқайлық төменгі артерияның және оның тармақтарының бойымен таралады. Артерияның басталатын жерінде 1-2 кішкене шажырқайлық төменгі түйіндер, gangliа mesenterica inferiora,жатады. Бұл өрімнің тармақтары көлденең жиек ішектің сол жақ бөлігін, төмендеген жиек ішекті, сигматәрізді жиек ішекті және тік ішектің жоғарғы бөлігін нервтендіреді. Олар ішекте қабырғаішілік (интрамуралды) өрімдер түзеді.

  • Шажырқайаралық өрім, plexus intermesentericus, іштік қолқа өрімінің - шажырқайлық жоғарғы және төменгі өрімдерінің аралығында орналасқан бөлігі.

  • Құрсақастылық жоғарғы өрім, plexus hypogastricus superior, іштік қолқа өрімінің шажырқайаралық өрімнің астында орналасқан бөлігі. Ол - мүйістен, promontorim, ( V бел омыртқасы мен сегізкөз негізінің бір-бірімен қосылған жері) төмен - құрсақастылық нервтерге жалғасады.

    Іштік қолқа өрімі, қолқа айырығынан кейін, оң және сол жақтағы мықындық жалпы артериялардың бойымен таралатын, мықындық өрімге, plexus iliacus, жалғасады.
    Жоғарыда аталған, іш қуысының вегетативтік өрімдерінің құрамында болатын симпатикалық - құрсақтық, шажырқайлық жоғарғы және төменгі түйіндерде, сонымен қатар симпатикалық діңнің түйіндерінде екінші нейрондар орналасады.
    Ал, кезбе нервтің және ішкі ағзалық жамбас нервтерінің екінші парасимпатикалық нейрондары интрамуралды өрімдер құрамындағы немесе ағза жанындағы (экстрамуралды) кішкене түйіндерде жатады.

    Жамбас қуысының вегетативтік өрімдері
    Құрсақастылық жоғарғы өрім, plexus hypogastricus superior, (72 – сурет), мүйістен төменірек екіге бөлініп оң және сол құрсақастылық нервтер,nn.hypogastrici dexter et sinister, деп аталады. Бұл нервтер төмен түсіп тік ішектің оң және сол жағында орналасқан жамбас өріміне, plexus pelvinus, (құрсақастылық төменгі өрімге, plexus hypogastricus inferior) жалғасады. Бұл өрімді түзуге симпатикалық ішкі ағзалық сегізкөз нервтері, nn.splanchnici sacrales және жұлынның ІІ –IV сегізкөздік сегменттерінде орналасқан парасимпатикалық ядролардан шығатын ішкі ағзалық жамбас нервтері, nn. splanchnici pelvini,қатынасады. Өрімнің ішінде көптеген ұсақ симпатикалық түйіндер орналасады. Өрімді құрайтын тармақтардың құрамына симпатикалық және парасимпатикалық талшықтардан басқа сезімтал нерв талшықтары да кіреді.

    72- сурет. Жамбастың вегетативтік өрімдері.


    1- құрсақастылық жоғарғы өрім; 2 – құрсақастылық нерв; 3 – құрсақастылық төменгі өрім ; 4 – несеп қуық өрімі ; 5 – қуықасты безінің өрімі ; 6 – еркек жыныс ағзасының үнгірлі нервтері; 7 – жамбастың ішкіағзалық нервтері.

    Жамбас өрімінен шығатын тармақтар мықындық ішкі артерияның тармақтарының бойымен жүріп өрімдер түзеді. Олар ағзалық өрімдерге жалғасады. Ағзалық өрімдерді түзуге жамбас өрімінен тікелей келетін тармақтар да қатынасады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   104




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет