Несеп жїйесі



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата27.03.2023
өлшемі467,31 Kb.
#76480
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Æ ðåê – àí òàìûð æ éåñ³í³ ôèçèîëîãèÿñû

Автоматиялық қасиеті. Жүрек еті екі түрлі ет 
талшықтарынан құралады. Оның бірі жүректің жиырылып
босаңсуын қамтамасыз ететін миоцит жасушалар, ал екіншісі – 
жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын 
қамтамасыз ететін атипті миоцит жасушалары. Осы атиптік 
жасушалар жүректің белгілі бір бөліктерінде түйіндер құрып, 
жүректің өткізгіш жүйесін түзеді. Өткізгіш жүйені құрайды: 
1. Оң жүрекшенің қабырғасында, жоғарғы қуыс вена мен 
оң құлақша аралығында – синоатриалды немесе Кис-
Флек түйіні;
2. Оң 
жүрекше мен оң қарынша аралығында – 
атриовентриқулярлық немесе Ашофф-Тавар түйіні. 
Осы екі түйінді бір-бірімен жалғастыратын жіпшелер – 
Бахман талшықтары; 
3. Қарыншалардың пердеге жақын жерінде – Гис шоғыры 
басталады, одан оң және сол аяқшалар төмен қарай 
тарайды;



4. Пуркинье талшықтары. 
Өткізгіш жүйе жүректің автоматия қасиетін қамтамасыз етеді.
Жүрек жұмысын зерттеу әдістері
Физиологиялық және клиникалық-физиологиялық 
әдістер болып екі топқа бөлінеді. 
Жүрек қызметін физиологиялық әдіспен зерттеу үшін 
жануардың кеуде қуысын ашады да, жазу аспабын тікелей 
жүрекке тіркейді. Бұл физиологияда «қанды әдіс» деп те 
аталады. 
Клиникалық-физиологиялық әдіспен сау адамның да, 
науқас адамның да жүрегі зерттеледі. Клиникалық- 
физиологиялық әдістер: 
І. Пальпация – жүрек ұшын сипап сезу. 
ІІ.Перкуссия – жүректің шекарасын анықтау. 
ІІІ.Аускультация – жүрек дыбыстарын фонендоскоп 
арқылы тыңдау. 
IV.Фонокардиография(ФКГ) – жүрек тондарын жазып 
алу. Фонокардиограф арқылы жүректің төрт тоны жазып 
алынады. Олардың екеуі (І және ІІ тондар) аускультация 
кезінде естіледі, ІІІ және IV тондар естілмейді, өйткені олар 
қарыншалар диастоласы кезінде пайда болады. 
V. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет