7
көбейту арқылы жүректің минуттық қан көлемін(МҚК)
есептеп шығаруға болады. Сонымен бір минутта әр жүректен
шыққан қанның көлемі жүректің
минуттық қан көлемі(МҚК)
деп аталады. Ол тыныштық кезінде 5 л тең. Жүктеме түскенде
жүректің соғу жиілігі мен систолалық қан көлемі жоғарлауы
мүмкін. Шыныққан организмде жүрек жұмысы СҚК көбеюі
арқылы, ал шынықпағандарда – жүректің
соғуының жиілеуі
арқылы күшейеді.
Жүрек етінің физиологиялық қасиеттері
Жүрек етінің негізгі қасиеттері – қозғыштық, қозуды
өткізу, жиырылу, рефрактерлік. Жүрек етінің ерекшелігі –
оның автоматиялық қасиеті.
Қозғыштық. Жүрек
еті электрлік, механикалық,
термиялық, химиялық тітіркендіргіштер әсерінен қоза алады.
Электр
тогымен
жүректі
қоздыру
медицинада
қолданылады(электростимулятор).
Қозуды өткізу. Қозуды өткізу жылдамдығы жүректің
әр түрлі бөліктерінде бірдей емес. Жүрекшелер қабырғасынан
ол секундына 0,8-1м, қарыншалар қабырғасымен 0,8-0,9м
жылдамдықпен тарайды
(қаңқа етінде- 4,7-5м/сек).
Жиырылу. Қозу толқынына жүрек еті жиырылумен
жауап береді. Жиырылу деп ет талшықтарының ұзындығының
қысқаруын немесе тонусының артуын айтады. Жүрек етіне тән
жиырылу:
1)
баяу жиырылу
2) жеке жиырылу – жүрекше мен қарынша бір мезетте
жиырылмайды, алдымен жүрекшелер содан соң
қарыншалар жиырылады.
Рефрактерлік – қозу кезінде жүрек етінің тосын
тітіркендіргішке жауап бермейтін қасиеті.
Рефрактерлік кезең
үш сатыға бөлінеді. Ол абсолюттік(толық), салыстырмалы
және супернормальдық рефрактерлік сатылары. Систола
8
кезінде жүрек етінің қозғыштық
қасиетінің жойылуын
абсолюттік рефрактерлік дейді. Бұл сатыда жүрек еті ешбір
тітіркендіргішке жауап бермейді.Жүрек еті босаңсығанда оның
қозғыштық қасиеті өзгеріп, күшті тосын тітіркендіргішке әлсіз
жауап алынады. Бұл сатыны салыстырмалы рефрактерлік деп
атайды.
Экстрасистола. Систола не диастола кезінде жүрекке
түрлі
тітіркендіргіштер әсер етсе, оның беретін жауабы әр
түрлі болады. Систола кезінде тітіркендірсе жүрек жауап
қайтармайды. Күшті тітіркендіргішпен
диастола кезінде әсер
етсе, жүрек кезектен тыс жиырылады, мұны
экстрасистола
дейді. Ол тітіркендіргіштің әсер еткен жеріне қарай синустық
және жүрекше, қарынша экстрасистолалары болып көрінеді.
Қарынша экстрасистоласынан соң кезекті бір систола түсіп
қалады,
оның орнына ұзақ компенсаторлық үзіліс пайда
болады(жүрек
еті
дем
алады).
Қалыпты
жағдайда
экстрасистола эмоция кезінде кездесуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: