Парасимпатикалық нерв жүйесінің шеткі бөліміне:
1) III,VII,IX,X жұп бассүйек және II-IV сегізкөздік жұлын нервттерінің құрамында өтетін түйінгедейінгі тармақтар;
2) Баста орналасқан кірпіктік, қанат-таңдай, құлақтық, төменгі жақсүйекасты, тіласты түйіндері;
3) Кеуде, іш, жамбас қуыстарындағы вегетативтік өрімдердің ағза қабырғасының ішінде (интрамуралды) және ағзажанында (экстрамуралды) орналасқан түйіндері;
4) Парасимпатикалық түйінненкейінгі тармақтар жатады.
Парасимпатикалық нерв жүйесінің милық (бастық) бөлігінін
нервтері
1.Бассүйек нервтерінің III жұбы, көзқозғалтқыш нервтің қосымша ядросы, nucleus accessorius oculomotorius ( Якобович ядросы) ортаңғы мида орналасқан. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар көзқозғалтқыш нервтің құрамына өтеді. Көзұяға келгеннен кейін, одан бөлініп, екінші (шеткі) парасимпатикалық нейрондардан түзілген кірпіктік түйінде аяқталады.Одан шығатын түйінненкейінгі тармақтар кірпіктік қысқа нервтер, nn.ciliares breves, құрамында жүріп көз алмасының ішінде орналасқан кірпіктік және қарашықты қысатын бұлшықеттерді нервтендіреді. Кірпіктік бұлшықет көздің аккомодациясын (анық көруін) қаматамасыз етеді. Ішкі ұйқы өрімінен, plexus caroticus internus, көз өрімі, plexus ophtalmicus, кетеді, одан шығатын симпатикалық дәнекер тармақ, ramus communcans, кірпіктік түйін арқылы өтіп, кірпіктік қысқа нервтердің құрамында қарашықты кеңейтетін бұлшықетті, m.dilatator pupillae, нервтендіреді.
2.Бет нервінің, n.facialis, (VII жұп) жоғарғы сілекей бөлетін ядросы, nucleus salivatorius superior, көпірдің артқы бөлігінде ( ромбтәрізді шұңқырда) орналасқан. Ядрода орналасқан бірінші (орталық) нейрондардан шығатын түйінгедейінгі тармақтар, бет нервіне жататын аралық нервтің, n.intermedius, құрамында өтеді. Аралық нерв ішкі есту өтісінде,meatus acusticus internus, бет нервіне қосылады да беттік өзекке енеді. Беттік өзекте,canalis facialis, парасимпатикалық тармақтар – бет нервінен тастық үлкен нерв, n.petrosus major, және дабыл ішегі,chorda tympani, түрінде екі бағытта бөлініп шығады (74 – сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |