Несеп жїйесі



Pdf көрінісі
бет5/14
Дата27.03.2023
өлшемі467,31 Kb.
#76480
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Электрокардиография(ЭКГ) – жүрек етінің 
қозуымен байланысты туындайтын биоэлектрлік құбылысты 
жүрек биотогы деп атайды. Жүрек еттері қозу толқынымен бір 
сәтте қамтылмайды. Жүрек еті қозған кезде көптеген ет 
талшықтары теріс зарядқа көшеді де, қозбай қалған ет 
талшықтары бұрынғысынша оң зарядын сақтап қалады, сөйтіп 
қозған 
және 
қозбаған 
миоциттер 
арасында 
электр 
айырмашылығы, яғни электр потенциалы туады. Бұл 
потенциал белгілі бір тіндер арқылы бүкіл денеге тез тарап 
кетеді. Сондықтан оны қолға, аяққа, кеудеге қойылған 
электродтар арқылы электрокардиограф аспабымен жазып 


10 
алуға болады. Ол үшін үш түрлі биполярлық стандарттық 
тіркеу әдісі қолданылады: 
а) 1-ші стандарттық тіркеу – электродтар оң қол мен сол 
қол білезіктерінің ішкі тұсына байланады.
б) 2-ші стандарттық тіркеу – оң қол мен сол аяқ
в) 3-ші стандарттық тіркеу – сол қол мен сол аяқ 
ЭКГ-пен жазып алынған қисық сызық – электрокардиограмма 
деп аталады. Ол латын әріптерімен белгіленген- P,Q,R,S,T бес 
тістен тұрады. Оның үшеуі(P,R,T) электр осінен жоғары, екеуі 
(Q,S) төмен қарай бағытталған.
Р-тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын 
көрсетеді. QRST-қарыншалардың қозуын көрсетеді. P-Q 
аралығы- қозудың жүрекшеден өткен уақыты. Q-тісінен 
басталып Т- тісімен аяқталған уақыт қарынша систоласымен 
толық сәйкес келеді. Q-тісі екі қарыншаны бөліп тұрған 
перденің сол жақтағы орта бөлігінің деполяризацияланған 
кезінде пайда болады. R-тісі қарынша пердесінің төменгі 
жағына және қарыншалардың ішкі бетінен сыртына қарай сол 


11 
зарядтың таралуын көрсетеді. S-тісі қарыншалардың түп 
жағындағы ет талшықтарының деполяризациясынан пайда 
болады. Т-тісі қарыншалардың реполяризациясын көрсетеді.
Электрокардиограмманы пайдалана отырып, жүрек 
ауруларын нақты анықтауға болады.
VI.Векторокардиография (ВКГ) – жүрек еті тогының 
мөлшерін және электр осінің бағытын жазып алу әдісі.
VII.Эхокардиография – ультрадыбысты қолданып 
жүректің қан айдау қызметіне байланысты ет құрылысының, 
қақпақшаларының және қуыстарының өзгерістерін байқау
рентгенмен зерттеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет