Нерв жүйесі ( оқу құралы ) Нерв жүйесінің жалпы сипаттамасы



бет98/104
Дата06.10.2023
өлшемі34,42 Mb.
#113053
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104
Байланысты:
БШ Нерв жүйесі.Соңғы түрі,2018.

Несеп қуық өрімі, plexus vesicalis, оны несеп қуықтық жоғарғы және төменгі артериялардың бойымен келетін өрімдер түзеді.

  • Жатыр-қынап өрімін, plexus uterovaginalis, жатырлық артерияның өрімі түзеді.

  • Тік ішектік ортаңғы және төменгі өрімдер,plexus rectales medii et inferiores, аттас артериялар бойымен таралып, тік ішек өрімін,plexus rectalis, түзуге қатынасады.

  • Қуықасты безінің өрімі, plexus prostaticus,бұл өрімді несеп қуық өрімінен және жамбас өрімінен тікелей келетін тармақтар түзеді.

  • Шәует шығаратын түтік өрімі, plexus deferentialis, аттас артерияның бойымен жүріп, аталған түтікті нервтендіреді.

  • Еркек жыныс ағзасының үңгірлік өрімін (деліткінің үңгірлік өрімі), plexus cavernosus penis (plexus cavernosus clitoridis), жыныс ағзалық артқы және терең артериялардың aa.dorsalis et profunda penis (aa. dorsalis et profunda clitoridis), бойымен келетін өрімдер түзеді.



    Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі.
    Вегетативтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігінің (73 – сурет) орталығы мида және жұлында ядролар түрінде орналасады. Оларға мидағы 4 ядролар: 1) бассүйек нервтерінің III жұбы, көзқозғалтқыш нервтің қосымша ядросы (Якубович ядросы); 2) VІІ жұп, бет нервінің жоғарғы сілекей бөлетін ядросы; 3) IX жұп, тіл-жұтқыншақ нервінің төменгі сілекей бөлетін ядросы және 4) X жұп, кезбе нервтің артқы ядросы жатады
    Жұлындағы парасимпатикалық ядролар сегізкөздік II-IV сегменттердің бүйір мүйіздерінде орналасады.

    73 – сурет. Вегетивтік нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлігі.


    1 – көз қозғалтқыш нервтің қосымша ядросы; 2 – жоғарғы сілекей бөлетін ядро; 3 – төменгі сілекей бөлетін ядро; 4 – кезбе нервтің артқы ядросы ; 5 – жұлын сегменттері; 6 – жұлынның бүйір бағаны; 7 – сегізкөздік парасимпатикалық ядролар; 8 – жамбастың ішкіағзалық нервтері; 9,10 – ішкіағзалық парасимпатикалық түйіндер; 11 – жүрек өрімі; 12 – кезбе нервтің парасимпатикалық талшықтары; 13 – тіл-жұтқыншақ нервінің парасимпатикалық талшықтары;14 – құлақтық түйін; 15 – төменгі жақсүйекастылық түйін;16 – қанат-таңдайлық түйін;17 – кірпіктік түйін; 18 – бет нервінің парасимпатикалық талшықтары; 19 - көз қозғалтқыш нервтің парасимпатикалық талшықтары.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   104




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет